Орманды бақылауда статистикалық әдісті қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:50, реферат

Краткое описание

Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.doc

— 116.00 Кб (Скачать файл)

Камераны фильтр қағазымен  толтырмас бұрын, дистилденген немесе қайнаған суытылған сумен шаяды, одан кейін ол кеуіп кетпес үшін бақылап отырады. Зерттелетін заттарды фильтр қағаздарына салады, өйткені олар бір-біріне тимеуі қажет.

Ылғалды камераға ұсақ тарелкелер, шынылардың үгінділерін орналастыруға  болады. Зерттелетін заттарға (қылқан, жапырақ, сүректің кесінділері, тұқымдар) ылғалды камераға солудың алдында топырақтың қалдықтарынан тазартады, сумен жуып содан соң әртүрлі әдістермен стерилдейді. Зерттелетін заттары салынған ылғал камерасын термостатқа немесе бөлме температурасы 20-25оС болатындай жағдайда бөлмеде қалдырады. Бірнеше аптадан кейін зерттелетін жерде жемісті дене және қоздырғыш пайда болады. Микроскоптың және анықтаманың көмегімен қоздырғыштың түрін систематикалық орнын анықтап алуға болады.  Қылқандардың және жапырақтардың сарғаюы себебін, химиялық әдіспен анықтауға болады. Микологиялық әдіске қарағанда қиын, бірақ аз уақытты қажет етеді.

Химиялық әдіс. Әртүрлі индикаторларды қолдануға, әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған жапырақтар мен қылқандардың түсінің өзгеруіне негізделген. Журавлевтің оқулығында химиялық әдісті қолдану туралы мәліметтер жан-жақты берілген. Ағаштектес өсімдіктерінің ауруларын анықтауда физикалық әдіс үнемі қолданады.

Физикалық әдіс тұқымдардың, сүректердің әртүрлі физикалық құбылыстары мен қасиеттеріне негізделген (резонанста, ультракүлгін сәулелер, клетка шырынының түсі, электроөткізгіш тканьдер, тығыздық және т.б.). Тұқымның сапасы ауру және сау тұқымдардың бірдей еместігі тығыздық бойынша анықталады. Ауру тұқымдардың тығыздығы аз, әртүрлі сұйықтықтармен әсер еткенде шығады.

Ағаштардың көзге көрінбей шіруін, шығаратын дыбыс арқылы анықтауға болады. Ауру ағаш пен сау ағашты тыңдағанда, әртүрлі дыбыстар шығаруына байланысты анықтайды. Бірақ бұл нақты дәлелдеулерді бермейді.

Соңғы кезде люминесценттік талдау әдісі кең қолданылып жүр. Өсімдіктің тканіні ультракүлгін сәулелерінен әсер еткенде, әртүрлі сәулеленуді көрсетеді. Жарық көр ретінде зертханалық және медициналық кварц лампаларын қолдануға болады. Бұл әдіс қылқан жапырақтылардың ауруға шалдыққан тұқымына әсер еткенде күлгін түске боялған үйеңкінің ауруға шалдықпаған тұқымы көк түске боялатындығын, ауруға шалдыққандары сәулеленбейтіндігі анықталған.

Аурудың болуы экологиялық, метеорологиялық және т.б. факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Болжау орман  шаруашылығының алдын-ала жасалатын  шараларын жасап жоспарлауда өте маңызды роль атқарады.

Желдің әсерінен орман  шаруашылығына көптеген зиян келеді. Олар сонымен қатар топырақтың беткі  қабатын ұшырып әкетіп, отырғызылған көшеттердің дұрыс өсуіне кері әсерін тигізеді. Жел сонымен қатар ағаштардың бұтақтарын сындырып, зақымдайды.

Көктемгі аяздар ағаштардың жас жапырақтарын, бұтақтарын зақымдайды. Өсімдіктің зақымдалған бөлігі қарайып  түсіп қалады.

Қыста температураның күрт өзгеруі ағаштардың аяздан діңі жарылып  кетеді. Аяздан ағаштың діңінің жарылуы  қылқан жапырақтыларда, барлық ағаш түрлерінде кездеседі.

Шаруашылық мекемелері биогеоценозға, ауаға көптеген шаң  және газ тәрізді қалдықтарды  жыл сайын бөліп шығарып отырады. Биогеоценоздың ішінде осы шығарылған қалдықтардан өсімдіктер көп зиян шегеді. Шаруашылық қалдықтарына: газ тәрізді қосылыстар, көшірдің жанбаған бөлшектері, күл, металдардың сульфаттары мен сульфиттері. Магнийдің қосылыстары, кальций, натрий және т.б. Шаруашылық қалдықтары өсімдіктердің вегетация мерзімін қысқартады, фотоассимиляциялаушы мүшелердің алаңын тежейді. Бұндай бұзу ағаштардың дұрыс өспеуіне, әлсіреуіне, уақытынан бұрын құрауға әкеп соғады.

Ормандарды өрттерден,  заңсыз кесулерден, орманды пайдаланудағы ережелердің бұзылуынан және басқа да ормандарға зақым келтірулерден қорғау үшін орман орналастыру кезінде арнайы іс шаралар жобаланады.  
Іс шаралар қолданыстағы ережелер, бұйрықтар мен басқа құжаттардың негізінде және өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық жүргізуді талдау нәтижелері ескере отырып жобаланады.

           Ормандарды өрттерден қорғау. Орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбасында мына мәселелер қаралады:

1) Орман пайдаланушылардың шекараларын табиғи өрттердің шығуына байланысты белгілеу. Олар әр орам немесе оның бөлігі үшін орман шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығында жасалған және Қазақстанның ерекше өрт қаупі бар ормандардағы орман өртерінің алдын алу шараларының жүйесіндегі келтірілген ұсынымдардағы орман қоры аумақтарын табиғи өрт қауіптілігі кластарына жатқызу шкаласы бойынша анықталады.

2) Әр орам немесе оның бір бөлігі үшін табиғи өрт қаупінің орташа класы, соған кірген телімдердің аудандары арқылы анықталады. Содан кейін орамдар немесе олардың бөліктері, табиғи өрт қауіптілігінің класына байланысты бір өрттік телімдерге біріктіріледі. Өртке қаупі бар телімдердің ең кіші ауданы сүлбе картасына қарағанда анық көрінеді. Орманшылықтың өрт қаупі кластарына бөлінуі бойынша қорытынды мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі.

3) Ормандарды өрттен  қорғау іс шараларына томендегілер  жатады:  
Орман өрттерін болдырмауға алдын-алу шаралары (елді мекендерде өртке қарсы дәрістер жүргізу, ормандағы өрт қауіпсіздігін сақтауды бақылау; демалушыларды және саңырауқұлақ, жеміс-жидек жинаушыларды

жұмылдыру), өрттің шыққан жерін табу (станционарлы бақылау матчаларын жасау, әуеден жәнежерден бақылау, телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету), өртті өшіру құралдары мен күштерін ұйымдастыру (химиялық өрт станциясын ӨХС), өртке қарсы құралдар мен жабдықтарының пунктік орталығын салу, орманды қорғау қызыметімен әуе қызметін ұйымдастыру,тік ұшақта қонатын алаңдарды дайындау,өрт болғвн жағдайда, жергілікті кәсіп орындармен тұрғындарды өшіруге жұмылдыру),

Орманды өрттен қорғауды материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету.

4) Өрт қаупі мына  жағдайларда бір класс жоғары белгіленеді:  
Қылқанды ормандардағы төменгі өрттердің, жоғарғы қабаты өртіне өтіп кетуі (қалып қалған ағаштардың шашылуынан, қурап қалған ағаштарда) мүмкін болатын жерлерде. Ормандардың құрғақ жерлерінде, өрт қаупі жоғары болатын аудандардың жекеленген учаскелерінде (ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жерлерді өртегенде, елді мекендер жақын орналасқанда, демалушылардың орманға келуіне қарқындылығы артқанда), өндірістік кәсіп орындарға және жалпы пайдаланылатын жолдар мен темір жолдарға жақын орналасқан ормандарды, өрт қаупі бойынша бір-біріне күрделі айырмашылығы бар алқаағаштардың орамдағы басымдылығына байланысты орамның аумағы бірнеше өрт қаупі класына жатқызылуы мүмкін. Құрамында биік беткелер, жайылымда, шабындықта және т.б. шөбі қалың, орман мен қамтылмаған жерлері бар орамдар, кесу қалдықтары қалған, өртемдері және өлген ағаштары бар алқа ағаштар өрт қаупі класына жатады.

Өрт қаупіне қарсы  іс шараларды жобалау кезінде,орман  орналастыру аймақтарына байланысты жасалған басты жоспарлар мен өртке қарсы құрлымдардың сүлбесі пайдаланылады. Ормандарды орман заңдарының бұзылуынан қорғау. Бұрын болған орман орналастыру кезінде орын алған орман заңдарын бұзушылықтарын талдау негізіне сүйене отырып ағаштарды заңсыз кесудің алдын-алу, орманды пайдалану ережесінің бұзылуына жол бермеу, санитарлық ережелерді бұзбау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, заңдылық актілері ережелерінің бұзбау туралы ұсыныстар беріледі. Орманшылықтардың аудандарын мастерлік учаскелермен айналымдарға бөлу. Орманшылықтардың аудандарын шеберлік учаскелермен айналымдарға бөлу, олардың аудандарының өрт қаупі кластарына бөлінуін және оларды пайдалану бағыттарын, бұрын жүргізілген талдауларды ескере отырып, жүзеге асырылады.

Орманды орналастыру кезінде бөлінген аудандардың жобасы кішірейтілген түрінде сүлбелерде көрсетіледі және арнайы түсіндерме тақырыптарында жазылады. Мастерлік учаскелерімен айналым аудандары, оларды бақылау мүмкіншілігіне байланысты, дайындалатын және жергілікті тұрғындар жиі баратын орамдарды қорғау тиімділігіне ерекше назар аударылады. Ормандарды өрттерден, заңсыз кесулерден,орманды пайдаланудағы ережелердің бұзылуынан және басқа да ормандарға зақым келтірулерден қорғау үшін орман орналастыру кезінде арнайы іс шаралар жобаланады. Іс шаралар қолданыстағы ережелер, бұйрықтар мен басқа құжаттардың негізінде және өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық жүргізуді талдау нәтижелері ескере отырып жобаланады.

5) Ормандарды өрттерден қорғау. Орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбасында мына мәселелер қаралады: орман пайдаланушылардың шекараларын табиғи өрттердің шығуына байланысты белгілеу. Олар әр орам немесе оның бөлігі үшін орман шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығында жасалған және Қазақстанның ерекше өрт қаупі бар ормандардағы орман өртерінің алдын алу шараларының жүйесіндегі келтірілген ұсынымдардағы орман қоры аумақтарын табиғи өрт қауіптілігі кластарына жатқызу шкаласы бойынша анықталады.

6) Әр орам немесе оның бір бөлігі үшін табиғи өрт қаупінің орташа класы, соған кірген телімдердің аудандары арқылы анықталады. Содан кейін орамдар немесе олардың бөліктері,табиғи өрт қауіптілігінің класына байланысты бір өрттік телімдерге біріктіріледі. Өртке қаупі бар телімдердің ең кіші ауданы сүлбе картасына қарағанда анық көрінеді. Орманшылықтың өрт қаупі кластарына бөлінуі бойынша қорытынды мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі.

7) Ормандарды өрттен  қорғау іс шараларына томендегілер  жатады:  
Орман өрттерін болдырмауға алдын-алу шаралары (елді мекендерде өртке қарсы дәрістер жүргізу, ормандағы өрт қауіасіздігін сақтауды бақыдау, демалушыларды және саңырауқұлақ, жеміс-жидек жинаушыларды жұмылдыру). Өрттің шыққан жерін табу (станционарлы бақылау матчаларын жасау, әуеден жәнежерден бақылау, телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету). Өртті өшіру құралдары мен күштерін ұйымдастыру (химиялық өрт станциясын ӨХС), өртке қарсы құралдар мен жабдықтарының пунктік орталығын салу, орманды қорғау қызыметімен әуе қызметін ұйымдастыру, тік ұшақта қонатын алаңдарды дайындау, өрт болғвн жағдайда, жергілікті кәсіп орындармен тұрғындарды өшіруге жұмылдыру). Орманды өрттен қорғауды материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету.

8) Өрт қаупі мына  жағдайларда бір класс жоғары  белгіленеді:  
Қылқанды ормандардағы төменгі өрттердің,жоғарғы қабаты өртіне өтіп кетуі (қалып қалған ағаштардың шашылуынан,қурап қалған ағаштарда) мүмкін болатын жерлерде. Ормандардың құрғақ жерлерінде, өрт қаупі жоғары болатын аудандардың жекеленген учаскелерінде (ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жерлерді өртегенде,елді мекендер жақын орналасқанда,  демалушылардың орманға келуіне қарқындылығы артқанда). Өндірістік кәсәп орындарға және жалпы пайдаланылатын жолдар мен темір жолдарға жақын орналасқан ормандарды.

           Өрт қаупі бойынша бір-біріне күрделі айырмашылығы бар алқаағаштардың орамдағы басымдылығына байланысты орамның аумағы бірнеше өрт қаупі класына жатқызылуы мүмкін. Құрамында биік беткелер, жайылымда, шабындықта және т.б. шөбі қалың, орман мен қамтылмаған жерлері бар орамдар, кесу қалдықтары қалған, өртемдері және өлген ағаштары бар алқа ағаштар өрт қаупі класына жатады.  Өрт қаупіне қарсы іс шараларды жобалау кезінде, орман орналастыру аймақтарына байланысты жасалған басты жоспарлар мен өртке қарсы құрлымдардың сүлбесі пайдаланылады.

Ормандарды орман заңдарының бұзылуынан қорғау. Бұрын болған орман орналастыру кезінде орын алған орман заңдарын бұзушылықтарын талдау негізіне сүйене отырып ағаштарды заңсыз кесудің алдын-алу, орманды пайдалану ережесінің бұзылуына жол бермеу, санитарлық ережелерді бұзбау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, заңдылық актілері ережелерінің бұзбау туралы ұсыныстар беріледі.

Орманшылықтардың аудандарын мастерлік учаскелермен айналымдарға бөлу. Орманшылықтардың аудандарын шеберлік учаскелермен айналымдарға бөлу,олардың аудандарының өрт қаупі кластарына бөлінуін және оларды пайдалану бағыттарын, бұрын жүргізілген талдауларды ескере отырып, жүзеге асырылады. Орман орналстыру кезінде бөлінген аудандардың жобасы кішірейтілген түрінде сүлбелерде көрсетіледі және арнайы түсіндерме тақырыптарында жазылады. Мастерлік учаскелерімен айналым аудандары, оларды бақылау мүмкіншілігіне байланысты, дайындалатын және жергілікті тұрғындар жиі баратын орамдарды қорғау тиімділігіне ерекше назар аударылады.

Орманды қалпына келтіру – әр түрлі себептермен, соның ішінде көбінесе адамның теріс іс-әрекеттерінен бұрын болып, кейін жойылып кеткен орманды өсімдіктерді қалпына келтіру. Орман өсімдіктері адамға, жалпы тіршілікке табиғаттың берген аса бір құнды байлығы. Сондықтан ол ормандарды күтіп, қорғау адам қоғамының парызы. Өкінішке орай Қазақстанның көп жерлерінде бағалы ормандарымыз өртке шалынып немесе отын үшін қырқылып, оталып, бұрынғы орманды жерлер ормансыз болып, сол аймақтардың табиғи экологиялық жағдайларын нашарлатуда. Ондай алқаптардың орман жамылғылары, соларды жойып жіберген мекеме, адамдардың есебіне қайтадан қалпына келтірілуі қажет. Ормандарды қайта қалпына келтіру және оларды дамыту шаралары шаруашылық шараларды жүргізіуге болмайиын жерлерден басқа мемлекеттік орман қорының барлық рұқсат етілген жер категорияларында жүзеге асырылады.

Жобалау жұмыстарда орманды  пайдаланушылардың көп жылдар бойы,орман  екпелері мен табиғи жаңаруды зерттеу  жұмыстары кезінде жиналған мәліметтеріне  сәйкес жүргізіледі.

Жобаланатын іс шаралардың құрамына төмендегілер кіреді:

  • Орманмен қамтылмаған аумақтарда екпе ормандарын отырғызу;
  • Өнімділігі төмен және бұталы ормандарды жаңарту үшін,   жасанды алқа ағаштарға құру;
  • Орманды басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде жас өскіндерді ескере отырып, олардың табиғи жаңаруының артуына әсер ету;
  • Табиғи жаңарудың келешекте орман құруына мумкіншілігі бар аудандарды қалдыру;
  • Мелиоративтік орман өсіру.

Ұдайы өндіру мен орман  өсіруді талап ететін және шаруашылық әсер етуге қолайлы учаскелерге  енетін орман екпелерінің қоры аралап көріп таксияцалау мәліметтері бойынша анықталады:

  • Шарушылық құнды тұқымдылардың табиғи жолмен өсуі мүмкін

емес орманмен қамтылмаған  учаскелер;

  • Тексеру кезеңінде жаппай кесуге жіберілген басым тұқымдылардың

толымдылығы бойынша, табиғи жаңаруы мүмкін емес кеспеағаштар;

  • Қалпына келтірілген және басқада орманмен қамтылмаған жерлер;
  • Өнімділігі,толымдығы төмен алқа ағаштары мен екпе ормандарды

отырғызу жолымен қалпына  келтірілген бұталы өсімдіктер.

Орман орналастыру кезеңіндегі  кеспеағаштардың жасанды жолмен қайта қалпына келтіруді қажет ететін ауданы пісіп жетілген орман астарындағы табиғи жаңару және есепті кепеағаштың нақты және болашақтағы пайдаланылуын ескере отырып есептеу арқылы анықталады. Орман екпелерін отырғызу шараларын белгіленген учаскелерде есептік әдістемелік картасы болмаған жағдайда,орман орналастыру жобасының түсініктеме қағазында отырғызылатын көшеттердің саны және орналасуы көрсетіледі. Алқа ағаштары қайта құру кезінде ағаштар толық жойылғанда-орман екпелері жаппай жобаланады,ал коридорлар мен толымдылығы төмен телімдердің ашық жерлерінде көшет отырғызатын жағдайда-жартылай жобаланады.

Табиғи жаңаруға жәрдемдесу тексеру кезеңіндегі тұқымдылардың  өскіні нашар кеспеағаштарда,орман  астарындағы толымдылығы төмен  пісіп жетілген,пісіп келе жатқан және көнерген ағаштарда, ағашы кесілген және басқа да орманы табиғи жолмен өсетін орманмен қамтылған жерлерде белгіленеді.

Табиғи жаңаруға қолдан ықпал етудің әдістері төмендегідей болады: 1) басты мақсатта пайдалану үшін жаппай кескен кезде, құнды тұқымдылар өскіні мен балауса ағаштарды сақтау мен оларды келешекте күту; 2) шаруашылықта маңызы бар өздігінен шыққвн ағаштар мен балауса ағаштарды күту; 3) сақталған өскіні жеткіліксіз учаскелерде орман екпелерн отырғызу; 4) біртіндеп топырағын өңдеу; 5) табиғи жаңарып келе жатқан учаскелерді қоршау; 6) жаңа кесілген жерлердегі табиғи жаңаруға қалдырылған жас өскіндерді жабайы және үй жануарлары зақым келтірмеуі үшін қоршап қою. Орманның табиғи жаңаруына арналған іс шаралар өткен жылдардағы кесілген жерлерді зерттеу жұмыстарының негізіне сүйене отырып, орманмен қамтылған аумақтардағы балауса ағаштардың динамикалық жағдайын талдау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи жаңару часкелері  таңдау басым тұқымдылардың орман  жиегінде және кесілген жерлерде жақсы дамуына байланысты болады.  
Ормандарды ұдайы өндіру немесе табиғи жануарға қалдыру жоспарланған учаскелерде іс шаралардың жоспарлары арнайы ведомостқа барлық іс шаралардың түрлері бойынша қорытынды шығарылып және әр отырғызу әдісі бойынша есептік технологиялық картасы көрсетіліп жазылады.  
Орманды дамыту кезінде жырлардың, балкалардың, құмдардың және тағы басқа ормансыз жерлердің жұмыс көлемі бөлек есептеледі. Ормандарды ұдайы өндіру, өсіру көлеміне байланысты уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерінің саны, орман тұқымбақтарының аудандары мен оларға қажетті орман тұқымдары есептеліп шығатын. Мұндай арнайы бап Қазақстанның жаңа қабылданған «орман кодексінде» бар.  Ормандарды қайта қалпына келтіру және оларды дамыту шаралары шаруашылық шараларды жүргізіуге болмайтын жерлерден басқа мемлекеттік орман қорының барлық рұқсат етілген жер категорияларында жүзеге асырылады.

Жобалау жұмыстарда орманды  пайдаланушылардың көп жылдар бойы, орман екпелері мен табиғи жаңаруды зерттеу жұмыстары кезінде жиналған мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі. Жобаланатын іс шаралардың құрамына төмендегілер кіреді:

  • орманмен қамтылмаған аумақтарда екпе ормандарын отырғызу;
  • өнімділігі төмен және бұталы ормандарды жаңарту үшін, жасанды алқа ағаштарға құру;
  • орманды басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде жас өскіндерді ескере отырып, олардың табиғи жаңаруының артуына әсер ету;
  • табиғи жаңарудың келешекте орман құруына мумкіншілігі бар аудандарды қалдыру;
  • мелиоративтік орман өсіру.

Ұдайы өндіру мен орман  өсіруді талап ететін және шаруашылық әсер етуге қолайлы учаскелерге енетін орман екпелерінің қоры аралап көріп таксияцалау мәліметтері бойынша анықталады:

  • шарушылық құнды тұқымдылардың табиғи жолмен өсуі мүмкін емес орманмен қамтылмаған учаскелер;
  • тексеру кезеңінде жаппай кесуге жіберілген басым тұқымдылардың толымдылығы бойынша, табиғи жаңаруы мүмкін емес кеспе ағаштар;
  • қалпына келтірілген және басқада орманмен қамтылмаған жерлер;
  • өнімділігі,толымдығы төмен алқа ағаштары мен екпе ормандарды отырғызу жолымен қалпына келтірілген бұталы өсімдіктер.

Орман орналастыру кезеңіндегі  кеспеағаштардың жасанды жолмен қайта қалпына келтіруді қажет  ететін ауданы пісіп жетілген орман  астарындағы табиғи жаңару және есепті кепеағаштың нақты және болашақтағы  пайдаланылуын ескере отырып есептеу арқылы анықталады. Орман екпелерін отырғызу шараларын белгіленген учаскелерде есептік әдістемелік картасы болмаған жағдайда, орман орналастыру жобасының түсініктеме қағазында отырғызылатын көшеттердің саны және орналасуы көрсетіледі. Алқаағаштары қайта құру кезінде ағаштар толық жойылғанда орман екпелері жаппай жобаланады, ал коридорлар мен толымдылығы төмен телімдердің ашық жерлерінде көшет отырғызатын жағдайда-жартылай жобаланады.

Табиғи жаңаруға жәрдемдесу тексеру кезеңіндегі тұқымдылардың  өскіні нашар кеспеағаштарда,орман астарындағы толымдылығы төмен пісіп жетілген,пісіп келе жатқан және көнерген ағаштарда, ағашы кесілген және басқа да орманы табиғи жолмен өсетін орманмен қамтылған жерлерде белгіленеді.  
         Табиғи жаңаруға қолдан ықпал етудің әдістері төмендегідей болады.  
Басты мақсатта пайдалану үшін жаппай кескен кезде, құнды тұқымдылар өскіні мен балауса ағаштарды сақтау мен оларды келешекте күту, шаруашылықта маңызы бар өздігінен шыққвн ағаштар мен балауса ағаштарды күту, сақталған өскіні жеткіліксіз учаскелерде орман екпелерін отырғызу, біртіндеп топырағын өңдеу, табиғи жаңарып келе жатқан учаскелерді қоршау, жаңа кесілген жерлердегі табиғи жаңаруға қалдырылған жас өскіндерді жабайы және үй жануарлары зақым келтірмеуі үшін қоршап қою.

Орманның табиғи жаңаруына арналған іс шаралар өткен жылдардағы кесілген жерлерді зерттеу жұмыстарының негізіне сүйене отырып,орманмен қамтылған аумақтардағы балауса ағаштардың динамикалық жағдайын талдау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи жаңару часкелері  таңдау басым тұқымдылардың орман жиегінде және кесілген жерлерде жақсы дамуына байланысты болады.  
Ормандарды ұдайы өндіру немесе табиғи жануарға қалдыру жоспарланған учаскелерде іс шаралардың жоспарлары арнайы ведомосқа барлық іс шаралардың түрлері бойынша қорытынды шығарылып және әр отырғызу әдісі бойынша есептік технологиялық картасы көрсетіліп жазылады.

Орманды дамыту кезінде  жырлардың, балкалардың, құмдардың  және тағы басқа ормансыз жерлердің  жұмыс көлемі бөлек есептеледі.  
Ормандарды ұдайы өндіру, өсіру көлеміне байланысты уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерінің саны, орман тұқымбақтарының аудандары мен оларға қажетті орман тұқымдары есептеліп шығарылады.

Орман орналастыру жобасының  түсіндірме жазбасында орман тұқым  шаруашылығы мен тұқымбақтары дамыту, уақытша және тұрақты орман учакелерін, аналық және ұластыру плантацияларын салу туралы ұсыныстар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер:

  1. Проблемы антропогенного воздействия на окружающую среду //Сб. статей под ред. Н.И. Пьявченко. – М., Наука, 2005. – 144 с.
  2. Методы исследования в экологии и биологии.  //Сб. статей. – Пущино, 2006. – 306 с.
  3. Воробейчик Е.Л., Садыков О.Ф., Фарафонтов М.Г. Экологическое нормирование техногенных загрязнений наземных экосистем. – Екатеринбург, Наука, 1994. – 280 с.
  4. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. – М., 2002.
  5. Воробейчик Е.Л., Садыков О.Ф., Фарафонтов М.Г. Экологическое нормирование техногенных загрязнений наземных экосистем. – Екатеринбург, Наука, 1994. – 280 с.
  6. Методы исследования в экологии и биологии.  //Сб. статей. – Пущино, 2006. – 306 с.
  7. Краковский А.И., Мукасьян С.П., Романова Г.И. В защиту окружающей среды. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 172 с.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Орманды бақылауда статистикалық әдісті қолдану