Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Содержание

І КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ЖАНАМА САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны.......................................................................................................................4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау................................................................................................18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................19

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Жанама салықтар-www.1Referat.kz.doc

— 177.50 Кб (Скачать файл)

Бұл аймақтағы дамымаған  еддерінің үлкен практпкалық  жене теориялық біліктілігі, тек  Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жағдайын ескере отырып қолдана алады.

Қазақстан қоғамы таяуда мемлекеттің 2005 жылғы сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағытымен танысты. Қазақстан Республикасы Президентінің  сәуір айындағы мемлекетке жолдауында негізгі экономикалық және әлеуметтік бағыттардың арасынан ең бір басты  тапсырмаларының бірі -салық ауыртпалылығын төмендету, зейнетақыны және еңбекақыны жоғарылату болып табылады. Берілген бағыт жалпы экономика және әлеуметтік ортаның негізгі реформалауы болып табылады. Сонымен қатар мүмкіндік нәтижесін және күтілген өзгерістердің қорытындыларын талдағымыз келеді.

Бүгінгі таңда Казақстаң  Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында ҚР Үкіметіне келесі негізгі бағыттар жүктелген.

Біріншіден, экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық -инновациялық стратегияны іске асыру. Қазақстан бәсекеге қабілетті экономикалық үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірісті, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол ашу жүктелінген. Биылғы жылдың ортасына қарай Қазақстанда нарықтық туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өңеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болу керек. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзак мерзімдік мамандануын солар айқындайтын болады.

Қазақстанды жаңа технологиялар  мен жаңа экономика әлеміне енгізетін  экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық жүйе жасау жүктелді.

Екіншіден, Қазақстанның шағын және орта кесіпкерлікті дамытудың  түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Қазақстанда қәсіпкерлік  ортаның бастамашылығын іске асыру  үшін қолайлы жағдай туғыздыру жүктелді. Осы мақсатқа қол жеткгзу үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Осы Қорға биылғы жылы Республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінеді, онда шағын бизнес субъектілерін несиелендіру мүмкіндігі 25 млрд. тенгеге дейін өседі.

Үшіншіден, Қазақстанда  аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен  қалыптастыру жүктеледі. Үстіміздегі  жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін  дамытуда республикалық бюджеттен 57,9 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Төртіншіден, қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды  қағаздар нарығын дамыту мен 2005 - 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін  дамыту бағдарламасын іске асыру  жүктелді.

Банктердің қызметі  ашықтықтың ашылуы өнегес болуға тиіс. Ең алдымен мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігі бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

Бесіншіден, биылғы жылдан бастап, ҚР іс жүзінде әрбір отбасының мүшесіне игі ықпалын тигізетін 2005 - 2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы іске асыру жүктелді. Биылғы 1 шілдеден бастап барлық зейнетқерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан 3000 теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақы төлем жасалатын болады. Осылайша ең төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақы төлемімен бірге 9200 теңгені құрайтын, ал зейнетақының орташа мөлшері 12000 теңгеден асатын болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің және бюджет саласының, қызметкерлері - мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 32% көтеру, ал 2007 жылдан бастап орта есепнен 30 % көтеру жоспарланып отыр. Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес, жеке меншік секторда да өсуге тиіс. Осьгған орай биылғы шілдеден бастап, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.

Қорытындылай айтқанда, мемлекет қаржы саясатын жетілдіруде шешімді қадам жасады, сондықтан оның мүмкіндік нәтижесі туралы сұрақтың маңызы өте үлкен.

Салық реформасын жүргізу  қиындықтары, бірінде Қазақстанның экономикасы нарықтық қатынастарға негізделмеген өтпелі кезеңде, оның барлық қайшылықтарымен бірге болуымен байланысты. Осыдан қазіргі жағдайда   салық  жүйесінің  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуі   мүмкіндігі

болмайды. Қоғамдық экономикалық қатынастарының калыптасуы жағдайындай, салық саласында қателіктер мен  тәжірбиелер әдісімен жүруге тура келеді. Мұнда есте сақтау керегі бұл  әр түрлі жақтарға қарай өзгеріп отыру, құрылғанда консервативті қатынастарға қарағанда неғүрлым қауіпті. Сонымен акциздер жүйесін жетілдіру үшін мына бағыттарды ұсынамыз :

  1. акциз салығының ставкаларына үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салық төлеушілердің назарлығын тудырады. Сондықтанда салық ставкалары салық заңдылығында орын алып тұрақты болу керек.
  2. Бензин мен дизель отынына салынатын акциздерді бақылау үшін автомобильге май құю стаңцияларына арнайы есептеуіш құралдарын орнатып, оны салық органдары тексеруі керек.
  3. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың акциз салықтарының қамтылу аймақтары өте ұқсас. Қазақстанда да жарнамалардың барлық түрлерін (теледидарлық, радиолық және тағы басқалар) осы акциз салығымен алу қажет. Сонымен әрбір азамат өзінің тұтыну мөлшеріне қарай салық төлеу қажет.

Акциз салығы ешкімді  де зорлап, мәжбүрлеп төлетуді талап  етпейді. Акциз салығы әрқашанда  елдің барлығын көрсетеді. Сондықтанда  бұл салықты мүмкіндігінше қолданып мемлекеттің бюджетін толтырудың жан жақтарын қарастыру қажет. Жоғарыда біз ұсынған жарнамалар кейінгі жылдары өте көбейін кетті, егерде осы қызмет түрлерін акциз салығымен алсақ бюджет кірісінің өсе түсетіні сөзсіз.

Қазіргі жағдайда қызмет етуші акциз салығының жүйесін  түбегейлі өзгерту мәселесін қоюға болмайтындығы анық. Себебі оны қайта құрудың кез келген шаралары, тауар өндірушілердің көңіліне қарай болса да, қаржылық тұрақтылыққа әсіресе салық саясатына сенімді өзгертуі мүмкін.

Бүгінгі күнде салық  ауыртпаларын біршама күшейту немесе бәсеңдету нақты емес. Салық ауыртпашылығының өсуі өндірістің тек қана жабылуына немесе оның көлеңкелі экономикаға кетуі, яғни салықтардың түсуін төмендеуіне әкелуі ықтимал.

 

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН  САЛЫҒЫ

 

2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу

Салық салу объектiлерi мыналар:

1) салық салынатын  айналым; 

2) салық салынатын  импорт қосылған құн салығын  салу объектiлерi болып табылады.

Төлеушiлер мыналар:

1) Қазақстан Республикасында  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:

  • жеке кәсiпкерлер;
  • мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
  • қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

2) заңды тұлғаның қосылған  құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.

Тауарлар импорты кезiнде  қосылған құн салығын төлеушiлер  Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

Тауарға қатысты өткiзу бойынша айналым:

1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:

  • тауарды сатуды;
  • тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
  • тауар экспортын;
  • тауарды тегiн берудi;
  • жарғылық капиталға жарна төлеудi;
  • жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;

2) тауарды төлем мерзiмiн  ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi

3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;

4) қарызды төлемеген  жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге  қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн; 

5) кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;

6) бiр заңды тұлғаның  қосылған құн салығын дербес  төлеушiлерi болып табылатын бiр  құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық  бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн; 

7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн  орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:

1) мүлiктi уақытша иелiкке  берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк)  шартымен пайдалануды; 

2) санаткерлiк меншiк  объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық  капиталға салым ретiнде берiлетiн  құқықтар беруді;

3) жұмыс берушiнiң жалдамалы  қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар  орындауын, қызметтер көрсетуiн; 

4) қосылған құн салығын  дербес төлеушiлер болып табылатын  бiр заңды тұлғаның құрылымдық  бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын,  қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.

Мыналар:

1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын  тауарды жарнамалық мақсатта  беру не сыйлау;

2) тапсырысшының мердігерге  дайын өнімді мердігердің дайындауы,  ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер  салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

3) қайтарылатын ыдысты  тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн  өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн  және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiм-шартта) белгiленген  талаптармен және мерзiмде, бiрақ  ұзақтығы алты айдан аспайтын  мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;

4) бұрын экспорт режимiнде  шығарылған тауарды керi импорт  режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

5) шартта белгiленген  талаптар мен мерзiмдерде қайта  әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт  шараларын өткiзу үшiн Қазақстан  Республикасының шегiнен тыс жерлерге  әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе;

6) жер қойнауын пайдаланушы  жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;

7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешекті қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

Қосылған құн салығын  төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

1) қосылған құн салығынан  босатылған;

2) өткiзу орны Қазақстан  Республикасы болып табылмайтын  айналым қосылмайды.

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу орны осы Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес белгiленедi.

Қазақстан Республикасында  қосылған құн салығын төлеушi болып  табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар) салық салынатын импорт болып табылады.

 

2.2.  Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау

Салық салынатын айналым  мөлшерi, оған қосылған құн салығын  енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге  ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде  анықталады.

Тауарларды тегiн берiлген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.

Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар