ҚР бюджет саясаты, салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 20:26, реферат

Краткое описание

Мемлекеттің салықтық құрылысын құру негізінде жатқан салық жүйесі мен салық салу принциптері ұйымдастыру – құқықтық және функционалдық сипаттағы салықтық қатынастар болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттің салықтық құрылысына трансферттік және индикативтік қасиеттер де тән болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім: ҚР бюджет саясаты, салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні
ҚР бюджет саясаты мен салық жүйесінің құрылуы
ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні атқаратын қызметі
ҚР бюджет салық саясатының мәні, салық жүйесінің маңызы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат экономтеория.docx

— 28.52 Кб (Скачать файл)

Салықтарды  топтастырудың кейбір негіздеріне:

  1. алыну тәсілдері бойынша;
  2. салық салу субъектілері бойынша;
  3. салық салу объектілері бойынша;
  4. кірісіне салықтық түсімдер есептелінетін бюджет деңгейі бойынша;
  5. салықты енгізудің мақсат – бағдары  бойынша;
  6. салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану ауқымы бойынша;
  7. салықтық төлемдерді төлеу көздері бойынша сияқты принциптер жатады.

Мәселен, салық салу субъектілері бойынша: заңды  тұлғалардан алынатын салықтар; жеке тұлғалардан алынатын салықтар; салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану  деңгейі бойынша; өздеріне тұрақты берілген салықтар; бөліктерге бөлу арқылы белгіленетін реттеуші салықтар болып бөлінеді.

Салықтар  мән – жайларына байланысты: тікелей  және жанама салықтар; тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар; мемлекеттік  деңгейдегі және жергілікті аумақтардағы салықтар; жалпы және мақсатты салықтар; ұдайы алынатын және біржолғы салықтар сияқты түрлері болады.

Қазақстан аумағында алынатын салықтардың  түрлері:

  1. корпорациялық табыс салығы;
  2. жекелей табыс салығы;
  3. қосылған құн салығы;
  4. акциздер;
  5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
  6. әлеуметтік салық;
  7. жер салығы;
  8. көлік – құралдары салығы;

9)  мүлік салығы жатады.

 

 

 

2.3. ҚР бюджет салық саясатының мәні, салық жүйесінің маңызы

Қазақстан Республикасының салық жүйесі мемлекеттік  бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және жинауды қамтамасыз етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдарын айқындау жөнінде  ұсыныстар енгізугі; салық және басқа  да міндетті төлемдерді әкімшіліктендіру әдістемесін әзірлеу, сондай – ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен  функционалды рәсімдерді жүзеге асыруды  басқару мен бақылау әдістерін  жетілдіруге қатысады.

Тәуелсіз  экономикасы дамыған ммелекетте салық жүйесінің алар орны ерекше.  Салық жүйесі ынтамақтастықтың экономикалық аспектілері бар халықаралық  шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді. Салық  салу саласындағы заңнаманы қодану тәжірибесін талдау және қорытындылау, сондай – ақ осы саладағы заңнаманы  жетілдіру жөнінде ұсыныстар  енгізеді.

  Қазақстан Республикасының заңнамалық  кесімдерінде белгіленген талаптарды  сақтай отырып, салық міндеттемелерін  орындауға байланысты салық төлеушінің  ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын  есептерін, сметаларын, ақшасының  бар  - жоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын  және өзге де құжаттарын тексеруді  жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы салық салу айқындылығы  нақтылы салық төлеушіге қатысты  салықтық міндеттемелердің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық  заң актілерінде белгілеу мүмкіндігін  білдіреді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының салық  жүйесі өзінің құрылу және жұмыс істеу  негізіндегі экономикалық – құқықтық принциптерінде көзделген әлеуметтік – экономикалық басылымдылықтарға  орай салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мемлекеттік бюджет шығысының  әлеуметтік бағдарына байланысты бөледі. Осындай мән – жайлар тұрғысынан салық жүйесіндегі іс – қимылдарға қатысушылардың құқықтары мен мідеттері, орталықта және жергілікті аумақтарда жүргізілетін салық әкімшілігінің  негізгі бағыттары, республикалық  және жергілікті фискалдық мүдделерді нақтыландыруға қажетті ақпараттар базасы, мемлекеттік бюджет кірістері  мен шығыстарын теңдестірудің кешенді  принциптері айқындалады.

Салықтық  құқық негізінде жүргізілетін мемлекеттік  салық әкімшілігі салық жүйесінің  тактикалық және стратегиялық салықтық әлеуетін, мақсатты әлеуметтік – экономикалық ұстанымдарды, ішкі және сыртқы салық  саясатының принциптерін, салықтық құықтық  қатынастар жүйесін мемлекеттік  басқаруды ұйымдастыру процесін қамтиды.

Қазіргі заманғы Қазақстан республикасының  салық жүйесін басқару негізінде  нарықтық түрлендірулерге айтарлықтай  бейімделген мемлекеттік салықтық жоспарлау, мемлекеттік салықтық реттеу және мемлекеттік салықтық бақылау  сияқты салық механизмінің элементтері  жатады.

Салықтар  қоғамдағы экономикалық қатынастардың  аса қажетті буыны, бюджет – қаржы  жүйесінің маңызды құраушысы, әлеуметтік – саяси қатынастардың басты  элементі, мемлекеттік кірістің негізгі  нысаны, жалпы мемлекеттік қаржылардың  элементі, қоғамдық өндіріске мемлекет тарапынан экономикалық ықпал ету  үшін пайдаланылатын механизм, мемлекеттік  бюджет кірісін қамтамасыз ететін тетік, экономиканы реттеу және ынталандыру  құралы, дербес экономикалық категория, мемлекеттік бюджет кірісі мен корпоративтік  және жеке меншік шаруашылық аялардағы  қаржылық қатынастарға тікелей қатысы бар объективті – субъективті  қаржылық – экономикалық және құқықтық қоғамдық құбылыс болып табылады.

Әлеуметтік  – экономикалық процестерді мемлекеттік  реттеу барысында қаржы – бюджет механизмі мен оның құрамдас бөлігі – салықтар пайдаланылады.

 

 

Қорытынды

Салық жүйесін мемлекет пен және заңды  тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық  салу әдістері мен тәсілдері, салық  заңдары мен салыққа қатысты  актілер, салық салу органдары мен  салық қызметі  жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың  ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік  туғызады.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі  белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық  жүйесі өз қызметін жан – жақты  және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері. Қарапайымдылық принципі – бюджеттің кіріс көзін  құраудағы, салықтар мен төлемдердің  тиімді түсуінің ең басты кепілі болып  саналады.  Салық жүйесі қарапайым  да айқын болуы қажет, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:

- салықтардың  түрлері аса көп болмай, нақты  да дәлелді болуы керек;

- белгілі  бір салықтың түріне бірыңғай  салық ставкасын белгілеу қажет;

- салық салу  объектісін, салық салынатын табысты  немесе айналымды анықтау әдісі  мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға  ыңғайлы және түсінікті болғаны  дұрыс;

- салық жеңілдіктері  не үшін беріледі, оған қандай  негіздер бар екені дәлелді  болуы керек. Салық жеңілдіктерінің  мейлінше азайғаны қажет;

- салық төлеуде,  салықты табыс көзінен, яғни  төлем жүргізілген көзден төлеген  ықтимал.

Салық жүйесінде басты орынды салықтардың  түрлері алатыны сөзсіз. Соның  ішінде негізгі орында жалпы мемлекеттік  салықтар алады. Соңғы жылдары жалпы  мемлекеттік салықтар ішінде аса  жоғары қарқынмен жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығының өсуі байқалады. Әсіресе кәсіпкерліктен алынатын табысы бар жеке тұлғалардың табыс салығы жедел өсуде. Бұл, әрине, елімізде кәсіпкерліктің түрлерінің дамуының, мемлекет және салық  қызметі органдарының белгілі бір  нәтижесінің айғағы.

 


Информация о работе ҚР бюджет саясаты, салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні