Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:22, курсовая работа
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76
Бірлескен кәсіпорынды құру ережеге сай мына мақсаттардан тұрады:
- Әлемдік жүйеде
- Озат ғылыми - техникалық
жетістіктермен басқару
- Ғылыми - техникалық
жетістіктердің тәжірибелік
Қазақстан Республикасының маңызды серіктестерінің бірі болып Америка Құрама Штаттары табылатындықтан, осы елдегі БК-ның құрылу ерекшеліктерін қарастырайық [31; 33].
АҚШ-тағы БК нысанында құрылатын заңды тұлғалардың негізгі түрі корпорация (согрогаііоп) мен толық серіктестік (депегаі рагіпегзһір) болады. Сонымен қатар, БК жауапкершілігі шектеулі компания нысанында да болуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі компанияны құруға рұқсат етуші тұңғыш заңнамалық актілер 1977 жылы және 1982 жылы Войоминг және Флорида штаттарында қабылданды. А. Жайылған "АҚШ-тағы БК-ды құру тәжірибесі" атты еңбегінде "Бірлескен кәсіпорынның жауапкершілігі шектеулі нысанда болуы АҚШ-та бизнес жүргізуге ынталы шетел серіктестері не инвесторлары үшін құқықтық және экономикалық тұрғыдан қарағанда қолайлы болып табылатыны айқын еместігін американдық заңгерлердің өздері де айтады" деп көрсеткен [32; 29].
АҚШ-та бизнес жүргізудің ең танымал нысаны корпорация болып табылады. Корпорация бизнеспен басқаруға қатыса алмайтын акционерлерге жататын заңды тұлға. Бұл өкілеттік акционерлермен сайланған директорлар кеңесіне тарайды [33; 498]. Сөз жоқ, әрбір штаттың заң актілері корпорацияны құруға және оның қызметіне өз талаптарын қояды, бірақ әдебиеттерде келесідей негізгі талаптары көрсетілген:
- құрылтай құжаттарын дайындау;
Өзге елдердің заңнамасынан АҚШ заңнамасының айырмашылығы корпорацияны тұтас тіркеу жүргізбейтінен көре аламыз. Бірақ, көптеген штаттар жыл сайын капиталдар, лауазымды тұлғалар, директорлар кеңесі және т. б. есеп ұсынуын талап етеді.
Корпорацияның жарғылық капиталының мөлшеріне ешқандай талап қойылмайды. Корпорацияның негізгі белгілері:
Серіктестік пайда табу мақсатымен меншік иелерінің бірігуі арқылы бизнесті жүзеге асыруға ұйымдасқан екі не оданда көп тұлғалардың ассоциациясы. Серіктестік толық серіктестік (partnership), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (partnership) және сенім серіктестігі (partnership) түрінде құрылуы мүмкін.
Серіктестік - бірлескен
бизнес жүргізуші тұлғалардың
Жауапкершілігі шектеулі компания, бұл корпорация мен серіктестік арасындағы қандайда бір заңды тұлғаның түрін ұсынады, яғни ол корпорациядағы басымдылықты, серіктестіктегі жеңілдетілген салық салуды иеленеді.
Мұндай компанияны құру үшін штаттағы өкілетті тұлғаға құрылтай құжаттарын тапсыруы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі компанияның мүшесі болып жеке тұлға, серіктестік, компания немесе тіпті жауапкершілігі шектеулі өзге корпорация табылуы мүмкін [35; 662].
Мұндай компанияның мүшесі салған салымының үлесіне сәйкес басқару өкілеттігін иеленеді. Сонымен қатар, олар корпорация директорлар кеңесінің өкілеттігіне сәйкес өкілеттігі бар басқарманы сайлайды.
Шетел серіктестері бизнестерін жүргізу үшін бірлескен кәсіпорынның қандай құқықтық нысан тиімді екенін өздері шешуге құқылы. Заңды тұлғалардың аталып өткен нысандары тек шетел капиталы бар кәсіпорындарға ғана емес, американдық кәсіпорындарға да таралады.
Енді, Латын Америкасы
елдеріндегі бірлескен
Латын Америкасында шетел
капиталымен бірлескен
Осы елдердің заңнамаларында шетел кәсіпорнына, бірлескен және ұлттық кәсіпорындарға нақты анықтама берілген. Бұл кезде таза сандық белгі есепке алынған: егер кәсіпорын капиталының 80% ұлттық салымшы иеленсе, онда кәсіпорын шетел капиталымен құрылғанына қарамастан ұлттық кәсіпорын болып есептеледі. Шетел кәсіпорыны болып ұлттық салымшы кәсіпорынның жалпы капиталының 51% төмен мөлшерін иеленуі танылады [37; 13]. Бірлескен кәсіпорында ұлттық салымшының үлесі 51%-80% дейінгі мөлшерді құрайды.
Ұлттық және шетел капиталымен қатысудың пайыздық қатынасын сақтау туралы талап тәжірибеде капиталда үлесі көп меншік иесі тарапынан кәсіпорын қызметіне бақылау тағайындауды білдірмейді. Шетел салымшылары тарабынан жабық бақылау жүргізу мүмкіндігі есебінен Мексика, Аргентина, Анд пактасы елдерінің (Боливия, Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Перу) инвестициялық заңдарында кәсіпорынның коммерциялық, басқарушылық, техникалық және әкімшілік қызметіне шын және тиімді бақылауды кәсіпорынның номиналды иегерінің жүзеге асыруы үшін міндетті талаптары көрсетілген.
Шетел капиталымен бірлескен кәсіпорын әртүрлі сауда серіктесі түрінде құрылады. Латын Америкасының азаматтық және сауда кодексінде кәсіпкерлердің қызметін ұйымдық нысанда пайдаланатын сауда серіктестерінің мүмкін түрлерінің тізімі енгізілген. Мысалы: Аргентинада ұлттық және шетел кәсіпкерлері үшін серіктестердің келесі түрлері қолданылады: толық және сенім серіктестері; жауапкершілігі шектеулі қоғам; акционерлік, кооперативтік, аралас қоғам; уақытша компания (белгілі бір мәселені орындау үшін арнаулы уақытқа құрылған); көпшілік-жеке компания [38;115].
Сауда серіктестігінің ұқсас түрлерінің тізімі 1937 жылғы "Сауда серіктестігі туралы" Мексиканың жалпы заңында көрсетілген. 1916 жылғы "Сауда серіктестігі туралы" Перу заңы толық және сенім серіктестігін, сенім акционерлік серіктестігін, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі қоғамды құруға рұқсат берді. Венесуэла Сауда кодексі төрт мүмкін нысанды көрсетумен шектелген: сенім серіктестігі, сенім акционерлік қоғамы, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі қоғам [39; 40]. Латын Америкасы елдеріндегі сауда серіктестерінің әртүрлілігіне қарамастан, оларды бөлудің жалпы түріне тұлғаларды біріктіру, капиталдарды біріктіру және аралас бірігу жатады.
Латын Америкасы елдерінің заңнамасында сауда серіктестерінің ұйымдық нысанының тізімі кең болғанымен, шетел салымшыларының арасында кеңінен танымал болып акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі қоғам және аралас қоғам табылады [40; 51]. Осылайша көптеген еншілес кәсіпорындар Латын Америкасының экономикасына негізделіп трансұлттық корпорациялар ұйымдастырылды.
Бұл кәсіпорындардың
барлығы капиталдарының бірігуімен,
заңды тұлғаның қасиетімен, кәсіпорын
мүшелерінің жеке мүлкінен тыс кәсіпорынның
мүліктік оқшаулығы негізінде
Шетел капиталымен құрылған
кәсіпорын Латын Америка
1940 жылғы халықаралық
сауда құқығы туралы
Компанияның басым көпшілігі орналасқан мемлекет құқығымен шарт мазмұны мен бекіту тәртібі, мүшелер арасындағы құқықтық қатынас реттеледі.
Қазіргі кезде ҚР-да БК-ның қызметіне серіктес елдер ретінде әлемнің 90-ға жуық елдері қатысуда. Қызмет етуші БК-ның көпшілігі Еуропа және Азия мемлекеттерінің фирмаларымен құрылған.
Сонымен қатар, 70-тей БК өз қызметін американдық фирмалармен жүзеге асыруда. Аса белсенді қызметтестікті БК бағытында Түркия, Қытай, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, Пәкістан, АҚШ орнатуда. Бұл елдермен Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт жасап қана қоймай, капитал енгізуді өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімді бекітті. Сөз жоқ, тиісті халықаралық шарттар Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат тудыруға әсер етті.
АҚШ әлі де елімізге капиталдарын
енгізуде белсенділік көрсетіп отыр.
Бұл күнде 230-дан астам Қазақстан-
Қазақстан экономикасындағы БК-дар болашақта дамудың жарқын көрнісі ретінде мұнай өндіру өнеркәсібінде қызмет етуде.
Қазақстанда шетел инвестициясын
өндіруші салаға тарту тенденциясы
экономикадағы қызметтерінің
Мұндай қатынастар маңызды инвестициялық заңнаманың дамуын ұсына отырып, экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" [44; 665] алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік занды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған занды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" [45; 56] теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға тартты [46; 88], оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғанын еркін білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі" [47; 56], А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі" [48; 95] , Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік"14 тәрізді ғылыми тұжырым-дарыда айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, занды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.
Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті занды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіругетырысып, заңды тұлғаның сыртында оньщ құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де өртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады [49; 89]. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.
Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке