Меншік қатынастары, олардың экономикадағы рөлі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:08, доклад

Краткое описание

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Содержание

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Меншік обьектілері мен субьектілері.
3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Вложенные файлы: 1 файл

3_ta_1179_yryp.docx

— 29.60 Кб (Скачать файл)

МЕНШІК  ҚАТЫНАСТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ.  

 

1.     Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2.     Меншік   обьектілері мен   субьектілері.

3.     Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:  кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.      

 

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде  өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс  түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап,  аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен  байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары  үшін еңбек өнімдерін иемдену  және табыс алу, осы жүйенің жекелеген  жүйелері арқылы, иемденудің нақты  формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін  алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас  пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен  салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір  жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар   жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. ¤зінің еңбегінің өніміне меншік заңы,  меншіктің бірінші заңыболып табыладыосыған сәйкес келетін иемденудің заңы : еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.меншікті бірінші заңының негізінде натыралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады.осы замандағы нарық шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы – ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.

Меншіктің екінші заңы еңбектің меншіктен шектелуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі қалай шешілмек?

Экономикалық бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек  тауар мен ақша ағымдарының айналыс  сферасы арқылы мүмкін болады. Сұраныс  ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы жасанды  түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер  еместер айырбасталуы мүмкін. Осы  жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталдыжоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан  орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс  сферасында қолдану, қосымша өнімді, тұнғыш рет экономикалық заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге  мүмкіндік берді.

Тауар айналымы заңдарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің  тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың  меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді.алғашқы кезде өнімге иелік  етудің негізін еңбек және өндіріс  шарттарына өзіндік меншік болуы  құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының  иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға  жататын құрылымға айналып, жасалған нім соның (капиталдың) туындысы ретінде  қаралатын болады.

Тауар өндірісіндегі айналым  иемденудің жалғыз формасы болмасада, негізгісі болып табылады. Бұл  индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте  жалпы, біріккен капитал пайдаланылған  болса, онда айналым арқылы иемденген  қосымша өнім, капиталға меншігі  барлардың арасында бөлінеді. Қажетті  өнім, жалақы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің қарамағына түседі. Бұдан әрі табыстан екінші, үшінші, т.т. бөлінуден өтеді.

Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып  қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің  формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым  арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің  қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.

Қоғамдық меншіктің субъектерінің  осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін  белгілейді . Бұнда бөлудің өлщемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің  мына принципі жүзеге асырылады: еңбек  адамдар өмірінің негізі, сондықтан  бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.    

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы  субъектінің құқығы.

 

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1.     Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2.     Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3.     Жекелендіру - әр бір тауар  өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4.     Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5.     Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6.     Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1.      Иемдену құқығы, яғни игіліктерге  міндеттелінген денелік (күш  қуаттылық) бақылау құқығы.

2.      Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3.      Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4.      Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5.      Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6.      Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7.      Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы

8.      Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9.      Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10.  Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының  даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік  экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да жүзеге асырылып, оның үлесі меншік түрінің жалпы құрылымында 88,6 % құрады, нарықытық экономикасы дамыған  елдерде мемлекеттік меншіктің  үлесі көп болмайды. Экономикада  мемлекеттік меншіктің басым  болуы мемлекеттік монополиялардың  пайда болуына алып келеді.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің  дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Еңбек  бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:

1.     Жеке иемдену формасы.

2.     Ұжымдық иемдену формасы.

3.     Қоғамдық иемдену формасы.

Нарықтық экономикаға  көшу меншік қатынастарын өзгертугі  талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру нарыққа  көшу барысындағы өте күрделі, маңызды  мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік  экономиканы аралас экономикаға  көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей  басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен  алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің  төмендегідей  түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын  мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік  кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік  кәсіпорынды акционерлік қоға немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің  мемлекеттік кәсіпорын мүлігін  сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік  меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.

1991 ж. бастап ҚР-ның  Конституциясында жеке меншікке  деген құқық белгіленіп және  жекешелендіру мен мемлекет  иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты:  ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге  жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті  мемлекет иелігінен алу  кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының  қалыптасуына бағытталды. 

 

   

Қазақстан Республикасында  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес  жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта  жүргізіледі.

1.     Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2.     Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа  жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.

3.     Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1.     1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде  нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау  үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2.     1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті  халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3.     1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының  аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді. 

4.     1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру. Мемлекеттік  үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында  мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

-       шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

-       бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

-       шағын және орта бизнесты дамыту;

-       жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

-       бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.  

 

Информация о работе Меншік қатынастары, олардың экономикадағы рөлі.