Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 18:29, статья
Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Егер 2007 жылы сақтандыру компанияларының саны 41 болса, 2009 жылы 39 компания болды. Сақтандыру компанияларының активтері абсолютті шамамен де, салыстырмалы шамамен де Қазақстанның қаржы қорында және экономикада елеулі рөл атқармайды. Сақтандыру компанияларының активтері 2007 жылы 368,3 млрд теңгеден 2009 жылы 1 124,7 млрд теңгеге дейін көбейді (өсім 205,3%).
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары
Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды.
Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Егер 2007 жылы сақтандыру компанияларының саны 41 болса, 2009 жылы 39 компания болды. Сақтандыру компанияларының активтері абсолютті шамамен де, салыстырмалы шамамен де Қазақстанның қаржы қорында және экономикада елеулі рөл атқармайды. Сақтандыру компанияларының активтері 2007 жылы 368,3 млрд теңгеден 2009 жылы 1 124,7 млрд теңгеге дейін көбейді (өсім 205,3%). ЖІӨ қатысты сақтандыру компанияларының активтері онша өсе қойған жоқ: 3,1%-дан 6,8%-ға дейін ғана өсті. Сақтандыру компанияларының меншікті капиталы 2007 жылы 142,6 млрд теңгеден 2009 жылы 330,8 млрд теңгеге өсті (өсім 132%), көрсеткіш ЖІӨ-ге қатысты 1,2%-дан 2,0%-ға көбейді.
Сақтандыру компанияларының
саны: 2007ж.-41, 2008ж.- 44, 2009 ж.-
39; сақтандыру компанияларының меншікті
капиталы, млрд. теңге есебі бойынша: 2007ж
- 142,6, 2008ж - 224,6, 2009 ж.- 330,8; ЖІӨ-ге % есебі бойынша:
2007ж - 1,2, 2008ж - 1,6, 2009 ж.- 2,0; сақтандыру компанияларының
меншікті капиталы, млн. долл. есебі бойынша:
2007ж - 1171,4, 2008ж - 1 879,4, 2009 ж.- 2 812,4;
сақтандыру компанияларының активтері,
млрд. тг:. 2007ж - 368,3, 2008ж - 729,9, 2009ж.- 1 124,7; сақтандыру
компанияларының активтері, млн. долл:
2007ж - 3026,1, 2008ж. - 6108,0, 2009 ж. - 9562,2. 2006 жылдың
нәтижесі бойынша сақтандыру компанияларының
активтерінің өсімі 84,7% болды. Қорыта айтқанда
сақтандыру нарығының өсуі өте қарқынды,
оны 3 бөлікке бөлуге болады: міндетті
сақтандыру, нақты ерікті-мәжбүрлі сақтандыру
және ерікті сақтандыру. Алдыңғы екі бөліктердің
арқасында қарқынды өсу пайда болды. Жұмыс
берушінің міндетті сақтандыруы жөніндегі
Заң күшіне енді. Оған бөлінетін сыйақылардың
мөлшері 9-10 млрд. теңгені құрайды. Халыққа
және ұйымдарға кредиттер беру өсіп отыр,
бұл «ерікті-мәжбүрлі» сақтандыру нарығының
өсуіне үлкен көмегін тигізеді. Ерікті
сақтандыру нарығына келсек, біздің бағалауымша,
мұндағы өсу 10%-дан аспайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қор нарығы еліміздің экономикасының дамуының негізгі үрдісін көрсетеді және олардың шамалы ғана өзгерістерін байқап отырады. Сақтандыру нарығында соңғы екі жылда жақсы үрдістер сақталды, оны сақтандыру сыйақылары көлемінің тез өсуінен байқауға болады. 2009 жылдағы жиналған сыйақы көлемі 79,1%-ға өсіп 120,2 млрд теңгені құрады. Бұл жағдайда сақтандыру сыйақысының көлемі (міндетті, жеке өз еркімен және мүлікті өз еркімен сақтандыру) 17,8 –12,9 және 89,5 млрд теңгені құрап, тиісінше 36,9-65,4 және 93,3% болды. Өмірді сақтандырудың перспективалық түрі бойынша сыйақының өсуі өте маңызды. Қаржыны қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша 2009 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда “өмірді сақтандыру ” саласы бойынша сыйақысының көлемі 2008 жылы 2,6 есеге немесе 3,7 млрд теңгеге өскен, өмірді сақтандырудың жыйынтық сақтандыру сыйақысындағы үлесі 1 қаңтар 2009 жылы 2,1% қарсы, 3,1%-ға жеткен. Бірақ, сақтандыру сыйақысындағы үлесі аз мөлшер болса да, соңғы үш жылда озық өсудің тұрақты үрдісі байқалуда.
Қазақстан Республикасында сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымдарының саны 2007 жылы 41 және 2008 жылы 44 болса,ол көрсеткіш 2009 жылы 39 –ға дейін қысқарған. Берілген мәліметтер бойынша «АТФ Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит-Полис «СК» АҚ, «Валют-Транзит Life» ӨСК АҚ және "Чешска поиштовна" АҚ ЕК Қазақстан Чех сақтандыру компаниясы - ӨС" АҚ компаниялары 2007-2009 жылдар аралыгында өз қызметтерін тоқтатқан. Жалпы алғанда соңғы 3 жыл ішінде өмірді сақатандыру компанияларының көбісінде тұрақты өсу байқалады. Мысал келтіретін болса, өз қызметін атқаруымен және де даму темпінің жылдамдығымен елеулі жетістіктерге жеткен бірнещше сақтандыру ұйымдарын атап көрсетуге болады. Осы ұйымдардың ішінде ең көзге түсетін компания "Халык-Life" ӨСК" АҚ болып табылады. Бұл компанияның 2007 ж төлемдері 10404 мың теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2009 ж 449143 мың теңгеге жеткен. Осыған байланысты сол жылдар аралығындағы өсімі 4217% құрады. Келесі орынды "PREMIER САҚТАНДЫРУ" АҚ иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 783 мың т. болса, 2009 ж ол көрсеткіш 24693 мың т. дейін жетті, ал өсімі 3053,6% жетті. Ал 3 орынды "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ алды. Оның 2007 ж төлемдері 34746 мың т. құраса, 2009 ж ол көрсеткіш 281761 мың т. жетті, ал өсімі 771% құрады. Сонымен қатар осы жылдар ішінде керісінше сақтандыру төлемдері төмендеген компаниялар да жоқ емес. Олардың ішінде ең алғашқы орында "ТрансОйл" СК" АҚ тұр. Бұл компанияның 2007 ж жүргізген төлемдері 8057мың т. болса, ол көрсеткіш 2009ж 2074 мың т. төмендеген, сәйкесінше осы жылдар аралығында оның төлемдері 74,2% төмендеген. Екінші орынды "Пана Иншуранс" СК" иеленеді. Оның 2007 ж төлемдері 4 524мың т. болса, ал 2009ж ол 2013 мың т. құрады, яғни компанияның төлемдері 55,5% төмендеген. Ал келесі орындарды Виктория" СК" АҚ, "АМСГ" СК" АҚ, "Лондон-Алматы" СК" АҚ БК компаниялары өзара бөліскен. Олардың төлемдері сәйкесінше 42,6%, 27,6% және 21% төмендеген. Өкінішке орай, бұл берілген тізімде мүлдем 3 жыл бойына да ешқандай іс жүргізбеген компаниялар да бар. Олар: "ЦАСО" СҚ" АҚ, "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ, "Темір Ат"СК"АҚ және т.б.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары туралы атап өтетін болсақ, бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:
- ұзақ мерзімді
және өмірді жинақтаушы сақтанд
- сақтандыру
өнімдерінің (сақтандырудың
- нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
- сақтанушылардың
сақтандыруға, атап айтқанда өмірді
сақтандыруға қызығушылығының
- сақтандыру
ұйымдарының өздерінің
- сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
- халықтың сақтандыру
нарығына деген сенімділігінің
төмендігі, сақтандыру
- сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атап өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:
- жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
- өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
- халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
- сақтандыру
ісінің ақпараттық және
- міндетті сақтандыру
облысында мемлекеттік
- сақтандыру
аясындағы мамандардың
- сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
- қайта сақтандыру
және бірлесіп сақтандыру
Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
- ұлттық сақтандыру
индустриясының тұрақтылығы
- жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
- сақтандыру
нарығының қазіргі заманға
- халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
- міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
- сақтандыру
аясындағы кадрлық әлеуетті
- жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
- сақтандыру
қызметтеріның сапасын
- сақтандыру
нарығының қатысушыларын
Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:
- жинақтаушы
сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйақыларын төлеуге
- жұмыс берушінің
өз жұмысшысының пайдасына
- жеке тұлғаның
өз пайдасына жинақтаушы
Нарықтың негізгі көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі