Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 09:57, реферат
Жеке организмдердің өмір сүру ұзақтығы сол түрдің тіршілік ету ұзақтығынан әлдеқайда аз. Түрдің тіршілік етуі оны құрайтын жеке-даралардың тіршілігімен сипатталады.Табиғатта түрдің сақталуы, дамуы оның дараларының көбеюіне байланысты. Көбеюдің арқасында ұрпақтар жалғасады,түр сақталады. Әрбір түр өкілдерінің жеке дамуында осы түрдің тарихи дамуына тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке даму мен тарихи дамуына тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке дамуы мен тарихи дамудың,онтогенезбен филогенездің арасындағы байланысты ХIX ғасырда Ч.Дарвин,Ф.Мюллер,Э.Геккель биогенетикалық заңында көрсеткен.Ұрықтық дамуы тарихи дамудың қысқаша,жылдам қайталануы,басқаша айтқанда, онтогенез филогенездің қысқаша,жылдам қайталануы.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары.
2. Адам эмбриологиясы және эмбрионның дамуы.
4. Дамудың қатерлі кезеңдері.
5. Құрсақ ішінде дерттердің жалпы патогенезі.
6. Ауру кезіндегі белок құрамының өзгеруі.
ІІІ. Қортынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Сонымен,организмдегі кез
Ақырғы фенотиптің қалыптасуында ұрық клеткалар клондарының әр түрлі жылдамдықпен көбеюінің,олардың мигралациянуынның,таңдамалы іріктеп жіктелуінің және кейбір клондардың заңды түрде өліп жойылуының маңызы зор.Эмбриональдық даму кезінде нерв тканьдерін құрайтын клеткалардың бөлінуі және мамадануы басқа ткань клеткаларына қарағанда салыстырмалы жылдам жүреді.Кейбір мүшелерді құрайтын клеткалар өзінің тиісті орнынан басқа жерде қалыптасады,содан соң амеба тәрізді қозғалыс нәтижесінде өзінің орнына жылжып, мигралацияланады, шоғырланып мүшені қалыптастырады (мысалы,бүйрек үсті безінің хромофиндік ткані.) Кейбір мүшелердің ақырғы,нақты пішінінің қалыптасуы бірқатар клеткалардың өліп,жойылуы нәтижесінде жүреді.Оған адам қолының даму кезіндегі,саусақтар арасындағы жарғақты құрайтын клеткалардың жойылуы жатад Әртүрлі тәжірибелердің нәтижесінде даму процесінде гендердің жойылмайтындығы,ұрық клеткаларында гендердің таңдамалы экспрессияланатыны және гендер белсенділігінің уақытқа (фазаға) сәйкестілігі анықталды.Гендер белсенділігінің уақытқа сәйкестілігі ұрықтың қалыпты дамуында маңызды рөл атқарады.Адамның қалыпты төрт түрлі гемоглобинннің құрамын бақылайтын гендердің белсенділену мезгілдері әртүрлі.Алдымен эмбриональдық гемоглобинннің гендері одан кейін фетальдық гемоглобиннің ең соңында А және А, гемогглобиннің гендері активтеледі. Эмбриогенездің қалыпты жүруі тұқым қуалайтын информацияның дұрыс іске асырылуына байланысты.
Дамудың қатерлі кезеңдері.
Онтогенездің кейбір кеезеңдерінде ұрықта
өте жоғары сезімталдық болатынын
австриялық дәрігер Норман Грегт(1944) және
Кеңес эмбрионалы П.Г.Светлов (1960) анықтады.Ұрықтық
дамудың кезеңінде және оның мүшелерінің
қалыптасуында күрделі сапалық қайта
құрулар жүреді.Клеткалардың пролиферациясы
және диференциясы кезінде ұрық зиянды
әсер ететін факторлар тератогендік (лат.-ақаулар)факторлар
деп аталады.Оларға рентген сәулесі,алкоголь,никотин,дәрі-
Имплантацияда ұрық жатыр қабырғасына енеді.Ұрықтың айналасында қан құйылған имплантациялық шұқыр пайда болады. Екіқабаттылықтың алғашқы екі аптасында ұрық осы шұқырдан қоректік материалды (гистиотрофтық қоректену типі) пайдаланады.
Плацентацияда ұрық пен анасы арасында тығыз байланыс қалыптасады, ұрықтың қоректенуі, тыныс алуы анасының қаны арқылы (гематотрофтық ұоректену типі) жүреді.
Перинатальдық туылу кезеңінде нәресте анасының жатырынан сырқы ортаға шығады, өздігінен тыныс алады, қоректенеді,зәр шығарады және т.б. автономдық тіршілік ету процесстері басталады.
Анасының аяғы ауыр
кезінде қабылдаған ұйқы
Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы потогенезі.
Ауру туындататын себептер ықпалдар ұрыққа тікелей әсер етуі мүмкін.Мәселен, радиация, жұқпалар, мутагендер.Сонымен бірге олар жатыр мен бала жолдасының арасындағы қанайналымын бұзып әсер етуі ықтимал.Бала жолдасы (плпцента) тасымалдық, тыныстық, зат алмасулық, тосқауылдық және эндокриндік қызмет атқаруымен қатар, «анасы-бала жолдасы ұрық» жүйесінде иммундық өзара қатынастарды реттейді.Оның тасмалдық қызметінің бұзылуы нәтижесінде ұрыққа қажетті қоректік заттар түспейді де, нәрестенің гипотрофиясы байқалады. Тыныстық қызметі бұзылудан ұрыққа және жаңа туған нәрестелерде оттегінің жеткіліксіздігі болып, құрсақ ішінде дамудың кешеуілдеуі, гипоксиялық энцефалопатия(ми қызметінің бұзылыстары)дамиды.Бала жолдасының тосқауылдық қызметі бұзылудан ұрық организміне әртүрлі улы заттар, вирустар мен микробтар, канцерогендер жеңіл өтіп кетеді. Оның эндокриндік қызметінің бұзылуынан ұрықтың ішкі сөл бездерінің қалыптасуы, жетілуі, өзара реттелулері бұзылады.Бала жолдасында қанайналымның бұзылыстары оның негізгі атқаратын қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі. Сонымен бірге бала жолдасы қалыптасуының бұзылуы ұрықта оның екіншілік жеткіліксіздігін туындатып, туа біткен гипотрофия, нәрестенің толық жетілмеуіне (бейспецификалық фетопатия дамуына ) әкеледі.Эмбрион мен ұрықтың құрсақ ішінде даму бұзылыстарының патогензі негізінен олардың реактивтілігінен немесе бүлдіргіш әсерлерге жауап қайтару қасиетімен байланысты болады.Ұрықтың жетілуіне қарай туар алдында (антенаталдық) және туғаннан кейінгі (постнаталдық) кезеңдерде оның бүлдіргіш әсерлерге жауап қайтару қабілеті біртіндеп күрделене түседі.Ұрық дамуының бастапқы кезеңдерінде ол ешбір ықпалға жауап қайтармайды. Сондықтан кез-келген дерт туындатқыш ықпал тек бүліністерге әкеледі.Осыдан болашақ баланың пішін қалыптастыруы бұзылады, жалпы организмнің немесе жекелеген ағзалардың дамуы кешеуілдейді, бойы өсу қарқыны нашарлайды және әртүрлі тін бөлшектерінің нақтылануы өзгереді, туа біткен кемтарлық дамиды.Жүктіліктің 12-аптасынан кейін ұрықтың өсіп-өну қарқыны ұлғаяды.Бірақ қабыну процесінде қан тамырларының реакциялары әлі толық байқалмайды.Тіпті бала туғаннан кейінде қабынулық реакциялар мен иммундық реактивтілік толығынан жетілмеген болады.Олар туғаннан кейін ғана біртіндеп жетіле береді.Дегенмен,ұрық дамуының соңғы кезеңдеріндегі дерттер ересек организмнің дерттеріне сәйкес болып келеді.Соған қарамай, олар біріншілерінде соңғыларына қарағанда мынадай ерекшеліктермен көрінеді:1.бұл кезеңде кез келген дерттік процесс ұрықта әлі толық нақтыланбаған тіндер мен ағзалардың бұзылыстарын туындатады:2.жұқпалар бір жерге тұрақталмай бүкіл денеге тарап кетеді:3.регенерация процестері тым қарқынды өтетін болғандықтан,ағзаларда дәнекер тіндер артық өсіп- өніп кетеді,фиброз дамиды. Құрсақ ішінде ұрық дамуы бұзылыстарының пайда болуы және даму тітіктерінде ұрықтың бүліндіргіш әсерлерге жоғары сезімталдығының маңызы зор.Ол ұрық дамуына қарай біртіндеп төмендейді де,жүктіліктің соңында туған бала органмзмінің деңгейіне келеді.Сол себептен ұрық бүлінуінің түрі бүліндіргіш әсердің арнайы түріне байланысты болмай,оның ұрық даму сатыларына қарай әсер ету мезгіліне байланысты болады.Кез келген дерт туындатқыш ықпал ұрық дамуының белгілі сатысында әсер еткенде біртекті бұзылыстар дамиды.Бұл кезде бүліндіргіш ықпал әсер еткен мезгілде ең жоғары сезімталдығы (қатерлі кезеңі) болған құрылымдардың қалыптан ауытқулары байқалады.Екінші жағынан бүліндіргіш ықпал ұрық даму сатыларына қарай әсер еткенде сол саты кезінде жоғары сезімталдық жағдайында (қатерлі кезеңде) болған әртүрлі ағзалардың бұзылыстарын туындатады.Туар алдындағы кезеңде бала организмі бүліністерінің дамуында бүлдіргіш ықпалдың әсер ету күшінің маңызы үлкен.Тым күшті әсерлердің нәтижесінде,ұрықтың шетінеуіне әкелетін,оның дамуы қатты баяулайды немесе бала туғаннан кейін тіршілікке өте қауіпті ауыр даму ақаулары байқалады.Күші бойынша орташа ықпалдардан кейін жүктемелерге икемделуге қатысатын ұрықтың функциалық жүйелері тым жетіліп кетеді де,басқа жүйелері жетілмей қалады.Мұндай жағдайды “физиологиялық жетілмеу” дейді.Әлсіз ықпалдар әсер еткенде,ұрықтың бейімделу қабілетін жаттықтыратын “физиологиялық стресс” дамиды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Астана Медицина Университеті» АҚ
“Гистология,цитология және эмбриология” кафедрасы
Тақырыбы: Адам эмбриологиясы.Дамудың қауіпті кезеңдері
Орындаған: Есеналиева Ұ.
210- топ ЖМ
Тексерген:Қожахметова Ұ.А.
Астана 2014 ж.