Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 16:17, реферат
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғы шарттары,зерттелуі.Тұрғындар гегографиясы зерттейтің басты нысандар қатарына-халықтың саны,оның құрамы,таралып орналасуы,ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимы жатады.
Тақытыбы: Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)
Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, фило-софия, математика пәндерінен мағлұмат алды. өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи, Жәми твор-чествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарас-тарының дамуы Фирдауси мен Низами еңбектерімен танысқан соң пайда бола бастады. 1472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан бастап творчестволық жұмыспен айналысқан. ''Жақсылардың таңдануы'', ''Гауүарлар шоғыры'', ''Құстар тілі'', ''Көңілдерің сүйгені'' атты әдеби-теориялық шығармаларында тәрбие тағылымдары жан-жақты сөз болады. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған ''Ғажайып мәжілістер'', ''Ажал патша-ларының тарихы'' атты еңбектерінде ағартушылық көзқарастары айқындалған. Ол философиялық көзқарас-тарын, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарымен ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады, отырықшы халықтың оқу-ағарту ісі дамитынын, мәдениетті елге айналатынын тұжырымдаған. Ол тәрбие мәселелерін өзінің ''Бес қайрат'' - адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы'' деген кітабында жазды. Педагогикалық көзқарасын, философиялық көзқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар бірдей тең рухани қабілеттіліктен туады, бізді, жеке тұлғаны, жеке адамды адам ететін тек қана тәрбие деді. Тәрбие өз кезегінде еңбектен туындап еңбек тәрбиесінің негізін салады деп ғылыми тұжырым жасады. Науаи өзі өмір сүрген заман-дағы еңбек пен еңбек тәрбиесінің адам төзгісіз ретсіз-дігін әшкерелей отырып, барлық азаматтарға бірдей болатын таза еңбектің болуын, бірдей болатын тәрбиенің, бір текті міндет мақсатын құру қажеттігін айтты. Мұндай тәрбие мен еңбек деді Науаи бүгінгі қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, бүкіл халықтың, көпшілік азаматтардың тұрмысын жақсартады. Ол тәрбие-нің халықтығын жақтады. Тәрбиенің тең праволығын көкседі. Әлішер Науаи - ''Тәрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерінің жеке басы мен ұлттық қамқор-лығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді'' - деді.
Әлішер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мәлімет беретін ''ғажайып мәжіліс-тер'' атты кітабын жазды. Бұл еңбегінде бұл жазушылар мен ақындардың қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және ағартушылық, тәрбиелік озық ойлы, көзқарастары мен ой-пікірлері, нақты суреттелген, кейінгі ұрпаққа өсиет, тағылым ретінде қалдырған. Оның бұл ой-пікірлері, тәрбиелік тағылымдары, бүкіл шығармалары XV ғасыр-дың өзінде Мауаранахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркістан,Үндістан, Мысыр, түркі елдерін, кейіннен Еуропа мен Америка елдеріне кеңінен тараған. Ақын творчествосы, еңбектің қоғамдық пайдалы-лығы, тәрбие туралы ой-пікірлері Шығыс танушы ғалым-дарды, ағартушы педагогтардың творчествосынан кең көрініс тапты
өзі жасаған тәрбиенің халықтық теориясына сүйене отырып, Науаи тәрбиенің мақсаты мен міндетін азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Бала тәрбиесінде, тіпті жеке адам тәрбиесінде - жалпы адамға деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деді. Науаи - тәрбие жеке адам-дардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады. Оның еңбектерінде еңбек тәрбиесі адамның еңбек үстінде қалыптасуын, айнала қоғамдық жағдай-лардың ықпалымен және адамның табиғатында туысынан дүниеге келумен болатын қасиеттер арқылы қамтамасыз етеді. Ол еңбектің қоғамдық маңызын анықтады. Жеке адам өзі өмір сүрген ортада немесе белгілі бір қоғамда еңбек даярлығынан өтсе, еңбек оның дене жағынан жетілуін қамтамасыз етеді. Ол адам еңбек арқылы өзінің тыныс-тіршілігін, өмірін қамтамасыз етеді, - деді. өзбек жазушысы М. Айбектің ''Науаи романының қазақша аудармасына /1950/ алғы сөз жазған'' Мұхтар Әуезов ''Науаидың ғұламалығы жеке адамға деген мейірбандығы, адамды қоғамдық деңгейге дейін көтерудегі еңбек пен еңбек тәрбиесін, тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, саяси бағдарламасын қоғам өмірімен байланыстыра білуі'' деген болатын. Сондай-ақ, М. Әуезов ''роман образдары еңбек адамдары, сол орта ғасырда Науаи өз елін еңбек етуге, отырықшылыққа егін егуге, бау-бақшада жұмыс істеуге үйреткен, өзі қолма-қол жұмыс істеген, өзіне сая-бақ құрып алған. Жұртын соған шақырған. Адам өмірі еңбекке негізделуі қажет деген Науаидың үлкен өсиеті деген еді''.
Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деп үлкен көрегендік жасады. Науаи Орта ғасырдағы тәрбие ілімінің негізін салушылардың бірі. өйткені, оның тәрбие тағылымдары тәрбиенің барлық түрін қамтиды. Ал, еңбек тәрбиесі туралы тұжырымдары XIX ғасырға дейінгі ең озық пікір. Еңбек өмірдің құралы деуі соның айғағы. Жас бүлдіршіндерді еңбекке шақырады. ''Бақтағы бала'' деген өлеңінде:
Көбелекті қуалап,
Бақта жүр бала секіріп,
Зиянкесті түгел жояды,
Қалдырған дақты өшіріп.
Жүзімдерін саялап,
Гүлдерге су құяды.
Бүлдіршіннің бұл да еңбегі,
Баққа деген миуалы.
Аралары бақтағы,
Гүл шырынын
жияды - дейді, ұлы ақын. Демек, ол бала
тәрбиесінің бастауы еңбек деген тұжырым
жасады.
Информация о работе Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)