ЖОО оқытушысының этикалық кодексі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 10:08, реферат

Краткое описание

Болашақ маман мен ЖОО оқытушы арасында этикалық кодексі шебер маман иесі болып шығуға көмектеседі және университет қабырғасында тәртіп болады.
Өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халық мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген кодекс.

Вложенные файлы: 1 файл

педагогика 7 сро.docx

— 29.30 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Еуразия Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: ЖОО оқытушысының этикалық кодексі.

 

 

 

 

 

                                                                            

 

 

 

Астана 2014

ЖОО оқытушысының этикалық кодексі

 

Еліміздегі жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады.

Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты міндеттердің шешімін табу: оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық, әдіскерлік іскерлігін арттыру; өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру; педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыптастыру басты мәселе болып табылады.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы «Әлеуметтік – экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Елбасы экономиканы нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін жүктей отырып онбағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиіс екенімізді айтты.

Болашақ маманның кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру үшін өзі таңдаған мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең, жан-жақты білімі болуы қажет. Білім беру саласындағы негізгі құжаттарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық педагогикалық тәжіриберлерді меңгеруі тиіс.

Болашақ маман мен ЖОО оқытушы арасында этикалық кодексі шебер маман иесі болып шығуға көмектеседі және университет қабырғасында тәртіп болады.

Өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халық мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген кодекс.

Мақсаты:

Бұл Кодекс мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:

    • сапалы кәсіптік білімді ұсыну;
    • білікті көзқарасы арқылы болашақ мамандар мансабының өсуіне көмектесу;
    • өмірлік көзқарасы белсенді азаматтарды, бәсекелі ортада жұмыс істей алатын жетекшілерді тәрбиелеу;
    • студенттердің көпқырлы қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    • білім алушыларды болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуға, парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі болуға ұмтылдыру

 

 

Мазмұны:

Университет оқытушылары мен студенттерінің  оқу және еңбек тәртібі ережелерін сақтауы ЖОО Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, осы Кодекстің нормаларына, сонымен қатар жалпы және іскерлік этика ережелеріне сәйкестікте жүзеге асырылады.

 

ЖОО ОҚЫТУШЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

Оқытушы:

  • оқытушы студенттердің  білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
  • оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытады;
  • оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.
  • оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.
  • оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

 

Оқытушы өзінің кәсіби қызметінде міндетті:

  • адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін қатынасына, сеніміне, тұратын жеріне не басқа да жағдайларға тәуелсіз құрметтеуге;
  • жалпықабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;
  • өз мамандығының беделін, дәстүрлерін қадірлеуге, сақтауға және арттыруға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • ЖОО мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • ЖОО аймағын көгалдандыруға көмектесуге;
  • қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;
  • кемшіліктерді жою және өз кәсіби қызметін жақсарту үшін конструктивтік сынды қолдануға ;
  • ЖОО миссиясын және білім беру саясатын ұстануға;
  • ЖОО Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;
  • қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң  нәтижелерге жетуге;
  • кәсіби шеберлік, ғылыми және кәсіби білімдарлық, сендіру қабілеттерінің болуына және үлгі-өнеге көрсетуге;
  • оқытушы кәсіпқойлығын және ЖОО беделін арттыратын білім беру, мәдени және спорттық сипаттағы іс-шараларға белсенді қатысуға;
  • өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;
  • жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  • қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;
  • іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;
  • кадрларды жерлестік және тамыр-таныстық белгілері бойынша іріктеу жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;
  • іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, ибадаттылық, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қатынасу дарындылығын көрсетуге;
  • басшылыққа оқу және қоғамдық қызмет мәселелері, сонымен қатар, егер жалпы тәртіп қағидаларына қарама-қайшы болмаса, жеке сипаттағы мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте жүгінуге;
  • міндеттерді және бағынушы қызметкерлер өкілеттіліктерінің көлемін олардың лауазымдарына сәйкес нақты анықтау, бағынушы қызметкерлерге орындай алмайтын бұйрық бермеу және олардың қызметтік міндеттер шеңберінен тыс тапсырмаларды атқаруларын талап етпеуге;
  • бағынушы қызметкерлерге не болмаса студенттерге қатысты негізсіз айыптарды, дөрекілікті, адами абыройын кемсітуді, жөнсіздікті болдырмауға;
  • бағынушы қызметкерлерді  не болмаса студенттерді жалпы қабылданған моральдық-этикалық қағидаларға үйлеспейтін құқыққа қайшы теріс қылықтарды немесе әрекеттерді жасатуға итермелемеуге міндетті.

Студент:

  • өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.
  • үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.
  • парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.
  • салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.
  • жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, студенттер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды.
  • жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.
  • жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды
  • академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату т.б. әрекеттерге жол бермейді.
  • болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Студент міндетті:

  • университет атынан жүргізіліп жатқан іс-шараларда немесе университет аумағында жүргізілетін жұмыстарда саяси мәдениеттілікті сақтауға;
  • оқытушыларды адал жолдан тайдырмауға, алдаумен байланысты жасалған кез келген іс-әрекетке араласпауға және оларға қатысты өздерін дөрекі және мәдениетсіз ұстамауға;
  • емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс қорғауда және басқа да білімді аралық бақылау кезеңінде көмек пайдаланбауға;
  • емтиханды жазбаша тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсетпеуге (интернет және басқа электронды, web-көздері);
  • себепсіз сабақтан кешігпеуге немесе қалмауға;
  • сабақ уақытында ұялы телефонды пайдаланбауға, арнайы техника қолдану арқылы ойын ойнап, музыка тыңдамауға;
  • басқа студенттердің қарым-қатынас жасауда іскерлік ережені және студенттік этика қағидаларын сақтауға;
  • жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға;
  • жатақханада тұрғанда әкімшілік және басқа тұрғындармен келіспеушіліктен аулақ болуға және олармен жақсы қарым-қатынаста болуға;
  • университет әкімшілігімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен сыпайы қарым-қатынаста болуға және дөрекілікке жол бермеуге;
  • жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөздер қолданбауға;
  • университет бірлестігінде өзара сыйластық пен сенім кеңістігін, жоғары академиялық мәдениетті құптауды қамтамасыз етуге, пайда болған араздықты бейбіт жолмен шешуге тырысуға, басқа студенттерге қатысты жасалған қорлыққа жол бермеуге;
  • университет беделіне немесе студенттік бірлестік абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүруге;
  • университет аумағында және оқудан тыс уақытта алкагольдік ішімдіктер, наша заттарын қолданбауға;  
  • университет мүлкінің бүтіндігін сақтауға;  
  • университет имиджінің жақсаруы, бірлестік мәдениетін көтеру, студенттік белсенділікті дамыту (ғылыми-оқу, спорттық, шығармашылық, азаматтық) студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдауға;  
  • осы Кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды шешуге қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы.  
  • факультеттегі студенттердің өз-өзін басқару органдары өз қалауы бойынша берілген кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік талқысына салуға, студенттік өз-өзін басқару ісіне қатысу құқығынан уақытша айыруға құқылы. Әр факультет мұндай талқыға салу сұрақтарын студенттік өзін-өзі басқару ұйымында өздері шеше алады.

 


Информация о работе ЖОО оқытушысының этикалық кодексі