Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2012 в 21:22, курсовая работа
«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын
2.3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкісі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ұлттық
Банк мемлекеттің ақша-несие
Ұлттық банк тікелей әдісті қолданғанда коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие беруіне шектеу қояды. Нақтырақ айтқанда, белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына пайыздық норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып-пұл салынады. Оның көлемі несие көлеміне өскен сомаға тең болады. Бұл әдістің жағымды жақтары мен қатар кемшіліктері де бар. Ол өте икемсіз, өйткені Ұлттық Банк белгілеген норма экономиканың қысқа мерзім кезіндегі несие ресурстарына сұрнысын қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп ол рыноктық экономика заңдарына қайшы бола тұра бір мәселені шешу нәтижесінде басқа проблемаларды тудырады Тікелей әдіс тек жанама әдістер нәтиже бермегенде немесе ол әдістерді қолдану нәтижелерін ұзақ уақыт күтуге мемлекеттің мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданады.
Есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау). Бұл әдіс ақша-несие саласында жақсы зерттелген әдіс. Мұнда Ұлттық Банк басқа коммерциялық банктерге негізгі несие беруші ретінде қаралады. Ұлттық Банк белгілеген есептік мөлшерлемені ресіми есептік мөлшерлеме деп атайды. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені кез- келген уақытта өзгерте алады. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені өзгерту арқылы капитал нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттей алады. Есептік мөлшерлемені өсіру арқылы несие «бағасын» көтереді, сөйтіп коммерциялық банктер тарапынан сұранысты қысқартады және керісінше, есептік мөлшерлемені төмендету арқылы несиеге сұранысты ұлғайтады. Осыған сәйкес экономикадағы инвестиция көлемі де өзгеріп отырады.
Бұл әдістің артықшылығы – Ұлттық Банктен экономиканың қаржылық емес секторларына қызмет ете алады. Қаржылық емес құрылымдар ҰБ құнды қағаздарын сатып алу арқылы өздерінің коммерциялық банктердегі депозиттерін қысқартады. Сөйтіп Ұлттық Банк коммерциялық банктердің ролін төмендете отырып, қаржылық емес құрылымдардың іс-әрекеттеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Ал аталмыш әдістің кемшілігі - уақыттың шектеулілігі. Оның ұзақтығы шығарылған құнды қағаздың мерзіміне байлансты. Егер құнды қағаздар ұзақ мерзімге шығарылса, бұл құралды қолдану мерзімі де ұзақ болады.
МRН = міндетті салым көлемі
Мысалы, МRН =20 %, коммерциялық банктің мерзімдік міндеттемесі 1 млн долл. болса, онда ол 200 мың доллар резерв сақтауы тиіс. Егер келесі айда мерзімдік міндеттемесі 1 млн. долл. көбейсе, онда резерв көлемі 400 мың долларға өсуі тиіс. Ұлттық Банк резервтік норма көлемін көтеру арқылы коммерциялық банктердің қызметін шектейді, керісінше төмендету арқылы ынталандырады. Міндетті резерв нормасының жиі өзгеруі мүмкін емес, өйткені бұл жағдайда банктер мен басқа қаржылық құрылымдар арсындағы тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан оны ҰБ сирек қолданады немесе есептік мөлшерлеме саясатымен бірге қолданады.
2.4.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
«Комерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсету барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен бенктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.
Ол
банктің «іскер» деген сипатын
білдіреді, оның шаруашылық агенттердің
барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі
олардың қызметтерінің
Бүгінгі күні коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр түрлі қызмет көрсетуге бар.Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады.Нарық экономикасы дамыған барлық елдеодің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес.Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін атқарады.Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда алып келеді.Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі.Қарыз аплушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады.Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады.Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Жалпы қоғаиға көмек, олар банктен алған қарыздары есебіне өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезеді.Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыздар бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер Үкіметтің қажеттілігіне беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгілі, уақытында қайтарылмай қалды.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдауақшалай төлемдерді және есеп айырысуды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады.Бұл жерде ақша деп, тек қолма –қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.Банк несиелерінің жетіспеушілігі және және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.