Экономическая оценка лесных ресурсов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 15:09, дипломная работа

Краткое описание

Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
1 ОРМАН ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................... 6
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары...................................................................... 6
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі........................................................................................................... 11
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ..................................................................................................... 18
2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі............................................................................................. 18
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу........................................................................................................... 22
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы .................................. 29
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................ 45
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау ................................................................. 45
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама....................................................................................................... 58
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 63
67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ОРМАН-ОРМАН-РЕСУРСТАРЫН-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТҰРҒЫДАН.doc

— 949.00 Кб (Скачать файл)

Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған табиғи орта ретінде, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базисы болып табылады. Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы, сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды адам қажетіне пайдалануға жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады. Жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан қазіргі заманғы өндіріс, табиғи ресурстардың алуан түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат ресурстарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Мысалы, қазіргі заманғы  радиоэлектроника, термоядролық өнеркәсіп, авиажасау, электрэнергетикасы, ракета жасау, космостық техника түсті металлургияның, сирек металды өнеркәсіптің өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс “кірпіші” – материалдық өндірістің субстраты болады. Үшіншіден, бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы, сапасы, қоғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін анықтайды. Сол себепті К.Маркс ауыл шаруашылығында, тау-кен өнеркәсібінде де мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес, сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары – табиғат күштері – еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді [11].

Табиғат пен еңбек – қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай, табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің нысаны ретінде әсер етеді және  сонымен қатар оны аталған әсерлердің  зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің жиынтығы, жалпы сөзбен “табиғатты пайдалануды” білдіреді.

Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын, әсіресе, жер, су, орман ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-теңдікті сақтау үшін едәуір шығынды қажет етеді. Сондықтан табиғат ресурстарының өндіріске тиімділігін – оның оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы керек. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауға қажет шығынның мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте тұра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бұл жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айналды. Табиғат қорғау тұрғысынан алғанда, табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес адамның табиғи ортаға жан-жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен бірге әртүрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық  сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердің дамуы қамтамасыз етілетін экологиялық  тепе-теңдік сақталуы қажет [12].

Табиғи ортаны тиімді пайдалану үшін әртүрлі ғылым жетістіктерін ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқы жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл “адам және табиғат  жүйесі” жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші кезектегі мәселеге айналады.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның әртүрлі салалары, әсіресе,  жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл сала экономикалық география ғылымының үлесі болып табылады. Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және техникалық ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін ең әуелі экономика ғылымының өкілдері қарастырады [11].

 Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты іс жүзінде бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы біржақты шешілді. Бұл мәселенің анық-қанығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халықшаруашылықтық нәтижеге жету үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің өнімділігін арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп елдің ұлттық байлығының құрамындағы қандай да бір  түрде болмасын табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл жағынан академик Н.П. Федоренконың айтқанында негіз бар. Ол “Өндірістік ресурстардың негізгі түрі – табиғат байлықтарына экономикалық баға берілмеуі және басқару механизміне тән шаруашылықты тиімді жүргізу экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда,  қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды” – деп жазды.  Бірақта, біздіңше, табиғат ресурстары механикалық түрде еңбек және жинақталған материалдық ресурсқа теңгеріле алмайтындығын және олар тұтыну құнына арнайы бағытталған адам әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет.  Табиғат ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның потенциалды байлығы деп қарауды туғызады. Осыған сәйкес отандық әдебиеттерде “табиғи өндірістік күштер” деген ұғым кездеседі.

Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әсері  қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып, тиімділігі бағаланады. Халық шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ шаруашылығының дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына тәуелді болып табылады. Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке  түрлерін ғана емес аймақтағы табиғи ресурстардың жиынтығын экономикалық бағалаудың қажеттілігі туындайды. Табиғи ресурстарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалауға келетін болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана емес, табиғи ресурстардың территориялық үйлесімділігін өндірістік тұрғыдан пайдалану бойынша  қалыптасқан “еңбектің табиғи өнімділігін” анықтау мен өлшеу болып табылады. Біздің ойымызша бұл мәселе де эконом-географтардың міндеті.

Қоғамның “табиғи өндірістік күші” мәселесі қоғамдық өндірістік күшпен  салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең зерттелмеген. Социализмнің саяси  экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс тәсілін басты факторлар санайтын, сондықтан басты  назар қоғамның өндірістік күштерін дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі мен оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты табиғи өндірістік күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші кезектегі мәселеге айналды.

Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, сондықтан оны тегін пайдалану керек деген маркстік-лениндік теория көп уақыт бойы теріске шығарылмай келді. Теориялық жағынан табиғатты төлемді пайдалануға көшудің қажеттілігі мен маңыздылығы ғылыми тұрғыдан да тәжірибе жүзінде де қалыптасып отыр. Осыдан келіп теориялық тұрғыдан, табиғатты төлемді пайдаланудың принциптері мен жалпы теорияалық-әдістемелік негізін жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі туындайды. Біздіңше мұны дәлелдеу қолданылып келген саяси экономияның шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің нәтижесін әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым-қатынасын зерттейді. Бұл жағынан келтірілген қағиданың әділеттілігі, біздіңше күмән келтірмейді. Табиғи ресурстар бүкіл адамзаттың жеке елдің, халықтың игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің  еңбексіз табыс алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың неғұрлым тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи өнімділігі қоғамдық еңбектің өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің қоғамдық өнімділігінің артуы басқа жағдайлармен бірдей болғанда, бағаның жалпы деңгейінің, оның ішінде халық тұтынатын тауарлар бағасының төмендеуін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи ресурстарын дәлірек айтқанда табиғи өндіргіш күштерді пайдаланудың нәтижесі бүкіл қоғамға – өзінің шынайы қожасына – халыққа ешбір қайта бөлусіз, иемденусіз тиесілі. “Жалған әлеуметтік құндылықты” ескермегенде тауар бағаларының мұндай төмендеуі экономикадағы инфляциялық құбылыстардың негізгі себептерін жояды. Бірақ, әңгіме табиғатты төлемді пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс нәтижелерін әділетті бөлуге байланысты адамдардың өндірістік қарым-қатынасы жөнінде емес, өндірістің шешуші факторларының бірі ретінде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану туралы, елдің  табиғат ресурстарын пайдалану кезінде ең жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін табиғатты пайдалану тиімділігі жайында болып отыр. Сондықтан табиғатты төлемді пайдалану принциптерін қолданудың маңыздылығы теориялық жағынан негіздеуге және оның жалпы теориясын қалыптастыруға, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын төлемді пайдалануды, маркстік-лениндік саяси экономияның ережелерімен, яғни К. Маркстің еңбек құны теориясымен емес, өндірістің үш факторы теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен, рента теориясымен, шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі заманғы өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділік теориясымен дәлелденуі керек. Тек осы  жалпы теориялардың негізгі ережелерімен ғана табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын негіздеуге, оның тиімді параметрін  айқындауға мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын пайдаланудың нәтижесін әділетті бөлу принципі өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана қаралады.

Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудің философиялық-теоретикалық фундаменті болып табылады [12].

Табиғат ресурстарын пайдаланудағы салық пен төлемдер  және оларды қолданудың қазіргі жағдайы

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салықтар кодексіне сәйкес: ауыл шаруашылығындағы, елді мекендердегі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы орман, су қорының жерлері салық салу нысаны болып табылады. Иелігінде немесе пайдалануында жер учаскесі бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады. Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне және сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық және өзге әрекетінің нәтижесіне байланысты емес, яғни белгіленген түрде болады. Олар жер ауданының бір өлшеміне қойылып, жыл сайын  берілген жер учаскесіне төленіп отырылады. Басқа мемлекет азаматтарына берілген жерден жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық алу тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының сол мемлекеттермен  жасаған келіссөздері арқылы анықталады.

Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық және саяжай салудан басқа ауылшаруашылығына арналған жерлерге қойылған жер салығының базалық ставкасы 1 гектарға есептелген және балл бонитетпен өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде солтүстік қаратопырақты, күңгірт қоңыр және жазықтағы далалық, құрғақ далалық  зоналарда, сонымен қатар тау етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,48 теңгеден 193 теңгеге дейін белгіленеді [13]. Балл бонитет 100-ден жоғары болған жағдайында 1 гектар жерден алынатын салық ставкасы 202,65 теңге болады.

Жергілікті өкілді  органдар өз құзыры шегінде жер учаскесінің орналасу өңіріне, оның сумен қамтамасыз етілуіне, өндірістік және басқа да шаруашылық жүргізу жағдайына байланысты жер салығының базалық  ставкасын азайтуға немесе көтеруге құқылы, тек ол 20 %-дан аспауы тиіс. Ауылшаруашылығы немесе құрылыстық мақсатта пайдаланылмайтын жерлерден, рекреациялық, орман және су қорларының жерлерінен салық алынбайды. Ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерге, ғимарат, құрылыс немесе басқа да өндірістік нысандар орналасқан жерлерге төмендегідей тәртіп бойынша салық салынады (кесте 1).

Орман қорының жеріне салынатын салық, орман пайдалану кезінде ағаш даярланып жатқан жерден басқа аудандарға, орман пайдалану үшін төленетін төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-дық мөлшерімен қойылады.

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 104-бабында орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерін, ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану қарастырылған [14]. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық Заңдарында көзделгендей жекелеген түрлері үшін алынады.

Орман ресурстарын пайдалану үшін түбірақы деп аталатын (өсіп тұрған ағашқа қойылған баға) нақты төлем ставкасы енгізілді. Төлемнің бұл түрі ағаштың сапасына (іске жарайтын, отындық), түріне (қылқан жапырақты, жұмсақ жапырақты, қатты жапырақты), ірілігіне (ірі, орташа, ұсақ), аумақтық таралуына, ағашты тасымалдау арақашықтығына қарай сараланып белгіленеді.

Түбірақы мынадай негізгі қызметтерді орындайды: орман ресурстарын жаңғырту, орман шаруашылық шығындарын қайтару, орманның кесім қорын неғұрлым тиімді пайдалануды ынталандыру. Түбірақының орташа шамасы 1м3 ағашқа 3,80 ш.б. Бұл төлем ағаш дайындаудың өзіндік құнына кіреді. Орман кесуді тиімсіз пайдаланғаны үшін, оны  шамадан тыс кескені үшін еселенген түрде қойылған айыптық төлемдер алынады.

Қазіргі кезде орман ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жерде айта кету керек, Парламентте Орман кодексі қайта қаралып, 2003 жылы 8-шілдеде бекітілді. Аталған кодекске сәйкес орман пайдаланудың шекарасы мен түрі анықталды.

Орман ресурстарына белгіленетін төлемдер: орман ресурстарын қорғау және жаңғырту; орман ресурстарын пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын шектен артық пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын ұқыпсыз, тиімсіз пайдаланғаны үшін айып төлемдер [14].

Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту төлемінің құрамына: кесуге берілген ағашқа; қосалқы орман өнімдеріне; орманды жанама пайдалану төлемдері кіреді. Төлемнің бұл түрінің нормативтері (ставкалары) ресурстарды пайдаланудың көлеміне қатысты, орманның әрбір түрі бойынша, оларды қалпына келтіруге, өсіруге, қорғауға кеткен шығынның шамасымен анықталады. Төлемді анықтағанда орманның қоғамдық-пайдалылығы, табиғат қорғау қызметі ескеріледі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қорының ормандарынан көрсетілген шекті ставкалары барлық ормандарда ағаш даярлаушыларға негізгі кесімдерге және басқа кесімдерге белгіленеді.

Отындық ағашқа төлем ставкасы 50 %-дан төмен белгіленеді. Ағашты тұтынушыларға жіберетін пункттен ағаш кесетін жердің қашықтығына қарай ставкаларға қосымша үстеме.Орман ресурстарын пайдаланғандағы төлемдер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында алынады. Төлемнің ставкаларын облыс әкімшілігі орманның таралуына, қалпына келу мүмкіншілігіне, пайдалану қолайлылығына сәйкес саралайды.

Информация о работе Экономическая оценка лесных ресурсов