Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:24, реферат
Кіріспе Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады.
Кіріспе
1.Мәтін мазмұнын толық жеткізу
2.Ойыншықты сипаттау бойынша сабақ жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
1.Мәтін мазмұнын толық жеткізу
2.Ойыншықты сипаттау бойынша сабақ жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кіріспе Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың жазбаша тілін дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдәгі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл ұстарту мәселесі нақтылы да жүйелі жүргізілмей, тіл ұстарту мәселесінің өзі де әлі де нақтыланбай, оны жүзеге асырудың бағыттары, жолдары анық белгіленбей, белгілі бір жүйеде қолданылмай жүргендіктен, оқушылардың шығармашылық жазу жұмыстарының т.б. сапасы төмен дәрежеде екндігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда айтылып та жүр. Бұл фактілер, біріншіден, оқушылардың тілін дамытуға байланысты олқылықтардың орын алуымен айқындалса, екіншіден, тіл дамыту әдістемесіндегі нақтылықты қажет етумен айғақ болады. «Тіл дамыту» мен «Тіл ұстарту» ұғымдарын нақтылап айқындау қажеттігі әдіскер-ғалым Б.Жахинаның айтқандарынан көрінеді. «...Әрі қазақ тілі әдістемесі бойынша дұрыс қалыптаспай келе жатқан, мектеп мұғалімдерінің арасында қиындық келтіріп), әр түрлі ой-жорамал туғызып жүрген «Тіл дамыту» әдістемесіне жүйелілік енгізу үшін «Тіл ұстарту», «Тіл дамыту» деген екі атаумен аталып жүрген екі терминнің өзін, екеуінің де алдына қойып отырған мақсат-мүддесі оқушы тілін дамыту, ойын жазбаша әрі ауызша түде сауатты, көрікті жеткізе білуге үйрету болғандықтан бір ғана атаумен атаса да дұрыс болатын сияқты».
Тілдің құрылымдық бірлігі-мәтін болып саналады. Мәтінмен жұмыс жүргізгенде біз мақсат қоя білуіміз керек; берілген мәтінді қалай оқу керек. Мәтін мәліметті жеткізуші, сақтаушы ретінде бірнеше түрге бөлінеді: хабарлама, хат, қолдану бойынша нұсқау, өлең, сұхбат, автобиография, әдеби мәтін, хабар, рецепт, арнайы мәтін, санақ, тест, жарнама, әзіл, мақала.
Мәтінмен жұмыс жүргізу бірнеше этаптардан тұрады:
I этап — Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізуге дайындық:
Оқыңыз немесе әріптерде мәтіннің тақырыбын құрып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіз1қалай1ойлайсыз,1мәтінде1не
Мәтіннің1бас1және1қосалқы1кейі
Мәтінде1неше1кейіпкер1бар?
Тақырыбына1қарап1қандай1уақиға
Мәтінде1қандай1жыл1мезгілі,1кү
Мәтінде1қандай1тарихи1уақиғала
Мәтінде1қандай1ауа-райы1көрсет
Мәтін1мазмұндаманың1қай1түріне
Мәтінде табиғат көріністері, жануарларды
суреттеу бар ма?
II этап — Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар
III этап — мәтіннің лексикалық құрамына тапсырмалар:
IV этап — мәтінге грамматикалық тапсырмалар:
V этап — Мәтін бойынша көшірмелі, құрылымдық, шығармашылық тапсырмалар:
Сабақтың мақсаты: Балаларды
резинаның қасиетімен таныстыру; ойыншық1атын1дұрыс1атап,1сипат
Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар,1мнемотехнология1сы
I Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі.
Сабақтың барысы: Балалар шеңберге тұрады
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз,
Тату-тәтті тұрамыз.
Тәрбиеші: Енді бір – бірімізге сәлем берейік.
Сәлемет бе, міне мен!
Доспын енді сенімен!
(бір – бірлерінің қолдарынан ұстайды)
Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар?
Балалар: Доп
II Ұйымдастырулы – ізденушілік
1. «Доппен ойнау»
Мақсаты: мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиеші: Бұл жай доп емес, сиқырлы доп. Бұл сиқырлы допты алақаныма салып, айналдырып доп туралы тақпақ айтайық.
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Ойнайтын сенімен бала көп.
|
|
|
|
Тәрбиеші балаларға себеттің ішінен кішкентай доптарды алып таратады. Балалар доптарды қолдарына ұстап, қарайды.
Тәрбиеші: Балалар, бұл доп неден жасалған?
Балалар: Резинадан жасалған.
Тәрбиеші: Доп қандай, қатты ма, жұмсақ па?
Балалар: Жұмсақ
Тәрбиеші: Доппен біз не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз
Тәрбиеші: Допты соққанда, ол секіреді. Себебеі, ол желденген.
2. Мнемотехнология сызбасы (интерактивті тақта бойынша)
Мақсаты: сызбаға сүйеніп допты сипаттауға үйрету, заттың түсін, пішінін, көлемін ажырата білу біліктілігін қалыптастыру.
Тәрбиеші: балаларға сызбаны көрсетіп допты қалай сипаттауға болатынын айтады, мнемотехнология сызбасына сүйенеді.
Мынау не? – Доп
Доп қандай? – домалақ
Түсі қандай? – қызыл, жасыл, сары, көк
Доптың көлемі қандай? – үлкен (кішкентай)
|
|
|
|
3. Эксперименттік жұмыс
Мақсаты: балаларды өз еркімен тәжірибе жасауға, қорытындылауға үйрету.
Тәрбиеші: Балалар допты басқанда, ол жұмсақ басылады, сосын өз қалпына қайта келеді. Қазір біз сендермен тәжірибе жасаймыз: допты суға салайық. Қане, қараңдаршы доп бата ма, жоқ па? Батпайды екен. Қалай ойлайсыңдар неге, батпайды?
Балалар: ол жеңіл, резинадан жасалған.
4. Дидактикалық ойын: «Дұрысын тап»
Мақсаты: заттарды бір – бірінен ажырата білуге үйрету, салыстыра ойлауын дамыту.
Шарты: Үстел үстіне ағаштан, пластмассадан, резинадан жасалған бірнеше ойыншықтар қою. Балалардан резинадан жасалған ойыншықты тауып көрсетуді сұрау.
Тәрбиеші: Балалар, ойыншық туралы қандай тақпақ білеміз?
Қане барлығымыз бірге айтайық.
Ойыншықтар қандай, қандай,
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Түрлі – түсті түстері
Көз тартады өздері.
III Жетекші – жөндеуші
Қорытынды
Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімейді. Сабақта қолданған ойыншықтарды өз орнына апарып жинап қояйық.
Қорытынды
Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне
әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп
отырады. Бірақ оның барлығы бірдей
тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар
аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады
да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып
қабылданады”, - дейді. Сол тәрізді оқушылардың
мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін,
түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір
мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың
ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін
ғана толық қабылдап, соларды баса жазады.
Ал оқушы назарына мәтін мазмұнына ұйытқы
болып тұрған негізгі мәселелер емес,
екінші қатардағы, қосалқы жайлардың көбірек
ілігуі де ықтимал.
Мазмұндаманы толық жеткізуі үшін
бірқатар әзірлік жұмыстары жүргізіледі.
Мәтіннің баяндалу формасы, диалог сөздер,
суреттеулер анықталады.
Пайдаланған әдебиетттер:
1. А. Б. Балабаева. Қарапайым математикалық ұғымдармен
Информация о работе Ойыншықты сипаттау бойынша сабақ жоспары