Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 15:30, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................
Діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу ар-намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет,оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды, қайсібір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер бермеуі тиісСонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.
«Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермейді» (5-бап).
Бұл ереже әртүрлі бағыттағы дінге сенушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсібір дін идеологиясының мемлекеттік идеологияға айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мәңгілік» және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен, жеке басқа табынушылығымен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатыгез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да, адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияның өзінің басын жұтып тынды. Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандай да болсын саяси партияның, басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекет өмірін идеяландыру құрсауынан босату алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді[10, 180б].
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті – ар-намыс пен қадір-қасиетті жоғары қояды. Ар-намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады», «Дүреленсеңде арыңды сақта» дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да «Арым үшін жан пида», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздері ықылым заманнан бүгінгі күндерге жетті. Ізгілікке негізделген қоғамдық ар-намыс пен ар-ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.
Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кім де кім адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік жауаптылыққа тартылады. Жәбірленіші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе, сот арқылы беделін келтіруіне, сондай-ақ келтірілген моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.
Заң адамның ар-намыс, қадір-қасиетпен бірге жеке өмірге кім-кімнің тарапынан болсын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Мысалы, азаматқа қатысты ақпаратты оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға болмайды. Ол үшін тек азаматтың ғана келісімі емес, сондай-ақ мұндай ақпараттың заңда қарастырылған сақтау, пайдалану тртібі де сақталуы тиіс. Егер ол заңдық жауаптылыққа тартылған болса, ақпаратты құқық қорғау органдары (милиция, прокуратура, сот) азаматтың келісімінсіз жинай алады. Егер адам жауаптылыққа тартылмаған болса, аталған органдардың ол туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқы жоқ[12, 1б].
Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді де білдіреді. Үй иесінің келісімінсіз ешкімнің де басқа адамның үйіне, басқа адамның пәтеріне басып кіруіне құқы жоқ. Тұрғын үйге өз бетіме басып кіруге: үй иесінің еркінен тыс ашық немесе үй иесі жоқ кезде жасырын басып кіру жатады. Бұл үшін заң тіпті қылмыстық жауаптылық та белгілейді.мұндай жауаптылық билікті теріс пайдалану жолымен басып кірген жағдайда, басқа адамның үйіне екі немесе одан да көп адам басып кірген жағдайда, заңсыз (прокурордың рұқсатынсыз) басып кірген жағдайда қозғалады. Тұрғын үйге милиция қызметкері қылмыскердің тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда кіреді.
Адамды тұрғын үйден айыруға тыйым салынады. Егер адам тұрғын үйге меншік құқына ие болса, онда ол оны иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халқаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды; кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қозғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өмірінің, отбасының және басқаларының денсаулығы және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары
Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан нарықтық экономика деп аталатынға өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:
- жеке және мемлекеттік
- кәсіпкерлікке, әсіресе
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-Ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі, айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншік те адамдарды қанаудан арашалай алмады. Мұндай меншіктің пайдасын, негізінен, партияның және мемлекеттің басындағылар көрді.
Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс.
Мемлекет меншіктің
Сөйтіп әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне, басқа да мән жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтады. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажетін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі баюдың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндікменщігі құқығынана елеулі түрде ерекшеленеді.
Жеке меншік иесінің құқығы қандай? Меншік иесінің құқы үш элементтен тұрады: а) иелену құқығы, яғни меншік объектілеріне: жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңдық тұрғыдан иелену құқығы; ә) пайдалану құқығы, яғни, меншік объектісінің пайдалы қасиеттерінің тиімділігін көру, техниканы, технологияны пайдалану құқығы; б) билік ету құқығы, яғни, сату, жалдауға беру, мұралыққа қалдыру, біреуге қайтарымсыз беру және т.б.
Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекелеген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни, басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік заңдарды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.
Жеке меншік әртүрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, сыйлық алу, бағалы қағаздарды өткізу және т.б. нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.
Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті, біріншіден, қылмысты қол сұғушылықтан (ұрлыққа, талан-таражға салынудан, бұзылудан), екіншіден, оған нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекеттен қорғайды. Жеке меншіккее қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық және мүлікті жауаптылыққа тартылады. Зағ жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Меншік иесі басқалардан заңсыз иеленген өз мүлкін қайтаруын талап етуге құқылы. Айталық, азамат басқа адамның қолында болып шыққан өз мүлкін (малын) таныды делік. Егер заңсыз иеленуші мүлікті иесіне өз еркімен қайтармаса, соңғысы мүліктің қайтарылуын талап етіп сотқа жүгінуге құқылы. Егер мүлік әлдекімнің кінәсінен бұзылса меншік иесі келтірілген зиянның орны толтырылуын сот арқылы талап етуге құқылы.
Жекешелендіру процесінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кәсіпкерлікке айрықша назар аударылады.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Рыноктік қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баюдың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептелді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойғы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айырылды (қолмен кілем тоқу, зергерлік іс т.б.). бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкеолік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекет те қоғам да, халық та, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді[4, 56б].
«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар» (26-бап).
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда шағын кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі нысандары мен әдістері қатыстырылды. Мемелекет, оның органдарының шағын кәсіпкерліктің қызметіне тікелей араласуына құқы жоқ. Шағын кәсіпкерлікке іс-әрекетеркіндігі толық берілді. Әрине, бұл орайда олар заңды бұзбауы тиіс. Шағын кәсіпкерліктің құқын бұзған лауазымды адамдар жауаптылыққа тартылады.
Шағын кәсіпкерлік – азаматтардың әртүрлі тауарларға (қызмет, көмек көрсетуге) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Мұндай қызметті азаматтың өзі немесе оның атынан бсқа адам атқарады. Әрине, кәсіпкерлікпен айналысуғашешім қабылдаған адам оның тіпті жеңіл жұмыс емес екендігін, тәуекелді қажет ететіндігін түсінуі тиіс. Өйткені адам өз қызметіне, өз мүлкіне өзі жауап береді. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде басқа біреуге келтірілуі мүмкін зардаптар үшін ешкім де: мемлекет те емес, оның органдары да емесе, не басқа адамдар емес тек өзі ғана жауап береді.
Сонымен бірге кәсіпкердің мүлкі заңмен қорғалады ешкімнің оған қол сұғуына құқы жоқ. Тек заң негізінде ғана кәсіпкердің мүлкін алып қоюға не оның қызметін шектеуге болады. Мысалы: кәсіпкердің қызметін қоғамның, азаматтардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қорғау мақсатында, қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда шектеуге болады. Басқаша айтқанда, адам адамдарға, қоршаған ортаға (жерді бүлдіру, суды ластау және т.б.), қоғамға залал келтіретін кәсіпкерлік қызметпен айналысуы тиіс.
Кәсіпкерлік пен жеке адамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптегн жеңілдіктер белгіледі: қажетті жабдықтар мен басқалармен қамтамасыз етеді. Мұндай уөмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мұндай кәсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. өндіріспен айналысатын адамдарға (фермерлерге, тұтыну тауарларынөндірушілерге және басқаларына) қолдау көрсететін кәсіпкерлік пен бәсекені қолдау қоры құрылды.
Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.
«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (24-бап).
Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы біріншіден, кәсіпкерлікпег айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әрбір еңбек атуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымға жұмысқа орналасуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.
Бұл арада атап өткен жөн, жаңа Конституция бұрын болғандай, еңбек ету міндеттілігін көздемейді.Заң мұндай адамдарды «арамтамақтар» деп атаған еді. Бір кездерде олар үшін арнаулы еңбекпен тәрбиелеу лагерлері де құрылды. Алайда, күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нәтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер, ар-намыстан айырылып, азған адамдар) жұмыс істемеудің жолын тапты. Шамасы, адамға ықпал етудің екі жолы бар-ау деймін. Ол жұмысқа еңбек қабілеті бола тұрып, еңбек істегісі келмейтіндерді қоғамдық мінеу. Жалқауларды, еңбекке сырт қараушыларды бүкіл халық сынға алады. «Еңбексіз игілік жоқ», «Еңбек еткенді құдай да жақсы көреді», «Адамды еңбек асырайды, жатып ішердің жамбасы тесіледі», «Құдайға сыйын да еңбек ет», «Еңбек етсең құдайға да жағасың» және т.б. Екінші әдіс – еңбек сүйгіш адамды қалыптастыратындай, қабілеті, икемі және талабы бойынша еңбек етуге мүмкіндік беретіндей жағдай (отбасында, қоғамда және мемлекетте) жасау.
Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады. Еңбек шартының мынадай белгілері бар:
Еңбек етуші белгілі бір ұжымның құрамына кіреді немесе нақты бір адамға жұмыс істеу үшін жалданады;
Ол еңбек шартында көщделген жұмысты орындайды;
Ол еңбек тәртібіне, еңбек режиміне бағынады;