Қазақстан Республикасының экономика министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 14:28, доклад

Краткое описание

Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 2002 ж. 4 қыркүйекте құрылған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 39.19 Кб (Скачать файл)

 әлеуметтік маңызы  бар азық-түлік тауарларына бөлшек  сауда бағаларының және оларға  шекті жол берілетін бөлшек  сауда бағалары мөлшерінің шекті  мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;

 тауарлар биржалары  қызметін мемлекеттік реттеу  және «Тауар биржалары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;

 жеке кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламаларын іске  асыру;

 кәсіпкерлік ортаға, жеке  кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық  ахуалына және инфроқұрылымына талдау жүргізу;

республика өңірлерінде  шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын  қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;

 мемлекеттік рұқсат  беру жүйесін жетілдіру мен  оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің қызметін мемлекеттік  бақылау мен қадағалау саласында  мемлекеттік саясатты және ведомствоаралық  үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;

 жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  құқықтарын қорғауға бағытталған  Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;

 жеке кәсіпкерлікті  дамыту және қолдау бойынша  мемлекеттік саясатты насихаттау;

 жеке кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту мәселелерінде  инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;

 инновациялық, инвестициялық  және индустриялық дамудың мемлекеттік  бағдарламаларын іске асыруда  шағын кәсіпкерліктің қатысуы  үшін жағдай жасау;

шағын кәсіпкерлік саласында  кадрларды даярлау және қайта  даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

жеке кәсіпкерлік субъектілерін  қаржыландыру және кредит беру жөніндегі  шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;

 шағын кәсіпкерлікті  қолдау және дамытудың мемлекеттік  шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;

 өңірлерді/аумақтарды  дамыту саласында мемлекеттік  саясатты іске асыру; 
Елді аумақтық-кеңістік дамытудың болжамды схемасының негізгі бағыттарын іске асыру және мониторингтеу;

өңірлік даму саласындағы  стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру және мониторингтеу;

құзыреті шегінде Аумақты  ұйымдастырудың бас схемасын іске асыруға  қатысу;

барлық деңгейдегі аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың  ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;

 жекелеген проблемалы  аумақтар мен елді мекендердің  кешенді даму жоспарларын орындауды іске асыру, мониторингтеу;

 қалалардың, аудандардың,  ауылдық елді мекендердің даму  әлеуетін анықтау үшін тексерулер  жүргізу, олардың бәсекелестік  басымдықтарын айқындау;

 өңірлердің экономикалық  әлеуетін жандандыру, қолда бар  активтер мен өңірлерді шаруашылық  айналымына тарту бойынша ұсынымдар  әзірлеу; 
жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау тетіктерін іске асыру;

 Министрліктің құзыреті  шегінде өңірлік даму саласында  халықаралық жобаларды іске асыру; өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті жоғары, орта, төмен елді мекендер тізбесін келісу;

 қызмет бағыттары бойынша  мемлекеттік бақылауды жүзеге  асыру.

 Министрлік өзіне жүктелген  міндеттерді іске асыру үшін  және өз функцияларын жүзеге  асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:     

1)құзыреті шегінде орындалуы  міндетті нормативтік құқықтық  актілер қабылдауға; 
     2) емлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға; 
     3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


Информация о работе Қазақстан Республикасының экономика министрлігі