ЖИТС симптомы және АИТВ –инфекциясын емдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 11:13, реферат

Краткое описание

ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, немесе АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы, онкологиялық аурудан кейінгі ең күрделі ауру және қазіргі уақыттағы кезге ем қонбайтын ауру болып табылады.Қазіргі заманға сай медициналық құралдардың көмегімен ғана
АИТВ бар адамның өмірін жеңілдетіп, ұзартуға болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Житс с имптомы ж-не аитв –инфекциясын емдеу житс.docx

— 38.88 Кб (Скачать файл)

Тәуекелді топтарды (гомосексуалдар, жезөкшелер, венериялық аурулар, нашақорлар), сондай-ақ тұрғындардың жұқтырылу  деңгейі  жоғары елдерден елімізге оқуға не жұмысқа келген адамдарды ЖИТС-ке  жүйелі түрде  ұдайы  тексеріп қарау  ұйымдастырылды.

Ерекшелік түрдегі профилактика (ЖИТС-ке қарсы вакцина) әзірге әзірленген жоқ. Жеке дара алдын алу шараларының арасында сексуальды өмір сүруді реттеуге  жетекші  орын  беріледі.  Жұбайлардың адалдығы, кездейсоқ жыныстық қатынастан толық бас  тарту – жыныстық жұқтырудан ең сенімді қорғанудың нұсқасы. Оның біреуі АИТВ жұқтырған, жұбайлардың бірлескен өміріне көп жылғы  бақылау жасау, жалпыға бірдей қабылданған санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау және жыныстық қатынас жасау кезінде резеңкелі презервативтерді  пайдалану, екінші жұбайының жұқтырудан жеткілікті  түрде  қорғануының  тиімді құралы болғандығын көрсетіп отыр. Кез-келген күдіктенген адам ЖИТС-тегі  өз еркімен тексеріліп қарау кабинетінде АИТВ –тасымалдаушысына  тексеріле алады.

АИТВ бар әйелдің  жүктілігін жоспарлау:

АИТВ жүкті болуына кедергі келтірмейді, алайда  жоспарлау алдында барлығын да жақтауды және қарсыны, ұрыққа жұқтырудың ықтимал қауіптілігін және  жүктілігі кезіндегі қиындықты саралауы керек. Дені сау  баланы көтеру, тек қана дәрігердің  тағайындауларын мүлтіксіз орындағанда ғана  мүмкін  болады.

ЖИТС  вирусының  анадан балаға берілуіне ерекше назар  аударылуы керек:

АИТВ-инфекциясы диагнозы  қойылған  жүкті   әйелдерге,  ЖИТС-тің және  инфекциялық аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес  жөніндегі аумақтық Орталығының  инфекционистерімен және акушер-гинекологтарымен бірлесіп бақылау жасалады. АИТВ жұқтырылған жүкті және босанған әйелдерді диспансерлік бақылау кезеңінде, терінің шырышты қабаттарының тұтастығы не ұрықтың ананың қанымен байланыс мүмкіндігінің ұлғаюы (амниоцентез, хорион ворсиндерінің және т.б. сынамасын алу) кезіндегі кез келген емшараны болдырмау  ұсынылады.

Босанған кезінде ұзақ уақыт (4 сағаттан астам) сусыз кезеңнің болмағаны абзал, себебі зерттеулердің  деректері бойынша, баланың жұқтыру  тәуекелдігі 2 есеге ұлғаяды. Босануға түскен кезде (алғашқы қынаптық зерттеу) қынапты өңдеуге хлорлы гексидиннің (10 литр суға хлорлы гексидиннің 50 мл 0,25% ерітіндісі) 0,25% ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Табиғи туғызу жолымен  босандыруды жүргізу кезінде босануға түскен кезде (алғашқы  қынаптық зерттеу) қынапты өңдеуге хлорлы гексидиннің 0,25% су ерітіндісін пайдалану ұсынылады, ал кольпит болдған жағдайда - әрбір осыдан  кейінгі қынаптық зерттеу кезінде ұсынылады. Жаңа туған нәрестеге (10 литр суға хлорлы гексидиннің 50 мл 0,25% ерітіндісі) хлорлы гексидиннің 25% ерітіндісімен гигиеналық ванна жүргізіледі.

Барлық акушерлік амалдар (емшаралар) қатаң негізделуге тиіс. Тірі ұрық болған кезде  тууын  қоздыру, тууын күшейту, перинео(эпизио)томия, акушерлік шприцтерді салу, ұрықтың вакуум-экстракциясына және т.б. ұсынылмайды. Осынау барлық емшаралар ұрықтың  жұқтыру тәуекелдігін арттырады және осылар тек өмірдегі көрсеткіштері бойынша ғана тағайындалуы  мүмкін.

Босандыру жұмысы басталғанға  дейін жоспарлы  жарып тіліп  алу және ұрық төңірегіндегі суды ағызып алу (жүктіліктің 38 аптасына  жеткенде) ұрықтың ана организмінің жұқтырылған секреттерімен байланысын болдырмайды және сондықтан да  АИТВ –ның анадан балаға берілуінің алдын  алудың әдісі болып табылады.

Химиялық профилактиканы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда жоспарлы  жарып кесіп  алу, босандыруда алдын алудың дербес әдісі ретінде  қолданылуы  мүмкін. Сонымен бірге АИТВ-инфекциясы  жарып кесіп  алуға абсолютті көрсеткіш болып табылмайды.

Босандыруды  шешудің  тәсілі  туралы  шешім, операциядан  кейін (патологиялық  қан жоғалту және  септикалық асқынудың дамуы) қиындықтың  пайда болу тәуекелдігі бар, жарып кесіп алу операциясын жасау   кезінде, баланың жұқтырылу тәуекелдігін ықтимал азайтудан нақты жағдайдағы пайданы салыстыра отырып, ана мен ұрықтың мүддесін ескеріп, жеке дара ретпен қабылданады. Бұдан басқа, соңғы жылдары  босану кезінде  АИТВ жұқтырылған анадан балаға берілу тәуекелін төмендетуге бағытталған,  жүкті   әйелдерді емдеудің профилактикалық курсы әзірленді. Бұл емдеу, ананың хал-жағдайын  тұрақтандыруға, атап  айтқанда  ұрықты адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудан қорғауға бағытталғандығын атап өтеміз. Осындай  емдеу кезінде баланың жұқтыру тәуекелдігі  шамамен 2/3 кемиді. Босанғаннан кейін емдеу тоқтатылады.

АИТВ –ның анадан балаға берілуінің кейбір тәуекелдері, баланы емшектен емізу кезінде болады, сондықтан  да  АИТВ жұқтырған анадан туған  баланы, әдеттегідей, жасанды тамақтандыру  ұсынылады.

 

АИТВ қалйша  берілмейді

 

Адамның иммун тапшылығы  вирусы тұрмыстық жолмен берілмейді. Бүлінбеген терісі вируске табиғи кедергі  болып табылады, сондықтан да АИТВ-ның қол алысып амандасқанда, құшақтасқанда берілуі мүмкін болмайды. Егер  бір адамның да және сонымен қатар екінші серіктес адамның  да қолында қан ағатын жарақат болып, қол алысып амандасқан кезде, оның теориялық тәуекелдігі пайда болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы гигиеналық заттар арқылы (киімдер, төсектік жамылғылар, сүлгілер)  берілмейді, себебі инфекция бірнеше минут ішінде қоршаған  ортада  қырылып  жойылып кетеді. Осындай себеппен АИТВ –ның қан сорғыш насекомдардың шағып алуы арқылы  берілетіндігі  туралы теория сын көтермейді. Біріншіден – бұл насекомның организмінде  өмір сүре алмайтын  адамның вирусы, ал екіншіден – маса адамды шағып алған соң  осының алдындағы құрбандығын қанын емес, өзінің сілекейін шығарып  тастайды. Бұдан басқа, масаның осының алдында нені шағып алғанын айтпағанның өзінде, масаның сілекейі адамның қан жүретін тұсына  түспейді.Адамның  иммун тапшылығы   вирусы моншада, бассейнде, ваннада берілуіне  жайында АИТВ – ның суда өмір сүре алмайтындығын айтқан  жөн. Алайда бассейндегі суда өтіп кететіндей қорғалмаған жыныстық қатынас жасау кезінде, әрине, құтқара алмайды, сондықтан да жұқтыруы ықтимал. Көптеген еңбек көздерінде сүйісу арқылы ЖИТС-ті  жұқтыру болмайтындығын көз жеткізе түсініктеме берілгеніне қарамастан, көптеген адамдар әлі күнге дейін АИТВ-жұқтырылған адаммен сүйісуге және басқа да  денелік  жағынан қатынас жасауға қорқады. Іс жүзінде АИТВ жұқтырылған адамның  сілекейінде вирустың  болмашы мөлшері болады, ал осындай жолмен  жұқтырудың болуы  үшін екі  литрден астам сілекей  қажет болады. Кіргізетін жыныстық қатынас жасаудан  басқа, тек қана  сүйісу ғана емес, сонымен бірге  АИТВ жұқтырылған  серіктеспен кез-келген  қатынас жасау тіптен қауіпсіз. Құшақтау, аймалау, өзара мастурбация мени петтинг жасау жұқтыруға   әкелмейді. Бір аяқ-табақты пайдалануға,бір  төсекте  ұйықтауға болады, «қанға қан араласатын» тікелей қатынастан және презервативті пайдаланбастан,кіргізіп жыныстық қатынас жасаудан басқасының, бәріне болады.

ЖИТС МОО аға медбикесі  Р.Меңдалиева.


Информация о работе ЖИТС симптомы және АИТВ –инфекциясын емдеу