Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2015 в 10:59, реферат
Қатты қанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді.Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3 мм-ден 155 мм-ге дейін. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп,қанат жүйкелері жойылып, қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған. Ол, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Қатты қанаттылар
Ә)Жартылай қатты қанаттылар
Б)Жапырақ жемірлер
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Кафедра:
Реферат
Тақырыбы:Қатты қанаттылар тобының жіктелуі.Морфо-биологиялық ерекшеліктері.
Тексерген:___________________
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Қатты қанаттылар
Ә)Жартылай қатты қанаттылар
Б)Жапырақ жемірлер
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қатты
қанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба
қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған.
Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың
Қоңыздар – даражыныстылар, кейбір түрлерінде жыныс диморфизмі айқын көрінеді. Көпшілігі жылына бір рет, кейде 2 – 3 ұрпақ береді.
Қатты қанатты насекомдар класының құрамында 250 мыңдай түрі бар. Біздің елде 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Тұқымдастарының саны 100-ге жетеді. Олар 2 отряд тармағын құрайды:
Ет қоректілер отряд тармағы- Adephaga.
Көп қоректі қоңыздар отряд тармағы - Рolyphaga.
Ет қоректілер отряд тармағы- Adephaga. Бұл отрядтың өкілдеріне тән негізгі белгі - артқы аяқтарының сан бөлігі өте ірі болады. Барлық табандары 5 бунақтан тұрады. Қоңыздардың өздері және олардың личинкалары жыртқыштар, тек аздаған түрлері ғана өсімдіктермен қоректенеді. Қазақстан фаунасынан осы отряд тармағының құрамына 6 тұқымдас кіреді (барылдақ қоңыздар, сүңгуір қоңыздар және тағы басқалар).
Көп қоректі қоңыздар
отряд тармағы - Рolyphaga. Бұл отряд тармаққа жататын
қоңыздардың артқы аяқтарының жамбас
бөлігі қозғалмалы. Аяқтарның табан бөлігі
әртүрлі санды бунақтардан тұрады. Табан
формуласы мынадай:5-5-5;5-5-4;4-4-4;3-3-
Негізгі тұқымдастары: жапырақ жемірі, тақтамұрттылар, шыртылдақ қоңыздар, бізтұмсық қоңыздар, қара денелілер, дәнек қоңыздар, мұртты қоңыз, қабық қоңызы, т.б. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Көпшілігі ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, сонымен қатар қоңыздар шіріген заттарды (сапрофагтар), зиянды жәндіктерді (жыртқыштар) жеп көп пайда келтіреді, табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады.
Жартылай қатты қанаттылар, қандалалар (Hemiptera) – жәндіктер класының бір отряды.
Жер шарында кең тараған. 50 тұқымдасқа
бірігетін 25 – 30 мыңдай (кейбір деректерде
40 мыңдай) түрі белгілі. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы,
1500-дей түрі бар. Құрлықтағыларыөсімдікке жабысып,
топырақ бетінде, ағаш қуысының астында,
құм арасында, су қандалалары суда тіршілік
етеді. Бұлардың қазба қалдығыюра кезеңінен белгілі. Дене тұрқы
0,7 – 120 мм. Аузы шаншуға, соруға бейім. Мұртшалары жіп тәрізді (4 – 5, кейде
1 – 3 буынды). Қысқақанаттары екі жұп, алдыңғылары
қаттылау. Аяқтары секіруге, қазуға бейімделген.
Жартылай түрленіп көбейеді (4 – 5 жұмыртқа
салады, дернәсілі бірден ересек қандалаға
айналады). Хош иіс шығаратын безі (ересегінде – кеуде
қуысында, дернәсілінде құрсағы
Барылдақ қоңыздар тұқымдасы – Carabidae. Ет қоректілер отряд тармағының ең ірі тұқымдасы, 20 мыңнан аса түрлері бар. Қоңыздар өте жылдам, тез қимылдайды, қара түсті немесе әртүрлі түсті, аяқтары жүгіруге бейімделген. Личинкалары камподео тәрізді, көбінесе топырақты мекендейді. Барылдақ қоңыздардың көпшілігі жыртқыш, насекомдармен, моллюскалармен қоректенеді. Мысалы, дәнді дақылдарға астықтың барылдақ қоңызы (zabrus tenebrioides) мен тары барылдақ қоңызы (ophonus calceatus Duft.) зиян келтіреді.
Тақта мұрттылар тұқымдасы- Scarabaeidae. Мұртшаларының ұшы жолақтанған тақта тәрізді, алдыңғы аяқтары қазғыш, табан формуласы 5-5-5. Личинкалары құрт тәрізді, түсі ақшыл, жақсы жетілген көкірек аяқтары бар, басы қоңыр түсті үлкен болады. Тақта мұрттылар тұқымдастарының бірқатар өкілдері ауылшаруашылық дақылдарының басты зиянкестері болып саналады, әсіресе зауза тұқымдас тармағына жататын кузька қоңызы (Anisoplia austriaca Hbrt.) және басқа астық қоңыздары, мәрмәрлі зауза және т.б.
Қара денелілер тұқымдасы – Tenebrionidae. Тері жамылғысы мейлінше тығызданып қатайған, қара түсті қоңыздар. Личинкалары құрт тәрізді. Сыртқы құрылыс жағынан сым құрттарына өте ұқсас болғандықтан оларды жалған сымқұрттары деп те атайды. Нағыз сымқұрттарынан айырмашылығы олардың басы дөңес, үстіңгі ерні айқын көрінеді, алдыңғы жұп аяғы жақсы дамымаған, ортаңғы және артқы аяқтарынан ірі болады. Далалы және шөлді зоналарда көп кездеседі. Қоңыздардың өздері және личинкалары – фитофагтар немесе жануар текті заттардың қалдықтарымен қоректенеді, кейбіреулері жыртқыштар. Бірқатар түрлері ауылшаруашылық дақылдарымен және олардың қоймада сақталатын өнімдерімен қоректеніп көп зиян келтіреді.
Кокцинеллидтер тұқымдасы – Coccinellidae. «Қан қызы» деп аталатын жыртқыш қоңыздар. Денесі жарты шар тәрізді, арқа жағы дөңес, бауыр жағы жазық болып келеді. Мұртшалары қысқа, соңғы бунағы түйреуіш басы тәрізді. Табандарының формуласы : 4-4-4, бірақ үш бунағы өте кішкене болады, сондықтан табандары 3 бунақты сияқты. Личинкалары камподео тәрізді. Кокцинеллидтердің көпшілігі жыртқыштар. Олар біте, жапырақ бүргесі, кене, кокцидтер сияқты ұсақ насекомдармен қоректенеді. Өте кең таралғандары: 7 нүктелі кокцинеллида, стеторус және басқалары. Кейбір түрлері фитофаг, солардың ішінде өсімдіктерге зиян келтіретіндері картоп кокцинеллидасы немесе 28 нүктелі кокцинеллида, бақша кокцинеллидасы, лихачев кокцинеллидасы және т.б.
Сүген немесе мұртты қоңыздар тұқымдасы – Cerambycidae. Үстін түк басқан ірі немесе орташа келген сопақ денелі насекомдар. Көпшілік түрлерінің мұртшалары денесінің жартысынан ұзын, қылшық тәрізді, кейде ара тәрізді. Табандарының формуласы: 4-4-4, сирағында 2 тепкі тырнақ болады. Личинкалары құрт тәрізді ақшылдау немесе сұр түсті, көбінесе аяқсыз, басы кішірек келеді, алдыңғы кеудеге кіріңкіреп тұрады.
Бұл тұқымдастың өкілдері негізінен орман ағаштары мен екпе ағаштардың басты зиянкестері. Ағаштан жасалған материалдарды да зақымдайды. Кейбір түрлері шөп текті өсімдіктерге зиян келтіреді (мысалы, күнбағыс сүгені, дала сүгендері, дала сүгендері және тағы басқалар).
Дәнек қоңыздары тұқымдасы – Bruchidae. Үстіңгі қанаттары аздап қысқалау келген ұсақ қоңыздар. Осыған байланысты құрсақ ұшы- пигидий қанатпен жабылмай ашық тұрады. Басы аздап қана алға шығыңқырап, төмен қарай қиғаш бағытталған. Мұртшалары 11 бунақты, ара немесе тарақ тәрізді. Табанының формуласы 4-4-4. Личинкалары құрт тәрізді, С- әрпі секілді доғаш иілген, алғашында қысқа аяқтары болады да, кейін олар жоғалып кетеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Личинкалары мен қуыршақтары бұршақ тұқымдас өсімдіктердің, кейде шатырша гүлділер мен шырмауық тұқымдастардың және де басқа өсімдіктердің дәндерінің ішінде дамиды. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері қатарына бұршақ қоңызы, үрме бұршақ қоңызы және басқалары жатады.
Бізтұмсықтылар тұқымдасы- Curculionidae. Құрамында 40 мыңнан аса түрлері бар өте үлкен тұқымдас. Қоңыздың басының алдыңғы бөлігі ұзарып, тұмсыққа айналған. Мұртшалары әдетте бүгілмелі түйреуіш басы тәрізді, бірінші бунағы басқаларынан ұзын болады. Личинкалары құрт тәрізді, денесі С әрпі тәрізді доғаша иілген, ақшыл түсті, аяқтары болмайды, төменгі жақтары екі бунақты қармалауыштармен жабдықталған. Бізтұмсықтылардың көпшілігі фитофагтар және солардың ішінде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері де көп, мысалы, беде дән жегірі, қызылша бізтұмсығы және күріш бізтұмсығы, жолақты түйнек бізтұмсығы және басқалары.
Түтікше ширатқыштар тұқымдасы- Attelabidae. Бізтұқымдастарға жақын, бірақ олардан айырмашылығы- мұртшалары бүгілмелі емес және құрсағында үстіңгі қанаттармен бүркелмеген пигидия болады. Личинкаларының төменгі жақтарында үш бунақты қармалауыштары бар. Қоңыздар және олардың личинкалары ағаштың жапырағынан ширатылған түтікше ішінде, сонымен қатар өркен және жеміс ішінде де тіршілік етеді. Жеміс ағаштарының зиянкестері қатарына осы тұқымдастан казарка, букарка деп аталатын түрлер жатады.
Жапырақ жемірлер тұқымдасы – Chrysomelidae. Дене тұрқы келте және жуандау келген түрлі- түсті жылтыр қоңыздар. Сүген қоңыздардан айырмашылығы – мұртшалары дене жартысының ұзындығынан қысқа, сирағында тепкі болмайды, егер болса біреу ғана. Личинкалары құрт тәрізді, денесінің арқа жағы қылшықты, кедір - бұдырлы дөңестеу болады да, бауыр жағы жазықтау келеді. Көпшілік түрлері өсімдіктермен қоректенеді, солардың ішінде бірқатары ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері. Мысалы, колорад қоңызы, астық сүлікшесі, крестгүлділер бүргелері және басқалар.
Астық қоңызы – қоңыздар отряды, тақтамұрттылар
тұқымдасының өкілі. Астық қоңызы астық
тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Қазақстанда
кең тараған. Көбінесе далалы, орманды-далалы аймақтарда
көптеп кездеседі. Дернәсілдері топырақта тіршілі
Шыртылдақ қоңыз (Elaterіdae) – қаттықанаттылардың бір тұқымдасы, көп қоректілер отряд тармағына жатады. Жер шарында кең тараған, 10 мыңдай түрі анықталған. Тұрқы 2-ден 50 мм-ге дейін, көбінесе 7 – 10 мм, аяқтары қысқа. Арқасымен құлаған қоңыз қысқа аяқтарын жерге тіреп аударыла алмайды. Сондықтан олар ерекше тәсілмен – иіле секіріп аударылады да, бұл кезде кеуде алды және орта кеуде өсінділері бір-біріне тию салдарынан шыртылдаған дыбыс шығарады (қоңыздың аты осыған байланысты қойылған). Олар 30 – 40 см биіктікке дейін көтеріліп, бірнеше рет секіре алады. Шыртылдақ қоңыздар өсімдіктердің, әдетте діңінің астында тіршілік етеді. Қорек талғамайды, негізінен өсімдіктермен азықтанады. Көпшілік түрі а. ш. және орман ш-ның зиянкестері; мыс., қара шыртылдақ қоңыз (Athous nіger) дене тұрқы 10 – 14 мм, жолақты шыртылдақ қоңыз (Agrіotes lіneatus) – тұрқы 7 – 11 мм. Шыртылдақ қоңыздардың дернәсілдері де ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіреді.
Информация о работе Қатты қанаттылар тобының жіктелуі.Морфо-биологиялық ерекшеліктері