Дезинфекция және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 20:59, творческая работа

Краткое описание

Дезинфекция (залалсыздандыру) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені.
Дезинфекция кешеніне алдың-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:
-алдың-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады;

Вложенные файлы: 1 файл

Дезинфекция.ppt

— 3.81 Мб (Скачать файл)
  • Медицина қызметкері өңдеуді жасаудан бүрын қолданатын заттың әдістемелік нұсқауымен танысуы керек, антимикробты әсеріне, улылық параметрлеріне (науқас бар кезде затты қолдануға болады ма, оны қолданған кезде сақтану шаралары) заттың өзіне тән ерекшеліктеріне мән беру керек.
  • Дезинфекциялаушы ерітінділерді - вентиляциясы жақсы істейтін арнайы бөлмеде жасайды. Ерітіндіні жасайтын мед.қызметкер арнайы киімде: халат, калпақ  дәкелік таңғыш, резеңке қолғап, егер нұсқаулар болса, респиратор, қорғаныс көзілдірік киіп, жұмыс істейді.
  • Дезинфекциялаушы ерітінділерді, дезинфекициялаушы затты құбыр суымен арнайы техникалық ыдыста араластыру арқылы жасайды. Егер заттың коррозионды (хлорактивті, оттегіге активті) әсері болса, онда ерітінді дайындауға коррозияға тұрақты ыдыстар (пластик, шыны, эмаль) қолданылады.
  • Жұмыс ерітіндісін дайындауға керекті заттың қажетті мөлшерін таразыда өлшейді немесе арнайы өлшейтін қасықпен елшейді.Сулы немесе спирттік концентраттарды арнайы өлшейтін стаканмен, пипетка, шприцпен өлшейді. Қажетті концентрациядағы жұмыс ерітіндісін алу үшін, зат пен судың ұсынылған қатынасын сақтау керек. Әдетте, жұмыс ерітіндісін дайындауда, бірінші- қажетті мөлшердегі суды, одан кейін дезинфекциялық затты салып, араластырады да толық ерігенше қақпағын жауып қояды.

Информация о работе Дезинфекция және оның түрлері