Бизнес жоспарды құру және жекелеген бөлімдеріне арналған нұсқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:12, реферат

Краткое описание

Бизнес жоспар келесі бөлімдерден тұрады:
1) Фирма мүмкіндіктері (резюме)
2) Тауарлар (қызмет көрсету) түрлері
3) Тауарларды өткізу нарықтары
4) Өткізу нарығындағы бәсікелестік
5 ) Маркетинг жоспары
6) Өндіріс жоспары
7) Ұйымдастырушылық жоспары
8) Фирма қызметінің қарым-қатынастық қорғалуы
9) Қауіп – қатерді бағалау және сақтандыру
10) Қаржылық жоспар
11) Қаржыландыру стратегиясы

Вложенные файлы: 1 файл

BIZNES_ZhOSPARDY_ORYNDAU_N_1200_S_1178_AULARY.docx

— 30.40 Кб (Скачать файл)

БИЗНЕС ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖЕКЕЛЕГЕН БӨЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР

 

Бизнес жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

1) Фирма мүмкіндіктері (резюме)

2) Тауарлар (қызмет көрсету) түрлері

3) Тауарларды өткізу нарықтары

4) Өткізу нарығындағы бәсікелестік

5 ) Маркетинг жоспары

6) Өндіріс жоспары

7) Ұйымдастырушылық жоспары

8) Фирма қызметінің қарым-қатынастық  қорғалуы

9) Қауіп – қатерді бағалау  және сақтандыру

10) Қаржылық жоспар

11) Қаржыландыру стратегиясы

 

4.1 Фирма мүмкіндіктері (резюме)

 

Анық нақты жазылған, бірнеше беттерден аспауы тиіс. Мазмұны келесі: фирманың барлық іскерлік бағыттары, әр бағыт бойынша нарықтағы орны, мақсаттары, стратегиясы, жауапты адамдар, коммерциялық қызметін сипаттайтын қажетті мәлімметтер. Негізігі мақсаттары: сату көлемін арттыру, таза пайда алу, фирма теуарларын шығыратын нарықтағы үлесін арттыру.

Осы бөлімде келесі сұрақтарға жауап берілуі тиіс:

- Жоспарлы  кезеңде фирма немен айналысады  және қажетті қаржыны қайдан  алады?

- Фирма тауарының  басқадан ерекшелігі (сату көлемін  болжау)?

- Түсімдері  мен шығындары қандай?

- Фирманың  тарихы және т.б.

 

4.2 Тауарлар (қызмет көрсету) түрлері

 

Фирманың барлық тауар (не қызмет көрсету) түрлеріне сипаттама беріледі. Келесі кесте түрінде ұсынылады.

Бәсекелес тауар түрімен салыстырғанда артықшылықтары

Кемшіліктері

Кемшілікті болдырмаудың іс-шаралары

1

2

   

 

Келесі сұрақтарға жауап берілуі тиіс:

- Қандай  тауарлар ұсынылады, сипаттамасы (тауар  аты, суреті), тұрақты сұранысқа ие  бола ма, қымбат не арзандығы, нарықта қаншалықты ұзын орын  алуы мүмкін, қалай сатылады, дайындалу  ерекшелігі, тауар бағасы, өндіріс шығындары, әрбір тауар бірлігін сатудан түскен пайда, қазіргі кезде тауардың өмірлік циклының қай кезеңі жүзеге асуда, тауар дизайының ерекшелігі, фирмалық маркасы бар ма, жоқ па?

 

4.3 Тауарды өткізу нарықтары

 

Бөлім нарықтарды зерттеуге және тауарларды кім сатып алатындығын анық көрсетуге бағытталған. Қарастырылатын сұрақтар: қандай нарықта іс жүргізіледі және осы нарықтарда әрбір тауар түрі бойынша сегменттері қандай, сегменттері бойынша сұраныс әсері, өзгерісі, дамуы, потенциалды нарық сыймдылығына баға беру (сол нарықтағы тұтынушының белгілі уақыт ішінде сатып алатын тауар саны)  потенциалды сату көлемін бағалау (кәсіпкерлердің мүмкіндігі бойынша ұсынылатын максималды тауар көлемі), нақты сату көлемін бағалау, нарық сипатын талдау (нарық келесі типтерге бөлінеді: әскери, өнеркәсіптік және тұтынушы нарығы).

4.4. Өткізу нарығындағы бәсекелестік. Бұл бөлім нарық конъюнктурасын талдауға бәсекелестердің тактикасы мен стратегиясын зерттеуге арналған.  Бәсекелестердің іскерлік қызметін ескере отырып келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

1. Сіз өндірген  тауар (қызмет көрсету) түрін нарықта  ұсынатын фирма қанша?

2. Нарық қандай  белгілі ірі фирмалардан тұрады? Динамикасы қандай?

3. Бәскелес  фирмаларда табыс деңгейі, жаңа  үлгілердің, қызмет көрсетулердің  дәрежесі қандай?

4. Бәсекелестеріміз  жарнамаға қаншалықты көңіл бөледі?

5. Баға деңгейі, имиджі қандай?

Фирманың бәсекеге қабілеті бойынша ақпараттарды жүйелеу келесі кесте бойынша орындалады.

 

Кесте 3 - Бәсекеге қабілеттілік факторлары

 

Бәсекеге қабілеттілік факторлары

Фирма

Басты бәсекелестер

1

2

3

4

5

6

1 Тауар

1.1 Сапасы

1.2. Техника экономикалық көрсеткіші

1.3. Сауда маркасының  танымалдылығы

1.4. Орамасы

1.5. Сатудан кейінгі қызмет көрсету  деңгейі

1.6. Кепілдеме мерзімі

1.7. Қайталанбастығы (ерекшелігі)

1.8. Пайдаланудағы көп жақтылығы

1.9. Сенімділігі

         

 

 

Кесте 3 жалғасы

 

1

2

3

4

5

6

2 Баға

2.1. Сату бағасы

2.2. Бағадан түсетін жеңілдік

2.3. Төлеу мерзімі

2.4. Несие шарттары

2.5. Сатып алуды қаржыландыру

3 Өткізу каналдары

3.1. Өткізу нысандары

- тура жеткізу

- сауда өкілдерімен

- өндіруші кәсіпорындар

- көптеп сату делдалдары

3.2. Нарықты қамту дәрежесі

3.3. Қоймалардың орналасуы

3.4. Тасымалдау жүйесі

3.5. Қорды бақылау жүйесі

4 Тауардың нарықтағы қозғалысы

4.1. Жарнама 

- ұсынушылар

- сауда делдалдарына

4.2. Индивидуалды сату

- тұтынушыларды ынталандыру

- жариялау арқылы сату

- тауар үлгілерін көрсету

- өткізу қызметіне дайындау

4.3. Конкурс түрінде сату

4.4. Теледидар меркетингі

4.5. Жалпы ақпараттар құралы арқылы  тауарды сату 

Жалпы бал саны

         

 

Кесте бойынша берілген факторлар тізімі нақты бизнес түріне, мақсатына сәйкес өзгеріп отырады. Кестедегі әрбір фактор 0-5 балл аралығы бойынша бағаланады. 0 – бұл әлсіз фактор. ал 5 – ең жоғарғы фактор.

 

4.5 Маркетинг жоспары

 

Маркетинг келесі жағдайларда қолданылады:

- нарықта тауар санының көп  болуы;

- өткір бәсекелестік жағдайда:

- еркін нарық қатынастары, яғни  нарық түрін тауарда, баға құруда, коммерциялық саясат ұстануда  қандай да бір әкімшіліктің  шектелуінсіз нарық қатынастарын  жүзеге асырады.

- кәсіпорынның өз мақсатын белгілеуде, қаржыландыруды басқаруда, толық  өзі шешу кезінде.

Маркетинг жоспарын жүзеге асыру кезінде келесі принциптер негізге алынады:

1. Тұтынушыны  түсіну принципі – тұтынушы  қажеттілігі, яғни клиенттің қажетін  түсінбей, тек өз пайдасының мөлшерін  есепке алынатын бизнестің мүмкіндігі  жоқ.

2. Клиент  үшін күрес – бұл принцип  нарыққа және тұтынушыға тауар  сапасы мен жарнама, сервис, бағаға  әсер етуі негізделген.

3. Өндірісті  нарық талаптарына максимальды  икемдеу – фирманың барлық  қызметі тұтынушы сұранысына  оның болашақтағы өзгерісіне  негізделген. Бұл принцип өндірістің  нарық сұранысына тәуелділікте  болуын талап етеді.

Бұл бөлімде қарастырылатын пунктер:

А) Маркетинг мақсаттары мен стратегиялары

Б) Баға белгілеу, баға құру стратегиялары:

- жоғарғы сапа – жоғары баға

- бәсекелестердің баға қойылымына  тәуелді баға

- төмен өндірістік шығындар - төмен  баға

Баға белгілеу әдісін көрсету, құрамындағы элементтеінің пайызына талдау жасау:

Ц = S * (1 + Rз )                     (1)

 

S - өзіндік құн

Rз  - шығын рентабельділігі

Тауар бағасының өзгерісі кезінде сұраныс икемділігіне талдау жасау. Баға өзгерісіне байланысты сұраныс икемділігі тұтынушылардың санының дәрежесінің өзгерісі сұраныс икемдері ұғымын білдіреді.

 

Кикем = %Q / %Ц                (2)

%Q = |(Q1 – Q2) /Q1|         (3)

%Ц = |(Ц1 -  Ц2) / Ц1|         (4)

Егер, Кикем  >1, сұраныс икемді

        Кикем <1, сұраныс икемсіз

        Кикем =0, сұраныс мүлдем икемсіз

         Кикем =1, бірлік икемділік.

В) Тауарды тарату схемасын талдау.

- әрбір тауар нарыққа қалай  келеді?

- қандай көлік түрі қолданылады?

- фирманың меншіктегі транспорты  бар ма, әлде басқа транспорттың  түрін қолдана ме?

- қойма, дүкендердің орналасуы  қолайлы ма?

Г) Сатуды (өткізуді) ынталандыру әдістері. Ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолдану (жеңілдік, сыйақы беру, несие жүйесін ұсыну, тауар белгісі).

4.6 Өндіріс жоспары

 

Бұл бөлімді тек тауар өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге орындау ұсынылады.

Ең алдымен кәсіпкерлер бизнеске қандай өндіріс қуаты қажет, негізгі құралдарды қалай енгізу туралы сұрақтарды шешуі тиіс.

Шағын бизнесті ашу жағдайында бұл бөлімнің көрсеткіштері 2-3 жылға, ірі бизнесте 4-5 жылға жоспарланады.

Кәсіпкер өндіріске қажетті шикізат, материалды қайдан, кіммен және қашан алатынын анық көрсетеді.

Кәсіпорынның өзіндік өндіріс қорына жатады:

1. Өндіріс  ағымының схемасы

2. Өндіріс  қуаттылығының көрсеткіштері

Өндіріс ағымдарының схемасында барлық шикізаттың фирмаға түсуі, өнделуі (қандай цехтар), өнімнің қайда өткізілетіндігі, сапаға қандай әдістермен жүргізетіндігі көрсетіледі.

  Өндіріс  қуаттылығы дегеніміз – оптималды  түрде нақты өндірістік қорларды  толық пайдалануы арқылы уақыт  бірлігінде  сапс мен ассортиментіне  сай өндірістік өнімнің ең  жоғарғы саны.

Факт бойынша шығарылған өнім көлемінің өндіріс қуаттылығына қатынасы «өндіріс қуатын пайдалану коэффициенті» деп аталады.

К = Qф / Mф

Qф – жоспарланған факты бойынша шығарылған өнім көлемі

Mф - орташа жылдық қуаттылығы

Өндіріс қуаттылығына көптеген факторлар әсер етеді: бизнес жоспарда өндіріс қуаттылығына әр түрлі факторларға талдау жасау  және қуаттылықты арттыру жолдары қарастырылады.

Негізгі әсер етуші факторлар мыналар:

1) кәсіпорын негізгі қорларынының  сандық құрамы, құрылымы,белсенділік  бөлігінің үлесі.

2) жабдықтың прогрессивті деңгейі, станоктардың автоматтандырулары:

- негізгі қорды жаңарту қарқыны

- техникалық автоматтандыруы

3) жұмысшылардың кәсіби біліктілігі, еңбек өнімділігі.

4) өндірісті ұйымдастыру деңгейі

Өндіріс қуаттылығын арттырудың жолдары мыналар:

- Жабдықтың жоспардан тыс тоқтап  тұруын ауыстыру

- Өндіріс құралын жетілген әдіс, тәсілдермен жөндеу арқылы уақыт  шығынын болдырмау

- Жетілген техникалық процестерді  енгізу т.б.

 Өнім сапасы. Қазіргі кезеде кәсіпорындар арасындағы бәсеке өнім сапасының дәрежесімен жүреді. Мемлекеттік стандарт бойынша сапа деңгейсіз тағайындалуына сәйкес  белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға жарамды өнімнің жиынтық қасиеттері. Егер өнімнің сапасына баға беру керек болса, оның қасиеттерін (параметрлерін) отандық және халықаралық стандарттар талаптарымен салыстыру қажет.

 

 

4.13 Типтік тапсырмалар мен жаттығулар

 

4.13.1 Жоғарыда айтылғандарға байланысты студенттерге өз бизнес жоспарын құру ұсынылады және кәсіпкер объективті түрде өзіне келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • жеке бизнесімді жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілдім бе?
  • бизнесмен өз фирмасын қаншалықты дәрежеде басқара алады, жағымды және жағымсыз жақтарына баға беру.

Төмендегі бірнеше сұрақты кәсіпкер өзіне қоя алады және сол арқылы қорытынды жасай алады:

  • Істі мен өзім бастай аламын ба?
  • Адамдармен қаншалықты тіл табыса аламын?
  • Шешім қабылдауда мен қаншалықты ұстамдымын?
  • Бизнесті табысты жүргізуде менің физикалық және эмоциялық күш қуатым жеткілікті ме?
  • Алға қойылған мақсатқа жету үшін менің күшім жеткілікті ме?
  • Бизнесті жүргізуге жанұямның әсері қандай?
  • Іскерлікпен айналысуда менің білімім жеткілікті ме?

 

Бизнес –жоспар А4 форматында орындалып, топта қорғалады.

 


Информация о работе Бизнес жоспарды құру және жекелеген бөлімдеріне арналған нұсқаулар