Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 16:16, реферат

Краткое описание

Туберкулез - адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ туберкулез ге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек , жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа ағзалармен мүшелер шалдығады. Туберкулез бен ауырғандардың 75% 20-40жас аралығындағы еңбекке жарамды және балалы болатын жастағылар. Бүгінде туберкулез ге шалдыққандардың басым көпшілігін аурудан толық айықтыруға болатыны дәлелденген. Егер ауруды анықтау, емдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып, үзіліссіз жүргізілсе бұл ауру толық жазылады.

Содержание

1 Тарихы
2 Жұқпалылығы
3 Туберкулез түрлері
4 Ауруды анықтау түрі
5 Емі
6 Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

туберкулез.docx

— 29.36 Кб (Скачать файл)

Емі

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз ету.


Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері

Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.

 

 Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік ( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.

 

 Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға  қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.

 

 

Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына  қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс.

 

 

Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.

 

 

Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

Туберкулездың арнайы алдын алуы.

 

 Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.

БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.  VIII том


2.Патологиялық анотомия  терминдерінің орысша – латынша  – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Туберкулез

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Асқарова.І 46 «Ә» топ

Тексерген: Құнанбаева С

 

 

Семей 2014


Информация о работе Туберкулез