Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 10:57, курсовая работа
Қазіргі таңда математикалык модельдеу экономикалық өзара байланыстар мен заңдылықтарды зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Математикалық модельдеу мен ЭЕМ пайда болғаннан бері, экономикада көп қиындықтар тудыратын, ал көбінесе тіпті мүмкін емес болатын нақты объектілерде емес, экономикалық жүйелер мен құбылыстардың математикалық модельдерінде тәжірибе жасау мүмкін болды. Бұл үшін экономикалық үдерісті экономикалық-математикалық есеп түрінде көрсетіп, оның ЭЕМ-да шешімін тапса жеткілікті болады. Мұның өзінде шарттарды өзгерте отырып, көптеген нұскаларды талдап, олардың ішінен ең қолайлысын таңдап алуға болатын мүмкіндік туды.
КІРІСПЕ
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1.1. Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі
1.3. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі
ІІ. ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІ
2.1. Кәсіпорынды зерттеудің сызбасы
2.2. Бір кәсіпорынға сұраныс пен қажеттілікті есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1.1. Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі
1.3. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі
ІІ. ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІ
2.1. Кәсіпорынды зерттеудің сызбасы
2.2. Бір кәсіпорынға сұраныс пен қажеттілікті есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1.1. Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.…........……..5
1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі ..............................
1.3. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.............15
ІІ. ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІ
2.1. Кәсіпорынды зерттеудің сызбасы
2.2. Бір кәсіпорынға сұраныс пен қажеттілікті
есептеу ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..............................
ҚОСЫМША ..............................
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда математикалык
модельдеу экономикалық өзара байланыстар
мен заңдылықтарды зерттеу
Макроэкономикалық модельдерде ірілетілген материалдық және
қаржылық, ЖҰӨ, тұтыну, инвестициялар, демография және т.б. көрсеткіштерді байланыстыра отырып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттайды.
Макроэкономикалық модельдер тепе-тең және динамикалық сипатта болады. Макроэкономиканың тепе-теңдік моделінде барлық нарықтарда
өндіріс пен сату, кіріс пен шығыс, жиынтық сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің теңдігі камтамасыз етіледі деп ұйғарылады. Іс жүзінде мұндай макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу мүмкін емес, тепе-теңдік жағдайына ұмтылудың өзі макроэкономиканы микроэкономикадан ерекшелейді.
Макроэкономика модельдері макроэкономикалық деңгейде және оның құралдарымен шешуге болатын үдерістер мен проблемаларды сипаттайды.
Макроэкономика моделінің параметрлері жұмыспен қамту, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, ұлттық кіріс, инфляция, экономикалық өсу, инвестиция, бағалардың жиынтық деңгейі болуы мүмкін. Егер нарықтық экономиканың екі субъектісі - сатып алушы және сатушы болса, онда макроэкономикада тағы да екі субъект - мемлекет және шет ел қосылады.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен басқару стратегиясын анықтау формалары мен әдістерін уақыт талабына сай жетілдіріп отыру маңызды шарт. Кәсіпкерлік әрекет нарықтың талаптарына сай тез бейімделуі мен оның тиімділігін жоғарылатудың басты шарты.
Кәсіпкерлік қызметті басқару кезінде тиімді шешім қабылдау үшін әр түрлі сұрақтар туындайды. Тиімді қызмет ету үшін зерттеліп отырған кәсіпкерлік субъектісінің басшылары жоғары біліктілікпен басқарудың әдіс-тәсілдерін дұрыс жүргізуі өте маңызды.
Қызмет ету тиімділігін арттыру шағын кәсіпкерлікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және болашақтағы мүмкіншіліктерін бағалау болып табылады. Ол кәсіпорынның нақты мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ негізгі және айналмалы капиталы, меншікті және қарыз капиталын жақсарту, жетілдіру, табысты үлестіру, инвестициялық және баға саясаты дұрыс жүргізу сияқты ішкі және сыртқы факторларды қамтиды. Қызмет ету тиімділігін арттыруды басты назар: ішкі резервтерді анықтауға, ақша табыстарын көтеруге, өнім мен қызметтің өзіндік құнын максималды төмендетуге, табысты бөлудің дұрыс саясатын таңдауға, капиталды тиімді қолдануға аударылуы керек.
Кәсіпорын табысты және шығынсыз қызметін қалыптастыру қажет. Ал ол
үшін кәсіпорынның өндірістік қуаттарын барынша толық қолдану керек, өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің сапасын, бәсеке қабілеттілігін жоғарылату керек. Ресурсты үнемдейтін технология қолдану қажет.
Яғни нарық жағдайында істеп тұрған кәсіпорындардың экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруды, қаржылық жағдайды жетілдіруде, өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Сондықтан басшылықтың негізгі назары тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге аударылуы керек.
Кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру және көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ құрылыс көлемін ұлғайту қажет, ол үшін шаруашылық байланыстарды жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Негізделмеген өндірістік шығындарды, кезең шығындарын қысқарту кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру резервтерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорын әрі қарай дамуы үшін маркетинг қызметін ұйымдастыру керек. Өйткені маркетинг қызметі тапсырыс берушілерді іздестірудегі маңызды құрал болып табылады және сәйкесінше құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі мен рентабельділігінің өсуіне себепші болады.
Шағын кәсіпкерлік нысаны өзінің басты мақсаты қызмет ету тиімділігін
арттыру деп ұйғарса, негізгі мақсатқа жетуге бағытталған локалды міндеттерді анықтау қажеттілігі туындайды. Факторлар арасындағы себеп-салдар байланысты айқындау үшін, алға қойған мақсатқа қол жеткізу құралдары мен шараларын айқындап, оған қол жеткізу үшін «қызмет ету тиімділігінің мақсаттарын арттыру ағашы» моделі қолданылады.
Екіншіден, қаржы қорының басқа да көздерін пайдалану. Кәсіпорынның тиімділігі қаржы-қаражаттарды және материалдарды қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты жоғарылайды. Кәсіпорынның келіп түсетін және сыртқа кететін ақша қаражаттары уақыт пен көлемі бойынша тепе-тең болуы тиіс және оның тиімділігі жоғары активтерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуі басшылардық жоғары квалификациялық жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Ол үшін қажетті шаралар:
Осы айтылғандармен қоса, кәсіпкерлікті дамыту үшін инновациялық әдістерді пайдалануымыз қажет.
Шағын бизнесті дамытуға қамтамасыз ететін барлық құрылым біркелкі жүйе компоненттері ретінде қызмет атқарулары керек. Шағын кәсіпорындарды кәсіби дайындауда, кадрларға кеңес берушілерге және бұл салада қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерді қажет етеді. Соңғы жылдары шағын бизнесті қолдауда әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар құрылды. Шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік емес инфрақұрылымдарға мыналар жатады:
Бизнес инкубатолрдың негізгі ресурстарына мыналар жатады:
Қажет болған жағдайда жалға беру шарты ұзартылады.
Бизнес инкубатордың тиімді жұмыс ісиеуі келесі адамдар тобының қызметіне тәуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басындағы басшы, бизнес инкубатор қызметкерлері және бизнес инкубатордың тұтынушы кәсіпорындары.
Бизнес инкубаторының
басында тұратын тұлғаның әр түрлі
титулы бар. Президент, атқарушы директор,
директор немесе менеджер. Басқарушы
тұлға ретінде директорлар
жатады. Инкубаторлардың негізгі міндеті – компанияны дамыту. Кейбіреулер бизнес инкубатордың алдына әр түрлі мақсаттар қояды: аймақ экономикасын жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды енгізу, Жоғарғы Оқу Орындарын коммерциялау және т.б. Шындығында бизнес инкубаторлардың негізгі идеясы бұл – жаңа кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыру негізінде олардың әрі қарай сәтті даму негізін салу мақсатында құруларына жәрдем көрсету.
Кәсіпорын әрі қарай дербес дами алады. Яғни аймақ экономикасының дамуына, технологиялық енгізілуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдеседі.. Бизнестің бұл түрінің негізгі өніміне тиімділігі жоғары, өзін-өзі қаржыландыратын кәсіпорындарды құру жатады. Әр түрлі тұтынушы кәсіпорындармен жұмыс істеген кезде бизнес инкубаторлар тұтынушы мен кәсіпорынның қажеттілігі даму деңгейіне қарай диффиренциалды саясат жүргізуі қажет.
Бизнес инкубаторлардың қызметін пайдаланатын тұтынушылардың екі типі пайда болады:
Қоғам өзінің демеуші ұйымдарының торабы арқылы бизнес инкубатордың жұмыс істеу процесін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етеді. Және жаңа кәсіпорындардың құрылуына көмек көрсетеді. Қоғам тұтынушы ретінде сол арқылы экономикалық дамуға, бизнестің дамуына, жаңа технологияны жасау мен енгізуге, жаңа жұмыс орнын құруға, кәсіпкерлер тобын қалыптастыруға және кәсіпорын жылдам дамуына қол жеткізуді қалайды. Ал клиент кәсіпорындарда микро деңгейдегі тұтынушылар болып табылады. Клиент кәсіпорында бизнес инкубатор өзінің бизнесін құру мен дамытудағы бастама ретінде пайдаланылады. әрбір клиент кәсіпорынның бизнес инкубатордың барлық бағдарламаларын, соның ішінде қаржы, оқыту, білім беру және ақпараттық бағдарламаларын пайдалануларына жол ашық.
Шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың 2 түрі болады:
Негізгі бағдарламалардың мақсаты жоспарлау, ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті қадағалау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар бизнестің тиісті инфрақұрылымын құру және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жолы арқылы шағын кәсіпорынға қызмет көрсетеді. Мемлекеттің қайта құрылған кәсіпорынға қатысты саясатты мемлекеттік қызмет тарапынан үлкен ұйымдастырушылық күш салуды қажет етеді және төменгі 6 бағыт бойынша топтастыруға мүмкін:
Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекет қызметінің бірінші бағыты шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету болып табылады. Бірінші бөлімде шағын бизнесті экономиканы дамытудағы мәні мен үлесі қарастырылады. Бұл көмек стратегиялық сипатқа ие, себебі шағын және орта бизнесті қолдай отырып, мемлекет ірі кәсіпорындарды дамыту үшін жақсы жағдайда жасайды. Жалпы алғанда Еуропаға одақтас мүше елдерде шағын және орта бизнеске қатсты саясат экономика министрлігімен немесе сауда және өнеркәсіп министрлігі арқылы жүргізіледі. Мысалы Германияда экономика министрлігінде шағын және орта бизнес бөлімдері бар. Францияда арнайы шағын және орта бизнес бөлімдері өнеркәсіп министрлігінде құрылған. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлік министрлігі бар. АҚШ-та шағын бизнесті қолдау және оның мүддесін қорғау мақсатында 1953 жылы Конгресс шағын кәсіпкерлікті басқаруды арнайы органдары құрылды. Жапонияның экономикалық жетістігі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаумен байланысты. Олардың үлесіне елдің жалпы кәсіпорындар саны 99%-і экономикадағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 80%-тен көбі өңдеуші өнеркәсіптегі сауда-саттық көлемінің 52%-і және бөлшектеп сатудың 80%-інен көбі тиеді. Іс жүзінде үлкен қаржылай көмек шағын бизнесті дамытудағы жалпы мемлекеттік саясаттың жалпы арнасына кіретін кәсіпорындарға көрсетіледі. Біздің республикада шағын бизнесті қолдаумен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құруға объективті қажеттілік туды. 1997 жылы мамыр айында ҚР Президентінің жарлығымен экономика және сауда министрлігі құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдайтын арнайы орган «Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі» құрылды.
Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары