Сақтандыру теориясы мен тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 22:47, реферат

Краткое описание

Сақтандыру –қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі.Сақтандыру сферасы адам өмірінің,өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды .Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп –бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп –қатерлі сипаты .Сондықтан өндіріс ұдерістерін жалғастыру ,азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның ,жеке өндірушілердің ,олардың топтарының натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де ,сондай ақ ша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

Сақтандыру теориясы мен тәжірибесі 3.docx

— 82.70 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 Сақтандыру теориясы мен тәжірибесі

 

 

 

 

 

Орындаған: Ыдырысов Бекзат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Алматы  - 2013

 

 

 

 

Сақтандыру –қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі.Сақтандыру сферасы адам өмірінің,өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды .Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп –бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп –қатерлі  сипаты .Сондықтан өндіріс ұдерістерін жалғастыру ,азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның ,жеке өндірушілердің ,олардың топтарының натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де ,сондай ақ ша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Жеке басты  сақтандыру - жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтардың өмірінде белгілі бір уақиға болған кезде оларға шарттасылған ақшалай соманы төлеуде болып табылады.

Мүліктік сақтандырудың  арналымы әр алуан мүлікке дүлей  апаттар мен басқа жазатайым  уақиғалар келтірген залалдарды өтеуде болады. Демек, сақтандырудың  объекті әр алуан материапдық  құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.

Сақтанушыға немесе басқа  адамдарға сақтандыру сомасын төлеуді  көздейтін ерікті сақтандыру түрі. Шартта көрсетілген мерзімге немесе оқиғаға не зейнеткерлік жасқа жетуге, сақтандырылған адамның қайтыс болуына, сақтандыру кезеңінде болған жазатайым  оқиғалардан түрліше мертігуге  байланысты орын алады. Мұнда сақтандыру объектісі: адамның өмірі, денсаулығы, еңбек ету қабілеті

Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін, оған қатысты оның өмірін, деңсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.

 

Жеке басты сақтандырудың қалыптасуы мен дамуының шетелдік тәжірибесі  
Қазіргі заманғы нарықтық қоғамды экономикалық катынастардың ерекше түрі –сақтандырусыз Жеке сақтандыруға әрбір адамның өміріндегі мүмкін болатын жағдайлармен байланысты.  Түрлі елдерде сақтандырудың дамуын сипаттайтын негізгі  
көрсеткіштер  Елдер Бір тұргынга есептегендегі жинақталатын сақтандыру жарналарыньщ көлемі, мың. %  
Швейцария 2,9 8,6             Жапония 2,6 8,6          АҚШ 2,1 8,7             Люксембург 1,9 7,9  
Ұлыбритания 1,8 11,4       Нидерланды 1,7 8,4    Франция 1,5 6,6    Германия 1,4 5,7  
Швеция 1,3 -                       Норвегия 1,3 -              Дания 1,3 4,8          Ирландия 1,2 9,1  
Бельгия 1,1 5,0                   Италия 0,6 3,0             Венгрия 0,08 2,1     Чехия 0,07 2,9  
Словакия 0,05 2,3            Польша 0,04 1,4          Ресей 0,02 1,2  
 

 

                                  АҚШтың сақтандыру жүйесi

АҚШ тың сақтандыру жүйесi, сонымен қатар (Жапония, Швейцария, Ресей, Болгария, Грузия, Израиль, Латвия, Австралия, Сингапур, Қазақстан, Қырғызстан, ингушетия, Тайлайд, Беларусь, Хорватия, Чехия, Эстония, Черногория, Армения, Литва, Молдова, Украина, Әзiрбайжан, Тажiкстан, Иран, Өзбекстан, Тунис, Қытай, абхазия, Дагестан, Түркия сондай) басқа елдер, өз бiрегей ие болады және бiртума құрылымды.

 

АҚШта сақтандыру агенттiктерi, сонымен қатар барлық қалған мемлекеттерде, 5 негiзгi ие болады, бағытталғандық, функция әр түрлi беттерiнше: ескертiлген тәуекел, инвестициялық сақтау және, бақылау. Бұл функцияларды орындаулар алған әр түрлi компанияларды болады.

 

Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып табылады.  
Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң  
және сақтық бақылау органы жоқ.  
Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді. 
Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ. 
Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:

 

 

 

 

1)Бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);

 
2) Жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);

 
3) Коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).

 
Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.  
Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың қызметін талдайды, олардың қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.  
Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар және инвестициялар бойынша пайда коэффициенті, дебиторлық қарыз деңгейі саналады. 
Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру бойынша ірі сақтандыру компаниялары жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады. 
Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары өндірістік корпорациялармен тығыз байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың әрбір 100 директорлар кеңесінің 27-сінде сақтандырушылар отырады.  
Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық негізін акционерлік қоғамдар мен өзара сақтандыру қоғамдары құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру брокерлерінің – сақтандыру агенттерінің немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың институты бар. Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша “Пруденшл” ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, “Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”, “Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.  
Кейінгі уақытта Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарында мөлшерлемелер (сақтандыру төлемдерінің) қозғалысына шектеу алынып тасталып, кейбір жағдайларда олар 40 пайызға дейін төмендеді. Бұл көптеген ұсақ сақтандыру компанияларының, әсіресе мүлікті сақтандырушы компаниялардың шығындалуына әкеліп соқтырды.  
Америка Құрама Штаттарының сақтандыру компаниялары қаржылық конгломераттар деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес компаниялары арқылы өздерінің негізгі қызметінен басқа несиелер мен қарыздар беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.  
Жетекші сақтандыру компанияларына “Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.  
Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара келісім негізінде өмірді сақтандыратын “Метрополитен Лайф иншуранс К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған компаниялардың бірі болып саналатын, “Коннектикут дженерэл корпорейшн” және “ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған “Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма” компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.  
“Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші халықаралық диверсификацияланған сақтандыру топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы саудалық және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр.  
Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.  
Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары болып: 
1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы; 
1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф Америка” компаниясы; 
1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы саналады. 
Көріп отырғанымыздай, әрине бұл елдердің сақтандыру нарығының даму деңгейі, олардың сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің сақтандыру нарығының мәліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

 


Информация о работе Сақтандыру теориясы мен тәжірибесі