Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 19:22, реферат
Жасуша (cellula,cytus) – барлық тірі организмдердің құрылысы мен тіршілігінің негізі, жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Организмдерге тән өсу мен көбею, зат алмасу, тыныс алу, тітіркену т.б. тіршілік әрекетінің жүзеге асуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі клеткамен байланысты. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда,қарапйымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда ) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі.Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді.Клетка терминін ғылымға 1665 ж. Ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635-1703) енгізген.
І. Кіріспе.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші құрылымдық бірлігі
ІІ. Негізгі бөлім.
Жасуша теориясы
Прокариот және эукариот жасушалары
Жасушаның органоидтары
Жасушаның қозғалыс органоидтары (кірпікшелілер,талшықтылар,миофибриллалар)
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Цитоплазманың Гольджи кешенінің орналасқан аймағын диктиосома деп атайды. Гольджи аппараты көпіршіктері бар түтікшелерден тұрады. Оның әр қабатыннан жан жаққа ұштарында көпіршіктері бар түтікшелер тарайды. Әр клеткадағы мұндай диктиосомалардың саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін ауытқиды. Қуыстардың кеңейген жерлерінен вакуольдер түзіледі. Омыртқалы жануарлардың күрделі құрылысты клеткаларында диктиосомалар көпшілік жағдайда ядро маңында орналасқан. Клеткада синтезделген заттар бірден сыртқа шығарылмай, алдымен Гольджи комплексінің қуыстарына еніп, онда бірқатар химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тығыздалып, жинақталған мұндай заттар соңынан майда көпіршіктер түрінде мембранамен қоршалып, сыртқа шығарылады немесе клетканың өз ішінде жұмсалады. Бұл көпіршіктерден лизосомалар құрылады. Қызметі: цитоплазмада синтезделген заттар сақталады, ал цистерналарында полисахаридтердің синтезі көпіршікті түйіршіктелген липопротеидер түзіле отырып клеткадан сыртқа тасымалдайды. Олардың белоктармен байланысынан гликолипидтер мен гликопротеидтер клетка мембранасының сыртқы гликокаликс қабатын құрауда үлкен рөл атқарады.
Лизосомалар - шар тәріздес көлемі 0,2-0,4 мкм 1 мембранамен қапталған органелла құрамында гидролиттік ферменттер - гидролаза, протеиназа, нуклеаза, гликозидаза, фосфатаза, липазалар болады. Олар биополимерлерді ыдыратады. Лизосоманы 1949 жылы Де Дюв ашқан. Лизосоманың 3 түрі бар.
Біріншілік лизосомалар диаметрі 0.2 - 0.5 мкм құрамында гидролаза, фосфатаза ферменттері эндоплазмалық тордың мембранасында синтезделіп, гольджи аппаратына түсіп, лизосоманың құрамына кіреді. Атқаратын қызметі: Клетка ішілік асқорыту процесіне қатысады. Фагоцитоз не пиноцитоз көпіршіктерімен қосылған лизосомалар асқорыту вакуольдерін түзіп, клеткаға енген бөтен заттарды жояды. Лизосомалардың көмегімен клетка ішіндегі ескірген немесе бұзылған құрылымдық компоненттер, тіпті кейде тұтас клеткалар мен мүшелер ыдырап жойылады.(мысалы, итбалықтың құйрығы)
Рибосома клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді ,белок синтезі орталығы деп қаралады. Оның диаметрі 20-25 нм.Рибосома цитоплазмада бос күйінде де ,жалғасқан түрде де ,сондай-ақ ,барлық тірі организмдердің клеткасында кездеседі.
Рибосомалар - күрделі рибонуклеопротеидтер құрамында белок және РНК молекулалары болады, мембранасы болмайды, құрылысы: үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Қызметі: белоктың биосинтезіне қатысады. Рибосомалар жеке дара, көбінесе иРНК қатысуымен бірнешеуден бірігіп, полисомалар түзейді. Олар цитоплазмада бос күйінде немесе кедір бұдырлы эндоплазмалық тордың мембранасында орналасады. Цитоплазмада бос орналасқан полисомаларда сол клетканың тіршілігіне қажетті белоктар синтезделеді, ал мембранаға бекіген полисомаларда клеткадан тыс қызмет атқаратын белоктар түзіледі.(мысалы, асқорыту ферменттері, емшек сүтінің белокары т.б.)
Микротүтікшелер (microtubuli, грек, micros —үсақ, tubuli — түтікше) — жасушаның цитоқаңқасын түзуге қатысатын құрылымдар. Микротүтікшелер жасушалардағы центросома центриольдерін, базальды денешікті, кірпікшелер мен талшықтарды жасауға қатысады. Олар клетканың митоздық бөлінуі кезінде центриольдер аралықтарындағы бөліну ұршығын түзеді. Микротүтікшелер тубулин протеинінен құралған және жасуша қанқасын (цитоқаңқаны) түзіп, оған тіректік қызмет атқарумен қатар, оның сыртқы пішінін де анықтайды. Микротүтішелер - диаметрлері 24-28 нм цилиндр тәріздес түтікшелер. Олар тубулин белогының полимеризация нәтижесінде түзіледі бұл түтікшелерден ахроматин жіпшелері, ал қозғалуға икем клеткаларда кірпікшелер мен талшықтар қалыптасады. Клеткада тірек қызметін атқаратын су иондарды тасмалдауға қатысады. Цитоплазмада кездесетін микрофиламенттер ұзын, жіңішке түзілістер.Олар да тірек қызметін атқарып, органоидтардың клетка ішілік орын алмастырып қозғалысын реттейді.
Кірпікшелер (cilia; лат. ciliu
Клетка орталығы - 1895 жылы Бовери ашқан. Барлық жануарлар клеткасы мен кейбір өсімдік клеткаларында кездесетін органоид. Ол өзара перпендикуляр бағытта орналасқан екі центриольден тұрады. Әр центриоль электронды микроскоптың көрсетуі бойынша үш үштен бірігіп, тоғыз триплет құрайтын жиырма жеті микротүтікшелерден тұратын, диаметрі жүз елу нм, ұзындығы 300 – 500 нм келетін цилиндр пішіндес қуыс денешік.
Қызметі: ядро маңында орналастырып митоз кезінде бөліну ұршығының жіпшелерін түзу және анафазада екі жақ полиске хроматидтердің теңдей ажыратуын қамтамасыз етеді.
Флеминг (1875 ж) Венеден (1876 ж.) жарық микроскопының көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде
әр түрлі жасушалардан жасуша орталығын
ашты. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады.
Ол екі ұсак тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазма
ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан
бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады.
Клетка орталығы жануарлар жасушаларын
Цитоплазма - Клетканың көпшілік бөлігін құрайды. Ол гиалоплазмадан, органоидтардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазмаға байланысты цитоплазманың коллоидты қасиеті мен оның тұтқырлығы, серпімділігі мен жиырылғыштығы және қозғалысы жүзеге асырылады. Гиалоплазма клетканың ішкі ортасын құрайтындықтан мұнда үнемі күрделі зат алмасу процестері (белок синтезі, гликолиз) жүріп жатады. Ядро мер органоидтарды өзара байланыстырып олардың қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Ядро - құрылысы: қабықшасы, ядро мембранасы, ядро шырыны, ядрошық, хроматин. Ядро қабықшасы әрқайсысы үш қабаттан тұратын ішкі және сыртқы мембранадан құралған.Сыртқы мембрана эндоплазмалық тордың каналдарымен байланысқан.Ядро қабықшасында көптеген саңылаулар (диаметрі 120 нм) болады. Бұл қабықша ядро құрам бөліктерінің шектеуші қызметін атқарумен қатар цитоплазмамен екі аралықтағы зат алмасуды реттейді. Қабықшадағы саңылаулардың саны сол клетканың атқаратын қызметіне байланысты. Синтездік активтілігі жоғары клеткаларда олардың саны да көп болады. Мысалы, төмеңгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың эритробластарында өте қарқынды түрде гемоглобиннің түзілуі және жинақталуы жүреді. Ядро қабықшасының әр бір мкм квадрат бетіне отызға жуық саңылау болады. Ядро шырыны қоймалжың зат,оның құрамында нуклеин қышқылдарының және рибосомалардың синтезіне қажетті ферменттер болады. Ядрошықта рибосомалық РНК синтезі және олардың белоктармен байланысуы жүреді. Рибосомалық РНК жайлы информация жазылған гендер бірқатар хромосомалардың (адамның 13 – 15, 21 – 22 жұптары )
Клетка қосындылары – Цитоплазманың уақытша құрылым компоненттері. Бұларға клеткада қорға жиналатын қорек заттары (крахмал, гликоген, май тамшылары, белок) және сол клеткада синтезделіп сыртқа шығарылуға тиіс заттар (секрет түйірлері), пигменттер жатады. Клеткалардың қызметіне қарай міндетті емес компоненттер оның 4 түрі бар. Трофикалық, секреторлық, экскреторлық, пигменттік.Трофикалық қосылыстарға гиалоплазмаларда жинақталған май түйіршіктері жатады. Секреторлыққа әртүрлі көлемдегі биологиялық активті заттар. Экскреторларға клеткадан шығарылып тасталынатын метаболизмнің өнімдері. Пигменттік қосындылары экзогенді, эндогенді болады. (каротин, гемоглобин,билирубин, меланин).
Клетканың қозғалыс органнеллалары атына сәйкес ағзаны үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс органеллары жануарлар дүниесінде кеңінен таралған. Оларға кірпікшелілер, талшықтылар, сұйық ортада қозғауға бейім әр түрлі өсінділер және бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады.
2.4. Талшықтар, кірпікшелер, миофибриллалар.
Қозғалыс органоидттар бөлек типті белгілі бір қызмет атқаратын жасушаларда болады. Оларға кірпішелер, талшықтар, микробүрлер, микрофибриллалар және т.б. жатады. Кірпікшелер мен талшықтар цитоплазманың өскіндісінен тұратын, ортасында осьтік жіпшесі немесе аксонемасы бар органоид. Аталғандардың соңғысы микротүтікшелердің қанқасынан тұрады. Кірпікшелердің ұзындығы 2-10 нм, ал олардың саны бір жасушаның бетінде жүздеген кірпікшелерге дейін жетеді. Талшықтардың ұзаруы өте кен түрде жүреді (адам сперминнің бір талшығы 50-70 мкм дейін жетеді).
Қарапайымдылар (жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше) негізінен бір орынан екінші орынға кірпікшелілерінің және талшықтарының жәрдемімен қозғалады. Жануарлар тіршілігінде кірпікшелілер әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, омырқалы жануарлар мен адамның кеңсірігінде бір бағытта (кеңсірік сыртына қарай бағытталған) орналасқан мыңдаған кірпікшелілер болады. Олардың негізгі қызметі – ауаның құрамындағы шаң тозаңдарды сүзіп қалу.
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады. Және денесі бір ғана жасушадан тұрады. Мысалы, талшықтылар класының өкілі жасыл эвгленаны алуға болады. Дене тұрқы - 4-500 микро милиметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы суқоймалардан кездестіруге болады.
Жасыл эвглена жыныссыз жолмен, бөліну арқылы көбейеді. Ең алдымен дененің артқы жағына қарай орналасқан, ядросы бунақталып, болашақтағы жас эвгленаның алдыңғы бөлігінде жаңадан талшық пайда болады. Одан 2 жұтқыншақ түзіліп, 2 вакуоль және 2 ядро пайда болады. Сонымен қатар кірпікшелілер класына жататын кірпікшелі кебісшеден 10-15000 кірпікше болады, осы кірпікшелілердің әр қайсысы өскенше қимылдайды, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады.
Талшықтар өте ұзында болып келеді, мысалы, сүтқоректілердің сперматозоид талшығының ұзындығы 100 мкм дейін жетеді. Кірпікшелер оған қарағанда қысқа 10—15 мкм дейін. Бірақтан талшықтар мен кірпікшелердің ішкі құрылысы бірдей болып келеді: олар тура осындай, центриоль сияқты, микротүтікшелерден тұрады. Талшық пен кірпікшенің қозғалысын осылай түсіндіруге болады: микротүтікшелер өзара бір бірімен сырғанап, нәтижесінде органеллаларының майысуына әкеледі. Әр талшықтың немесе кірпікшенің негізінде базальді денешік болады және ол органеллаларды клетканың цитоплазмасында тұрақтандырады. Қозғалыс органеллалары өз жұмысына АТФ энергиясын жұмсайды.
Микробүрлер – цитоплазма өскінділерінің жасушасы, диаметрі 0,1 мкм және ұзындығы 1мкм. Олар жасушының беткі жағын қатты жуандатып, бұзылуы мен сіңірілуге қатысады (мысалы, аш ішек). Аш ішектің эпитеальді жасушаның бетінде мыңдаған микробүрлерге дейін жетеді.
Қылшақты әдіпті түзеп, аш ішектің беткі жағын 25-30 ретке дейін жуандатады. Әр микробүрлер өз ішкі қаңқасы бар 40 жуық микрофиламенттен тұратын жиыннан құралады. Жиын бір бүрдің осінде ұзынынан орналасады және апикальді бөлігінде тұрақтанатын арнайы белоктардан тұрады (минимиозиннің молекуласынан), олар плазмолемманың ішкі беткейінде тұрақтанады. Жиынның микрофиламенттері ені бойынша виллин мен фимбрин белоктардың тігіндері арқылы байланысқан.
Қорытынды.
Барлық тірі организмдердің құрылысымен тіршілік әрекетінің негізі клетка. Организмдерге тән өсу мен көбею, зат алмасу, тыныс алу, тітіркену т.б. тіршілік әрекетінің жүзеге асуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі клеткамен байланысты.
Органеллалар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы органеллалар — жануарлар мен өсімдіктер клеткаларында болатын және тұрақты қызметтер атқаратын құрылымдар. Арнайы органеллалар — тек кейбір арнайы клеткаларға тән (биожіпше, тоножіпше, нейрожіпше, кірпікшелер, микробүрлер).
Клетканың қозғалыс органоидтары атына сәйкес ағзаны үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс органоидтары жануарлар дүниесінде кеңінен тараған. Оларға кірпікшелілер, талшықтылар, сұйық ортада қозғауға бейім әр түрлі өсінділер және бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады.
Қарапайымдар (жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше) негізінен бір орыннан екінші орынға кірпікшелерінің және талшықтарының жәрдемімен қозғалады. Жануарлар тіршілігінде кірпікшелер әр түрлі қызмет атқарады. Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады. Және денесі бір ғана жасушадан тұрады.
Адам тұлғасында бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер. Мысалы: бірыңғай салалы бұлшықет ткандарының құрамындағы миофибрилдерінің құрлысы біркелкі болса, көлденең жолақты бұлшықет миофибрилдерінің құрамы керісінше біркелкі емес. Адамды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер, ал бұлшықеттер миофибрилдерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер: