Ұлттық валюта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 17:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

Содержание

1.Кіріспе
2. Қаржы валюта нарығы.
3. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
4. Валюта саясаты
5. Валюта қоры
6. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы.
7. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер.
8. Қор биржасы.
9. Халықаралық валюта қоры
10. Валюталық нарық

Вложенные файлы: 1 файл

экономика.docx

— 41.44 Кб (Скачать файл)

Валюта қоры — мемлекеттің валюта курсына ықпал ету мақсатында валюта интервенциясын жүргізуге пайдаланылатын орталық банкісіндегі алтын және шет ел валютасынан тұратын қоры. Алтын монометализмінің алынып тасталуына (1929 — 33) байланысты валюта қорының қазіргі рөлі мен мазмұны жекелеген елдер үшін бірдей емес. АҚШ-та валюта қоры өзінің нақты мәнін жоғалтқан. Себебі, федеральді резервтік банктер валюта интервенциясының едәуір бөлігін “своп” (қолма-қол) операцияларына байланысты қаражаттар есебінен жүзеге асырады. Ұлыбританияда валюта қоры валюта интервенциясын жүргізуді тоқтатып, қазір мемлекеттің барлық ресми алтын-валюта резервімен біріктірілді. ҚР Ұлттық банкі жалпы ақша-несие саясатының бір құралы ретінде валюта рыногындағы операцияларға араласады. Ол теңгенің айырбас курсын реттеп отыру және ақша массасының өсуін тежеу үшін алтын және шет ел валютасы резерві есебінен шет ел валюталарын валюта рыногында сатып отырады. [1]

1995 — 97 ж. таза шетелдік активтердің  өсуі ҚР Үкіметіне берілетін  кредиттердің өсуіне ықпал етіп, кейіннен Ұлттық банктің екінші  деңгейдегі банктерге берілетін  кредиттерінің көлемін қысқартты  және ҚР Ұлттық банкінің қысқа  мерзімді ноттарын сату есебінен  ақша массасының өсуін төмендетті. Бұл — валюта курсы саясаты  мен айналыстағы ақша массасын  реттеу саясаты арасында қайшылық  тудырды. Ұлттық банктің теңгенің  айырбас курсын реттеуге араласу  дәрежесінің азаюы мұндай қайшылықтың  алдын алмағанымен, өз кезегінде  ақша массасына валюта интервенциясының  ықпал ету тиімділігін төмендетеді.

 
Халықаралық валюта қоры. 1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. 
 
Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет бол-са, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады. 
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөлік-тен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлемін-дегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады. 
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел 
Халықаралық валюта-несие… 445 
экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген, 
1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 ж. 174 ел – 140 млрд. $ төлеген. 
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония – 7%, әрі қарай – Германия, Франция, Ұлыбритания – 5-6%. 
ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы – губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама гу-бернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады: 
- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу; 
- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей 
елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу; 
• жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға 
мүше-елдерді тексеру. 
Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері ар-қылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар кеңесі арқылы мүше-елдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Құрама Штаттар, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19 мүше-ел ішінен бір атқарушы директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді. 
Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді: 
• займ тек қана мүше-елдің экономикалық өсуіне кө- 
мектесетін өнімді мақсаттарға беріледі; 
- займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс; 
- займ беру шешімі экономикалық себептерге негіз- 
делуі тиіс. 
ХВҚ -ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сай-лайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы – еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді. 
ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жа-сайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды. 
Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің төлем баланстары мен валюталық ба-ғамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың рұқсатынсыз оны 
10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып отыр. 
Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады. 
ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резерв-тік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз «шартсыз» түрі, яғни ХВҚ-ға мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз. 
ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез кел-ген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушы-ларының қаншалықты тырысқанымен СДР “әлем валюта-сы” бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халык-аралық валюталык резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ қүнына тең 21,4-млрд. СДР бар. 
Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сома-дан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болғандық-тан да несиелік ресурстарға деген сұраныстың өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерш колма-қол қаражат-тарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген. 
Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтон-дағы оқу институты – ЭДИ (экономикалық даму институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-ның мүше-елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады. 
90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қа-тар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық құрылым-дарды кұру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдер-ге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі: 
1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойын-ша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсы-ныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды. 
2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекет-терге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады. 
3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады. 
ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономика-ны басқарудың негізгі әдістері, 4-кестеде берілген.

Валюталық нарық. Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді. 
 
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі бар-лық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құра-лының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады. 
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды. 
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операция-ларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады. 
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады: 
384 Ақша, несие, банктер 
• шарушылық байланыстардың интернационалдануы не- 
гізінде валюталық нарықтардың интернационалдануы- 
ның күшеюі; 
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану; 
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз 
операцияларды жасау; 
• банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз- 
баша түрде негізделетін валюталық операцияларды 
жүргізу техникасын біртұтастандыру; 
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстыр- 
ғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық 
мәмілелер көлемін ұлғайту. 
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және 
пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді. 
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қар-жы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады. 
Аймақтық және жергілікті нарьқтарда белгілі бір кон-вертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Онын қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар. 
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлға-лар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, 
Халықаралық валюталық қатынастар 385 
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD – 1124735 мың, DЕМ – 11165 мыңды құрайды. 
Валюталық операциялар айналымы 
(күніне US $ млрд.)

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық  заңдылықтары-ның ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық на-рық  «кара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарық-тың» болуы барлық ТМД  елдеріне тән сипат. Қазақстанда  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының  көптеп ашылуы пайда массасын өсіру  үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта  отырып, «көше» нарықтарында валютамен  сауданы азайтуға және соның нәтижесінде  «қара нарықтың» әрекет ету аясының  қысқаруына әкелді. 
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді. 
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валю-талық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы 
валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді. 
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетгі немесе девиздік банктер деп аталады. 
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты. 
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тіке-лей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілде-рінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі. 
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кез-дерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы – 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді. 
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық де-партаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк 
арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлім-шелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықа-ралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүр-гізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі – Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады. 
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивер-сификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады. 
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық опера-цияларға қызмет етеді және сол банкпен жүмыс жасайтын накты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында – валюта-ларды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді. 
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибеде-гідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады. 
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады. 
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиент-тердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады. 
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдет-те ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валюта-сына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады. 
Аударым – бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграф-тық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлт-тық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валюта-сын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді. 
Банктік чек – шетелдік банк-корреспондентке чекті ұс-таушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады. 
Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Им-портерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады 
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет. 
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналы-мынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибеле-рінің таралуына қатты ықпал етті. 
Халыкаралық валюталық қатынастар 389 
Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. 
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық ва-лютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем қүжаттарды жібереді де төлеу-шілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1. О. Баймұратов «Қазақстан қаржы  нарығы». Алматы «Экономика» 2007 ж

2. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов  «Нарықтық экономика негіздері»  Алматы 1994 ж

3. К.З.Хамитова «Экономикажәне кәсіпкерлік  негіздері» Астана 2007 ж

4. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова  «Макроэкономика» Алматы «Экономика»  2003 ж

5. Н. Г. Мэнкю «Макроэкономика»  МГУ

 


Информация о работе Ұлттық валюта