Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 17:13, реферат
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
Ақын
әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның
әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан
тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде
жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы»,
«Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір»,
«Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ»,
«Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде
ұлтының басындағы халді шыншылдықпен
бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды.
Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән
ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым»
атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан
лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының
өткен өміріне көз жібереді, бүгініне
үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған,
қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры
шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын
жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі
мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған
жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын
мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның
тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта
тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді.
Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі
жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық
сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін
алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер
әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына
күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді
болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті
түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі.
Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын
сол көзеңдегі қоғамдық психологияны
дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау
салу бағытындағы ақынның арқалайтын
жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы
әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның
жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ»
өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын
сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ
пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі
қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эст
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».
Құр қалмақ, әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.
Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,
Абырой, кісілігім - ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі.
Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.