Майлар
Октябрь 4, 2011 · Биология
Майлар
Майлар және майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады.
Табиғи липидтер эфир, бензин, бензол,
хлороформ сияқты органи-калық еріткіштерде жақсы ериді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер липидтері майлар,
балауыз, фосфолипидтер мен глюколипидтер
деп аталатын 4 негізгі топқа бө-лінеді. Липидтер организмде
зор роль атқарады. Олардың бір бөлігі клетканың қор заты ретінде жиналады, ендігі
бір бөлігі клетка структурасын түзуге қатысады. Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің ядро мен басқа да органоидтардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тәрізді структуралар екі компо-ненттен
тұрады, оның біреуі липид болып табылады.
Белоктармен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар — липопротеидтер
түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі клетка мембранасын
түзеді.
Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының ролін атқарады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық клеткаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көп-шілігі, атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 проценті тұқымына қор заты ретінде май жинайды.
Майлар вегетативтік органдарда да түзіледі, бірақ ол мұнда аз болады.
Химиялық құрамы бойынша майлар глицерин
мен үлкен молекулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады.
Майлардың құрамынан пальмитин — СН3(СН2)нСООН,
стеарин — СН3 (СН2) 16СООН, олеин — СН3 (СН2)
7СН =
= СН (СН2) 7СООН, линол — СН3 (СН2) 4—СН =
СН—СН2—СН -= СН (СН2) 7—СООН, линолен —
СН3СН2СН = СНСН2 • СН =
==СНСН2СН = СН— (СН2) 7—СООН қышқылдарын жиі кездестіру-ге болады.
Майлардың құрамына кіретін май қышқылдарында жұп санды көміртек атомдары бар тармақталмаған тізбектер кездеседі. Тармақталған немесе тақ санды көміртек атомдары бар май қышқылдары өте сирек ұшырасады. Сондай-ақ үш байланысты және радикалдары циклді құрылысты болып келетін май қышқылдары да сирек кездеседі.
Май қышқылдары қаныққан (пальмитин, стеарин) және қанықпаған (олеин, линол, линолен) май қышқылдары болып белінеді. Майлардың қасиеттері май қышқылдарының сапалық құрамына, олардың сандық арақатынастарына, бос қышқылдардың құрамына және т. б. байланысты.
Жануарлар организмінде майлар углеводтардан
түзіледі. Ол алғаш рет малды бордақылау кезінде байқалды. Кейінірек бұл құбылыс микробтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктерден де анықталды. Углеводтар есебінен
майдың жиналуы пісіп келе жатқан жемістер мен тұқымдарда өте тез жүреді. Бұл кезде углеводтар, негізінен
алғанда, глюкоза мен фруктоза
алғашында глицеринальдегид пен
диоксиацетонға ыдырайды. Глицеринальдегидтен
глицерин түзіледі. Триозадан сірке қышқылы түзіледі, ол май қышқылдарынын синтезі үшін бастапқы зат болып қызмет етеді. Осындай жолмен
түзілген глицерин мен май қышқылдары липаза ферментінің жәр-демімен майға синтезделеді.
Майлы тұқымдардың енуі кезінде ондағы майлар липаза ферментінің жәрдемімен өте тез гидролизденеді және онымен бір мез-гілде қант жиналады. Осы кезде гексоза ғана емес, пентоза да түзіледі.
Балауыз дегеніміз әдеттегі температурада қатты, май тәрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды
спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапырағын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады.
Фоефолипидтер фосфатидтер, плазмалогендер
және сфинголипидтер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Фосфолипидтердщ үш тобының құрамында да фосфор қышқылының қалдығы болады. Фосфатидтер глицерин
мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады.
Сонымен қатар олардың құрамында фосфор қышқылының қалдығы және онымен байланысқан азотты негіз бар. Жалпы формуласы:
Молекуланың құрамында май және фосфор қышқылды глицерин қалдығы бар бөлігін фосфатидил деп атайды.
Азотты негіз холин, этаноламин, серин
болуы мүмкін. Холин неғұрлым кең таралған. Фосфатидилхолин, фосфатидилэтаноламин,
фосфатидилсерин сияқты фосфатидтер клеткада жиі
кездеседі.
Фосфатид молекуласында азотты негіздің орнында глицерин, инозит және басқа да қосылыстар болуы мүмкін.
Бұл фосфатидтердің барлығы өсімдіктерде де, сондайақ жануарлар организмінде де
кездеседі. Олар митохондрия, хлоропласт
мембраналарында, рибосомаларда кездеседі.
Хлоропластарда фосфатидилглицерин көп болады.
Фосфатидтердің молекулалары полюсті болып
келеді. Құра-мында холиннің немесе басқа азотты негіздердің қалдығы бар ұшы гидрофильді, ал құрамында май қышқылы бар екінші ұшы гидрофобты болып табылады.
Бұл фосфатидтер протоплазма
мен орга-ноидтар структурасында маңызды роль атқаратындығын түсіндіреді. Протоплазма мен
органоидтар мембраналарындағы фосфатидтердің көп белігі белоктармен байланыса
отырып, липопротеид түзеді.
Фосфолипидтердің екінші тобы — плазмалогендердің құрылысы фосфатидтердің құрылысына ұқсас болады. Олар өсімдіктер клет-каларында сирек
кездеседі.
Фосфолипидтердің үшінші тобы-сфинголипидтердің құрамында оның туындысы сфингозин болады,
сфинголипидтер өсімдіктерде фосфатидтермен қатар кездеседі.
Гликолипидтер глицерин мен май қышқылының күрделі эфирлері болып табылады.
Бірақ, фосфолипидтерге қарағанда мұнда фосфор қышқылының қалдығы емес, белгілі бір моносахарид
болады. Моносахарид пен глиңериннің арасында гликозидті байланыс
бар.
Гликолипидтер есімдіктердіқ жапырақтарында фосфолипидтерге қарағанда 5 есе көп болады. Олар әсіресе хлоропластарда көп кездеседі, гликолипидтер
мүнда мембрана системасын құруға қатысады.
Гликолипидтер тағы да бір туынды — сульфолипидтерге
бастама береді. Күкірт қышқылының қалдығы галактозаға қосылады. Соньщ нәтижесінде сульфолипидтер түзіледі. Сульфолипидтер тек қана өсімдіктер клеткасында кездеседі,
ал жануарлар клеткасында сульфолипидтер
болмайды.
Теріге
арналған хош иісті майлар
Косметолог мамандар ең пайдалы
деген 6 хош иісті майларды ерекше атап
өтеді. Олар теріңіздің саулығы мен сымбаттылығын
сақтауға көмектеседі.
Өрік майы тері майының орнын
толтырып, теріні сыртқы ортаның әсерінен
қорғайды.
Авакадо майы ұсақ әжімдердің тартылуына
ықпалын тигізіп, теріні ылғалдандырып,
қоректендіреді.
Базилик майы теріні тыныштандырып,
бет пен мойын бұлшық еттерінің босаңсып
демалуына көмектеседі.
Грейпфрут майы жасушалардың қалпына
келуін қамтамасыз етеді. Теріні сергітіп,
майдың тым көп бөлінуімен күреседі, сол
себепті оны майлы теріге қолдануға кеңес
береміз.
Жожоба майы теріні жақсы ылғалдандырып,
құрғағаннан сақтайды. Тым құрғап кеткен,
қабыршақтанған теріні емдей алады.
Какао майы шаршаған кездері көмекке
келе алады. Оның жұмсарту мен тыныштандыру
қасиеті құрғаған теріні ылғалдандырып,
иісі бойыңызды сергітеді.
Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушадардың
құрамына кіретін және тіршілік процестерінде
маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.
Мазмұны
[жасыру]
4 Липидтер — энергия көзі
5 Май — қоректік қор заты
6 Майдың қорғаныштық қызметі
Құрылысы[өңдеу]
Липидтерге майлар және май
тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің
молекуласының құрамына C, H, O атомдары
кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына
және құрылымына қарай липидтер алуан
түрлі болып келеді. Барлық липидтерге
тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының
полюссіздігінде (гидрофобтылығында).
Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда:
бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал
суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты
(грекше hydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің
жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі
жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты
фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид
молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз
заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға
жасушадағы заттарды шығармайды. Осының
нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы
тұрақты болып сақталады. Липидтердің
ішінде көп таралғаны және ең негізгісі
— майлар. Майлардың химиялық құрылымы
күрделі болып келеді. Оның молекуласы
үш атомды спирт — глицерин мен жоғары
молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы
мынадай формулада бейнеленген:
R1, R2, R3 радикалдарының орнына кез
келген пальмитин, стеарин, олеин және
т.б. қышқылдары болуы мүмкін. Майлар: жануар
,өсімдік майлары және т.б. болып бірнеше
топқа бөлінеді. Майлардың бір-бірінен
айырмашылығы — олардың құрамына кіретін
май қышқылдарының сипатына байланысты.
Май кышқылдары: қаныққан және қанықпаған
больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май
қьшқылдары бір байланысты, оларга пальмитин,
стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал
қанықпаған май қьшқылдары қос байланыс
түзеді, оларға олеин, линол және т.б қышқылдар
жатады. Жануар майларының құрамында қаныққан
қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында
да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майының
құрамында глицерин, пальмитин және стеарин
қышқылдары бар. Пальмитин қышқылы 43°С-та,
ал стеарин қышқылы 60°С-та ғана ериді.
Яғни, су қайнағанда глицерин су молекуласымен
байланыс түзеді де, ал май қышқылдары
сұйықтықтың беткі қабатында қалықтап,
гидрофобты қасиет керсететіндігін күнделікті
түрмыстан аңғаруға болады. Өсімдік майының
құрамында канықпаған май қышқылдары
көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл
ериді және бөлме температурасында сұйык
күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен
байланысқан олеин қышқылының қалдығынан
тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың
мөлшері құрғақ зат массасының 5—-10%-ын
құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы
майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы,
жануарлардың тері астындағы май қабаты,
май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы
жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин
сүтінің 40%-ы майдан тұрады. Липидтердің
гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша
тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша
мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид
молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы
жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді,
керісінше іштен сыртқы ортаға жасуша
заттарын шығармаудың нөтижесінде, оның
химиялық ортасы тұрақты болады. Сол сияқты
липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде
бар. Сонымен қатар жүйкенің миелинді
қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің
маңызы айқындала түсті. Май төрізді заттарға:
холестерин, майда еритін А, D витаминдері
және кейбір гормондар жатады.
Липидтердің
қызметтері[өңдеу]
Липидтер барлык тірі жасушаларда
болады, осыған орай организмде мынадай
маңызды қызметтер атқарады: құрылыс,
энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық,
метаболизмдік және т.б.
Құрылыс
қызметі[өңдеу]
Липидтердің суда ерімейтін
қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін
атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың,
жасушалардың және олардың органоидтерінің
мембраналары фосфолипид молекуласынан
түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген
биологиялық косылыстардың түзілуіне
қатысады.
Липидтер
— энергия көзі[өңдеу]
Липидтердің ішіндегі табиғатта
көп таралғаны—майлар. Майлар — организм
тіршілігіндегі негізгі энергия көзі.
Организмге қажетті энергияның 25—30%-ын
липидтер береді. Майдың 1 грамы толық
ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол
нәруыз бен көмірсудан белінетін энергиядан
екі есе көп.
Май — қоректік
қор заты[өңдеу]
Организмдер денедегі майды
қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы,
бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның
тері асты қабатында, шарбыда, көптеген
өсімдіктердің тұқымдарында және т.б.
мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар
мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде
жинақталған май корын тіршілік барысында
біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының
қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін
маңызы ерекше.
Майдың
қорғаныштық қызметі[өңдеу]
Май жылуды нашар өткізеді.
Осыған байланысты жануарлар тері астындағы
май қабатының есебінен дене температурасын
тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері
астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге
дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі
суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін
арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында
майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан
өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп,
өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша
энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.
Май — су
көзі[өңдеу]
1 кг май тотығып ыдырағанда,
1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды
“метаболит су” деп атайды. Қыста
ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз
шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар
(кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер
және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған
майдың суын пайдаланады. [1]
Пайдаланған
әдебиет[өңдеу]
Jump up↑ Қасымбаева Т., Мұхамбетжанов
К.
Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 272 б. сур. ISBN 978-601-293-067-2
- Көмірсулар және липидтер туралы қазақша реферат
- Жасушаның органикалық заттары.
- Тірі жасушаның құрамында өлі табиғатта кездесетін көптеген органикалық қосылыстар болады. Ондай қосылыстарға: көмірсулар, липидтер, ақуыздар, нуклин қышқылдары және т. б. органикалық қосылыстар жатады. Органикалық қосылыстар дегеніміз – құрамына көміртегі немесе оның қосылыстары кіретіг, сондай-ақ ауада және оттегінде жана алатын заттар.
- Тірі жасушадағы органикалық заттардың барлығы биополимерлерге жатады. Полимер молекуласы қарапайым заттардан құралады, оларды мономерлер деп атайды. Егер “А” әріпі бар мономер болса, онда мынадай тізбектеп А-А-А-А-А-А-А-…А полимер молекуласы, яғни көптеген мономерлерден биополимер молекуласы түзіледі. Ондай полимерлерге: крахмал, глткоген, ақуыз, нуклеин қышқылдарын жатқызуға болады.
- Көміртегі, су және ондағы еритін әртүрлі тұздар тіршілікке қажетті химиялық өзгерістердің ортасы болып табылады. Тіршіліктің өзі құрамында негізгі элемент көміртегі болатын көптеген ірі молекулалардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Ертеде мұндай молекулалар тек тірі ағзаларда ғана түзіледі деп есептегендіктен, оларды органикалық заттар деп атаған. Тек көміртегінің кейбір қосылыстары, мысалы, көміртегі (ІV) оксиді көмір қышқылы және оның тұздары т. б. бейорганикалық қосылыстарға жатады.
- Енді осы органикалық заттардың негізін құрайтын көміртегі атомдарының өзара байланысына назар аударайық. Әрбір көміртегі атомы төрт ковалентті байланыс арқылы бір-бірімен қосылып, ұзын тізбектер түзумен қатар тармақталған қысқа тізбектер түзеді:
- – С – С – С – С – С
– – С – С – С – С – С –
– С –
– С –
- Кей жағдайда көміртегі атомдары өзара сақина тәрізденіп қосылады да
тұйықталған қосылыстар түзеді.
- C C
= С С =
C C
- Осы көміртегі тізбектері мен сақиналар органикалық қосылыстардың қаңқасын құрайды.
Көміртегі әртүрлі және тұрақты қосылыстар
түзіп, тірі ағзада болатын молекулалардың сан алуандығын қамтамасыз ететін бірден-бір элемент.
- Көмірсулардың құрылымы.
- Көмірсулар құрамына
көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі органикалық қосылыстар
1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы
– моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар.
Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан дисахарид түзіледі. Оның мысалы ретінде қызылша қанты – сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге болады.
- Бірнеше моносахарид молекулаларынан полисахарид (грекше “поли” – көп) түзіледі. Ендеше, полисахаридтер полимер қатарына жатады. Олардың мономерлері моносахаридтер. Бұлар суда ерімейтін, дәмсіз органикалық қосылыстар. Ең кең таралған полтсахаридтерге крахмал, гликоген түрінде бауыр және бұлшықет жасушаларына 5% мөлшерде қорға жиналады. Ал ағзаға энергия қоры – глюкоза қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға ыдырайды.
Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасунық кездеседі. Крахмал гликоген сияқты көп мөлшерде картоп түйінінің т. б. өсімдік жасушаларында қорға жиналады, оның мөлшері 70%-ке дейін болады. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін талшықтар (ағаш сүрегі), т. б. жасунықтан тұрады. Жасунықтың құрамында глюкозаның 150–200 молекуласы болады.
- Көмірсуларының биологиялық рөлі.
1. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге бөлінуге, т. б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. Жасушаларда үздіксіз жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық (СО2 және Н2О) ыдырайды. Көмірсулардың бір грамм молекуласы ыдырағанда 17,6 кДж энергия босап шығады.
2. Көмірсулар құрылыс материалының
қызметін атқарады. Барлық өсімдік жасушаларының
қабырғалары жасунықтан тұрады.
- Липидтердің құрылымы.
Құрамындағы элементтердің
арақатынасына және құрамына байланысты липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет – олардың полярлы еместігі. Сондықтан да липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны және белгілісі – майлар. Майлар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицирин мен май қышқылынан тұрады. Олардың қатарына бәрімізге белгілі жануар және өсімдік майлары, маргарин және т. б. жатады. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін май қышқылдарының табиғи сипатында. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5-10%-ті шамасында болады. Алайда, құрамының 90%-ке жуығы майдан тұратын жасушалар да бар. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады.
Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін А, Д дәрумендері (витаминдер), кейбір гармондар жатады.
- Лепидтердің биологиялық ролі:
1. Лепидтердің суда ерімейтін қасиеті, олардың құрылыс материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді.
2. Лепидтер энергия көзі. Ма й жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр грамы молекуласынан 38,9 кг/Дж энергия бөлінеді.
3. Май, су көзі. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан 1,1 кг-да су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады.
4. Лепидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
5. Лепидтер – қорға жиналған заттар ролін атқарады. Жануарлар мен өсімдіктер әртүрлі мөлшерлерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайтын.
- Биологиялық молекулалардың пайда болуы. Тірі ағзаларда әртүрлі кіші органикалық молекулалар пайда болады. Оларды мономерлер (“моно” бір) деп атайды. Мономерлер қосылып, ірі молекулалар – полимерлерді (“поли” көп) немесе макромолекуланы (“макро” үлкен) құрайды. Ондай органикалық қосылыстар: жүн, каучук, жібек және мақта адамға бұрыннан белгілі.
- ХХ ғасырдан бастап химиктер жасанды монимер – пластмассаны ала бастады. Ағза өсімдік текті және жануар текті азық-түліктің құрамынан энергиясы мол полимерлер қабылдайды. Олар әртүрлі ферменттердің әсерінен мономерлерге дейін ыдырайды. Ол мономерлерден сол ағзаға тән полимер молекулалары синтезделеді.
Барлық тірі ағзалар органикалық қосылыстар төрт түрінен тұрады. Олар көмірсулар, лепидтер және ақуыз бен нуклин қышқылдары