Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 08:28, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы…4
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.............................................................................................................5
Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті...............................7
Қазақстан Республикасындағы Президентінің актілері..............................10
Пайданланылған әдебиеттер...........................................................................12

Вложенные файлы: 1 файл

кр президенти уееееееах).doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

Президент кейінге қалдырушылық ветосы құқығына ие бола отырып заң шығару процесіне қатысады. Президент Парламент Сенаты қол қоюға және жария етуге ұсынған заңды қайтарып беруге хақылы. Преидент он бес күн ішінде заңды не оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Президенттің кейңнге қалдырушылық ветосы егер Парламентте әрбір Палата депуттарының жалпы санының үштен екісі бұрынырақта қабылдаған шешімді жақтап дауыс берсе алынады. Бұл жағдайда Президент жеті күн ішінде Парламент ұсынған заңға қол қояды.

б) Парламентке қатысты өкілеттігі.

Президенттің заң шығарушылық билікті атқарушы Республика Парламентіне қатысты бірқатар өкілеттіктері бар.

Республика Президенті:

- Парламентке  кезекті және кезектен тыс  сайлау тағайындайды;

- Сенаттың  өкілеттік мерзіміне Сенаттың он бес депутатын тағайындайды;

- Парламенттің  бірінші сессиясын шақырады;

- Парламент  депутаттарының Қазақстан халқына  беретін антын қабылдайды;

- Парламент  Сенатының төрағасы ауазымына  кандидатура ұсынады;

- Парламент  сессияларын ашады және  Парламент Палаталарының кез келген отырысына қатысуға құқығы бар, т.б.

в) Сыртқы саясатқа және қорғаныс саласына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде сыртқы саясат және қорғаныс саласында бірқатар құқықтармен міндеттерге ие. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып Президент мынадай өкілеттіктерге ие болады.

- келіссөздер  жүргізеді және ҚР халықаралық  шарттарына қол қояды;

- республика  жасасқан халықаралық шарттарды  бекіту немесе денонсациялау  туралы Парламентке ұсынысенгізеді;

- бекіту грамоталарына  қол қояды;

- ҚР дипломатиялық  өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды  және кері шақырып алады;

- республика  жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық  шарттардың күшін тоқтата тұру  туралы шешім қабылдайды;

- сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылық құрамын тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекет басшысы ретінде ҚР Әскери доктринасын бекітеді.

Президент Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізу, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялауға құқығы бар. Бұл жағдайда ол туралы Республика Парламентіне дереу хабарлауға тиіс.

Президент Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы  ұсыныс енгізе алады. Президент Республикалық ұланды жасақтайды және Қауіпсіздік Кеңесін құрайды. Республика азаматтарын ерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметтің қызметшілерін запасқа шығару туралы шешім қабылдайды.

г) Соттарға және судъяларға қатысты өкілеттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті сот билігін құруға қатысады, ол мынадай өкілеттіктермен негізделеді:

- Жоғарғы Сот  Кеңесінің кепілдемесін негізге  ала отырып, Республика Жоғарғы  Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот  алқасының төрағалары мен судьяларын сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;

- Жоғарғы Сот  Кеңесінің кепілдемесі бойыша  облыстық және оларға теңестірілген  соттардың төрағаларын, облыстық  және оларға теңестірілген соттар  алқаларының тқрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды.

- Әділет министрінің  Әділет біліктілік алқасының  кепілдемесіне негізделген ұсынысы  бойынша Республиканың басқа  да сотарының төрағалары мен  судьяларын тағайындайды.

Сонымен қатар Президент Жоғары Сот Кеңесін құрады, оның төрағасын тағайындайды, ол өз кезегінде судьялар копусын құруға тікелей ықпал етеді.

Мемлекет басшысы ретінде Президент азаматтық жөніндегі, саяси баспана беру, сондай-ақ азаматтарға кешірім жасау туралы мәселелерді шешеді.

Президенттің республикалық референдумға қатысты біршама өкілеттіктері бар:

- референдум өткізу туралы;

- референдум  өткізуді кейінге қалдыру туралы;

- конституцияға  өзгертулер мен толықтырулар  енгізу мәселесі бойынша референдум  өткізу туралы мәселелерді шешеді.

Референдумға шығарылатын мәселелердің тұжырымын, оның бастамшыларының келісімімен, нақтылайды.

Президенттің Конституциялық Кеңеске де қатысты өкілеттіктері бар:

- оның төрағасы  мен екі мүшесін қызметке тағайындайды;

- Конституциялық  Кеңеске жүгінуге және Конституциялық  Кеңестің шешіміне қарсылық білдіруге құқығы бар.

 

Қазақстан Республикасындағы Президентінің  актілері.

Қазақстан Республиксының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында норма шығарушылық қызметті жүзеге асырады.

ҚР Президенті ҚР Конституциясы 53-бабының 3-тармағына сәйкес заңдар, сондай-ақ 61-баптың 2-тармағына сәйкес заң күші бар жарлықтар шығара алады. Басқа жағдайларда Президент заңға қарасты сипаты бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Жарлықтар мен өкімдер ҚР барлық аумағында орындалу үшін міндетті.

Президент жарлықтары Республиканың Конституциясы және заңдары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Президент жарлықтарының нормативтік құқықтық акт күші бар.

Президент жарлықтары мынадай мақсаттарда шығарылады:

  • Президенттің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
  • Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың заңдық құзыретіне кірмейтін мәселелерді құқықтық реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР экономикалыө және әлеуметтік, саяси дамуының стратегиялық мәселелрі бойынша шешімдер қабылдау.

Президенттің өкімдері әкімшілік-әкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу мақсатында шығарылады.

Актілерді шығарған кезде Республика Президенті констрасигнатура институтының жекелеген элементтерін пайдаланады. Республика Президенті қол қоятын Парламент актілері, тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік  жүктелетін Парламенттің әр Палатасы Төрағаларының Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.

Президенттің нормативтік сипатағы атілері, егер Президент басқаша белгілемесе, олардың ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен ейін Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының  конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының  конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан Республикасының  Конституциясы» Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы құқықтану  негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

5.«Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов  Алматы, 2004 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Тарих және дінтану кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы

 

 

 

 

 

 

тексерген: Жиеналиев Жақсыбек

орындаған: Егізекова Маржан

араб тілі 2курс

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013


Информация о работе Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы