Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:01, реферат
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардыңықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясы: стратегиялық міндеттері, ұйымдастырылуы, міндеттерді қамтамасыз етудің әдістері мен тәсілдері
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясатының басымдық берілетін
бағыттары бірінші кезекте
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси
орналдасуы, экономикалық және әскери-саяси
мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық
әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет
ретінде қалыптастырудың алғышарттары
болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті
құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен
өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі
көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық
негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың
ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап
білуге болатындығына байланысты, мұндай
сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік
қоғамдастығындағы позициясын нығайтады.
Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе
алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы
өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту
сыртқы саясаттағы басымдық берілетін
бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды
қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші
ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің
қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер
алады. Қазақстанның қауіпсіздігінің
кепілдері ретінде біздің еліміздің екі
ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме
алуы – осы акцияның маңыздылығын арттыра
түседі.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің
стратегиялық бағыттарының бірі Ресей
Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты
дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе
отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің
кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және
энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс,
сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр
ғарыш аймағының және басқа да бірқатар
стратегиялық маңызды объектілердің базасында
өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті
пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.
Қытай Халық Республикасына қатысты саясат
төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық
тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату
көршілік дәстүрлерді нығайтуды және
дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға
тартылатын газ және мұнай құбырларын
салуға екі жақты мүдделілік бар.
Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті
нығайту, экономикалық даму үрдістердін
жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тарихи
бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының
стратегиялық маңызын айқындайды. Президент
Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық
Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.
Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы
Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің
түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы
бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз
ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық
қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы
жағдайларды құру болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық
берілетін негізгі бағыттарының бірі
АҚШ-пен “демократиялық әріптестік”
қарым-қатынастарын дамыту және нығайту.
Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа,
халықаралық саяси, қаржы-экономикалық
және қорғаныс институттарына тиімді
түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар
мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды
шарттарының бірі.
АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық
ынтымақтастыққа үлкен назар аударылады.
Бұл ретте американдық жекеменшік инвестицияларды
тарту; қорғаныс өнеркәсібін конференциялау
саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі
мен Семей ядролық сынақ полигонындағы
денсаулық сақтау мен экологияның өткір
проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл;
гуманитарлық сала сияқты байланыстарды
дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен
өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды
орын беріледі.
Шын мәнінде, қазіргідей күрделі әлемде Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иықтас тұруы үшін дипломатиялық қызметке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары өзгермегенімен, елдің дамуына және жаһандану талаптарына сай сыртқы қатынастардың мазмұны күрделеніп, жұмыс ауқымы арта түсуде.
Елбасының Жолдауындағы және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы басты міндеттердің бірі – халықаралық сахнада Қазақстанның жауапты және сенімді серіктес екендігін нақты дәлелдеу. Бұл қағиданың біздің сыртқы саяси ұстанымдарымызға, сондай-ақ қаржы-экономика саласындағы қатынастарымызға, әлемдік рыноктарға енуімізге тең тұрғыда тікелей қатысы бар. Сондықтан әлемдік елулікке қосылу нысанасы елшіліктеріміздің жұмысына елеулі өзгерістер әкелмек.
Дипломатиялық өкілдіктеріміз дамыған елдердің экономикасын, олардың табысы мен өсуіне жеткізген жолдарды түпкілікті зерттеуге ден қоюы қажет. Сондай-ақ өңірлік және әлемдік даму үрдістерін айқындайтын, өзге мемлекеттердің ішкі жағдайына қатысты сапалы әрі тиянақты болжам жасап, олардың ұлттық мүдделерімізге ықтимал әсерін сипаттайтын сараптамалар дайындау көкейкесті міндеттердің бірі. Дамуы тұрғысынан Қазақстан біршама жақын келген елдер тобының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін жүргізу де маңызды.
Қазақстанда озық технологиялар және инновациямен қамтылған “жаңа экономика” құру аясында мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қазақстандық іскер топтармен ынтымақтастықты нығайту кезек күттірмейтін мәселе.
Сонымен қатар шет елдердің
рыногын игеруді көздейтін
Жалпы, геосаяси ортамызды ескеріп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекет қатарына қосылу үшін біз көршілес, сондай-ақ бір өңірде орналасқан өзге мемлекеттерден саяси жетілу және әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан болсын бір қадам алда болуымыз шарт. Сайып келгенде, бұл Қазақ мемлекеттілігінің өміршеңдігін қамтамасыз ету мәселесі дер едім. Қазақстан дипломаттары бұл стратегиялық мақсатты терең ұғынып, жұмыла іске асыруда.
Елбасы биік меже қойып отыр. Бірақ оған қол жеткізуге әбден болады. Бір қытай аңызында данагөй өзіне сұрақ қояды: “Арман дегеніміз не?” деп және өзі оған жауап береді: “Бұл қол жетпейтін нәрсе емес, ол – жол жоқ жерде адамдардың жарып өтіп, өзіне жол салуы”.
Қазіргі дипломатияның экономикалық құрамдастығының маңызы арта түсуінің себебі жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастарда экономикасы мықты мемлекеттің ғана ықпалды болуымен түсіндіріледі. Жапония мен Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кіруге ұмтылысы да осы экономикалық қуатқа негізделіп отыр ғой. Сондықтан экономикалық мүдде Қазақстанның белсенді және жан-жақты сыртқы саясатының ажырамас бөлігіне айналуы – заман талабы.
Әлеуметтік-экономикалық дамуда тиісті табыстарға қол жеткізгенде ғана халықаралық ауқымдағы ұлттық мүдделерді нұқсансыз қамтамасыз етуге болады. Ол мүдделердің түпкі мәні – саяси құралдармен халыққа төнуі мүмкін қандай да бір сыртқы қауіптерді болдырмау. Қазіргідей ең бір жауапты кезеңде бұдан биік міндет туралы айту қиын. Табысты реформалардың нәтижесінде орнықты даму жолына түскен еліміз ықтимал қауіп-қатерді болдырмауға орасан күш-жігер жұмсап келеді.
Сауда миссияларына келетін болсақ, олардың жұмысы, ең алдымен, Қазақстанның мемлекеттік және жеке бизнестің мүдделеріне негізделіп ұйымдастырылуы жөн деп есептеймін.
Сауда миссияларын қазақстандық экспорт номенклатурасы үшін мүмкіндіктері бар елдерде немесе ұлттық іскер топтардың тәжірибесі мен қаржы әлеуетіне мұқтаж мемлекеттерде ашу қажет.
Елдің қазіргі әлеуеті өңірлердегі және одан тыс жерлердегі экономикалық ынтымақтастық жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің басқа мемлекеттермен, ең алдымен, өзара саудада бірыңғай және барлық елдер мойындап отырған халықаралық ережелерді қолдануға өтуін қажет етеді. Әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерін (менталитет, әдет-ғұрыптар, өкімет жүйесі, т.б.) ескеру де қазіргі заманғы бизнестің құрамдас бөлігі. Бұл мәселелерде сауда миссияларының кәсіби ақыл-кеңесі орынды болар.
Қазақстан өнімдерін өткізетін жаңа рыноктарды табу, әлемнің әртүрлі аймақтарында перспективалы экономикалық жобаларды анықтау – біздің шетелдегі өкілдіктеріміздің басты міндеттерінің бірі. Дей тұрғанмен, ТМД мен Орталық Азия елдерінің рыногы әлі де игеріліп болған жоқ, бірінші кезекте осы кеңістіктегі жобаларға жіті назар аударған орынды.
Бұл бағыттағы іс-шаралар экономикалық дипломатия шеңберінде жүргізілуі лазым. Аталған мәселеге барынша мұқият келіп, мүдделі министрліктер мен ведомстволар ықпалдастықтың ең оңтайлы жолдарын таңдап алғаны дұрыс. Мұндай тәжірибе дамыған елдерде бар, біз оны өзімізге тиімді жағынан игеруіміз керек.
Біз сыртқа астық шығарамыз, әлемнің 40-тан аса елдерімен сауда жүргізіп келеміз. Осыған орай шет елдерге инвестиция салу мен экспансия қажет, мәселен Латвияда болғаны тәрізді, бұл елде қазақстандық қаржының қатысуымен Вентспилс портында астық терминалы салынды. Осындай жобалардың саны арта бермек. Ал біз олардың мүдделерін кәсіби тұрғыдан қорғауға міндеттіміз.
Халықаралық терроризм қазіргі заманның жанды жарасына айналуы әлем халқын алаңдатады. Халықаралық терроризм жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тіпті әлемдік экономиканың негізін шайқалтуға ауыз сала бастады. Бұл зұлымдықтың тамырынан діни себептерді ғана іздеу – үлкен адасушылыққа апаратын тығырықты жол. Қайшылықтың бір өзегі дүние игілігінің тым әрқалай бөлінуінде, бай адамдар мен кедей адамдардың арасындағы терең құздай үрейлі айырманың сақталып отыруында жатқаны да жасырын емес. Сондықтан да кедей елдердің экономикалық дамуына көмектесу қазіргі халықаралық қауымдастық алдында тұрған зор міндет деп айтар едім.
Өзіңіз айтқан сырттан келетін қауіптердің қатарында есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон мәселелері де бар. Осы орайда Ауғанстандағы ахуал үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ақпанның басында Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен халықаралық конференцияда Ауғанстанды қалпына келтіру жоспары талқыланып, осы елді қалпына келтірудің стратегиясын тұжырымдаған “Ауған шарты” деп аталған құжат мақұлданды. Ауғанстанға сапарымның бір мақсаты да осы елдегі ахуалмен танысып, ауған үкіметінің бейбіт өмірді қалпына келтіру күш-жігерлеріне нақты көмек көрсету салаларын қарастыру және бұл елдің аймақтық экономикалық интеграция үдерістеріне қосылуын ынталандыру еді. Бұл шаралар Ауғанстан себепші болып отырған қауіп-қатерлердің азаюына өз ықпалын тигізеріне сенімдімін.
Есірткі құралдарының және психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиядағы өңірлік ақпарат үйлестіру орталығының Алматы қаласында құрылуына қол жеткіздік. Бұл есірткі тасымалын ауыздықтау ісінде Қазақ елінің еңбегін әділ бағалауды білдіреді.
Мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметі сындарлы да байыпты бағытының арқасында қазір және таяу болашақта болсын, қандай да бір елден төнетін қауіп-қатерді болдырмауға қол жетті. Пайда болатын мәселелер елдің стратегиялық мүдделеріне нұқсан келтірместен ымыралық негізде, келіссөздер жолымен шешілуде. Біздің ұстанымдарымыз бен ұмтылыстарымыз түсінікті және, ең бастысы, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей мойындалған нормаларына үндес келеді. Бұл турасында Мемлекет басшысының халыққа биылғы Жолдауында да нақты аталып өтті.