Зертханалык жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 19:57, реферат

Краткое описание

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Содержание

Жер сілкінісі;
Сел;
Қар көшкіні;
Опырмалар;
Қар басу;
Дауыл;
Таудың су тасқыны;
Табиғи өрттер;
Сақтану шаралары;
2. Тірек сөздер: зілзала, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.
3. Кіріспе
Қауіпсіздік түсінігі

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 26.06 Кб (Скачать файл)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кеніштік аэрология және

 еңбек қорғау  кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: Зілзала.

 

 

 

Қабылдаған: Какенова М. Ж

Дайындаған: Ниязбаева М. Ж

Тобы: МЕТ – 14 – 1П

 

 

 

Қарағанды – 2014

Зілзала

Жоспар:

  1. Жер сілкінісі;
  2. Сел;
  3. Қар көшкіні;
  4. Опырмалар;
  5. Қар басу;
  6. Дауыл;
  7. Таудың су тасқыны;
  8. Табиғи өрттер;
  9. Сақтану шаралары;

     2. Тірек сөздер: зілзала, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.

3. Кіріспе

Қауіпсіздік түсінігі

     Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

     Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.

     Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз

      Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.

     Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.

     Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

     Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

     Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

     Жер сілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال‎) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

     Сел–тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

     Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы.

     Опырмалар - тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы.

     Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондармен байланысты.

     Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.

     Таудың су тасқыны - нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады.

     Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

     Боран – теңiзде қатты жел немесе теңiз дауылының түрiнде бола алады. Құрғақта боран - бұл күштi жауындар, найзағай, қатты желдер.

     Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

     Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.

     Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

     Су тасқыны  жағдайлары пайда болу кездеріндегі  басқы іс-әрекет ережелері:

1. Су тасқынына дейін: - Күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік  мекемелердің рұқсаты бойынша  салу, қатерлі жерде уақытша тұрақ  құрмау, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын  жасау, гидрометеологиялық мәліметтерге, хабарландыруларға назар аудару, су тасқыны қатері білінгенде  газ, су электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға  көшіру, көлікпен немесе жаяу  болсын көтеріңкі жерге орналасу, және басқарушы органдардың қауіпсіз  жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындау су тасқыны кезінде өміріңізге төнген қатермен дүние-мүлік шығынын едәуір төмендетеді.

2. Су тасқыны кезінде : - Басқару органдардың тиісті  нұсқаулары болмайынша, қауіпсіз  жерде қалыңыз, тасқын суды кешіп  өтем демеңіз, себебі, терендігі 15 см. тасқын су адам үшін қатерлі  екенін ұмытпаңыз. Ал 50 см. терендікті  машина да еңсеріп өте алмайды. Егер Сізге көмек керек болса, апат белгілерін беріңіз.

3. Су тасқынынан кейін : Өз үйіңіздің фундаментінің  тұтастығын , қабырға, терезе, еденнің  бүтіндігін, газ және электр жүйелерін  мұқият тексеріңіз. Зақымданған  электр және газ жүйелерін  қосуды мамандарға тапсырыңыз. Үй  орнықтылығына күдіктенсеңіз, үй  ішінде қалмаңыз, азық-түліктің жарайтынын  тексеріп, суды қайнату қажет. Су  тасқыны дүниемүлікке зор шығын  келтірсе, жергілікті атқарушы органдардан  көмек сұраңыз.

     Жер сілкінісі болған жағдайда адамдардың іс-әрекеті:

1. Үйіңіздің/пәтеріңіздің  сызбасын сызыңыз және онда  отбасыңыздың барлық мүшелерімен  бірге мыналарды көрсетіңіз: - қауіпті  орындарды, қауіпсіз орындарды, шығу  жолдарын, газды, суды, электр энергиясын  өшіру үшін крандардың орналасқан  жерлерін, үйден тез арада көше  қалған жағдайда әзірленіп қойылған  дәрі-дәрмектердің, құжаттардың, сөмкелердің  тұрған жерін.

2. Әрбір 3 ай сайын отбасыңыз  дын мүшелерімен жер сілкінісі  болған жағдайда аман қалу  үшін үйіңіздің/пәтеріңіздің қауіпсіз  орындарында жаттығулар өткізіңіз.

3. Жер сілкінісі болу  жағдайына үйіңіздің барынша  қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз: төсекорындарды терезелерден алшақ  қойып, қауіпті материалдарды қауіпсіз  жерде сақтаңыз, өтпелі жолдарды  жауып тастамаңыз, салмағы ауыр  жиһаздарды қабырға ға және  еденге бекітіп қойыңыз, жоғарғы  сөрелерді ауыр заттармен толтырыңыз.

4. Үйден шуғыл көшу  жағдайына қажетті заттарды сөмкеге  жинастырып, оны әрдайым бір орында  сақтаңыз. Сөмкеге мына заттарды  салыңыз: маңызды құжаттардың (паспорт, туу туралы куәліктер, көлікке, үйге, жерге иелік ету құқығын растайтын  құжаттар, сақтандыру полистері, СТН  мен зейнетақы қорларының және  т.б. тіркеу бланкілері) көшірмелері, отбасыңыздың мүшелеріне қажет  болатын қолшам мен қосалқы  батареялары бар радиоқабылдағыш, алғашқы жәрдем қобдишасы мен  дәрі-дәрмектер, артық шұлықтар мен жылы киімдер, жамылғы немесе көрпе, қалам мен қағаз, алғашқы 1-3 күнге жетерлік ауызсу мен айнымайтын тағамдар, артық көзілдіріктер (қажет болса), егер кішкентай балалар болса, олардың ойыншықтары мен арнайы заттарын, сабын мен бірінші кезекте қажетті санитарлық-гигиеналық заттарды алуды ұмытпаңыз.

5. Егер жер сілкінісі  Сіз үйіңізде жоқта болған  жағдайда, барлық отбасы мүшелеріңізбен  қай жерде кездесетіндеріңізді  және үйде ұзақ уақыт болмайтын  кезде әрқайсыңызға қандай арнайы  медициналық дәрі-дәрмек қажет  болатындығын талқылап, төмендегідей  кестені толтырыңыз.

6. Көршілеріңізбен жер  сілкінгенде бірлесіп жасайтын  қимылдарыңызды келісіп алыңыз. Балаларыңызға жер сілкінісі  кезінде ересектер қастарында  болмағанда не істеу керектігін  түсіндіріп қойыңыз.

7. Зілзала болған жағдайда  Сіз туралы хабар беретін Сіз  тұратын елдімекеннен тысқары  жерлердегі адамдардың мекен-жайы  мен телефонын жазып қойыңыз.

8. Жер сілкінісінен кейін  мынандай іс-әрекет болатынын  ұмытпаңыз: - құтқарушыларға жаралылар  мен үйінділер астында қалғандарды  іздеуге көмектесу, үйдің коммуналдық  жүйелерін сөндіру, балалар мен  өздігінен әрекет жасауға қабілеті  жоқ адамдарға көмектесу, көршілердің  жәй-күйінтексеру, отбасыңызды 3-5 күндік  азық-түлікпен қамтамасыз ету, ыстық  тамақ әзірлеу, ішек ауруларының  алдын-алу үшін санитарлық жағдайды  сақтау, үй жануарларына күтім  жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Қолданылған әдебиеттер:

http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/mir_tirshilik_auipsizdigi_obzh/zilzala_zh_ne_ony_saldarymen_k_res/19-1-0-583

http://referattar.kz/referat/show/19804

1. Қазақстан Республикасының  төтенше жағдайлар саласындағы  заңдары. ҚР төтенше жағдайлар  жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.

2. «Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996.

3. «Тіршілік қауіпсіздігі»  курсы бойынша жоғары оқу орындары  студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі  агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

4. Суровцев А.А., Мельников  Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік  қауіпсіздігі» Алматы, 2004.

5. В.Ситникова. Основы безопастности  жизнедеятельности. М., 1997.

6. Белов С.В. Безопасность  жизнедеятельность. –М.: Высшая школа, 1999 -448с.

7. Кукин П.П. Безопасность  жизнедеятельности.-М.: Высшая школа, 2003 -439с.

8. Шубин Е.В. Гражданская  оборона. –М.: Просвещение, 1991 -154с.

9. Аманжолов Ж.К., Балабас  Л.Х. Безопасность жизнедеятельности.- Астана : Фолиант, 2009 -125с.

10. Гринин А.С., Новиков  В.Н. Безопасность жизнедеятельности. –

М. : ФАИР-ПРЕСС, 2002 -228с.

11. Төтенше жағдайлар жүйесінде  қолданылатын орысша-қазақша

терминдер сөздігі. Алматы – 2004.

12. Н.Алекссев. Стихийные  явления в природе. М., “Мысль, 1988 . Алматы: 2004. 321 б.

13. Төтенше жағдайлар және  Азаматтық қорғаныс саласындағы

басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық

курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған

оқулық. ҚР-ның төтенше жағдайлар министірлігі. Алматы қ,

2008. 136 б.

14. Төтенше жағдайлар және  Азаматтық қорғаныс мәселелері

бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар

жинағы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ,

2003. 124 б.

15. Ұйымдардағы төтенше  жағдайлар және Азаматтық қорғаныс

бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. ҚР төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 124 б.

16. Жер сілкінісі болған  кезде болуы мүмкін жағдайларға  баға беру

әдістемесі. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі.

Алматы қ, 2004. 40 б.

 

 


Информация о работе Зертханалык жумыс