Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 18:23, реферат

Краткое описание

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев (09.04.1953 ж., Бесарық ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2009 жылдан бастап).
Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш.
Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист.

Вложенные файлы: 1 файл

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев.docx

— 28.43 Кб (Скачать файл)

Мәселен, «Шығыс шынары» атты рес­публикалық жыр мүшәйрасы.

Мәселен, «Нұрлы көш» бағдарламасы негізінде Өскемен іргесінен оралман­дарға арналған 600 үй салынып, «Шығыс» атты шағын ауданның бой көтеруі. Жаңа құтты қоныс, жарқын елді мекенің.

Біздің әкім Бердібек Мәшбекұлы туралы  тағы  айтатын болсақ – өткен

2012 жылдың да өңір өмірінде  биік белес болып, тұтас алғанда  да толағай та­быс­­тармен қорытындыланып  жатқаны.

Жалпы, Бердібек Сапарбаев басқар­ған үш жылды алсақ, тіпті үлкен өрлеуге, келелі өркендеуге куә болар едік.

Соңғы үш жылдың ішінде облыстағы өндірістің өсімі 60 пайызға өскен...

...жаңадан 50 мыңдай жұмыс орны  ашылып, осынша адам еңбегінің  жемісін көре бастаған.

...шағын және орта бизнесті  дамытуға жағдай туғызылғандықтан  қазір халық­тың 25 пайызы осы  салада жұмыс істеп, бұ­лар бюджет  түсімінің 19 пайызын беріп отыр.

...еліміз халқына Өскеменнің  жаңа да жақсы автокөліктері  қызмет ете бастады.

...өзінің тіл үйірген тәтті  дәмімен және ерекше елдік  қасиетімен шығыстан да тыс  жерге танымал Алтай балы көп  өнді­ріле бастады. Омарта шаруа­шылы­ғына  орынды көңіл бөлінгендіктен, көп  ұзамай-ақ жылына 10 мың тонна Алтай  балы халық мұқтажын өтемекші.

...Алтайдың атақты мүйізі дәрі  маралы, теңбіл бұғысы өтпелі  кезеңде күрт азайып, қағажу көрсе, қазір бұл бесінші түлікке  де үлкен қамқорлық жасалып, соның  арқасында бүгінде 7 мың бастан  асып отыр.

Мұның бәрі – тек тізілген сандар, кенеулі көрсеткіштер ғана ма? Жоқ, бұлардың әрқайсысының аржағында аймақ­тағы 1 миллион 900 мың адамның маңдай тері, ми күші, білек қуаты, жүрек дүрсілі жатса, Бердібек әкімнің ұйымдастырушылық ұлағаты, жан жылуы, ақсақал қариялардың даналығы мен зиялы қауымның даралығы байқалып, ұстаз­дардың тәлімі, жастардың туған жерге деген жан жалыны сезіліп, сәбидің күлкісі, келешектің тынысы естіліп тұрса, қа­лайша құрғақ сандар, сірескен көр­сеткіштер дей алармыз. Жоқ, бұлар – ағарып атқан таңдар, қызарып батқан күндер, ұйқысыз өткен түндер, қиындық пен тірес, Шығыс Қазақстан аймағының шырайлы Бүгіні мен шұғылалы Болашағы үшін ұлы Күрес. Осынау маңызды мүдде, маздақ міндеттерді атқарысқан жанды абзалдандырып, оқып-куә болған жанды қанаттандырып тұрған отты да ойлы, мөлдір де маздақ жыр жолдары. Ендеше, Бердібек Мәшбекұлы нұрлы ақылымен, еткен еңбегімен осындай жыр жазып келе жатқан, заманына сыр айтып, жүрегінен нұр төгіп, Сыр бойындағы еліне қоса Оңтүстіктегі, Алтайдағы алашын үлкен жүрек жылуымен жылытып, жарылқап, биікке бастап, асқарға шығарып келе жатқан Ер. Ол қаңси бастаған Сыр дариясының арнасын кеңейтіп, айдынды теңізінің Көкаралын түзді. Қараңғылық құшағында қалтырап тоңып жатқан Оң­түстігіне күн сәулесін құйып, жарық түсі­ріп, жаңа өріс-жайлауға шығарды. Міне, енді туған Алтайының шырайын кіргізіп, тосын селден, суық желден арашалап, Елбасы айтқандай, алаштың Алтын алқасының ажарын ашуда.


Информация о работе Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев