Сүйінбай Аронұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 17:13, реферат

Краткое описание

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

Вложенные файлы: 1 файл

Әдебиет.Музыка.doc

— 225.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

    

            РЕФЕРАТ

 

  

 

 

 

 

                                                                                                       

                                                                                                        Орындаған Әсем.Б

                                                                                                        Тексерген Қ.Қатира

 

 

 

 

 

 

 

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841 —1918 жж.) - қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыққан. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай,Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңқы шықты: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхит уақыт, қоғам, өмір туралы "Дүние-ай", "Зәуреш" әндерін толғады. "Паң көйлек", "Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін жасады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мұхит тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары — Шоң мен Нөу; немерелері — Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халықарасына насихаттаушы — Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова, т.б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алуаш" әнін Е.Г.Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б.Г.Ерзакович "Айнамкөз" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне ал "Зәуреш" әнін Л.М.Шаргородский мен С.И.Шабельский "Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. 1918 жылы туған жерінде көз жұмды.

ДҮНИЕ

Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,

Кез келсе  қарамайсың, дүние-ай, кәрі, жасқа,

Көзіне көрінгеннің  иттей қауып,

Көрсеттің жек  көрініш, дүние-ау, қарындасқа.

Алғаның болса жаман бажылдаған,

Кірерсің күнде  көрге, дүние-ау, қазылмаған.

Садақа жұма сайын берсен-дағы,

Тап болдың бір  ауруға, дүние-ау, жазылмаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

                                                                                

                                                                            №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта   

                                                                                 мектебінің 6 «г» сынып оқушысы                          

                                                                                               біиология дәптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаяны


Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі  жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның  ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді  өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту,гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды. [1]

Ресми ақталуы


1988 жылы  Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында  – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.

Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

Шығармашылығы                                                            


Бүркітті  қолына қондырған Шәкәрім

«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы  ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім  таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:

«...және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», - деген, «...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».

Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:

«Тарихта  әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен  өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»;

Адал  адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:«Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»;

Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:

«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің  де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе, «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ».

Ол  орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол ХХ ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік  өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.[2][3]

Шығармалары


Құдайбердіұлының  қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семейқаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Әндері


Шәкәрімнің  әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түріА.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының  шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

Орындаушылар


Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил  Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.

Шәкәрімнің  әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке  танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.

Шәкәрім және Абай


Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде  қазақ әдебиетінде Абай іргетасын  қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі  үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады

Информация о работе Сүйінбай Аронұлы