Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 14:03, курсовая работа

Краткое описание

Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгелдей тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНА ШОЛУ
1.1. Айналым құралдарының мәні, құрамы мен құрылымы 4
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын қолдануды бағалау 8
1.3. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері 13
2. ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ
2.1. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері 19
2.2. Айналым қаражаттарын анықтау 21
2.3.Қазақстан мұнай химия саласында айналым қорларының ролі 23
3.АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

Вложенные файлы: 1 файл

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН.docx

— 47.57 Кб (Скачать файл)

                                                    МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНА  ШОЛУ

1.1. Айналым құралдарының мәні, құрамы мен құрылымы                            4

1.2. Кәсіпорында айналым қорларын қолдануды бағалау                                8

1.3. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері                            13

2. ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН

 ТАЛДАУ

2.1. Қаражаттың ауыспалы айналымы  және айналым қаражаттарын қалыптастыру  көздері                                                                                          19

2.2. Айналым қаражаттарын анықтау                                                                21

2.3.Қазақстан мұнай химия саласында  айналым қорларының ролі                 23

3.АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

3.1. Айналым қорларының айналысы  және жеделдету жолдары                   25

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                     27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                 29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бұл  курстық  жұмыстың   тақырыбы: ” Айналым қорлар және оларды Қазақстан өнеркәсібінде қолданудың экономикалық тиімділігі”.  Бұл  курстық жұмыстың  бірінші  бөлімінде, айналым   қорларының  мәні,  құрамы,  құрылымы  және  де  кәсіпорында  айналым  қорларын  қолдануды   бағалау туралы  қарастырылады.  Екінші   бөлімде,   айналым  қаражаттарын  анықтау  және де  қаражаттың  ауыспалы  айналымы   және   айналым   қаражаттарының  қалыптасу  көздері  жөнінде тоқталынады.  Үшінші   бөлімде, кәсіпорында айналым  қорларының  үнемдеу  элементтері және айналым  қорларының   айналысы және  оны  жеделдету  жолдары  туралы  қарастырылады.

Айналым  қорлары -  бұл  кәсіпорындардың,  бірлестіктердің,  ұйымдардың  өндірістік   қорларының   бір  өндірістік   айналымда  түгелдей  тұтынылып  және  өзінің   құнын  дайындалатын  өнімге  толық  көшіретін  бөлігі.  Әдетте,  өзінің  табиғи  нысанын  сақтамайды  және  аяқталғаннан  кейін  ақшалай   нысанда   қайтарылады.

Кәсіпорындағы  айналым  қорлары   кәсіпорынның  өз  қорларынан  және  қарызға  алынған  ресурстардан  тұрады.

Айналым  қорларын  қолдануды   ұйымдастырудың  негізгі  мақсаты - өндіріс  процессіз  үзіліссіз  жалғастыру  және  сатуға  шығарылған   өнімді  айналым  қорларының  ең  аз  мөлшерінен  қамтамасыз  ету.

Бұл   курстық  жұмысты  жазу  барысында Мейірбеков,  Жолдасбаева  және де т.б. авторлардың  еңбектерін  басшылыққа  алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 1.Кәсіпорынның айналым құралдарына шолу.

1.1.Айналым құралдарының мәні, құрылымы  және құрамы  туралы түсінік.

 

 Кәсіпорындардың  іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі  міндетті шарт-қолда бар  айналым  қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары –  бұл  өндірістік айналым қорларын  құру, пайдалану және үздіксіз  өндірістік процестер  мен өнімді  өткізуді  қамтамасыз  ету үшін  авансылаудың ақшалай қаражаттарының  жиынтығы. Айналым қаражаттарының  мәні- ұдайы өндірістік   процестердің  қажеттілігін қамтамасыз  етудегі  экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік  процеске бірнеше рет қатысатын  негізгі қорларға қарағандағы  айырмашылығы, ол тек бір ғана  өндірістік кезеңде қызмет етеді  жне өндірістік  тұтыну  тәсіліне  тәуелсіз  өзінің  құнын  тікелей  дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің  табиғи нысанын сақтамайды және  аяқталғаннан   кейін  ақшалай  нысанда  қайтарылады.

Айналым қорлары 2 бөлімнен тұрады:

    1. өндірістік айналым қорлары;
    2. айналыс қорлары;

Өндрістік  айналым  қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде  80% - тен аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорлар мынадай топтарға бөлінеді:

Өндіріс қалдықтары. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның  қосалқы  бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.

Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.

     Болашақ кезенің шығындары-жаңа өнімдерді әзірлеуге кеткен және  игеруге  кеткен  шығындар.

Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражатының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы  айналымынан  оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы  дайын  өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың  да  азаюын  көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында айналым қаражатының  құрылымын оңтайландыру  және  олардың айналымын  арттару  басты  мақсатқа  айналғаны  жөн.

Дебиторлық  берешек -  заңды   ұйыммен   немесе  жеке  адаммен  шаруашылық  өзара  арақатынастық  қорытындысында,  кәсіпорынға,  ұйымға,  мекемеге  есептелген   борыштың   сомасы.  Кәсіпорынның  дебиторлық  берешегі  болуы  кәсіпорын  қаражатының  тікелей  көзделген  мақсаттан   басқа  мұқтаждыққа   жұмсалғандығын ,  демек  кәсіпорын  жұмысындағы   елеулі  кемшілік  ретінде  қаралады.

Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады.Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрылымы өндірістік сипатымен күрделілгіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың  өндіріс  қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының  қажеттілігін анықтау жне олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастру көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқар және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырдың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі матепиалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар жне басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан  әрі  төмендетуден  табылады.

Өндіріс  нәтижелілігін  арттыру  жөніндегі  шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды артық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім,жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар,банк мекемелеріндегі, шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.

Дайын өнім - техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім.Олар өндіріс процесі аяқталған соң әрі қарай орап,қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады.Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң , дайын  өнім  тұтышушыға  жөнелтіледі.

Ақша құралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер  төленуге  жұмсалатын  қаржысы.

Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау- кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімд өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және  т. б. септігін тигізуге  жағдай  жасайды.

Бұл арада айналым қаражатының нормативі- қаржы жоспарында белгіленетін  ақшалай  қаражаттың  ең  аз мөлшері.Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар- материалдық құндылықтардың  ауыспалы  қосалқы  қорларын  құру  үшін  қажет.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаттары  және  қарызға   берілетін  айналым  қаражаты.

Меншікті айналым қаражаты - кәсіпорындаврдың, бірлестіктердің, ұйымдардың  ресурстар жөніндегі тұрақты ең  аз қажеттерді  қамтамасыз  ету   үшін  бекітілген нормативтерге сәйкес  өздерінің   тиесілі  айналым қаражатының  бір  бөлігі.

Қарызға берілген айналым қаражаты- кәсіпорындардың, бірлестіктердің  және  ұйымдардың   айналым  қаражатының  қысқа мерзімді банк кредиті  және  айналымға  тартылған қаржы есебінен  құралған  бөлігі.

 

 

 

 

 

 

Айналым  қаражатының  құрамы  мен  құрылымы

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.2. Кәсіпорында  айналым  қорларын  қолдануды  бағалау

 

Айналым  қорларын  әлемдік  жақсарту  арқылы  қолдану - өндірістік  кәсіпорынның   маңызды  мақсатының  бірі.  Мұнда  шикізат,  жанармай,  қосалқы  материалдар  жақсырақ  қолданған  сайын, олардан  белгілі  бір  өнім  санын  алу  үшін  оларға   шығын  азырақ  жұмсалады,  сол  арқылы  өндірісте  өнімнің  көлемін  арттыруға  мүмкіндік  туады.

Шығын  көрсеткіші  материалдық  ресурстар  және  оларды  тиімді   жұмсау  деңгейі  болып  бөлінеді.

Материалдық  шығындар  ресурстары  өндіріс  саласында  жұмсалады.  Өндірістегі  шығын  өнім  шығару  программасының  орындалуымен  байланысты  барлық  материалдық  ресуртар  санын  қамтиды.  Материалдық  ресурстар  жөндеуге,  завод  ішіндегі  транспортты қамтуға,  шаруашылық  жұмыстарды  қамтамасыз  етуге,  мәдени – техникалық  қажеттіліктерге  жұмсалады.  Материалдық  ресурстарды  тұтыну  олардың  ортақ  шығындарды  жұмсауымен  түсіндіріледі.

Материалдық  ресурстардың  ортақ  шығыны – бұл бөлек  немесе  қоса  алғандағы  өндірістегі  есептік  кезеңдегі  материалдық  ресурстарды  тұтыну.

Материалдық  ресурстардың  ортақ  шығыны - натуралдық  мағынада  ескеріледі,  материалдық  ресурстардың  әртүрлі  түрлеріне  жұмсалатын  шығындар  құнымен  өлшенеді.

Меншікті  шығындар (m)  дегеніміз – ресурстардың  нақты  түрлерінің  өндірістегі  өнімнің  жарамды  бірлігіне  деген  орташа  шығын.  Оны  барлық  материалдық  ресурстар  санының  қатынасы  ретінде  анықтайды, яғни  есептік  кезеңде  өндірісте  өнімді  өндіруге  кеткен  шығындардың (Q),  олардың  жарамды  бірлігінің  санына (N):

 

 

m=  Q / N;

Материалдық  ресурстардың  ортақ  шығыны  болып - өндірісте  өнімнің  материалдық  сыйымдылығы  көрсеткіші  қолданылады(М).  Ол  өнім  бірлігіне  материалдық  ресурстардың  нақты  шығынының, оның  өлшенуіне  натуралдық  немесе  құндық

көрсетілуін бағалайды.  Бұл  көрсеткіш  материалдық  ресурстардың      жекелеген  түрлеріне  шығындар  мен (металл  сыйымдылығы, энергия  сыйымдылығы,  жанармай  сыйымдылығы),  натуралдық  өлшемдер, яғни  натуралдық – құндық  немесе  құндық  сипаттағы  көрсеткіштермен  байланысты.

Өнімнің  материалдық  сыйымдылығы  әртүрлі  көрсеткіштермен  өлшенеді:

    1. Материалдық  ресурстардың  өнімділігін  өнім  бірлігіне  физиканың  меншікті шығынымен (меншікті материалдық  сыйымдылық):

                                 М= m=Q / N,

    1. Бірнеше  материалдық  ресурстардың  құндық  мағынада  өндірілген  өнім  бірлігіне  физикалық  шығындар  көлемімен (1т,1м3, 1м2 және  т.б.тенге)

                                      М=    Q*P / N,

Мұндағы Р – материалдық  ресурстардың  көтерме бағасы.

Бұл  формулалар  өнімнің  жай  түрінің  материалдық  сыйымдылығын  есептеуде (электроэнергия, шойын, темір және т.б.) қолданылады.  Өнімнің  күрделі  түрі  үшін (машина  құрастыру  өнімдерінде) материалдық  сыйымдылықтың  мынадай  түрі  жиі  қолданылады, ондағы  басты тұтыну  құрамының  бірлігіне  нақты  материалдық  ресурстардың  шығыны жатады.  Осылай  электр  моторының  материалдық  сыйымдылығы  1 квт қуатқа  кететін  материалдық  шығындармен  сипатталады. Жүк  автомобильдері  үшін 1т-км/сағатқа  кететін  шығындар, жүктерді  тасымалдау  және т.б.

 

Осындай  машина  құрастыру  саласындағы  өнімдер  үшін, онда  өнімнің  физикалық  көлемі, тұтыну  құрамы  көлемдерін  бірлік  өлшемінде  көрсету  мүмкін  емес,  сонымен  машина  құрастыру 

өнімі  үшін  толықтай  материалдық  сыйымдылық  деңгейі , нақты  материалдық  ресуртардың  физикалық  бірлігіне 1 теңгеге  жалпы  салыстырмалы  бағадағы  сатылған  немесе  таза  өнім

М=   N /   q1P,

мұндағы,   q1P-нақты  салыстырмалы  бағадағы  өнім  көлемі.

Өнім  программасын  жоспарлау  немесе  өндірістік  кәсіпорынның  жұмысын  талдау  өндірістің  түрлі  саласындағы  материалдық  ресурстарды  тиімді  қолдану  көрсеткіштері  қолданылады.  Ол  өндірісте  материалдық  ресурстарды  және  олардың  өндірісте  тұтынуды  білдіреді.

Салаларда  шикізатты  бастапқы  қайта  өңдеуде  мынадай       көрсеткіштер  қолданылады:

Информация о работе Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары