Омыртқасыздар зоологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 06:09, практическая работа

Краткое описание

Табиғат байлықтарының бірі – жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым – зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып табылады. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, өзінің қрршаған ортамен қарым – қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, органикалық дүниенің жеке және даму заңдылықтарын да тануға болады. Жануарлар әлемнің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызы зор екені жалпыға мәлім.

Содержание

1) Кіріспе ………………………………………………………………………3


2) Омыртқасыздардың балық тіршілігіндегі маңызы.………………………4-8


3) Бір клеткалы және көпклеткалы
Жануарлар өкілдеріне сипаттама…………………………………………..9-12


4) Негізгі бөлім – сүліктер класы……………………………………………..13-19


5) Қорытынды…………………………………………………………………..20


6) Қолданылған әдебиеттер……………………………………………............21

Вложенные файлы: 1 файл

ОТЧЕТ-РХ-921-Эпок.doc

— 223.00 Кб (Скачать файл)

Сүлікпен емдеу 1980 жылдарға дейін халық емі деп саналып  келді. Ал 1998 жылдан бері халық емінен дәстүрлі емге айналған.

Ертеректе сүлікті жұрт арасында «әулиеқұрт» деп атаған. Ол туралы халық арасында аңыз да сақталған. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көпшікке аяғын  салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқандығын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді.

Сүліктердің арқа тұсындағы  өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі деген  бұл аңыз бүгінге жеткен.

Кейінгі зерттеулердің  нәтижесінде сүлікпен емдеу жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Ғылымда сүлік салуды «гирудотерапия» деп атайды. Және оны арнайы мамандар салады.

Сүлікпен көптеген сырқатты емдеуге болады. Олар: жоғары қан  қысымы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, тромбофлебит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, невриттер, гипертензивті синдром, холецистит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік, эндометриоз, семіздік, аналық бездер, иоликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есекжем, остеохондроз, отадан және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, организмді жасарту т.б.

Сүліктің организмді жасартатынының тағы бір дәлелі өздері сүлік салатын адамдардың көбінің  жастарының 80-нен асатыны.

Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда.

Мәселен, қанды сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға  қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған пре­парат болғандықтан организмге кері әсері көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметикалық заттар аллергия тудырмайды.

Бұл жәндіктің емдік  қасиетінің сыры биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден  тұратын сілекейінде.

Сондай-ақ тек науқас қана емес дені сау адам да жылына бір  рет сүлік салдырып тұрса, қаны тазарып, ағзасы жасаратындығы анықталған. Емдеуге көбінесе белсенді аш сүліктер пайдаланылады. Сүлік сағатына 15 милилитрдей қан сорып үлгереді.

Сүлік салған адам үш күн  диета ұстау керек. Және мүмкіндігінше  сүт өнімдерінен бойын аулақ  ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б) пайдаланғаны абзал.

Ал қан аққыштық –  гемофилия, ауыр дәрежедегі қаназдық, ауыр дәрежедегі қан қысымы, жүктілік, кахексия, қатерлі ісіктер, жіті тамыр  жеткіліксіздігі кезінде және жалпы  адам бұл емді көтере алмайды деп  танылса, сүлік салдыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

10қазан мен 13қараша  аралығындағы өткен оқу практикасы  бойынша қорвтындыға келетін  болсақ,  омыртқасыз зоологиясы  бойынша практикалық сабақтар  отті.

Олар лекция мен суреттер, озіңдік жұмыстар, суреттер салу және іздену арқылы өтті. Бір клеткалы және көп клеткалы жануарлар туралы оқып, жазып талдадық. Амебалар құрылысы және суреттері, сипаттамасын, тіршілік етуін, эвглена отрядының құрылысы,инфузория туфелькасы туралы, трихоплакс құрылысымен таныстық,  Стефумедузолармен және соғыштар класс өкілдерінің кұрылысы, таспа құрттар мен немертиндер, нематоттар, яғни нағыз жұмыр құрттар, каловраткалар мен сүліктер, щаян тәрізділер жіне бұтақ мұртты шаяндардың құрылысы, онаяқты шаяндар және семсер құйрықтылар классы. Өрмекші тәрізділер классының құрылысымен таныстық.

Олардын әрқайсысын жеке талдап, тіршілік ордасын, құрылысын, табиғат  пен адам өміріндегі маңызы мен атқаратың  қызыметін, бүкіл планета бойынша  таралып, типтер мен класстар бойынша  жіктеліп таралуын, олардын қоректену, ас қорытуын, қалай қозғалып, тіршілік етуін қарастырған болатынбыз.               Негізгі бөлім бойынша, сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жінішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердін денесі 33 сегменттен (Асаnthobdella отрядында - 30) түзілген, олардың алдынғы төртеу қосылып алдыңғы сорғыпггы, артқы жетеуі - артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және                                                                                                     желбезектері жоқ, тек Асаnthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде кылтандары болады, бұл олардың азқылтанды кұрттарға жақындығын көрсетсді.

Денесі тығыз кутикуламен  капталған, оның астын кілегейлі  без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті  түйіршіктелген пигментті клеткалары шашыранқы орналасқан. СүлІктердің түсі - осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен катар дорзо-вентральды бұлшықеттері де бар.

Ішкі мүшелерінің арасын паренхима толтырған, целом қуысы нашар дамып, жіңішке түтікшеге, лакунарлык жүйеге айналған, тек қана Асаnthobdellida отрядының өкілдерінде ғана ересек күйінде целом сақталып калған.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. “Омыртқасыздар зоологиясы”, 1-ші кітаб

 

2. Техникалық мамандықтар ушін арнаулы энцоклопедия, 104-108 беттер аралыгында

 

3. “Жануарлар” энцоклопедиясы 52-54-9 беттер аралыгы

 

4. Суреттерді: “ Cу жануарлары ” атты техникалық мамандықтарға  арнаулы.

 

5.   "Омыртқасыздар зоологиясы" 2-ші кітап




Информация о работе Омыртқасыздар зоологиясы