Жүректің анатомиялық құрылысы. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 18:37, реферат

Краткое описание

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Содержание

1. Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.
2. Жүрек ырғағы. Жүрек қызметінің көрсеткіштері.
3. Жүрек қызметінің сыртқы көріністері.
4. Жүрек қызметі.
5. Миокард жасушасының электрлік белсенділігі.
6. Жүректің өткізгіштік жүйесінің функциялары.
7. Электрокардиограмма.
8. Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі.
9. Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

Вложенные файлы: 1 файл

1. Ж-рек. Ж-ректі- анатомиялы- --рылысы. Ж-рек циклі. Клапанды а.doc

— 798.00 Кб (Скачать файл)

 

 

ЭКГ-ны тіркеу реті. Электродтарды орналастыру.

    Электродтарды орналастыру алдында пациент терісін контакт жерлерінде спиртпен сүрту керек (майдың болмауы керек).

   Электродтар мен пациент терісінің аралығына ток өткізетін орта ретінде электродты гельдер, пасталар не сұйықтар қолданылады; физиологиялық немесе гипертонды ертіндімен, ең болмағанда сумендымқылданған марлядан жасалған төсеніштерді қолдануға болады. Пациенттінің аяқ-қолдарына 1- ші кестеде көрсетілгендей электродтарды орналастыру керек.

 

ЭКГ-ны тіркеу режимдері.

Электрокардиограф ЭКГ-ны әртүрлі режимде тіркеуді қамтамасыз етеді – автоматты (барлық 12 тіркелімді синхронды тіркеу және осы алынған ЭКГ- ны құралдың жадысына сақтап, оларды үш- үш тіркелімдер бойынша топтап, басып жазу) немесе мониторлы (кезкелген таңдап алынған тіркелімнің ЭКГ-сын құралдың жадысына сақтамай, тіркеу). Автоматты режимде алынған ЭКГ қосу индикаторы әлі жанып немесе жыпылықтап тұрғанда, электрокардиограф жадысында сақталады.

Автоматты режим үшін ЭКГ-ң ұзақтығын таңдауға болады: 5 (стандартты).

ЭКГ-ны тіркеу және соңғы зерттеудің көшірмесін  алу.

  Басқару панеліндегі  «Вкл/Выкл» (не «СТАРТ»+«Вкл/Выкл») батырмасын басып, электрокардиографты іске қос. Осы кезде қосу индикаторы жану керек, ол электрокардиографтың іске қосылғандығын білдіреді. Жанған  басқа да индикаторлар: эквивалентті жылдамдықтың индикаторы; таңдалынған сезімталдықтың индикаторы; тіркелімнің тіркелетін топтарының индикаторлары.

 

 

  Егер электрокардиографты іске қосқанда, қосу индикаторы жыпылықтамаса, онда алдымен жады тесті орындалады, осы уақытта индикаторлар жыпылықтайды.

  Егер  электрокардиографты іске қосқанда, қосу индикаторы жыпылықтаса, онда қондырғылар жөніндегі ақпарат (сүзгі, ығысу, тіркелімдер тобы, жылдамдық, сезімталдық) жадыда сақталынған болады, және қондырғылар қалпына келеді.

  Термопринтер  блогында термоқағаздың  бар болуын тексеріңіз. Қағаз болмаған жағдайда «НЕТ БУМАГИ» индикаторы жанып тұрады.                      Сурет 10. Электродтарды орналастыру. 

 

Қажет болғанда қағазды салыңыз. Автоматты тіркеу режимін таңдаңыз.

Егер сіз  тіркеудің автоматты режимін  таңдасаңыз («АВТОМАТ» индикаторы жанады), онда «СТАРТ» батырмасын жылдам (қысқа уақыт) бассаңыз, барлық 12 тармақтың (тіркелім) сигналдары синхронды алынып, электрокардиограф жадысына жазылады. Егер автоматты режимде тіркелімнің барлық тобы таңдалынса, онда 12 тіркелімнің барлығы басылып шығарылғаннан кейін, жазылу тоқталады.  Осындай жазудың ұзындығы 12,5 мм/с жылдамдықта 345 мм {175 мм} болады.

    Егер «АВТОМАТ» режимінде «СТАРТ» батырмасын 5 секундтан көп басып тұрғанда {2,5 с} ( 125 секундқа дейін), онда электрокардиограф жадысына барлық тіркелімдер бойынша сигналдар жазылады және «СТАРТ» батырмасы басылып тұрған уақыттағы таңдалынған тіркелімдердің барлығы басылып жазылады.

   Электрокардиографтың жыдысына сақталған соңғы электрокардиограмманы  электрокардиогрфты  өшіргеннен кейін де «КОПИЯ» режимін басып, жазуға болады. Ақпараттың жадыда сақталғандығын қосу индикаторының жыпылықтауы  білдіреді. Егер индикатор өшсе, онда ақпаратты қайтадан қалпына келтіруге болмайды.

   ЭКГ-ны басып жазу алдында жадыдан қажетті параметрлерді таңдаңыз: тіркелімдер жинағы, сезімталдық, жылдамдық, сүзгі жиілігі және ығысу. Осыдан кейін «КОПИЯ» батырмасын басыңыз . ЭКГ-ны жазу басталады. Егер жазуды тоқтату қажет болса, «КОПИЯ». батырмасын қайтадан басыңыз.

      Егер мониторлы тіркеу режимі таңдалынса, яғни «АВТОМАТ» индикаторы жыпылықтамаса , онда «СТАРТ» батырмасын басқанда таңдалынған тіркелімнің  тобының жадыда  сақталынбай жазылуы  басталады. Тіркелімді тоқтату үшін «СТАРТ» батырмасын қайтадан басу керек.

ҚЫЗМЕТ АҚПАРАТЫ.

Әр жазу ( «СТАРТ» не «КОПИЯ »батырмасын басу)  қызмет ақпаратымен қатар орындалады.

 Жазудың  басы былай белгіленеді:

- Электрокардиограф  АЛЬТОН-03 -ЭКГ-00001  25мм/с  10мм/мВ  Сүзгі 30 Гц

Екінші жолда  алынатын электрокардиограмма нөмірі, эквивалентті жылдамдық, сезімталдық, сүзгілердің жағдайы көрсетіледі.




Информация о работе Жүректің анатомиялық құрылысы. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні