Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

азык тулик.docx

— 55.07 Кб (Скачать файл)

«Петропавлдық бройлерлік фабрика» ЖШС  «M.A.D.Corporation» израиль фирмасымен бірлесіп, жылына 15,8 мың тонна бройлер  еті қуаттылығымен құс фабрикасын қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Құс фабрикасының бірінші кезегі қолданысқа енгізілді, қазіргі уақытта, өнім қаланың сауда жүйелерінде  сатылады. 2009 жылы мал сою цехы іске қосылды, инкубатордың құрылысы басталды. Өнім облыс нарығында сатылуда және Республиканың басқа да өңірлеріне жеткізілуде.

800 басқа арналған «Зенченко  және К» командиттік серіктестігінде   сү кешені табысты жұмыс істеп жатыр, бір сиырдан 7000 кг сауын сүтті құрайды.

Ірі және орташа тауарлық өндірісті  одан-әрі құру мақсатында, бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылған өнімді өндіруге жол беретін заманауи технологияларды енгізумен мал  шаруашылық орындарға қайта құру жүргізілуде.

Аққайың ауданындағы «Леонов Я.П.»  ШҚ 300 млн. теңге құнымен 320 басқа  сүт кешеніне жаңғырту жүзеге асырылды, 36 жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, Қызылжар ауданындағы  «Редин» ШҚ «Брацлав KZ» фирмасының 170 басқа арналған сиыр қорасына қайта  құру жүргізілді.

Есіл ауданындағы «Столыпинское» ЖШС сиыр қорасы мен сауын залының  құрылысы, Қызылжар ауданындағы «СБИ-Агро-Ташкентка» ЖШС қолданыстағы орынға қайта құру басталды.

«Тобыл» ӘКК арқылы «Село ауласы»  бағдарламасы бойынша Жамбыл, Ғ.Мүсірепов  және Есіл аудандарында 600 бастан астам  жалпы аналық мал басымен 6 шошқа  шаруашылық фермалары құрылды.

Малдардың асыл тұқымды және өнімділік  сапасын арттыру, селекциялық жұмыстың деңгейін арттыру, заманауи ғылыми талдамалар мен технологиялардың арқасында  «Мал шаруашылықтағы ірі-ауқымды селекциясы»  бағдарламасының игерілуі жалғастыруда.

Тұрғындардың негізгі азық-түліктік қажеттілігі отандық өндіріс  есебінен ұлттық нормалар бойынша қанағаттандырылады. Азық-түлік бидай өндірісінің  ішкі қажеттілігін арттырады, оның басым  бөлігі әлемдік рыноктарға экспортқа  шығарылады. Картоп, жаңа піскен көкөніс, ішетін сүт, жұмыртқаға қажеттері қанағаттандырылуда.

Ауыл шаруашылық өнімдерді қайта  өңдеу көлемдері және азық-түлік  өндірісі жыл сайын арттырылуда.

2008 жылға қайта өңдеу кәсіпорындармен  29,5 млрд. теңге сомаға, 2009 жылға 34,1 млрд. теңгеге тамақ өнімдері  өндірілді. 2010 жылға қайта өңдеу  кәсіпорындармен 33,5 млрд. теңге сомаға  тамақ өнімдері өндірілді. Өткен  жылмен салыстырғанда, өндіріс артты: жарма өнімдері – 31%, қышқылт сүт өнімдері 19%, құрғақ сүт – 12%, ұн – 10%, ары май– 9%, сүт пен қаймақ 2%.

Қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту бойынша жұмыс жалғастыруда, өнімнің  жаңа түрлерінің өндірісі белсенді игерілуде, оның ассортименті қазіргі уақытта 600 атаудан астам деп саналуда.

9001 сериялы ИСО халықаралық стандарттардың  тиісті талаптарына сапалы менеджмент  жүйесі енгізілуде. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша 20 қайта өңдеу  кәсіпорындар сәйкестік сертификатын  алды.

Экспорт көлемі өсуінің тұрақты  үрдісі жалғастырылуда. Ең ірі экспорттық ұстаным жолы бидайды және оны  қайта өңдеу өнімі болып табылады.

2010 жылға 1486,2 мың тонна бидай, 324,8 мың тонна ұн, ол 482,5 мың тоннаға  және 2009 жылдан 24,1 мың тоннаға артық, 12,6 мың тонна рапс, ол 2009 жылдан 21,3 мың тоннадан кем. Бидайды еліміздің  басқа өңірлеріне жеткізу 2203,9 мың тоннаны құрады.

2009 жылы халықтың жалпы санынан  52,0% әйелдер орын алады. Облыстың  экономикалық белсенді халқы  382,5 мың адамды құрайды, оның  ішінде 358,4 мың адамы (66,8%) облыс  экономикасында жұмыспен қамтылды.

2009 жылы облыстың экономикасында  жұмыспен қамтылған әйелдердің  саны 176,6 мың немесе жұмыспен қамтылғандардың  жалпы санынан 49,3% (358,4 мың адам) құрады. 2007 жылы жұмыспен қамтылған  әйелдердің саны 179,9 мың адамды  немесе жалпы санына 49,0% құрады. Жұмыспен  қамтылған әйелдердің өсу үрдісі  көзделуде. Жұмыс істеген адамдардың  едәуір саны ауыл шаруашылығына  5,5 мың адам келеді, ол осы салада  жұмыспен қамтылғандардың жалпы  санынан 31,1% құрайды.

2010 жылғы 01.01. жағдайы бойынша  АӨК қолданыстағы субъектілерінен  3,8 мың белсенді әйелдердің ішінен 6% құрылымдарды әйелдер басқарады.

Кредитті алу барысында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту әйелдерді  шағын бизнеске тартуға, әйелдер  арасында кәсіпкерлік пен өзіндік  жұмыспен қамтуды одан-әрі дамуына  әсерін тигізеді.

Еңбек нарығында әйелдер талап  етілген. Жоғары және орта арнайы білімі бар 45 және одан үлкен жастағы әйелдерді  жұмысқа орналастырудың ең кіші перспективалары.

Негізгі проблемаларды талдау

Өсімдік шаруашылығында даму проблемасын  ұстайтындар бар: ауыл шаруашылығы  дәнді дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын жеткіліксіз енгізу; тұқым шаруашылығы мен отандық  селекцияны жеткіліксіз дамыту; ол қазақстандық селекция гибридтерін  және жоғары сапалы сорттың жоқтығына  әкеледі; қайта өңдеу кәсіпорынның қуаттылығын тиеу үшін майлы тұқымның жеткіліксіздігі; сортты сынаудың өндірістік үдерістің техникалық жабдықтаудың деңгейі төмен; химияландырудың  деңгейі төмен, ғылыми-дәлелді агротехнологиялар  сақталмайды, аграрлық техникалық жұмыстың қолайлы мерзімдері ұсталмайды, ол ауыл шаруашылық дәнді дақылдардың төмен өнімділігімен байланысты; картоппен көкөніс үшін қазіргі техникалық жарақтандырылған қоймаларының жоқтығы, қайта өңдеу және оны даярлауға салынбаған.

Облыс аумағында фитосанитариялық жағдай үшін үнемі бақылау жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, бірқатар проблемалар бар: ауыл шаруашылығы  өндірісіне залал келтіретін карантин, зиянды аса және қауіпті организмдердің ошақтарын тарату, алыс және жақын  шет елдерден әкелінетін өсімдік  тұқымды карантиндік өнімнің  ағымын арттыру, соның ішінде карантин жағдайында сәтсіз елдерден; өсімдіктердің  карантині бойынша шекаралық  бекеттердің материалдық-техникалық жабдықтауы жеткіліксіз; өсімдік карантині  бойынша іс-шараларды ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етудің жоқтығы.

Көрсетілген проблемаларды шешу үшін мемлекетті қолдау нысандары мен  бағыттарын жетілдіру арқылы өсімдік  шаруашылығы әртарапын одан-әрі  ынталандыру қажет.

Облыстың ауыл шаруашылық машинасының  қолданыстағы паркі тозды. Астықты  жинау комбайндар мен тракторларды жыл сайын жаңарту жеткіліксіз.

Мал шаруашылығында бірнеше ұсталған факторлар бар: ауыл шаруашылығы  мал басының 70% жеке үй шаруашылықтарында; сонда асыл тұқымды мал басының  меншікті салмағы төмен болып  қалады, ол 5–10% құрайды; малдарды жемдеу және ұстаудың нашар технологиясы, өнімді қайта өңдеу және өндірістің ескірген технологиясы, мал шаруашылығындағы үдерісті автоматтандыру және механикаландырудың төмен деңгейі; мамандандырылған шаруашылықтарды  орташа және ірі тауарлы өндірісімен  жеткіліксіз дамыту; жемдеу базасы нашар, құнды құрама жемінің жеткіліксіздігі, нәтижесінде, құс пен малдың төмен  өнімділігі; ауыл шаруашылық малдарды ұстау зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарына сай келмеуі.

Ветеринария саласында мал шаруашылығы  өнімінің қауіпсіздігін және облыстағы  эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету  бойынша орынды жұмыс жүргізілді.

Осымен бірге, елдің толық ветеринариялық саулығын қамтамасыз ету келесі проблемаларын  ұстайды: ветеринариялық мамандарының саны жеткіліксіз; ветеринариялық зертхананың  материалдық-техникалық жабдықтауының  деңгейі төмен; мал обаларының және сою пункттерінің құрылысын әлсіз  ұйымдастыру, ветмамандар-лицензиаттар біліктілігінің деңгейі төмен.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін  қайта өңдеу бойынша кәсіпорынның технологиялық жабдықтарының тозу дәрежесі жоғары, сапалы шикізаттың жоқтығынан, қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттылығының  аздығы, импорттың жоғары үлесі нәтиже ретінде айналым қаражатының  жетіспеушілігі және қайта өңдеу өнімдері бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз деңгейі.

 

 

3.2. Қабылдануы тиіс  шаралар және күтілетін нәтижелер

 

«2011 жылы халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының болжамы  бойынша инфляция мен азық-түлік  тағамдарына бағаның өсімі жоғары қарқында болатындығы айтылған еді. Мұның өзі дамып келе жатқан мемлекеттер  үшін үлкен проблема болмақ. Ал еліміздегі азық-түлік бағасының өсіміне  бірнеше себептер бар болып отыр. Ең бастысы, бұған әлемдегі азық-түлік  тағамына бағаның өсуі әсер етуде. Мәселен, Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша  биылғы 1 ай ішінде азық-түлік тауарының  бағасы 29 пайызға өскен. Оның ішінде мұнайға әлемдік бағаның құбылуы  да азық-түлікке әсер етеді»,-деді Ж. Айтжанова.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Үкімет тарапынан азық-түлік бағасын  ырықтандыруға қатысты бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Біріншіден, қысқа  мерзімді шаралар қарастырылады. Бұған  орай әкімдіктер жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларға қаражат бөлініп, олар халықты арзан бағадағы жеміс-жидекпен және көкөніспен қамтамасыз ететін болады. Екіншіден, сырттан келетін азық-түліктің импортына баж салығын төмендетуді  қарастырып жатырмыз. Бұл ретте Кедендік одақтың комиссиясында көкөністердің  бірқатар түріне салықты төмендету  туралы шешім қабылданған болатын. Алдағы уақытта тағы да басқа азық-түліктерге импорттық бажды төмендетуге  ұсыныс жасап отырмыз. Үшіншіден, елімізде азық-түлікті толық қамтамасыз ету, импорттық тәуелділіктен арылып, бағаны қалыпты ұстау үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге кешенді  субсидиялар қарастырмақпыз. Бұл  туралы тиісті ұсыныстар министрліктерге  жасалып жатыр»,-деді Ж. Айтжанова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты аяқтай келіп  жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада азық түлік қауіпсіздігін дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, азық түлік қауіпсіздігін дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: егістік өнімдері жағдайларының  нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен  айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б. Артықшылықтары: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар Бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырды. Бағдарламада кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: нақтыланған жүйеде жұмыс атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша резерв жинаудың, сондай-ақ елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы мен тамақ өнеркәсібіне аса мән беріп, олардың жұмысын жандандыруды қадағалаған жөн.

Әлемдік тәжірибелерге көз  жүгіртсек, 70-80 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша  алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мән берген. Демек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен  бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің  кепілі.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. ҚР Азаматтық  кодексі (Жалпы және Ерекше  бөлімдер). Алматы: ЮРИСТ, 2005ж.

2. 3. Закон РК от 19 июня 2007 года, №131-1 О государственной  поддержке малого предпринимательства.

4. Указ Президента  РК. 2005г, №2486 О производственном  кооперативе. 5. Аубакиров Ж., Есқалиев  М. Экономикалық теория негіздері. 2004ж, Алматы. 6. Қабдиев К., Досқалиев  С.А. Экономика. 2006ж, Алматы.

7. Әубәкіров Л.Ә., Кәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық  теория негіздері. 2005ж, Алматы. 8. Мадяирова Д.М., Қалдыбаева А.Е.  Халықаралық экономикалық қатынастар. 2004ж, Алматы.

9. Нұрғалиев Қ.Р.  Қазақстан экономикасы. 2007ж, Алматы.

10. Ашонұлы Қ.  Шағын кәсіп және нарық.//Қазақ  әдебиеті-2005ж. 11. Қинашева Ж. Қазақстан  экономикасын қалыптастырудағы  шағын кәсіпкерліктің ролі.//Ақиқат-2002ж.№2.

12. Райханұлы Н.  Шағын кәсіпкерлік: Бағдар айқындала  түсті.//Ақиқат №7 2006ж. 13. Исабеков  Б. Қазақстанда кәсіпкерлікті  қалыптастыру жүйесі және оның  даму перспективалары.//Қазақстан  жоғарғы мектебі-2003ж.

14. Бейсенұлы Б.  Бизнестің өз құндылығы бар.//Жас  Алаш-2007ж. 15. Шеденов В.Қ., Байжомартов  І.С., Жүнісов Б.А., Колягин Б.М.  Жалпы экономикалық теория. 2002ж.  Алматы-Ақтөбе

16. Бейсенғазиев  М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. 2006ж,  Орал.

 

 

 

 


Информация о работе Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету