Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 18:11, реферат
Тақырыптың мақсаты: Қазақтардағы уақыт санау жүйесінің негізгі ұғымдарын анықтау;
Тақырыптың міндеті:
- жалпы уақыт түсінігіне анықтама беру;
-уақыт санау жүйесіндегі уақытты анықтаудың жолдарын түсіндіру;
- қазақтың уақыт санау жүйесінің пайда болу себептерін айқындау;
І КІРІСПЕ…………………………………………………………….………….2
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………........…4
2.1 ҚАЗАҚТАРДАҒЫ УАҚЫТ САНАУ ЖҮЙЕСI…...……………………..4
2.2 УАҚЫТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР.....………………….…10
III ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...16
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМI…………….……….……17
Дәл осы сияқты ақпан-тоқпан атауының да қосарлана айтылуы тегін емес: әуелде ақпан «январь», тоқпан «февраль» деген жеке-жеке айлардың аты болған. Демек, бұл екі сөз де қосарлана келіп, қысқы шілденің баламасы болып жұмсалған. Ай есебінің өз «тұғырынан» ығысуы мен күнқайыру жүйесінің жаңғыруына байланысты тоқпанның орнына ай аты болып наурыз сөзі қолданылды. Бірақ ай санатынан шығып қалған мұндай атаулар мүлде ұмыт болып кеткен жоқ, басқаша мағына алып, амал атауына ойысты. Осымен байланысты тіліміздің күнқайыру лексикасына едәуір өзгерістер енді. Наурыз, шілде, шілде тоқсан тәрізді арнайы атаулар күнқайыру жүйесінде тұрақты қолданыла бастады. Осылайша ай есебінің көпнұсқалығы пайда болды. Сонымен, есепшілер кібісе жыл әдісін қолдана отырып наурыз күнқайыруының бірнеше стилін жасаған: мысалы, жыл басы февральдың 18-19-дарында басталатын шілде стилі, жыл басы марттың 9-10-дарында баста¬латын есетші Байбақты Қазыбек стилі т.б. Көптеген аймақта бұл аталған стилдер жүйелі қолданылған. Алайда есепшілердің басым көпшілігі дерлік жылдың шығуы мен кіруін парсы стилі, яғни Жас Наурыз бойынша марттың 22-24-і етіп алды. Жас Наурыз ел ішінде Көктастың Haурызы деп те аталады.
Түркі халықтарының арасына VIII-X ғ.-да тарай бастаған ислам діні қазақ қоғамының салт-санасына, мәдени өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ислам діні өзімен бірге жаңа тұрпаттағы жазу-сызуды ғана емес, күнқайырудың жаңа бір жүйесін де ала келді. Ай есебіне негізделген араб күнқайыруын кейбір түркі халықтары бұрынғы орта ғ.-дың өзінде-ақ қолдана бастады. М.Қашғаридың сөздігінде орта ғасырдағы ресми құжаттарда мысалы, Тоқтамыс ханның жарлықтарында, Қадырғали Жалайыри бидің шежіресінде жұмада әлаууел, рабби әл-аууел, ражаб, рамазан, сафар, зұлқыжа т.б. ай есебі бар. Қадырғали бидің айтуынша, түркілер екі түрлі күнқайыру жүйесін қолданған. Біріншісі - арабша ай есебі, екіншісі - жұлдыз есебі. Ел ішінде марқұм болған адамның жасын шығару салтында осы күнге дейін араб жүйелі күнқайыру қолданылады. Сондай-ақ, ел арасында сапар айында ұзақ жолға шықпайды деген де ырым бар. Байырғы кезде сапар айында сапар қашты ырымы да жасалатын болған. Ораза айт, Құрбан айт мейрамдары, марқұм болған адамның жасын шығару, т.б. діни салт-дәстүрлер арабша ай есебі бойынша өткізілді. Ережеп, Рамазан, Жұмаділ, Шабал, Барат, Әшір тәрізді есімдер сол айда немесе осы айдағы айтулы мезетте (датада) туған балаларға қойылған. Міне, мұндай мысалдар арабша ай есебінен қазақ қоғамында кең түрде әрі жүйелі қолданылғанын көрсетеді.
Арабша ай есебімен қатар ел іші, әсіресе ескіше оқыған сауатты адамдар күнделікті тұрмыс-тіршілікте жұлдыз есебін де қолданған. Он екі шоқжұлдыз атауы Грекиядан араб елдеріне, одан түркі халықтарына кең тараған. Он екі шоқжұлдыздың түркіше атауы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанында (XI ғ.) осы дастаннан шағын үзінді берілген және шоқжұлдыздың түркіше атауы арабша, қазақша арабша аймен салыстырылған. Геоцентристік ілім бойынша Күн Жерді 365 тәулікте айналып шығады. Күннің Жерді айналып шығатын жолында ара қашықтықтары бірдей он екі шоқжұлдыз орналасқан. Күн өзінің жылдық жолында осы он екі шоқжұлдызды басып өтеді. Әр шоқжұлдыздың арасы - бір ай. Олардың арабша атауын қазақ есепшілері жақсы білген. Хамал жұлдызының 16-сы Ақырап жұлдызының 27-сі деп уақытты жұлдыз бойынша да есептеген. Кей аймақтарда қыркүйек-мизан, қараша-қауыс, жедді-тоқсан, қаңтар- дәлу деп дәстүрлі ай аттары мен сол айға сәйкес жұлдыз атаулары қосарлана айтылады. Жұлдыз бен дәстүрлі ай аттарын бұлайша қосарлау уақыттың қай күнқайыруы бойынша айтылғанын дәлдеп көрсету үшін қажет болған. Сөйтіп, қазақ даласына тараған әртүрлі мазмұндағы кітаптар арқылы араб тілінен төл сөздік құрамға бір алуан сөз енді. Олардың ішінде ай аттары, он екі шоқжұлдыздың атаулары да болды. Тек кейбір деректерде мәулет, әшір, арапа, арай (ара ай) тәрізді атаулар азаматтық ай аттарының қатарында айтылғаны болмаса, қазақ қоғамында араб жүйелі күнқайыру мен арабша ай аттары, негізінен, діни рәсімдерге байланысты қолданылды. Араб тілінен енген маусым («мезгіл») деген бірер сөз кей аймақтарда белгілі бір себептермен «ығысып» кеткен айдың орны¬на қолданылған. Бірақ кейбір деректерде (В.В. Радлов, Ш.Уәлиханов, т.б.) маусым ай аттары ретінде көрсетілмеген. Шындығында қазақ тіліндегі маусым - арабтың маусым «мезгіл» («сезон») деген сөзі. Сөйтіп, қазақ қоғамы өзінің сан ғасырлық тарих күшінде күнқайырудың бірнеше түрі мен стильдерін қолданған. Бірақ күнқайырудың әр түріне, әрқилы жүйесіне арқау болған ай есебінің дені күні бүгінге дейін сақталып келді. Сонымен бірге күнқайыру жүйесіндегі ай есебі қайсыбір кездерде өз «тұғырынан» ығысып, басқа тілдік атаулармен де алмастырылды. Дегенмен, бұрын-соңды қолданып келген ай аттарының біршама толық құрамын төмендегіше жинақтап көрсетуге болады Ай аттарының қазақ тіліндегі құрамына карағанда, бұл топтамадан жүйе қуалап, жоба табу қиын тәрізді. Қазіргі қолданып жүрген ай есебінің құрамы мынадай (жыл басы наурыздан кейінгі ретпен):
1-ай: бес тоғыс, көкек, наурыз, отамалы, хамал, әз айы, екі ағайынды (грегориан санаты бойынша мартқа шамалас ай);
2-ай: үш тоғыс, наурыз, көкек, сапар ай, сәуір, отжақпас (апрель);
3-ай: бір тоғыс, маусым, көкек, мамыр ай, саратан, құралай, мамыр (май);
4-ай: шілде, зауза, саратан, маусым, ара айы, сарша- тамыз, мамыр (июнь);
5-ай: жиырма үш тоғыс, сарша, әсет, тамыз, шарша- тамыз (июль);
6-ай: жиырма
бір тоғыс, тамыз, әсет, шілде,
сүмбіле, әзіре, сарша (август)
7-ай: он тоғыз тоғыс, қыркүйек, сарша-тамыз, мизан, қазан, сентябрь;
8-ай: он жеті
тоғыс, қазан, қараша, ақырап, мизам,
қараша-қауыс, желді, жұт
9-ай: он бес тоғыс, қараша, желтоқсан, қауыс, тоқсан, қараша-қауыс, қыркүйек, мизам (ноябрь);
10-ай: он үш тоғыс, қаңтар, жедді, қараша, желтоқсан (декабрь);
11-ай: он бір тоғыс, қаңтар, желтоқсан, ақпан, дәлу, үштің айы, қыстың айы (январь);
12-ай: жеті тоғыс, ақпан, ақпан-тоқпан, бірдің айы, үш хұт, үш айы, наурыз, отамалы, наурыз қыстың айы (февраль)
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақтардағы уақыт санау жүйесі табиғи және тарихи уақыт құбылыстарының ауысып өткендігін білдіреді.Уақытты түсіну адамның өзінің жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстармен өлшенетін ұғым болар. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол ешнәрсеге қарамастан жылжуын жалғастыра береді. Ал, Жердегі уақытты өлшеу Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса мүмкін болмас еді. Сол себептіде жердегі уақытты өлшеудің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса, Жердегі жыл мөлшерін анықтау мүмкін болмас еді. Бұған бұл рефератты жазу барысында көзіміз жетті. Яғни алғашында қазақтарда уақыт санау жүйесі бірден қалыптасқан жоқ. Осы орайда тіпті бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей, бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі, бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есептеп көрсеткен. Осыдан-ақ қазақтардың астрономиялық білімінің ерте заманда-ақ басқа халықтарға қарағанда жоғары болғанын байқауға болады.Ойымызды қорытындылай келе бір нәрсені айтқымыз келеді. Қазақтардағы уақыт санау жүйесінің тарихы басқа өркениетті елдерге қарағанда тамыры тереңде жатыр, сол себептіде біздер болашақ тарихшылар сол тарихтың өшпеуіне бар күш жігерімізді салуымыз керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ