Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 17:05, реферат
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
2. Еңбек ауырлығы ұғымы
3. Жұмысқа қабілеттілік
4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері
5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу
6. Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау
7. Еңбек және демалыс режимдері Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
7.
Еңбек және демалыс режимдері Еңбек және
демалыс режимі — ауысым, апта, ай, жыл
аралығындағы жұмыс пен демалыс уақытының
нақты кезеңділігін реттейтін тәртіп.
Еңбек және демалыс режимдерін тиімді
өңдеудің негізгі мақсаты жоғары жұмыс
қабілеттігін, жұмыскердің денсаулығын
сақтау, оның тұлғалығын дамыту үшін қолайлы
шарттарын құру, сондай-ақ өндірістік
күшті тиімді пайдалануды қамтамасыз
ету болып табылады. Еңбек және демалыс
режимін негіздеу адам факторлары бойынша
– еңбек психологиясы мен физиологиясының
талаптар-ын есепке алу, демалыс уақытында
жұмыс қабілетін толығымен қалпына келтіруге
қажетті адамның жұмыс қабілетінің динамикасы
бойынша нақты шектеулер ретінде әрекет
етеді. Жұмыс пен еңбек режимін дайындауда
бірнеше жалпы талаптар ескерілуі керек,
негізінен: • барлық жұмыста және барлық
жұмысшылар топтары үшін жұмыс пен демалысты
тиімді кезектестіру; • кейбір жынысжастық
топтағы психофизиологиялық ерекшеліктерін
есепке алу (алдымен жасөспірімдер, сондай-ақ
жүкті , жас балалары бар әйелдер); • демалысқа
уақытты бөлу және еңбек мазмұны мен негізделген
шарттарда, жүктеме жұмысы уақытында шығаруды
есепке ала отырып, оны өткізуді ұйымдастыру;
• демалыстың кезеңдігі мен ұзақтығын,
сондай-ақ ауысым кезінде оны ұйымдастыруды
реттеу; • демалысқа үзілістің ұзақтылығы
мен санын анықтау әдістері мен қағидаларының
бірлігі. Регламентацияның қажеттігі
адам қажу деңгейін әрқашан субъективті
бағалай алмайтындығымен байланысты.
Жұмыста уақытынан бұрынғы үзіліс қалыптасқан
жұмыстың динамикалық таптауырын мен
нақты жұмыс істеу қабілетінің деңгейін
бұзады. Сонымен қатар демалысқа өзіндік
шығулар уақыт пен ұйымдастыруды бұза
отырып, өндіріс процесінің қарқындылығын
бұзады. Ұйымдастыру-техникалық себептер
бойынша кездейсоқ тоқтап қалу жұмыс динамикасының
таптаурының бұзылуына әкеледі, келеңсіз
эмоция толымды демалыс ретінде бағалана
алмайды. Жұмыс қабілетінің динамикасы
мен деңгейіне өндірістік орта мен еңбек
мазмұнының көптеген факторлары әсер
етеді, сондықтан еңбек пен демалыс режимдері
технология, еңбек шарты, оны механикаландыру
деңгейі, еңбек процессі құрылысының өзгеруін
есепке ала отырып, жүйелі түрде қайта-қайта
қарастырып отыру керек. Еңбек пен демалыстың
ішкі ауысымдық режимі ауысымның басталуы
мен аяқталуы уақыты, оның ұзақтылығы,
демалысқа үзілістің қосынды ұзақтығы,
кейбір үзілістердің мөлшері, оларды ауысым
аралығында бөлу мен регламенттеледі
Демалыстың ішкі ауысым үзілісіне микроүзіліс,
регламенттелген үзіліс, түскі үзіліс
жатады. Микроүзіліс — бір істен екіншісіне
ауысуда жүйке жүйе-лерінің қайта ауысу
қажеттігімен шыққан жұмыс, операция арасындағы
ұзақтығы бірнеше секундтарды құрайтын,
өзі шығаратын қысқа үзілістер. Демалысқа
регламенттелген үзілістер жұмыс қабілетінің
күрт түсуін алдын-алуға арналған. Олар
жұмыс уақытына уақыт нормасының құрамына
енетін ұзақтылықтағы еңбек нормасының
есебінде енеді. Демалысқа үзілісті беру
уақыты оның түсу кезеңінің алдында жұмыс
қабілетінің ауысым динамикасын есепке
ала отырып анықталады. Жалпы ұзақтылықтың
30—40% жинақталған қажуды есепке ала отырып
бірінші жарты ауысымды, ал қалған бөлігін
екіншісіне ұсынған дұрыс. Түнгі ауысымға
жалпы уақыттан 4-6 мин үзілістерді ұзартқан
дұрыс. Түскі үзіліс пен демалысқа арналған
және ауысым уақытына енбейтін 30 минуттан
1 сағатқа дейінгі ұзақтықта түскі үзіліс
болады. Оны ауысым ортасына қойған дұрыс.
Еңбек пен демалыстың апталық режимі демалыс
күндерінің тәртібін қарастырады. Сонымен
қатар, апталық және айлық режим жұмыс
ауысымының графигін орнатады. Демалыс
күндерін жұмыс күндерінің тең санынан
кейін қойған дұрыс. Ауысым графигін ауысымның
кезеңдігімен, ауысымнан ауысымға ауысу
тәртібі мен жиілігімен анықталады. Сонымен
қатар, мереке және демалыс күндерінен
тұратын, еңбек пен демалыстың жылдық
режимі бар. Еңбек пен демалыс режиміне
жұмыс ерекшелігі мен оның ауа-райы немесе
климаттық жағдайларды жүзегеасырылуы
әсер етуі мүмкін. Демалыс тиімділігі
оны өткізуді ұйымдастыруға байланысты.
Белсенді және пассивті демалыс бар. Белсенді
— туризм, спортпен шұғылдану және т.б.
физикалық жүктемеге демалыс, іс-әрекет
ауысымын ұсынады. Белсенді демалысқа
өндірістік гимнастика жатады. Пассивті
демалыс ауыр физикалық жұмыстарға арналған
организмнің байсалды жағдайында жұмыс
қабілетін қалпына келтіруді ұсынады.
Информация о работе Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар