Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 07:48, реферат
Жерді пайдалану құқығы — заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық заңдарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңымен жер пайдалану құқығына заттық құқық берілді (Заңның 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану кұқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның II-бөлімі).
І. «ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ» ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1 Жерді пайдалану құқығының маңызы
1.2 Жер қатынастарын құқықтық реттеудің жалпы ережелері
1.3 Жер туралы реформаның міндеттері
1.4 Жер заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкерлік
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
І. «ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ» ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1 Жерді пайдалану құқығының маңызы
1.2 Жер қатынастарын құқықтық реттеудің жалпы ережелері
1.3 Жер туралы реформаның
1.4 Жер заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкерлік
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. «ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ» ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1 Жерді пайдалану құқығының маңызы
Қазақстан Республикасы
Меншік құқығының заңдық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.
Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.
Жерді пайдалану құқығы — заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық заңдарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңымен жер пайдалану құқығына заттық құқық берілді (Заңның 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану кұқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның II-бөлімі).
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз — тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік иесі ретінде мемлекет құзырында болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар болады. "Жер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттык, шетелдік;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану тұрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектілеріндегі
үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды)
үй-жайларды шаруашылық
2) ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи
4) заң актілері көзделген өзге жағдайларда беріледі. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды (Заңның 27-бабы).
Жерді уақытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзак мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді ақылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар егер заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уақытша жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға құқылы. Жер пайдалану құқығы былайша:
1) жер пайдалану құқығын беру;
2) жер пайдалану құқығын тапсыру;
3) жер пайдалану құқығының
1.2 Жер қатынастарын құқықтық реттеудің
жалпы ережелері
Онда еліміздегі жер қатынастарының қалыптасу тарихына зерттеу жасалыып, жеткен жетістіктерімізбен осы қатынастарды реттеуде орын алған кейбір олқылықтарға талдау жасалады. Қоғамдық қатынастар жүйесіңде жерге деген құқықтық қатынастың адамзат қоғамында ерекше орны белгілеңіп оған мән берілген. Сонымен қатар, бірінші тараудың басты бағыты - жерге жеке меншік қатынастарының дамуын реттеуі мен мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастыруда алатын орнына тоқталу.
"Жерге меншік қатынастарының
дамуындағы тарихи заңдылықтар"
деген бірінші параграфында
Тарих қойнауларының қатпарларына үңіле қарасақ, Қазақстанның тарих ғылымында орын алып отырған мынадай пікірді кездестіреміз. Қазақтардың феодализм негізін малға жеке меншік құрады, ал жер ешкімдікі болған емес деген. Бұл мәселелерді зерттеуде алғашқы өткір қадамды отандық ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі Әбуәли Еренұлы Еренов жасады. Ғалымның дәлелдеуі бойынша көшпелі-малшылардың өндірістік қатынастар жүйесінде анықтаушы орынды жерге жеке меншік қатынастары айқындайды. /6/
Қоғамдық меншіктен жеке меншікке айналған жердің бірнеше объектісі, кең мағынада алсақ, сол жерде өскен төрт түлік мал болды. Жердің табиғи өнімі (мал) алғашында рудың, тайпаның ұжымдық меншігі болса, кейіннен жекелеген тұлғаның қольша еркін өтіп, жеке меншікке айналды. Сөйтіп, отбасы, тек қана тұрмыстық қатынастарда ғана дараланбады, иелік ету саласында да дараланды.
Жер қатынастарының жаңа кезеңі ресми түрде 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заңын қабылдаумен басталды. Бірақ, бұл заңның тарихи тамыры Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы қабылданған Жер туралы кодексінің жаңа редакциясында жатыр. Осы кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасының жері тек кана республика меншігі болып танылады делінген. Бұл өте еткір, профессивтік шешім болды. Өйткені, бұл шешім одақтық заңға қайшы келетін, ол заңда жер "сол территорияда өмір сүріп жатқан халықгың байлығы" деп көрсетілген. Бұндай "еркіндікке" бұрын жол берілмейтін.
1.3 Жер туралы реформаның міндеттері
Жер туралы кодекс республикада жер құрылымына реформа жасап, өзгерістер жүргізуде айтарлықтай маңызды болды және ол төмендегідей мәселелерде айқын көрініс тапты:
- республика азаматтарына жер учаскелерін алу құқы берілді және жеке шаруа қожалығына алған жерін, жеке үй маңындағы жерін, бау-бақша мен мал шаруашылығын, құрылыс және үйін, саяжай, т.б. еңбекпен тапқан дүниесін мәңгілік мұра арқылы ұрпағына беруге мүмкіншілік алды;
- азаматқа бөлінетін жер
-жер иелерінің қызметіне мемлекет, шаруашылық және басқа да ұйымдардың сырттан келіп, араласуына тиым салынды;
- жер иелері мен жер
-жергілікті атқару және
- жерге төлем төлеу белгіленді;
-жер дауын шешу үшін сот билігінің рөлі күшейтілді. Алайда, жер туралы Кодекс жер қатынастарын қайта құруда қоғам талабын толық ақтай алмады, социалистік қатынастан нарықтық қатынасқа көшудегі өтпелі кезеңге сай болмады. Сондықтан 1991 жылдың 28 маусымында жер қатынастарын реформалау туралы Заң қабылданды.
Жер туралы реформаның негізгі міндеті - жерде түрлі шаруашылықтың тиімді, өнімді жұмыс істеуі үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайын дұрыс жолға қойып, сол арқыллы жер қатынастарын жаңартып, дамыту. Сондай-ак, жерді тиімді пайдалану, оны қорғау және осылардың негізінде ауылшаруашылық өнімін мол алуға жол ашу да басты мақсаттардың бірі болды. Сол кезенде елімізде нарықтық қатынастардың кенінен қанат жая алмай отыруына, бір жағынан жер нарығының қалыптаспауы да әсер етті. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылдың 24 каңтарындағы "Жер қатынастарын реттеудегі кейбір мәселелер туралы" және 1994 жыддың 5 сәуірінде жарық көрген "Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы" Жарлықтарының жарық көруі, біздің еліміздің тарихында бұрын соңды болмаған нарықтың жаңа нышандарын енгізді. Бұның өзі егер сол кезеңце жер тек қана мемлекеттің меншігі болғанын ескерсек, төңкерістік қадам болды.
Жер қатынастарын одан әрі дамыту мен жетілдіру мәселесі жер туралы Жарлықта көрініс тапты. Ол жерді пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеудің жаңа бағдарын тиімді айқындаған құжат болды. Біздің мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет жерге меншіктің мемлекеттік және жеке түрі бірдей танылып және қорғалды. Аталған Жарлық бойынша белгіленген нарықтық жолмен реттелетін жер қатынастары біздің мемлекетіміздің өркениетті, зайырлы қоғам құрудағы басты бағытының бірі болып табылады.
"Жерге меншік қатынастары
мен жерге меншік құқығын
1.3 Жер заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкерлік
Заңда әкімшілік жазалар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Заттарды құнын етеп алып қою және төркілеу негізгі және қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін, қалғандары — тек кана негізгілер ретінде. Қосымша жазалар жеке түрінде қолданылмайды.
Ескерту — моральдық сипаты бар жаза. Ол жазбаша түрде беріледі немесе өзге әдіспен де жасалады. Ауызша ескерту әкімшілік жаза болып табылмайды. Барлық басқа негізгі әкімшілік жазалар сияқты ескерту де сондай заңдық салдарлар туғызады. Мысалы, тиісті салдарлар туғызатын құкық бұзушылықтың қайталанғандығын анықтау үшін оның маңызы болуы мүмкін.
Айыппұл — Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінің санына сәйкес келетін теңге түрінде Казақ ССР-і ӘПБтК-те каралған Жағдайлар мен шеңберде алынатын ақшалай төлем.
Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың негізінен барлық түрлері үшін қаралған ең көп кіріс алған жаза. Бұл занды бұзған адамдарға ықпал жасаудың неғқрлым тиімді тәсілі екендігін әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр.
Азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл, әдетте, ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінін жиырма есе мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға — елу есе мөлшерінен аспауы керек (ӘПБтК-тің 26-бабы).
Айрықша жағдайларда әкімшілік жауапкершілікті ерекше күшейтудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының зан актілерімен осы бапта көзделгеннен кеп мөлшерде айыппұл белгіленуі мүмкін.
Алдағы уақытта Казақстан Республикасынын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа редакцияда қабылданғанға дейін тұрақты сомада көрсетілген айыппұлдар мөлшерін қайта есептеудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 26 қазандағы заңымен белгіленген.
Бұл заң бойынша егер айыппұлдың жоғарғы шегі 1964 жыл-ғы ӘПБтК-те белгіленген он сомнан аспаса, ол құкык бұзу жасалған кезде белгіленген ең төмен жаланды мөлшерінің оннан біріне тең деп, бірак салынатын айыппұлдың мөлшері елу сомнан төмен болмауы тиіс; отыз мыңнан аспаса — ол ен, төмен жиырма жалақы мөлшеріне тең деп есептелінеді, бұл орайда салынатын айыппұлдың мөлшері ең төмен он, он бес жалакы мөлшерінен төмен болмауға тиіс.