Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 19:21, реферат

Краткое описание

Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. «Құқықтық қатынасң категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас– бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Содержание

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.
3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы.
4. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
5. Құқықтық қатынастардың субъектілері.
6.Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі. Құқықсубъектілік.
7. Құқықтық қатынастардың объектілері.
8. Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер.
9. Заңды фактілер.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР.docx

— 21.17 Кб (Скачать файл)

 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. Құқықтық қатынастардың  түсінігі және түрлері.

2. Құқықтық қатынастардың  пайда болуының алғышарттары.

3. Құқық нормалары мен  құқықтық қатынастардың өзара  байланысы.

4. Құқықтық қатынастардың  құрылымы.

5. Құқықтық қатынастардың  субъектілері.

6.Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі. Құқықсубъектілік.

7. Құқықтық қатынастардың  объектілері.

8. Субъективтік құқықтар  және заңды міндеттер.

9. Заңды фактілер.

 Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.

1. Құқықтық қатынастардың  түсінігі және түрлері. «Құқықтық  қатынасң категориясы құқықтың  жалпы теориясында негізгі, орталық  категориялардың бірі болып табылады  және адамдардың жүріс-тұрысына  құқықтың  қандай жолмен әсер  ететінін түсінуге мүмкіндік  береді. Құқықтық қатынас– бұл  қатысушылары субъективтік құқықтар  мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген  қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын тұрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша  құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық  және т.б. болып бөлінеді;

2) сипаты бойынша–материалдық (қаржылық, еңбек және т.б)  және  іс жүргізушілік (қылмыстық іс  жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік  және т.б.) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары  бойынша–реттеуші және қорғаушы  құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық  қатынастар құқық нормасы немесе  шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық  қатынастар  мемлекеттік мәжбүрлеумен және  заңды жауапкершілікті жүзеге  асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына  қарай–жай және күрделі  құқықтық  қатынастар; жай құқықтық қатынастар  екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар  бірнеше субъектілердің арасында  туындайды (қылмыстық жазаны өтеу  құқықтық қатынастары);

5)субъектілерінің анықталу  дәрежесіне қарай–абсолюттік және  қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік  құқықтық  қатынастарда тек бір  жақ қана–субъективтік құқықты  иеленуші– анықталады, ал қатысты  құқықтық қатынастарда екі жақ  та жеке дара анықталған болып  келеді және бір-біріне қатысты  құқықтар мен міндеттерді иеленуші  болып табылады;

6) жалпы және нақты  құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық  қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды  фактілердің–әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс  актілерінің–нәтижесінде пайда болады.  

2. Құқықтық қатынастардың  пайда болуының алғышарттары. Алғышарртар–бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада–бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.

2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.

 

3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы. Құқық нормасы–бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас–құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.

Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;

ә) құқық нормасы–бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;

б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;

в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;

г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;

д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);

е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас–бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

4. Құқықтық қатынастардың  құрылымы. Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет (заңды мазмұн).

5. Құқықтық қатынастардың  субъектілері–бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі–бұл өзінің құқықәрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлеі болады:

1. Жеке субъектілер (жеке  тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматттығы  жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар  тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен  шетелдік азаматтар Қазақстанның  аумағында Қазақстан азаматтары  сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық  қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған  шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан  Республикасының өкілдік органдарына  сайлана және сайлауға қатыса  алмайды, Қарулы Күштер қатарында  қызметін өтемейді, мемлекеттік  аппаратта белгілі бір лауазымды  иелене алмайды және т.б.

2. Ұжымдық субъектілер; бұларға  мыналар жатады: мемлекет (ол басқа  мемлекеттермен халықаралық-құқықтық  қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік  ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).

6. Құқық субъектілерінің  құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың  субъектілері болу үшін тұлғалар  құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті  иеленуі тиіс.

Құқыққабілеттік–бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік–бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келес түрлері болады: толық–18 жастан басталады; жартылай–14 пен 18 жас аралығында болады. 

Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

 Құқыққабілеттік пен  әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды  және көп жағдайда бір мезетте  пайда болады. Азаматтық құқықтан  басқа көптеген салаларда осындай  жағдай орын алған. Азаматтық  құқықтағы құқыққабілеттік пен  әрекетқабілеттіктің ажыратылуын  былай түсіндіруге болады:

а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;

ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның  заңды өкілі қатыса алады.

Құқықсубъектілік–бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік.

7. Құқықтық қатынастардың объектілері–бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:

- олардың біріншісіне  сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі  болып тек субъектілердің әрекеттері  табылады;

-  екінші көзқарасты  көптеген ғалымдар жақтайды, оған  сәйкес, объектілердің түрлері өте  көп, олар:

1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және  т.б.);

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой  және т.б.);

3) рухани шығармашылық  өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым  туындылары және т.б.);

4) құқықтық қатынастар  қатысушыларының әрекеттерінің  нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде  туындайтын құқықтық қатынастар);

5)бағалы қағаздар мен  құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).

8. Субъективтік құқықтар  және заңды міндеттер. Егер қоғамдық  қатынастар құқықтық қатынастардың  материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер  субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы  құқықтық қатынастар қатысушыларының  арасындағы заңды байланыстар  жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.

Заңды міндет–бұл заңды қажет  жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:

- егер субъективтік құқық  тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға  бағытталса, заңды міндет  бөтен  мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа  тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық  заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы  болып табылса, заңды міндет қажетті  жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

9. Заңды фактілер–бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.

Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1. Туындайтын салдардың  сипаты бойынша:

құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);

құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқықтық қатынастар  субъектілерінің еркімен байланысына  қарай:

- оқиғалар–бұл субъектілердің  еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б

- әрекеттер–бұл құқықтық  қатынастар субъектілерінің еркімен  байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз  кезегінде, құқыққа сай және құқыққа  қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы–заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері)

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың  мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік  т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын  реттеп басқару. Құқықтың екі  түрлі түсінігі болады:

біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Информация о работе Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері