Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 21:06, реферат
Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
Қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп ХҚЕС сәйкес жасалынуын қамтамасыз ету үшін Заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары анықталынған; қаржылық есептлік құрамына меншіктік капиталдағы өзгеріс туралы есеп беру, есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме хаттамалар енгізілген.
Пайда мен залал туралы есеп беруді реттейтін ең негізігі заңнамалық құжат 26.12.95ж қабылданған №2732 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы.
Дополнить
Жоғарыда тоқталғандай Пайда мен залал туралы есеп беруді реттейтін пайда болу уақытына байланысты ең бірінші құжат Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемемелік зерттеулер Департаментінің 21.05.97 жылы №7 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті құру бойынша әдістмелік нұсқаулар. Бұл әдістемелік нұсқауда қаржылық есептілік құрамы, оны дайындау тәртібі, оған жауапты тұлғаларға тоқталған.
Пайда мен залал туралы есеп берудің (Табыс және шығын туралы есеп беру) минималды құрамы, дайындау ережелері, сонымен байланысты мысалдар көрсетілген және 30 БЕС бекітілген.
Пайда мен залал туралы есеп беруді ұсыну, дайындау кезінде 30 «Қаржылық есептілікті ұсыну» Қаржы Министрінің 17.01.03 жылы №14 бұйрығымен бекітілген стандартқа сүйену қажет.Оның 11 бөлімінде Пайда мен зазал туралы есеп берудің құрылымына тоқталып, баптарны, олардың классификацияларына мінездеме берілген. Сонымен қатар Пайда мен залал туралы есеп берудің формалары келтірілген
Пайда мен залал туралы есеп берудегі шығыстарды талдау әдістері таңдалған кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2стандартының 5-бөлімнің §46. Шығыстарды талдау, §47 Шығыстарды сипаты бойынша талдау , §48 Шығыстарды функциясы бойынша талдау параграфтарын басшылыққа алынуы тиіс .
31 «Кезең ішіндегі таза пайда немесе залал, есептік саясаттағы өзгерістер мен негізгі қателіктер» Қаржы Министрінің 17.01.03 жылы №14 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп стандарты төтенше жағдайлардан түскен табыс немесе шығынды анықтаған кезде қолданылады, соған сәйкес баптардың ашылуына талаптар белгіленіп, олардың классификациясы анықталған.
Егер субъект операциялар мен басқа да оқиғалардың қазіргі және болашақ салықтық салдарын қаржылық есептерде ескеретін болса, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2стандартының 28 «Пайдаға салынатын салық» бөлімін негізге алуға тиіс. Онда Пайда мен залал туралы есеп берудің ең маңызды жайты уақытша айырмашылыққа айрықша тоқталған және оған төмендегі мінездеме беріліп, мысалдар көрсетілген:
Уақытша айырмалар - активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін кезде салық салынатын немесе шегеруге жататын соманың туындауына алып келетін активтің немесе міндеттеменің салық базасы мен оның қаржылық есептердегі баланстық құны арасындағы айырма. Уақытша айырмалар салық салынатын немесе шегерілетін болуы мүмкін:
Салық салынатын уақытша айырмалар - активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау кезінде салық салынатын сома нәтижесі болып табылатын айырма.
Шегерілетін уақытша айырмалар - активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау кезінде шегеруге жататын сома нәтижесі болып табылатын айырма.
Пайда мен залал туралы есеп беру құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 218 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандартының талаптарына сәйкес табысты тану тәртібіне, іс-әрекет түріне, табыс түріне, негізі қызметтен және басқа да іс-әрекеттен түсетін табыс мөлшерлемесі мен шарттарына байланысты.
Пайда мен залал туралы есеп берудегі көрсеткіштерін, яғни кәсіпорынның шын, нақты көрсеткіштерін мемлекет органдарға ұсынбаған жағдайдағы соған жауапты тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 16 тарауының «Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу» 208 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бухгалтерлік есепті реттейтін негізгі элементтерге бұл Заңнамалық құжат жатпаса да, оның орындалуы шаруашылықтың барлық субъектілеріне міндетті болып табылады.
Өз кезегінде нақты айта алуға болады, дұрыс құрылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік пайдаланушыларға тиімді шешім қабылдануы мен салық есептлігің дұрыс жасалынуының негізі.
2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясы 1999 жылдың 15 наурызынан ҚР Заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген. Оның заңды мекен-жайы Можайский көшесі,38. Компания «Акционерлік қоғам» ретінде құрылып, ҚР Заңнамасына сәйкес өз жұмысын атқарады. Қазіргі таңда компанияның жарғылық капиталы (жүз жиырма мың) теңгені құрайды. Компанияның іс-әрекетінің негізгі мақсаты көліктік қызмет көрсету нарығының қызметін қамтамасыз ету мен оның тұтынушыларының көзөарастарын қорғау, астана қаласында жолаушылар тасымалдануын жүзеге асыру, меншік формаларына қарамастан әр-түрлі субъектілерді тарту, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын қаматамасыз ететін әлеуметтк және қазіргі кезеңдік өндірісті құру.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының өзінің қызметін келесідей негізде құжаттар мен нормативтік актілерде жүзеге асырылады:
Компанияның қызмет ету мерзімі шектелмеген.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының органдары:
1. Жоғарғы органы-Акционерлердің жалпы жиналысы;
2. Атқарушы- Басқарма;
3. Реттеу органы- ревизиялық комиссия .
Компания заңды тұлға құқықтарына мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап енеді. Компанияның дербес балансы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық фирмалық аталуы көрсетілген мөртаңбасы, банктерде есеп шоттары, фирмалық бланкілері болады.
Өз қызметінің мақсаттарына қол жеткізу үшін Компания өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік құқықтар мен міндеттемелер сатып алуға, сотта талап етуші және жауапкер болуға, Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Компания Қазақстан Республикасы аймағындағы және шетелдердегі филиалдары мен өкілдіктерін қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ашуға құқылы.
Филиалдар мен өкілдіктер ашқандағы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы Компания оны мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлап етуі тиіс.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының мүлкі негізінен келесілерден құрылады:
1. Қатысушылардың Жарғылық капиталға енгізетін салымдарынан;
2. Алынған табыс, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары тыйым салынбаған негіздер бойынша ие болған өзге де мүліктен қалыптастырылатын мүліктің меншікті иесі болып табылады;
Компанияның мүлкі оның балансында есепке алынады.
Қаржыға деген мұқтаждығын қанағаттандыру үшін Компания, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында және осы Жарғымен белгіленген тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасында, шетел банктерінде немесе өзге де қаржы мекемелерінде теңгеде және шетел валютасында қарыздар ретінде қаржы тартуға құқылы.
Компанияның іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін компания:
Компанияның басқаруы сызықтық иерархиялық құрылым бойынша жүзеге асады. Басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол стратегиялық шешімдер мен өнжірістік бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды оперативті басқару Басқарма жүзеге асырады. Олардың қарамағында өндірістік техникалық басқару аппараты бар. Оперативті басқарушы кәсіпорынның қызметі туралы барлық сұрақтарда басқарушылық шешім қабылдайды.
Компаниядағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Компанияның басқармасы оның есептік саясатын анықтайды. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп дәне қаржылық есептілік» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Компанияның қаржылық нәтижелері оның жылдық балансына сәйкес жасалады.
Компанияның бухгалтерлік есебі автоматтандырылған және 1:С бухгалтерия 7.7. програмасымен жүзеге асады. Бухгалтерлік есеп ақпаратты жүйесін жүргізу үшін және бұларға бухгалтерлік есептің әрбір объектілері жөніндегі мәліметтерді күнделікті түсіру мен бухгалтерлік есептің тексеру және байқау функцияларын іске асыру үшін тіркелушілік міндет атқаратын бухгалтерлік есеп шоттар қолданылады.
Бухгалтериядағы автоматтандырылған бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты:
Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі заңдарын сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасау.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясында бухгалтерлік есебінде бухгалтерияда келесідей нормативтік құжаттар құрамында жүргізіледі:
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» заңы
3. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары (МСФО) стандарттары;
4. ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының есеп саясаты;
5. Қазақстан Республикасының Қаржы миністірлігі 2006 жылдьң 18 мамырда ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясы бухгалтериялық есептің шоттар жоспары бекітті.
Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарына мен тіркеулерінің ақпараттық мазмұнына, коммерциялық құпияларды құрушы құжаттарға жеке тұлғалардың енуі ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының басқаруының келісімімен рұқсат етіледі.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясының бастапқы құжаттары, бухгалтерлік есептің қаржылық есепті берудің қағаздық және электрондық тіркеулері, есептік саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер» кодексіндегі бабына өзінің сәйкестігін сақтайды.
ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясында құжаттарды сақтау мерзімі келесі түрде бекітілген:
A. Жалпы жылдық- тұрақты;
Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы