Кәсіпорын айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 21:47, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда теориялық тұрғыны пратика жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК Казхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.......................................................................................6
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері.....................................10
1.3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары........................................................................17
II. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы......................................................19
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.........................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................28

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі курсовой.doc

— 75.76 Кб (Скачать файл)

 Қоғамның негізгі қызметі  болып саналады:

    • Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
    • құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;
    • тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
    • заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
    • құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
    • магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
    • металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
    • көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
    • түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
    • тау өндірістерін эксплуатациялау;
    • медициналық қызмет;
    • өлшеу құралдарын тексеру;
    • теміржолмен жүк тасымалдау;
    • қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
    • құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
    • өндірістік объектілерін электромонтаждау;
    • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға  арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар  болса.

Өндіретін өнімдерінің негізгі  түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде  селикаметрикалық әдіспен қалпына  келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі  өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа  және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты - балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.

 Қазақстан Республикасы кәсіпорындары  үшін ферробалқымаларының қажеттігі  өте қатты маңызды емес, сондықтан  бұл өндіріс өнімдерінің көлемін  экспорт үшін арттыру тенденциясы  орын алады. Компания өнімдерінің  негізгі тұтынушылары (95%) - жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.

  «Донской ГОКтан» басқа,  негізгі, рудалы шиказаттармен  (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз  ететін - Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты - Алтай коксо-химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.

90-шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор-фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол - өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 1998 жылы  «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.

 

2.2. Кәсіпорынның капиталын және  мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

Қоғамның мүлкі және капиталы.

Қоғамның мүлкін негізгі және айналым  қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.

Қоғам мүлкінің құрылу көздері:

      • Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
      • Қоғам қызметінен түскен түсім,
      • Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
      • Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

Қоғамның жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 теңге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 теңге.

Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып,  Толық акционерлер  жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған  жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін  алуға құқы береді.

Арнайы акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.

Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының  «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту  тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.

Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын  үйлестіру жөнінде шешімді Қоғамның Толық акционерлер жиналысы қабылдайды.

Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде  бөлінеді.

Қоғамның акциялар бойынша дивидендтері ақшалай немесе құнды қағаздар түрінде  беріледі.

ААҚ «ТҰК Казхромның» негізгі және айналым капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін анықтап білу керек. Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар  көлемін, жұмыс персоналын, еңбек  өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын  және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.   

  Төменде  көрсетілген 1-суретке назар аударсақ, өткізілген өнімнен түскен түсім 2008 жылы  34 112 605 млн. теңге болса, 2009 жылы ол 47 929 954 млн. теңгені құрады. Сонда, 13 817 349 млн. теңгеге артты (140%).

1- сурет. Өткізілген өнімнен түскен түсім млн.тг

 

Өткізілген  өнімнің өзіндік құны кәсіпорында  өндірістік ресурстардың пайдаланылуын  және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік  құн 2008 жылы 24 554 972 млн. теңгені құраса, 2009 жылы 30 487 588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5 932 616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.

Жалпы табысқа  келсек, ол өнімнің өзіндік құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2008 жылы жалпы табыс көлемі 9 557 633 млн. тг болса, 2009 жылы 17 447 366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7 889 733 млн. тг, 180% ке артты.

Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап кеткенін көреміз. 2008 жылы ол 3 449 815 млн.тг болса, 2009 жылы  11 604 472 млн. тг жетті, яғни,  8 154 657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2008 жылы 6 107 818 және 15 045 430 млн. теңге, ал 2009 жылы 5 837 894 және 281 520 млн. теңгені құрады, яғни біріншісі -269 924 млн. теңгеге, екіншісі -14 763 910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.

 Кәсіпорынның  таза табысының өзгерісін төменде  келтірілген  2- суреттен көреміз.  Яғни, 2008 жылы таза табыс  14 712 767 млн. тг құраса, 2009 жылы  3 525 569 млн. тг құраған. Сонда өткен жылға қарағанда 11 187 198 млн. теңгеге кеміген (20%).

 

 

 

 

 

2- сурет. Таза табыс млн.тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнім  рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың  артуына байланысты кеміді.

Сату  рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан  біз кәсіпорын өткен жылға  қарағанда едәуір шығынға ие екендігін  көре аламыз.

Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2008 жылы 2,1 теңге  құраса, 2009 жылы 2 теңгені құрады.

Қормен қарулану 2008 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2009 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі  жылға шаққандағы ауытқуы 7 412 626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының  орташа жылдық құны 2008 жылы 6 201 831 млн. теңге, ал  2009 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

Кәсіпорынның  қызметінің қаншалықты тиімді атқарылуы  оның есепті көрсеткіштеріне ғана емес, басқа да, мысалы жұмысшылар санына тәуелді болады. Төмендегі 3- суреттен ААҚ «Казхром» жұмысшылар миграциясын  көруге болады. 2008 жылы жұмыскерлер  саны 14 238 адамды құраса, 2009 жылы олар  15 127 адамға жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.

    • Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
    • Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады:
  • Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның  айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы  алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.
  • Айналым капиталдары меншікті, қарыз және қосымша тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасуы туралы мәліметті меншікті капитал немесе міндеттемелер бөлігінен көруге болады.
  • Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік қысқа мерзімді несиелермен өрнектеледі. Банктердің қысқа мерзімді несиелері арқылы кәсіпорынның уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады. Айналым капиталын қалыптастыру үшін несиелер тартудың негізгі бағыттары:
    • шикізат, материалдарды және өндірістік кезеңдік процесімен байланысты шығындарды несиелеу;
    • меншікті ағымды қаражаттардың уақытша жетіспеушілігін толықтыру;
    • есеп айырысу және төлем айналымын ұйымдастыру.
  • Айналым капиталының тиімділігін анықтайтын бірнеше көрсеткіштерді ескерген артық болмайды:
    • айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; өндірістік материалдар айналымдылығы;
    • дебиторлық қарыз айналымдылығы;
    • ақша қаражаттары айналымдылығы;
    • айналым капиталын жүктеу коэффициенті;
    • айналым капиталының айналыс ұзақтығы.  
  • Айналым капиталының айналым ұзақтығы сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
  • Сыртқы факторларға: кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, қызметінің ерекшелігі, өндірістік қабілеті, шаруашылық ету шарттары.
  • Ал ішкі факторларына: шығындарды басқару жүйесі, кәсіпорынның баға саясаты, тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерін қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

ААҚ «Казхром»  экономикалық тиімділігін айналым  капиталын және баланстық міндеттемелерін  жоғары деңгейде пайдалана отырып арттыруға  болады. Және әр бір серіктес кәсіпорын  қажетті деңгнейде бас «ана»  компанияның жағдайын жақсарту, жаңарту  үшін  үлесін қосқаны жөн.

Кәсіпорынның  серіктестерінің басты міндеттері - нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген ағымды қаржылық мұқтаждықты қысқарту үшін айналым капиталының айналым жылдамдығын қолайлы деңгейде ұстап отыру болып табылады.айналым капиталын қаржыландырудың жоғарыда айтылған әдістерін қолдану ААҚ «Казхромның» қызмет ерекшелігіне, оның мамандарының біліктілігіне, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен қарым- қатынасына және басқа да факторларға байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сергеев. Экономика педпиятия.:Учеб – М, 2003 ж.;
  2. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред.  В.М. Семенова, - М., 1998 ж.;
  3. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.;
  4. Экономика предприятия. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара. Москва, 2000 ж.;
  5. Экономика учебная. А.П.Казанов. Москва 1999 г.;
  6. Экономика предприятия С.Т. Купешова;
  7. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.;
  8. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.;
  9. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.;
  10. Экономика предприятия В.Я.Хрипач, Г.З.Сума. Экономпресс 1999 г.;
  11. Экономика предприятия. Н.В.Минеева.;
  12. Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов, У.Байжомартов, Ү.Мамбетов, А-ты 1999 ж.;
  13. www.temakosan.net Қазақстандық рефераттар порталы
  14. Жалпы экономикалық теория. Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов.
  15. Булатова А.С., Экономика.- Экономист, 2004 ж.;
  16. Бергольц С.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности на современном этапе развития. - М.: Финансы и статистика, 1999 ж.;
  17. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М: ЮНИТИ, 1999 ж.;
  18. Гиляровский Экономический анализ: Учебник -  М: Проспект,2004 г.;
  19. Горфинкель В.Я., Экономика фирмы- М: ЮНИТИ, 2004 г.;
  20. Пельиха А.С. Экономика предприятия и отрасли промышленности, - М.:Феникс, 2003 г.;
  21. Прыкина Л.Н. Экономический анализ педприятия: Учебник – М.: ЮНИТИ, 2001 г.;
  22. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.

Информация о работе Кәсіпорын айналым капиталы