Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 00:34, контрольная работа
Менің курстық жұмысым Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және кәсіпкерліктің даму кедергілерін шешу жолдарын қарастыруға арналған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның басты мақсаты : ел экономикасын көтеріп, оны ары қарай дамыту болып табылады.Қазақстан биылғы 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен,жаңарған саяси қүрылымымен қарсы алды.
Кіріспе
1 Шағын және орта кәсіпкерлікті талдаудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік теориясы
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мән-мағынасы,жіктеу өлшемдері және нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Дамыған елу елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің
тәжірбиесі
2 Қортынды
3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпкерлікті қолданудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.
Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігімен әлеуметтік бағдар ұстаудың кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын және орта кәсіпкерлікпен 1 миллионнан астам адам айналысады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен Үкімет қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік.
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мән-мағынасы,жіктеу өлшемдері және нарықтық эконмикадағы ролі .
Жуырда Астанада алқалы жиын өтті. Kazenegru заңды тұлғалар қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылған басқосудың тақырыбы да тартымды.Ол Бизнестің корпоративтік жауапкершілігінің жаңа формалары: тәжірибе және келешегі деп аталады.
Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы ықпалдастығына келіп тірелетін көкейтесті мәселені талқылауға әжіліс депутаттары,Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері,Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы,Атамекен өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы,Мұнай табысын қоғамның бақылауына алу коалициясы бейресми ұйымы өкілдері қатысты.
Жиналғандар ЛУКОЙЛ оверзис компаниясының Арай атты әлеуметтік бағдарламаны іске асырудағы тәжірбиесі оң бағаланды.Бағдарлама отандастарымыздың кәсіпкерлік ынтасы мен бастамасын қаржылай,техникалық және ұйымдастыру тұрғысынан қолдау көрсету арқылы Қазақстан азаматтарының әл ауқатын жақсартуды көздейді.
Осы арада аталған компанияның 17елді мекен мен мыңдаған тұрғынды қамтитын ауқымды әлеуметтік жобаны жүзеге асырғанын атап өткен жөн.
Мәселенің мәніне тоқталсақ,Жезқазғанда
өткен республикалық бизнес-
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2004 жылдың 1 желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше әр облысқа тиесілі үлесін көреміз.Келтірілген деректерден республика бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің ауылшаруашылық саласындағы ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі екенін көреміз. Ал бұл облыс аграрлық аймақ болғандықтан шағын кәсіпкерліктер (фермерлік шаруа қожалықтары) көптеп саналады.
Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауылшаруашылығының, сондай-ақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Облысымыздың тұтыну базарының 60 пайызынан астамын ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлікпен тауарлар қамтамасыз етеді дейді мамандар. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Ауыл-селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік құқықтық база және базар кеңістігі ауадай қажет.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.
Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты. өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық салудың ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвистициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Кірістер болжамының
есептерінде жоспардан тыс
Мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвистицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін назарда ұстау шарт.
Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салықтық құрал ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысты, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.
Елімізде ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын аумағындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.
1.3Дамыған елу елдегі шағын және орта кәсікерлік тәжірбиесі
Әлемдік экономиканың даму
тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық
экономикасы дамыған
дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.
Қазақстанның стратегиялық
Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпыхалықтық меншіктің стереотипін бұзып, құлатып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, үлкен мәселені шешу керек еді. Қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік кәсіпкерлік жетістіктер мен экономикалық жетістіктердің айғағы болатындығы жайлы жаңа көзқарасты бекіту керек еді.
Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.
Бір жағынан қолданыстағы заңнама жүйесінен заңсыз кесімдерді «болдырмауды» қамтамасыз ететін тетіктері жоқ.
Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімді қабылдау қажеттігін негіздеу кезінде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсіпкерліктің жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудің одан әрі тиімділігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта нормативтік құқықтық кесімдер әрекетінің одан әрі нәтижелілігін қадағалап отыру тетігі мүлдем дерлік жоқ, мұндай нәтижеліліктің көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалмаған.
Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:
- Тіркеу және қайта тіркеу;
- Әрекет етуі және дамуы;
- Тарату.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген проблемелар кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.
Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.
Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға көңіл аударайық:
1. Шағын бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының дифференциациясын қарап, олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.
2. Жалдамалы қызметшілердің
еңбек ақысы қорының
3. Әрбір жалдамалы
қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті талдаудың теориялық негіздері