Францияның қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 17:15, реферат

Краткое описание

Франция нарықтық экономиканың жоғары дамыған елі. ЖІӨ бойынша АҚШ,Жапония және Германия сияқты елдерден кейінгі орынды иеленеді. 1990 жылы ЖІӨ көлемі 5330 млрд доллар, адам басына шаққанда ЖІӨ – 14 565 долларды құрады. Өндіріс үлесіне ЖІӨ 25%, ауыл шаруашылығы 3%. Елдегі аса дамыған салаларға: коммерциялық емес қызмет (әкімшілік басқарма) және сауда жатажы. Елдің алдына қойып отырған негізгі мәселесі: бюджет тапшылығы, өкімет деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөлу, бюджеттік буындар арасындағы кіріс және шығыс бюджетін бөлу.

Вложенные файлы: 1 файл

Францияның қаржы жүйесі.docx

— 21.27 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

Тақырыбы: Францияның қаржы жүйесі

Орындаған: Асанова  А.

Тобы: Қаржы 341

Тексерген: Базарбаев  А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Францияның  қаржылық жүйесі.

Франция нарықтық экономиканың жоғары дамыған елі. ЖІӨ бойынша  АҚШ,Жапония және Германия сияқты елдерден кейінгі орынды иеленеді. 1990 жылы ЖІӨ  көлемі 5330 млрд доллар, адам басына шаққанда ЖІӨ – 14 565 долларды құрады. Өндіріс үлесіне ЖІӨ 25%, ауыл шаруашылығы 3%. Елдегі аса дамыған салаларға: коммерциялық емес қызмет (әкімшілік басқарма) және сауда жатажы. Елдің алдына қойып отырған негізгі мәселесі: бюджет тапшылығы, өкімет деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөлу, бюджеттік буындар арасындағы кіріс және шығыс бюджетін бөлу.

Францияның  мемлекеттік бюджеті.

 

Францияның қаржы жүйесі көп буынды, бірақ өзінің орталықтандыру деңгейімен ерекшеленеді. Елдің орталық  бюджеті (ортақ бюджет, мемлекеттік  ұйымдардың қосылған бюджеті, қаржы  мекемелерінің арнайы шоттары) Францияның қаржы жүйесінің барлық кірістері  мен шығыстарының шамамен 80%-ын құрайды. Мемлекеттік бюджет  үлесіне жергілікті бюджеттің 47% және 9 әлеуметтік сақтандыру қоры, 40% мемлекеттік кәіпорындары және  шамамен 4% барлық  құралдары кіреді. Францияның бюджеттік жүйесі арқылы шамамен 20% ЖІӨ мен 50% мемлекеттік кіріс қайта бөлінеді. Францияның бюджеттік үрдісі 4 сатыны қамтиды. Ол 3 жылдан көп уаөыт Францияда қолданылып келеді.

Бірінші сатысы – бюджеттің жобасын құру экономика және қаржы министрлігі арқылы жүзеге асырылады. 9 ай көлемінде министрліктер мен ведомствалар, нұсқаулер мен бақылау сандарын қолдана отырып, өзінің сметасын құрады. Франция «бюджеттік шешімдерді таңдау рационализациясы» деп аталатын бюджетті жасаудың бағдарламалы бағытты әдісін қолданады. Бұл үкіметтің мақұлдауынан кейін парламентке жіберіледі.

Екінші сатысы – бюджетті қарап, белгілеу 3 ай көлемінде жүргізіледі. Бюджеттің жобасы әрбір палатаның қаржылық комиссиясымен қарастырылады. Алдымен төмен палатада (ұлттық жиналыста), кейін жоғары палатада (сенатта) талқыға салынады.

Егер бюджеттің жобасын 2 палата да қолдамаса, президент өзінің басшылығына ала отырып, бюджетті заң арқылы растайды.

Үшінші сатысы – бюджетті орындау, яғни жүзеге асыру. Ол Францияның күнтізбесімен сәйкес келгендіктен оны қаржылық жыл деп аатайды. Бюджеттің кіріс бөлімдері қаржы агенттерінің тармақталған желілері арқылы орындалады. Ал,  бюджеттің шығыс бөлімін орындамас бұрын, құралдарды үлестіру процедурасы жүргізіледі.

Кассалық  жұмыстарды орындау  қаржы мекемелерінің кассалық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларда  Францияның банктерінде ағымды шоттары бар. Сонымен бірге, олар есептік кассалық бюджет операцияларын жүзеге асырады.

Төртініші сатысы – бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін басталады. Бұл сатыда экономика және қаржы министрлігі бюджет қызметі туралы толық есеп береді. Бюджет үрдісі кезінде қаржылық бақылау орын алады.  Қаржылық бақылауды жүзеге асыру шоттық палатаға жүктеледі. Бұл палата алдын ала, ағымды және кейінгі бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Орталық бюджет 2 бөлімнен тұрады: 90% - ақырғы операциялар (қайтарымсыз  қаржыландыру), Ол ағымды, азаматтық,капиталдық және әскери шығыстар болып бөлінеді. Ал, 10% - уақытша көріністегі операциялар (несиелер).

Францияда бюджеттік жүйелердің біртұтастығы жоқ. Әрбір бюджет өзінше ерекшеленген. Францияда атақты орталықтандыру жүйесі орын алады: төмен басқармадағы бюджет жүйесі жоғары бөлімшелердің басқарушлығымен жүзеге асырылады. Жергілікті ұйымдардың қаржылық бағынушылары мемлекеттік субсидия мен қарыздар мен және орталық салықтарға қосымшалармен қамтамасыз етіледі.Жергілікті ұйымдардың құралдары қаржы мекемелері ұйымдарының шотында сақталады. Жергілікті заимдарды шығару да мемлекеттің қолдауын алап етеді.

Францияның мемелекеттік бюджеті қаржылық жүйенің басты  буыны болып табылады. Оның үлесәне  мемлекеттің қаржы ресурстарының  тең жартысы тиеді. Мемлекеттік  бюджет заңдық басқарма арқылы бекітілмейді. Ол жыл сайын ортақ бюджетті қосатын  көптеген арнайы шоттарды және қосылған бюджетті қосымша құжат ретінде құрылады. Бюджет кірісі:

  • Тура салықтар - 36%
  • Жанама салықтар – 59,2%
  • Салықтық емес түсімдер – 4,8%

Салықтар бюджеттің басты  пайдасы болып табылады. Салық  жүйесі өзіне тура, жанама салықтарды және әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды кірістіреді. Жанама салықтар елдің экономикасында маңызды роль атқарады. Елде 3 жанама салықтардың түрі бар:

  • Акциздер
  • Кеден баждары
  • Фискалды монополиялық салықтар

Жанама салықтың ең маңыздысы  ол – акциздер. Ол салықтық айналымда  қосылған құн салығы ретінде жұмыс  істейді.

Францияның салықтары 3 топқа бөлінеді:

  • Табыс салығы (пайда тапқан уақытта алынады)
  • Тұтыну салықтары (пайданың жұмсалу сәтінде алынады)
  • Капиталға салық (жеке меншіктен алынады)

Қосылған құн салығы жанама акциздер ретімен толықтырылады. Олардың  кейбіреуі мемлекет пайдасына шегеріледі, ал тағы басқасы жергілікті басқарма ұйымдарының бюджетіне есептеледі.

Қолданымдағы салықтар қатарына сонымен бірге кедендік алымдар  жатады. Олардың басты мақсаты  пайда табуға бағытталмайды. Ол ішкі нарықты қорғауға бағытталған. Кедендік салымдар мемлекеттің экономикалық саясатының басты құралы ролін атқарады. Олар ішкі нарықтың бірыңғай және импорттық тауарларының құнын теңестіреді.

Францияда табыс  салығын  таза пайдадан төлейді. Салық салудың  ортақ мөлшері 34% құрайды, кейде ол 42%-ға дейін ұдғаюы мүмкін.

Жеке тұлғадан табыс салығының  фискалды бірлігі болып отбасы табылады, яғни ол 2 адамнан тұруы қажет.

Табыс салығының мөлшері 0-56,8% аралығында көрініс табады.

Франциядағы үлкен табысты  жеке меншікке салынатын салықтар әкеледі.

Табыс салығы мен жеке меншіктің  салықтың сомасы пайданың 85% - дан аспайды. Жеке меншікке салынатын салықтың 4 түрі бар:

  • Құрылыс аймақтарына салынатын жер салығы
  • Құрылыс емес аймақтарға салынатын жер салығы
  • Тұрғын үйге салынатын салық
  • Кәсіптік салық

Салық мөлшері жергілікті басқару органдарымен реттеледі. Бірақ  ол мөлшер заңмен бекітілген нормадан аспауы тиіс.

Францияның жергілікті өаржысының басты ролін жергілікті бюджет атқарады. Жергілікті бюдджет жергілікті басқару  органдарының құзырында болады. Олар елдің конститутциясы мен заңдарына  сәйкес жүргізіледі. Әрбір әкімшілік  бірліктерінің өзіне тән бюджеті  бар.  Барлығы елді 39 мың жергілікті бюджет бар.

Францияда маңызды екі  бюджет түрі бар:

  1. Түрлі жергілікті ұжымдардың бюджеті
  2. Территориалды ұжымдар бюджеті. (аймақтардың, департаменттердің және коммуналардың бюджеті). Сонымен бірге, олардың бірлестіктері жатады:  қалалық, аудандық және синдикаттық бірліктер.

Арнайы  қорлар

 

Арнайы қорлар мақсатты бағыты бар жергілікті ұйымдар мен мемлекеттің  қарамағында  ақша ресурстарының  ақша ресурстарының жиынтығын бейнелейді.

Оларға көптеген арнайы қаржы  мекемелерінің шоттары, қосылған бюджеттер, әлеуметтік бюджет және түрлі қаржы-несиелік мекемелерінің қорлары жатады.

Олар ұйымдастырылу жағынан  басқа бюджеттерге қарағанда  ерекшеленеді, яғни олардың заңды  дербестігі бар. Арнайы қорларды 2 топқа бөлуге болады:

  1. Бюджетке қосылатын кірістер мен шығыстар қорларынан тұрады. (Францияның экономикалыө әлеуметтік даму қоры)
  2. Заңдық дербестігі бар бюджеттік емес қорлар. Олардың ішіндегі маңыздылары әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. Бұл қорлардың жиынтығын Францияның әлеуметтік қорлары деп атайды.  Арнайы қорлар келесі көздерден құралады:
  • Жеке кәсіпкер салымдары 60%
  • Сақтандырушылар салымдары - 18%
  • Мемлекет түсімдері - 20%
  • Басқа да түсімдер - 2%

Бұл зейнетақы қоры, аурудан, мүгедектіктен, сақтандыру қоры, отбасыларға көмектесу қоры, жұмыссыздарға ұлттық көмек қоры.  Арнайы маңызды қорларды орталық үкіметте үлестіреді.  Жергілікті ұйымдардың құратын арнайы қорлардың ең маңыздысы болып  несиелік қорлар табылады. Бұл қордың құралдары инвестиция үшін қолданылады, кейде жергілікті бюджеттердегі кассалық ақауларды жабу үшін қолданылады. Оларға қаржы мекемелерінің көптеген арнайы шоттары, қосылған бюджеттер, әлеуметтік бюджет және ұйымдардың қаржы несиелік қорлары  жатады.

  1. Қаржылық мекемелердің шоттары қаржылық автономиясымен жеке заңды тұлғалары жоқ мемлекеттік ұйымдар арқылы құрылады. Кейін ол парламентпен бекітіледі. Арнайы шоттардың қаражаттары бюджеттің екі бөлімі бойфнша, яғни кіріс және шығыс бөлімі бойынша өтеді.  Қаржы мекемелерінің шоттарының маңызды бөлігі әскери бағыттарға жұмсалады.
  2. Қосылған бюджеттерді қаржылық автономиялары бар ұйымдар құрады. Олар мемлекеттік бюджетке қосылады. Әрбір бюджеттің шығысы оның кірісімен жабылады. Жергілікті ұйымдардың қаржысы жергілікті бюджеттен тыс жүргізіледі. Оларға: сумен жабдықтау және канализациямен қамтамасыз ететін ұйымдар, шеберханалар, типографиялар және үй шаруашылығы жатады.

Жергілікті  басқармалармен орталықтар арасындағы өкілеттілікті бөлу.

 

Францияда жергілікті басқарма мен орталықтар арасындағы байланыстар әр кезде маңызды болды.  Қазіргі кезде жергілікті қаржының дербестігі мен әсер етушілік жүйесі қалыптасты. Жергілікті қаржыны құрудың бес қағидасын бөліп қарастыруға болады:

  1. Тәуелсіз және оқшаулы жергілікті қаржының негізінде қажетті қаржылық ресурстардың өкілеттіліктерін қалыптастыру.
  2. Ерекшеленген өкілеттіліктерді заңмен қамтамасыз ету.
  3. Бухгалтерлер мен басқарушылар арасында бөлу
  4. Аймақтық деңгейде тәуелсіз бақылау

Басқарушы – қоғамдық тұлға. Оның өкілетіне кірістер мен шығыстарды үлестіру кіреді. Оған: коммуналар үшін шаралар, департаментке арналған бас совет президенті жатады. Бірақ ол ақша қаражаттарымен тікелей жұмыс атқармайды. Тек ақша қаражаттарының кірістелуі мен шығысталуына нұсқау береді.

Бухгалтер – қоғамдық тұлға. Қоғамдық ұйымның қорлары мен құндылықтарының операцияларын жүзеге асырады. Оған: қаржылық әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік  қазынаның  бухгалтері,  салық және кеден салымдарын жинаушылар жатады. Олар басқарушылардың шешімдері бойынша шығындарды өтейді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Коммуна – қалалық инфрақұрылым, бастауыш мектеп.

Департамент – әлеуметтік көмек, мектептердің көліктері, коммуналар арасындағы инфрақұрылым, аэрордромдар, колледждер, қалааралық көліктер.

Мемлекет – ұлттық басқарма жүйесіне  шекараларды қосу, мемлекеттегі қоғамдық тауарлар мен қызметті өндіретін аймақтағы тура немесе жанама басқару. (жолдар, көпірлер, почта, телеграф, өндіріс, ғылыми зерттеу жұмыстары)


Информация о работе Францияның қаржы жүйесі