Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 22:27, реферат
Жер жүзінде клеткалық емес өмір сүру формалар жоқ. Вирустер мен бактериофагтар есепке алынбайды, өйткені тірі клетканың қасиеттерінің көпшілігінен олар тек қана генетикалық программасың тұқымына беру қасиетіне ие болады.
Биологиялық физика клеткаларды зерттеу үшін физикалық тәсілдері дәл келетін тәжірибелік және теориялық модельдерді қолданады.
Эукариотикалық және прокариотикалық клеткалардың құрылуында және қызмет атқаруында мембраналардың маңызы аса жоғары. Мембраналар клетка ішіндегі компартменттерді құрайды, олар компартменттердің құрамына кіретін заттарды қоршаған ортадан бөлектейді. Мембраналар компартменттердің сыртқы және ішкі жақтар арасындағы әрекеттесулерді реттейді.
I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
а)Везикулалық тасымалдану;
б)Мембраналар биофизиканың негізгі мәселелері;
III.Қорытынды.
Мембраналық липидтердің негізгі функциясы - биқабаттық матриксті қалыптастыру. Негізгі класс - глицерофосфатидтер.
Глицерола деп аталатын гидроксильді топ, құрамына фосфат кіретін, полярлы топтанумен байланыста. Екі басқа гидроксильді топ гидрофобтық қалдықтармен байланысады. Табиғаттағы фосфолипидтер конфигурациясы D болады.
Фосфоглицеридтердің көбісінде фосфаттық топ глицеролдың sn-З-қалыпында жатады, ол холинді, этаноламинді, миоинозитольды, серинді немесе глицерольды тобымен байланады.
Сурет 1. Глицерофосфатидтің құрамы
Майлы қышқылдардың құрамына ылғи көміртек атомдарының жұп саны креді/14-тен 24-ке дейін/. Ең жиі кездесетіндері - С16, С18 и С20. Қанықпағандықтың дәрежесі түрлі болады, бірақ та жиі кездесетіндері - 18:1, 18:2, 18:3 и 20:4.
Сурет 2. Мембраналардың липидтерінің майлы қышқылдары.
Табиғатта кездесетін қышқылдар екілік байланыстардың цис-конфигурациясымен сипатталады. Мұндай конфигурацияда тізбек омырылуға ұшырайды, биқабаттағы липидті молекулалардың түйюлуі бұзылады. Фосфолипидтердің көбісінің құрамына бір қаныққан және бір қанықпаған тізбек кіреді. Жануарлардың клеткаларында қанықпаған тізбек глицеролдың sn-2-қалпында жатады. Е. coli клеткалары үшін да солай болады. Полиқанықпаған тізбектерде екілік байланыстар өте жиі кернеусіз болады. Кейбір бактериялардың фосфолипидтері бұталанған және құрамына циклдер /циклопропан/ кіретін тізбектерден тұрады.
Сурет 3. Фосфатидилхолинның құрамы.
Кардиолипиндер немесе дифосфатидилглицеролдар - фосфолипидтердің димерлі түрлері. Митохондриялардың, хлоропластардың және кейбір бактериялардың мембраналарында жиі кездеседі
Плазмалогендер. Бұл фосфоглицеролипидтердің бір көміртектік тізбегі - қарапайым винилдық эфир. Этаноламиндық плазмалогендер миелинде және жүректің саркоплазмалық ретикулумында жиі кездеседі
6.1. Липидтердің қозғалғыштығының түрлері.
6.1.1 Латеральды диффузия
Латеральды диффузия дегеніміз - липидтердің бір моноқабаттың ішіндегі жылжуы. Бұл процесс өте жылдам жүреді. Латеральдық диффузияның коэффициенті - 10-7-10-8 см2/с. t уақыты ішіндегі молекула өтетін, орташаршылы қашықтық келесі формуламен есептеледі:
Орта мөлшерлі липидтік молекула бір секунданың ішінде үлкен бактериялық клетканың ұзындығына тең қашықтықты (≈2 мкм) өтеді. Латеральды диффузияның жылдамдығы мембраналардың липидтік құрамынан және температурадан тәуелді.
6.1.2. Флип-флоп көшулер
Флип-флоп көшулер дегеніміз трансбиқабаттық жылжу. Молекулалар бір қабаттан басқа қабатқа өте сирек көшеді. Жылдамдығы өте төмен: бір фосфолипидтік молекула жұмада бір рет флип-флоп көшуді жүзеге асырады. Бұл кішкентай жылдамдық липидтің полярлық басына мембрананың көмірсулы облысың өту керектігімен байланысты. Кейбір интегралды /біріктіруші/ ақуыздар флип-флоп көшуді тездетеді.
6.2. Ақуыздардың қозғалғыштығының түрлері
Мембраналық ақуыздар мембрананың бір қабатынан басқа қабатына липидтер сияқты секіре ала алмайды. Бірақ олар өз өсі бойымен айнала алады /айналдыру диффузия/.
Ақуыздардың көбісі латеральды диффузия арқылы да жылжи алады. Оның жылдамдығын флуоресцнцияның қалыптасуы әдісі арқылы өлшеуге болады. Родопсин молекуласы үшін диффузия коэффициенті Д 5•10-9см2с-1 тең болды. Бұл фосфолипидтердің диффузия коэффициентісінен екі есе төмен, бірақ та басқа ақуыздармен салыстырғанда ең жоғары шама болып саналады.
Табиғатта кездесетін ақуыздардың латеральды және айналу диффузиялардың константалары 10-10-10-12 см2/с интервалында жатады.
Мембраналардағы липидті және ақуызды молекулалардың латеральды және айналдыру диффузия коэффициенттері келесі жайды дәлелдейді: физиологиялық қалыпта мембраналық жүйелер екіөлшемді сұйықтықтың қасиеттерімен сипатталады.
Бұл орталардың тұтқырлығы (η) Стокс-Эйнштейннің теңдеуімен есептеледі.
мұнда r- жылжитын молекуланың радиусы.
Табиғаттық мембраналар өз қызметін керекті деңгейде атқару үшін, олардың көмірсулы аймағы сұйық қалыпта болу керек, ал тұтқырлығы зәйтун /оливковое/ майдың тұтқырлығына тең болу керек.
7. МЕМБРАНАЛЫҚ АҚУЫЗДАР.
МЕМБРАНАЛЫҚ АҚУЫЗДАРДЫҢ
Липидтердің мембраналардағы негізгі ролі - биқабатты құрылымды тұрақтандыру, ал ақуыздар биомембраналардың белсенді компоненттері болып табылады.
Мембраналардың ақуыздық құрамы әртүрлілік, олардың молекулярлық массасы 10000-наң 240000-ға дейін жетеді.
Мембраналардың ақуыздары интегралды және перифериялық ақуыздарға бөлінеді. Интегралды ақуыздардың құрамына кең көлемді гидрофобтық аймақтар кіреді, және олар суда ерімейді.
Құрамына сәйкес ақуыздар b-қабаттар мен a-спиральдарға бөлінеді.
Мембранаға бекітілуіне қарай төрт түрлі болады. (Сурет 1).
Функциясына сәйкес ферменттік, тасымалдаушы, реттеуші және тіректі-құрылысшы ақуыздар болады.
8. МЕМБРАНА ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ.
Рентген сәулелердің дифракциясы
Бұл әдіс арқылы жоғарыреттелген кристаллдық үлгілерді зерттегенде, құрылым жайлы көп мәліметтерді алуға болады, егер де препарат реттелмеген болса бұл әдістің мүмкіндіктері шектелген.
Жүйке талшықтардың миелиндік қабықтары және фоторецепторлық клеткалар өте жоғары реттелген құрылымдар болып табылады, сондықтан оларды арнайы өңдеусіз ақ рентгенқұрылымдық әдісімен зерттеуге болады. Дифракциялық бейне бізге үш қабатты көрсетеді: екі шеткі қабаттардың электронды тығыздығы өте жоғары, ал орта қабаттың тығыздығы төмен. Миелиндік мембраналар үшін төмен электронды тығыздық сұйық көмірсулардың тығыздығына сәйкес келеді. Фосфолипидті молекулалардың фосфатты топтары жоғары электронды тығыздықпен сиаптталатын қабаттарды құрайды. Ал ақуыздардың молекулаларының көбісі липидтік қабаттың сыртында жататын шығар.
Электрондық микроскопия
Зерттелетін препараттар осмиймен боялады да микроскоп арқылы зерттледі. Робертсон «унитарлы» деп атап кеткен, құрамына электрондық тығыздығы жоғары, арасындағы қашықтығы 80А екі қабат кіретін, үшқабатты құрылымды жиі көруге болады. Ақуыздың мембранаға енуін қатырып ою әдісімен зерттейді /Сурет 5/.
Сурет 5. Мембраналарды қатыррып ою әдісі арқылы зерттеу. А. Қатырылған клетканың жарықшасының жазықтғы түрлі мембраналардың орта бөлігінен өтеді. Б. Жарықшаның екі бөлігі айырылады. В. Қабат үстіндегі детальдерін анықтау үшін үлгіні вакуумда возгонкадан өткізеді. Г. Үлгіні платинамен, одан кейін көміртекпен бүркеді, солай үлгінің үстінен репликаны аламыз. Д. Репликаны препараттан бөліп алады да электронды микроскоппен зерттейді
9. СИНГЕР-НИКОЛСТЫҢ СҰЙЫҚ-
Даниели-Давсонс және Робертсонның үлгісі бойынша липид-плазмалық мембрана биқабатты құрылымды құрайды /бутербродқа ұқсас, екі кесек нанға май жағылған және олар біріне бірі жапсырылған/. Ақуыз қабаты және липид қабаты біртекті.
1970 жылдан бастап динамикалық
қасиеттері иен олардың
Мембраналық липидтер ортада орналасқан бимолекулалық қабатты құрайды. Кейбір ақуыздар мембрананың үстінде орналасады, басқалары мембрананы кесіп өтеді /Сурет 6/. Арнайы мембраналарда ерекше ақуыздар жиналған, облыстар болады /мысалы, саркоплазмалық тізбектің мембранасында Са2+, АТФазаның жиналуы/.
Сурет 6. Плазмалық мембрананың құрамы
Қазіргі уақытта ақуыздар жеке глобулалар түрінде мембрананың үстінде жүзіп жүреді деп саналады, Олар жоғары немесе төменгі мөлшерде мембранаға матырылады /Сингердің сұйық-мозаикалық үлгісі, 1966/. Бұл үлгі бірқатар факторларды түсіндіруге мұмкіндік береді. Мысалы, мембраналардың көптеген физиологиялық функцияларының оның ағымдылығынан тәуелдігін анықтайды.
Ақуыздық-кристаллдық үлгі тек қана келесі постулатпен ерекшеленеді: мембранада ақуыз-ақуыз байланыстардың нәтижесінде қатты ақуызды құрылым пайда болады /Сурет 7/.
Сурет 7. Плазмалық мембрананың сұйық-мозаикалық үлгісі.
10. МЕМБРАНАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДІК ЖҮЙЕЛЕР.
Мембраналарды құрайтын липидтердің көбісі, олардың үстіне су қосқанда, ерімей бір қабатқа қатар тұрады. Олардың полярлық топтары суда, ал гидрофобты топтары ауада орналасады, мономолекулярлы қабатты құрып, жайылады.
Жасанды биқабатты мембраналар.
Липосомаларды немесе фосфолипидті везикулаларды липидтерді суға шашырату арқылы алады /Сурет 9/. Табиғатта жиі кездесетін липосомалар - мультиламеллярлық липосомалар.
Сурет 10. Бірқабатты липосомалардың құрылу схемасы (Антонов В.Ф. 2000)
Мультиламелярлық липосомалар.
Әрекеттесулердің мінезіне сәйкес не мульти-, не моноламелярлы липосомалар пайда болады /сурет 11/.
Сурет 11. Фосфолипидтік везикулалардың құрылуы (Рубин А.Б.,1999)
Қарапайым механикалық әрекеттесулердің нәтижесінде көпқабатты бөліктер пайда болады /диаметрі бірнеше микрометр/. Көпқабатты липосоманың жеке бимолекулалық қабаттары су ортасымен ерекшеленеді. Липидті қабаттардың қалындығы 6,5 - 7,5 нм, ал ара қашықтық - 1,5 - 2 нм. Көпқабатты липосоманың диаметрі 60 нм мен 400 нм арасында.
Бұл бөліктерде липидті биқабаттар ішкі фазаны сыртқы ерітіндіден бөледі. Бұнымен байланысты мультиламелярлы липосомаларды липидті биқабаттың барьерлық функциясын зерттеу үшін қолданады.
Мультиламелярлы липосомалар осмостық белсенді, сыртқы ортаның осмостық қасиеттері өзгергенде олардың көлемі өзгереді.
Моноламеллярлық липосомалар.
Ультрадыбыстың әсерінен моноламеллярлық везикулалар /20-40 нм./ пайда болады. Моноламеллярлық липосомаларды көптеген мидико-биологиялық зерттеулерде қолданады. Бірақ, олардың кішкентай көлемі мен осмостық пассивтілігімен байланысты зерттеулерге кедергі жасайды. Қазіргі заманда диаметрі 100 нм. астам үлкен моноламелярлы липосомаларды жасау әдістемелер дамыған.
Протеолипосомалар.
Көптеген мембраналық ақуыздарды жасанды везикулалық мембраналардың құрамына енгізуге болады. Ондай комбинативті жүйелер протеолипосомалар деп аталады. Ақуыздарды енгізу тиімділігі мембраналардың липидті құрамынан, рН, тұздық құрамынан, температурадан және т.б. тәуелді. Егер де детергенттер қосылса, ақуыз молекулалардың ену тиімділігі өседі.
Медицинада липосомаларды дәрілерді ағзалар мен тіндерге жеткізу үшін фосфолипидті микрокапсула ретінде қолданады /мысалы, инсулин/.
Жалпақ биқабатты липидті мембраналар және олардың қалыптасу схемасы.
Жұқа гидрофобты материалдардың кішкене тесіктерінде липидтер биқабатты құрылымдарды /қара пленкаларды/ құрайды. Бұл құбылыс алғашқы рет О. Мюллермен зерттелген. Ол екі су фазаны шектейтін, ауданы0,5-5,0 мм2 тефлондық қалқаның кішкене тесіктерінде мидің фосфолипидтерінен БЛМ алған.
БЛМ қалыптасу процесі сұйық көмірсуларда ерітілген липидті тефлондық стақанға жағудан басталады /сурет 12/.
Сурет 12. Бимолекулалық липидті мембраналарды дайындау. (1) шыны стақанға (2) электролит ерітіндіні орнатады және (4) тесігі бар тефлонды ыдысты ішіне малтырады.
Тесікте БЛМ қалыптастырады /Сурет 13/. Капиллярмен тесікке фосфолипидтің кішкене тамшысын орнатады. Фосфолипидтің молекулалары келесі түрде орналасады: Полярлық бастар су ортасына қарайды, ал гидрофобты құйрықтар тамшының ішіне тығылады. Біртіндеп тамшыдан ерітуші кетеді да тамшы липидті пленкаға айналады.
Сурет 13. БЛМ тефлон ыдыстың қабырғасында пайда болуы. А - (4) капиллярдың көмегімен (3) ыдыстың қабырғасындағы тесікке (5) гептандағы фосфолипид ерітіндісінің тамшысын енгіземіз
Пленканың мінезін анықтайтын бас күштері - (σ) фазааралық /үстінгі/ тұтқырлық және ван-дер ваальс күштері.
Алғашқы уақытта липидті пленканың қалындығы 100 нм-ден жоғары болады /Сурет 14/.
Сурет 14. БЛП құрылу кезеңдері (I-қалың мембрана, II - дөңес линзатүрлі мембрана, III - БЛМ):
Пленканың жіңішкеруін және БЛМ құрылуын шағылысу сәулесі арқылы байқауға болады. Алғашқы кезенде, пленка қалын болғанда, ол кәдімгі макродене сияқты көрінеді. Пленканың қалындығы түскен жарықтын толқын ұзындығына жақындағанда, сәулелердің интерференциясы /Ньютон сақиналары/ пайда болады. Мембрананың үстінде түсті оюлар пайда болады. Биқабатты липидті құрылымдар боялған түсте қара болып көрінеді, сондықтан, олар қара пленка деп аталып кетті. Ондай пленкалардың төмен шағылу қабілеті келесі фактпен байланысты. Пленканың алдынғы және артынғы жазықтықтарынан шағылған сәулелер қарсы фазада тұрады да, бір-бірін сөндіреді.
Қарайғаннан кейін, 15-20 минут арасында үстінгі тұтқырлық төмендейді де, БЛМ-ның электрік сыйымдылығы кейбір стационарлы мәндерге жеткенше өседі /сурет 15/.
Сурет 15. Жалпақ биқабатты липидті мембрананың құрылуы
БЛП-дың электрлік сипаттамалары және басқа физикалық-химиялық қасиеттері биологиялық мембраналардың қасиеттеріне ұқсас. Бірақ олардың метаболизмдік белсенділігі өте томен.
Информация о работе Мембраналар биофизиканың негізгі мәселелері