Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:41, реферат
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.
Энуклеация әдісі. Әдіс келесі процедуралардан тұрады:
Мен жасанды адам жасау дегенге түбірімен қарсымын. Себебі, қолдан жасалған адам қалай болғанда да, табиғи адамдай болмайды, ол бәрібір қандай да бір кемістікпен туады. Тіпті, жоғарыдағы жобаны жетілдірген жағдайда да, адамның тап сондай көшірмесін жасау мүмкін емес. Ал, жасағанның өзінде де жер бетін жасанды адамдармен толтыру ақылға сыймайтын нәрсе. Адамның көшірмесін жасау, меніңше, адамның құндылығын төмендетіп жібереді. Адам дүниеге бір-ақ рет келуі керек және әр адам қайталанбас тұлға. Ол сонысымен де бағалы.
Ал, жасушалар арқылы органдар жасап шығаруға қарсы емеспін. Себебі, бұл тәсіл адам өмірін құтқарып қалу үшін ойластырылып жатқан жоба. Адам баласына пайдалы нәрсенің бәрі де жұртшылық тарапынан қолдау табуы тиіс.
Клондау ғылымы қадамын
алға қарай қарқынды басып
келеді. Бір қуантарлығы әлемдік
ғылыми жетістіктерге осы
Дәлмына студияда әлемге танымал ғалым Шухрат Миталиповтірек клеткаларын денсаулық саласында қолданудың мүмкіндіктерін айтып түсіндірді. Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы ғалым және оның қарындасы Майя тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің әдістемесін ұсынған болатын. Зерттеу барысы кезінде денсаулығы дұрыс аналық маймылдардың жұмыртқа клеткасын ауру макакаларға ауыстырып, нәтижесінде он шақты жануарлардың балаларын аман алып қалған. Осыдан соң, ғалымдар аналық қан арқылы берілетін тұқым қуалайтын ауруларды тоқтатуға болатындығын дәлелдеп шықты.