Инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 23:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Назарбаев 2 наурыз 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар./1, 27 б./
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын темендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.

Содержание

КІРІСПЕ ------------------------------------------------------------------------------------3

І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ ----------------------------------------------------------------------------------------4
1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері ------------------------------------------4
1.2. Инфляцияның себептері, әлеуметтік – экономикалық салдары ------7
1.3. Инфляцияның табысты қайта бөлуге әсері -------------------------------9

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ --------------------------------------------------------------------------------11
2.1.Инфляцияға қарсы саясаттың даму жолдары, түрлері ------------------11
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс-------------------13
2.3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат және оларды жетілдіру жолдары -------------------------------------------------------------16

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------21
3.1 Қазақстанда қалыптасқан инфляция ерекшеліктері----------------------21
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------26
ҚОСЫМША А---------------------------------------

Вложенные файлы: 1 файл

Инфляция.DOC

— 449.50 Кб (Скачать файл)

3.1 Қазақстанда  қалыптасқан инфляция ерекшеліктері

 

Осы күндері Қазақстанда  қапыптасып отырған инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағынын тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінін кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады /16, 155 б./

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезендерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық сайын  тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптаскан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1) өнеркәсіп өндірісі  мен ауыл шаруашылығы арасындағы  алшақтық;

2) ауыр өнеркәсіп пен  жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

3) шикізат өндірісі  мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;

4) әскери   өндіріс   пен  азаматтық  өндіріс   арасындағы сәйкессіздік;

5) материалдык өндіріс  пен материалдық емес өндіріс  арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың  инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау іс – шаралары осы инфляцияның нәтижесін зандастыру ғана болған.

 Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда бірнеше есе жоғары.  Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991 -1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді /17, 56 б./

 

 

 

 

 

 

3.2 Қазақстандағы  инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты

 

Инфляцияға қарсы  саясаттағы негізгі тетіктері болып ақша-несие саясаты қолданылады. 

Қазақстанда инфляцияның  деңгейі нарыққа өту басталғанда  орасан зор мөлшерде болды. 1993 ж. 15 қарашасына  дейін алдымен кеңестік рубль, ал содан кейін ресейлік рубль аймағында болды.  Сол кездегі, яғни 1992 жылы инфляция 3061 пайызды, ал 1993 жылы ол – 2265 пайызды құрады.

Саяси және экономикалық  себептер 1993 жылдың  15 қарашасында елімізді жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмаған “жоғалтып” жатты.  Теңгені айналымға  еңгізудің арқасында Қазақстан тәуелсіз  ақша-несие, қаржы саясатын іске қосты.   Осындай қиыын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт береді.         

Монетарлық қатаңдықтар  нәтижесінде Қазақстандық экономикада  инфляция ауыздықталды.Соның нәтижесінде 1994 жылдың өзінде-ақ ақша көлемін қысу арқылы жоғары деңгейдегі инфляцияны төмендетуге, ал 1995 жылы оны ауыздықтап, екі мәнді көлемге дейінгі түсіруге мүмкіндік берді, ал  1999 ж. инфляция 11,7% болды, яғни,  1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді /18, 17 б./

Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен де байланысты болды.  ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып ҚР мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: “Шетелдік инвестициялар туралы” Заң, “Салықтар және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заң, “Бюджеттік жүйе” Заңы және тағы басқалары. 

Соңғы жылдарда отандық  экономикада инфляцияның деңгейі  төмен болды, оның көрсеткіші жылдың аяғында 6-8 пайыздың арасында қалыптасты (2001 ж. – 6,4 %,   2002 ж. – 6,6 %,  2003 ж. – 6,8 %,  2005 ж. – 6,7 %., 2006 ж. – 7,8  %).   2007 жылы  инфляцияның қарқыны  алдыңғы жылдарға қарағанда жоғары болатын сияқты /15, 23 б./

Үкімет пен Ұлттық банк қазіргі экономиканың жаңа даму сатысында инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.  Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет пен Ұлттық банк:

  • ақшалай-несиелік  және бюджеттік саясатты қаталдандырады;                                                                                                                         

 • ішкі инвестициялық  мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін     қаржылық механизмді дамытады;                                                              

• жинақтаушы зейнетақы  қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге   ұмтылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

• бюджеттік жетіспеушілікті  қаржыландыруға құнсызданбайтын     көздерді пайдаланады;

 •  мемлекеттік  құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын  шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында  жүргізілуі қажет.

Экономиканың нақты  секторы кәсіпорындарының мониторингі  бойынша қаржылық емес корпорациялар секторының, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және кәсіпорындардың қаржылық ахуалының даму үрдістерін және бағыттарын бағалауды қалыптастыруға, сондай-ақ проценттік, валюталық саясатты айқындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу, қаржы тұрақтылығы туралы есептерді жасау кезінде Ұлттық Банк қызметіндегі мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалануды кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді /19, 54 б./

Ұлттық Банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін ұстанатын болады, яғни теңгенің ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына қатысты номиналды бағамының динамикасы осы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысқа қарай белгіленеді. Ұлттық Банк теңге бағамының ауытқуына бағдарлар немесе дәліздер жасамайды. Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы өзінің қатысуын қысқартуға ниетті.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы  операцияларды, негізінен, Ұлттық қор  үшін жүзеге асыратын болады, өйткені, Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастаудың  жаңа ережесіне сәйкес Ұлттық қор үшін Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінен шетел валютасын сатумен бірге ішкі нарықтағы шетел валютасын да сатып ала алады /20, 7 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Инфляция – бағаның  орта деңгейінің көтерілу үрдісі. Бұл тұтас сұраныс пен ұсыныс арасындағы үйлесімсіз теңгерімді көрсететін ақша рыногының құбылысы.  

2. Қарқындары бойынша  инфляция мынадай болады: а) бірқалыпты; б) шоқырақтанған; в) гиперинфляция.    Болжамға сәйкес келу дәрежесі  бойынша инфляция : а) болжамдауға болатын,   б) болжамдауға болмайтын.     Сыртқы көрінісі бойынша: а) ашық, б)  басылыңқы.    Бөлшек бағасының өсу қарқынына сәйкес: а) теңгерілген; б) теңгерілмеген. Сонымен қатар, себебі бойынша сұраныс және ұсыныс инфляциясын ажырату теориялық тұрғыдан маңызды екенің атап көрсету керек. 

3. Инфляцияны түсіндіргенде  барлық оның теориялық моделдерін  қарастыру керек. Яғни, кейнсшілдік  теориядағы инфляциялық «үзіліс»  түсінігін филлипс қисығымен  ұштастыра отырып, монетарлық концепцияға  көшу керек, ал соңында рационалдық күту теориясын  талдауда қолдану керек. 

4. Қысқа мерзімде ынталандыру  саясаты уақытша жұмыссыздықты  азайтуға себеп болуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде бұл саясат  тек қана инфляция қарқының  өсуіне алып келеді.

4. Қазақстанда инфляцияның  деңгейі нарыққа өту кезеңі басталғанда  өте жоғары болды.  1993 ж. 15 қарашада еліміз ұлттық валютаны  - экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды атрибутын енгізудің нәтижесінде Үкімет өзінің тәуелсіз ақша-несиелік саясатын жүргіуге мүмкіндік алды.   Монетарлық қатаңдықтар нәтижесінде Қазақстандық экономикада инфляция ауыздықталды, оның орташа деңгейі соңғы жылдары 10 пайыздан асқан жоқ.

5. Соңғы екі жылда,  әсіресе 2007 жылдың күзінде инфляция  тағы да өткір проблемаға айналып,  оны ауыздықтау үшін инфляцияға  қарсы Үкіметтің саясатына  түзетулер енгізілді, қосымша шаралар қабылданды.

Тұжырым: Инфляцияның ұғымына тоқталатын болсақ, қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

      Бағалардың  өсуі тұрғындардың нақты табысын  төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар  еңбекақының номиналды деңгейін  көтеру туралы талап қояды. 

   Қазақстанда  инфляцияның дамуының  қосымша факторы  пайдаланылатын кредиттер бойынша  пайыздарды жатқызудың  тәртібі  болып табылады;  кредит үшін төлем ақының  өсуі жағдайында   бұл өнімнің  өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.

     Ұсыныс. 2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

       Негізгі   мақсатты  орындау үшін Ұлттық  банкке  мынадай  міндеттер  жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

         Ұлттық  банктің  негізгі   мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР-ның Президентi  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы. Жаңа Қазақстан жаңа  әлемде.     //Егемендi Қазақстан. -  28 ақпан 2007, 27 б.

2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев  К.Н. т.б. «Экономикалық  теория  негіздері» - Алматы – 1998 ж, 327 б.

3. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж, 144 б.

4. Бердалиев К.Б «Қазақстан  экономикасын басқару негіздері», 

     Алматы  – 2001, 357 б.

5. Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /, 339 б.

6. Көшенова Б.А. «Ақша,  Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

     / Алматы  «Экономика»-2000ж /, 219 б.

7. Мәдешев Б.   «Нарықтық  экономика теориясына кіріспе»

     / Алматы  «Экономика»-1998ж /, 256 б.

8. Мақыш С.Б. «Ақша  айналысы және несие», Алматы  – 2000 ж, 115 б.

9. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г, С.27

10. Мауленова С.С. «Экономикалық  теория». Алматы – 2004, 177 б.

11. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева  Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж, 69 б.

12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  Республикасының   ұзақ мерзімдік  (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы – 1997, 132 б.

13. Общая теория денег  и кредита: Учебник / Под ред.  Е.Ф. Жукова-

      М: Банки  и биржи, ЮНИТИ, 1998, 118 б.

14. Райханов Н. «Қазақстанның  экономикалық реформа жолы өзінше»

     / Ақиқат  -1996ж/, 17 б.

15. «Экономикалық саясат»,  Экономика Алматы – 2002, 47 б.

16. Әкімбеков С.Ә., Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А.15. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана, 2002. -  Б. 91-108, 55 б.

17. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова  М.Ә.  Макроэкономика. - Алматы, 2004. – Б.81-97, 56 б.

18. Шеденов Ө.К.  және т.б.  Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым. Ақтөбе, 2004, 17 б.

19. Кейнс Дж.М. Общая  теория занятости, процента и денег /Антология экономической классики. – М., 1992, т.2, 54 б.

20. ҚР-ның Президентi  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы.  Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау  қарсаңында. Ќазаќстанныѕ јлемдегі бјсекеге барынша ќабілетті 50 елдіѕ ќатарына кіру  Стратегиясы.  //Егемендi Қазақстан. – 02 наурыз 2006, 7 б.

 

 

 

 

Қосымша  А

 

 

 

3-сызба. Филиппс  қисығы

Информация о работе Инфляция