Дүние жүзінің дамыған елдерінде
белгілі бір пайыздағы адамдардың
жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде
қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың
көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай
көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс
ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы
уақытында елде ешқандай жұмыссыздық
жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға
тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар
өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны
мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып
дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық
тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте
істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз
қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға
мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері
жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс
тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен,
жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда,
шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал,
жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі,
әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған
немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар,
олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция
өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы
республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында
жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.
1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік
зерттеулердің кейбір деректеріне
сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың
ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта
болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір
фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл
шаруашылығанда көп адамдар өздерінің
жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді,
ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық
ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен
ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс
орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына
енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша
жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған.
Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік
қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға
қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық,
көмек көрсету қажет