Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 15:43, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы кәсiпкерлiк жоғарғы деңгейге жетті. 2001 жылдан 2010 жылға дейін шағын бизнесінің құқықтық-ұйымдастыру құрылымындағы заңды тұлғалар үлесі 1,9 есеге азайды, ал, жеке кәсіпкерлер үлесі 1,5 есеге артты. Осыған қарамастан, шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнімдері 4 есеге артты.

Вложенные файлы: 1 файл

срсп 4.docx

— 21.49 Кб (Скачать файл)

                                 Қазақстан білім және ғылым  министрлігі

                      Қазақ гуманитарлық – инновациялық заң университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ОЖСӨЖ №4

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Тексерген: Айтимова Ш.Т.

                                                                          Орындаған: Кенжебек А.Е. 

 

 

                                             Семей – 2014 ж.                      

Қазақстандағы кәсiпкерлiк жоғарғы деңгейге жетті. 2001 жылдан 2010 жылға дейін шағын бизнесінің құқықтық-ұйымдастыру құрылымындағы заңды тұлғалар үлесі 1,9 есеге азайды, ал, жеке кәсіпкерлер үлесі 1,5 есеге артты. Осыған қарамастан, шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнімдері 4 есеге артты.

Кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы шағын бизнес үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен тең түсті, алайда, шағын бизнес тиімділік көрсеткіші бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. Қазақстандағы шағын бизнестің өнімділік үлесі – 22,9%, Польшада — 49%, Германияда — 82%, АҚШ-та — 103%.

Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары шағын бизнестің айтарлықтай тұрақты формасына ие болып табылады. 2005 жылдан бергі уақытта шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 50 612-ден 2010 жылы 73 449-ға дейін өсті. 2010 жылдың ішінде шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 12 848-ге немесе 21,2  %-ға артты. Бұл дамыған елдер деңгейімен есептегеннің өзінде өте жақсы көрсеткіш болып саналады.. Дамыған елдерде өсім жылына  5%-дан асар емес.

2007-2010 жылдары белсенді  шаруашылықтың өсу деңгейі төмендеді.Белсенді  шаруашылық саны 2005 жылы 156 978-ден 2006 жылы 163 721-ге дейін және 2007 жылы 169 326-ға дейін артты, ал, 2007 жылы белсенді шаруа шаруашылығы 2008 жылы тек 169 481-ге және 2010 жылы 170 091-ға дейін ғана өсті. Яғни, 2009 жыл ішіндегі белсенді шаруашылық өсімі тек 145 субъектіні, ал 2010 жылғы қысқару 102 кәсіпорынды құрады. Бұл Қазақстан жеріндегі агроқалыптастыруды ірілендіру үдерісімен  негізделген.

Шағын және орташа бизнестің заңды тұлғаларының салыстырмалы салмағы 2010 жылға дейін айтарлықтай өзгеріске ие емес. 2005 жылы заңды тұлғалар үлесі 10%, 2007 жылы — 8,7%, 2009 жылы – 9,2%, ал 2010 жылы – 11,0%-ды құрады.Бұл тек шағын бизнесті мемлекеттік қолдаумен ғана емес, посткеңестік кеңістік территориясындағы ШОК дамуына қолайлы жағдайлар жасаумен ғана емес, сондай-ақ  жеке кәсіпкерлердің шағын және орташа бизнестің күрделірек түріне ауысуымен де негізделеді.

 Ауыл шаруашылығының  көбісі өздерінің өнімдерін түрлендіруге  және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  бір өзі жоғарылата алмайды. Сондықтан, ауыл шаруашылығының салыстырмалы үлесі 2005 жылғы 31,1%-дан 2007 жылы 26,4%-ға дейін және 2010 жылы 25,6%-ға дейін төмендеді. Негізінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында крестьяндық шаруашылық  қалады, себебі, ол жерде көкөніс, жеміс-жидек, т.б. өсіру мақсат етілген.

Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларының кері жағдайы да болжалуда. Экономикалық өсу кезінде жұмысбастылар саны 2005 жылы 533,8 мың адамнан, 2007 жылы 585,9 мың адамға артты, ал 2008 жылы қызметкерлер саны 464,6 мың адамға дейін азайды. Дағдарыстан шығып, Кеден одағын салғалы бері шағын кәсіпкерліктегі белсенді заңды тұлғалар саны 2009 жылы 551,3 мың адамнан, 2010 жылы 580,2 мың адамға дейін артты. Антикризистік бағдарлама нәтижесінде заңды тұлғалар саны  2010 жылы 580,2 мың адамға артты немесе қосымша 28,9 мың жұмыс орындары жасалды.

Фермерлік шаруашылық қаржы саласындағы мәселелерге жағымсыз көзқараста болды және мұнда жұмысшылар орнының 2005 жылғы 504,7 мың адамнан 2005 жылы 433 мың адамға дейін қысқарады деген болжам бар. 2010 жыл бойына 2009 жылмен салыстырғанда фермерлік шаруашылықта жұмыс жасайтын адамдар саны 32,8 мың адамға азайды.

ШОБ-тегі тұрғындар үлесі 2010 жылдың соңына қарай жұмыс істеушілер саны 26%-ды ғана құрайды (2 млн адамнан астам). ШОБ өнімінің салыстырмалы салмағы 2008 жылы 15%-дан 2009 жылы 17%-ға, 2010 жылы 18%-ға дейін төмендеуде. Сараптама үшін нақты ЖІӨ туралы мәліметтер мен шағын және орташа бизнес кәсіпорындары өндіретін өнімнің нақты көлемі анықталып алынды.

Қазақстанның ШОБ шамамен 40%-ы көтерме және дара сауда саласында қызмет етеді, ал ауыл шаруашылығында 20%-дан астаы істейтіндігі көрсетілген.  АҚШ-та шағын және орта бизнес құрылымы өзгеше: қызмет көрсету саласы айтарлықтай басым (58%),  20%-дан астам адам құрылыс және сауда салаларында қызмет етеді. Еуропа елдерінде де ШОБ-ның айтарлықтай басым саны қызмет көрсету саласына бағытталған: Ұлыбританияда — 23%, Польшада — 35%. Ұлыбританияда ШОБ секторы диверфикацияланған. Субъектілердің  21%-ы құрылыс саласында негізделген  12% — ы – саудаға, 7% — ы өнеркәсіпте, 27% — ы жылжымайтын мүлік және қаржы қызметінен құралатын өзге салаларда қызмет етеді.

Халық шаруашылығы дамып, экономикалық өркендеу кезінде, өңдірістің негізгі түйіні — кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратьш рөлі арта түседі. Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы, мол табысқа кенелмек[8, 124 б.]. Оларға: еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурстар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарьш жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орын-дарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы