Басқару есебі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияга негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3
I. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері..........5
1.1 Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.......5
II. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.........................................................................................................17
2.1 Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.........................................................................................................17
III.Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.........................................21
3.1 Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі........................................21
Қорытынды…………………………………………………………………….32
Пайдаланылған әдебиеттер……….....................................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Жудыз курсавой упр.учет.docx

— 83.33 Кб (Скачать файл)

Қаржы мен басқарушы  есептің арасындағы айырмашылықтары.

 

Қаржы есебі (ҚЕ)

Басқару есебі (БЕ)

1. Ақпараттың негізгі тұтынушылары 

Акция иелері және кредиторлар (нақты  және потенциялды), жабдықтаушылар, сатып  алушылар, салық слжбалары мен  бюджеттен тыс қорлардың кілдері, ШС қызмет етушілер, мемлекет.

Шаруашылық субъектісінң менеджерлері, қызметкер, бухгалтерлер, яғни бөлімшелерді қоса алғанда шаруашылық субъектісінң басқарушылық персоналы.

2. Ақпараттың арналымы (не үшін  пайдалатындығы туралы)

Бухгалтерлк ақпаратты сыртқы пайдаланатындар  үшін (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ееп беру).

Кезеңдік жоспарлау мен бақылау  мақсаттары үшін, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау үшін және ұйымдастыру саясатын таңдау үшін де қажет. Субъектінің бсқарушылық құрамы үшін оның қызметіне қытасты кез келген ақпарат өте маңызды, тіптен ол есептің объектісі мен немесе жоқ па, сандық бағалауға жата ма немесе жоқ па деген мәселелерден тәуелсіз түрде болуымен маңызды. Ішкі бақаруды ұйымдстыру үшін, субъект алған табыстар мен өндірістік шығындар туралы ақпараттарды өңдеу мен өз уақытында жинауды, тиімді қамтамасыз етуді дербес шешуі керек. 

3. Ақпараттарды жинау мақсаты

Күрделі қаржы туралы (акцияны ұстаушылар) мәлімет; алған міндеттемелерді  төлеу қабілеттілігі (кредиторлар, ссудалық капитал иелері); декларацияланған табвс, күрделі қаржының жұмсалу  көлемі туралы, мүліктерге есептелген салықтар, (мемлекеттік кіріс министрлігі, салық инспекциясы) жалақы төлеу  қабілеттілігі туралы мәлімет (жалдамалы  жұмысшылар) және т.б.

Шаруашылық субъектінің (башының) қаржылық жағдайы туралы мәлімет, жопарлау үшін сметалар, ағымдағы жедел еп берулер, қысқа мерзімдік шешімдерді қабылдау үшін болатын шығындар туралы есеп беру, сату бағалары, өндіріс шығындары, сұраныс, бәсекелестік қабілеттілігі, тауардың рентабельділігі мен басқа  шешім қабылдау үшін (барлық аталған  ақпараттар менеджерлер үшін қажет) мәліметтер. 

4. Реглементтеу деңгейі

Қаржы есебін жүргізу нормативі  құжаттар мен заңға сәйкес регламенттеледі, бухгалтерлік есеп жүйесіне барлық жазулар  шоттардың классификацияласына  сай келуі керек. Міндетті мәліметтерді бұрмалағандар мен есеп беру мерзәімін  сақтамағандар 151 – 1 бапқа сәйкес жауапкершілікке  тартылады. 

Өндірістік есепті жүргізу шаруашылық субъектінің әр қайсысы үшін міндетті болып табылады. Өйткені калькуляциялаусыз, қаржылық есеп беруді жасауға болмайды, барлық қалған жағдайларда бақарушы есеп әкімшіліктің еркіне және олардың  шешіміне тәуелді болып келеді. Ал калькуляциялау әдістемесі алдын ала  шаруашылықтың әр қайсысының еептік саясатында регламенттеледі. Қазақстанда  орындалатын өндірістік есептік едәуір бөлігі – бұл қаржылық есеп жүйесінің жанама өнім. Заңмен қарастырылған басқарушы есепке наты талаптар батыста да, Қазақстанда да жоқ.

5. Ақпараттың арналымы (не үшін  пайдаланатындығы туралы)

Жалпы қабылданып стандартталған есеп қағидаларына: есептеу, үздіксіздігі, түсініктілігі, мәнділігі, маңыздылығы, дәлділігі, шыншылдығы, яақталуы, сақтығы, салыстырмалығы, жүйелігі т.б. жатады.

Басқарушы есеп еептік нормативтері мен заңдалық талаптарына сай  келе бермейді, сондықтан біршама  тәуелсіз тұрғфыда ұйымдастырылады. Басқарушы  есептің қағидасы шешімді қабылдауда пайдалы ақпараттар беретін ережелер мен тәсілдерді таңдауға айқындалады. Басқаша айтқанда,


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

3.1 Шешімдер қабылдаудағы  басқару есебінің ролі.

 

Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылқ  механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яғни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіен мүлде әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді.

Осы кезге дейін Қазақстанда  аталған мәселе өз жәрежесінде ескерілмей келеді, ал бухгалетриядан алынатын ақпарат, кәсіпорынның шаруашылық жағдайын тиімді басқаруға қолайлы болып келе бермейді.

Қазақстандағы әрекет етуші бухгалетрлік есеп жүйесі салық пен алымдар  бойынша мемлекеттік кіріс Министрлігінің мақсаттарына бейімделген, бірақ шаруашылық субъектісін ұтымды басқарудың қажеттілігі  өз дәрежесінде ескерілмеген.

Негізінен мемлекеттік органдар үшін іске асырылып жүрген бухгадлетрлік  есеп жүйесі, мақсатқа лайықты деген  пікірмен келісуге болады. Сондықтан, бүгінгі таңдағы мемлекеттік  органдарында қабылданып жатқан бухгалетрлік есеп беру нысандарының (формуласының) мәселесін қозғамай-ақ, шаруашылық субъектілерін басқару жөнінде  дәйекті шешімдер қабылдау үшін, қажет  болатын басқарушы есеп жүйесі бойынша  шаруашылық субъектісінң басшылығының нұсқауымен жүргізу болады.

Басқарушы есепті бүгінде бизнестің  бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері  шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы  органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды. Бухгалтерлер табыс табуға (үлес қосуға) бағытталған өз қарастарын енгізуге мүмкіндіктер берілген жоқ, сондықтан  олардың көзқарастары да өз деңгейіне  танылған жоқ.

Бухгалетр, ақпарат беретін бірыңғай апараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің  нарыққа бағытталған тұсында  бухгалтерлер өздерінің жауапкершілігінің  аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етушіжүйе ретінде танылды.

Бәрімізге белгілі, бақарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің  бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада  қаржы есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды ролт атқарады. Ол – нарықты қатынатардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты


 


 

 
Сурет. Басқарушы есептің шаруашылық етуші субъектісінің шеңберінде атқаратын ролі.

жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда бақсарушы  есептің табиғатын, тереңірек олардың  функционалдық ерекшеліктерін түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді бақсару мүддесіне толық сай  укелетін әдістерін көре білу қажет.

Осыдан келіп, біздің пайымдалыуымызша, өндірісті бақару жүйесінде басқарушы  есептің атқаратын ролі ең алдымен  «бақарушылық шешімдері жаау» мәселесін  шешумен анықталады,, бірақта бұл  үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда  жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты  бірден түсіну керек:

Бірінші бабы мынадай бақсару элементтерінен тұрады:

а) мәселесінің қойылуы (ақпарат  жинау, басқарудың синтездеу, жоспар құру шешім қабылдау, яғни бақаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға  басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің  бағыты бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтқанда бұл, біріншеден, бірінші  бағыттың бастапқы екі элементін  бір тұтас біүгінге үйлестіруді, екіншіден, қол астындағылардың  оқыту және оларды даярлауды білдіреді);

в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) құру, запастарды бақару және т.б.

Демек, бақарушы есептің ролі –  бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесті ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге  айналдыру.

Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді жету үшін, басқарушы  есептің індік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы  есептің роліне баты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел бақшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді  қажет етеді.

Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді бақару мақсатында, оның қаржылық жадайын  талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі  өзгертуге тура келеді. Бұл, біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана трі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды. Екіншіден, шаруашлықы субъектісіне қажетті қарджылыө және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбүр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б. Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемелекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржылдандырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.

Осының барылығының нәтижесінде  шаруашылық субъектісіде, бір жағынан, бақарушылық шешімдері қабылдау және олардың нәтижелерін бағалау  үшін толық және дер кезінде ақпараттардың  болуына деген қажеттілік туындайды. Басқа жағынан, шаруашылық субьект  өзіне өз қаражаттарын салуға (немесе салуға ниеттенуге) сәйкес ақпараттар беріп отыруы керек. Сонымен бірге, нарық жағдайында салықтық аударылымдардың  дұрыстығы туралы мемлекетке есеп беру қажеттілігі сақталады.

Сөйтіп, нарықтық экономика жағдайындағы жағдайындағы бухгалетрлік есеп пен  жүргізушілік пен статитискалық  қызметінен гөрі, шаруашылық субъектінің  қызметі туралы ақпараттарды беру, өңдеу, жинаудың, сондай-ақ, мүдделі  жақтардың өздерінде бар ақша қаражаттарын қалай ұтымды инвестициялау  керектігі жөніндегі талабына жауап  беретін, және олардың қабылданғаен шешімдерінің негізділігіне көздерін жеткізетін құралына айналды.

Әкімшіліктің жаңа мүддесін қанағаттандыру мүмкіндігіне тек қана бухгалтер-талдаушы ған ие, себебі ол шаруашылық субъектінің  экономикасын ұғынуға қабілеті, қаржылы-есептік  мәліметтер негізінде, оның олқы жерлерін анықтай алады, және де ол салықтық жоспарлауды жасайды.

Бүтіндей сірә, шаруашылық субъектінің  қваржылық сәттілігі, ұйымдастыру  деңгейіндегі бақарушы есептің жүйесіне тура пропорционалды болып келеді.

Осындан, ең бастысы – мақсаттарды  таңдау, сосын бақсарушы есептің  осы роліне қайшы келмейтін сәйкестікте  әреет ету варианттарын таңдау және оны қолдана білу. Менеджерлер  әр заматта ақпараттар зәру болады, егер олар бухгалтер-талдаушылар дайындаған ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын  болса, онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Басқарушы есепті дұрыс ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін жете түсіну болып табылады. Дәлірек, айтсақ, оптималды шешімдерді қабылдаумен бақсарушы есептің  ролі тығыз байланысты, онда ол іс әрекеттің  баламалы варианттарын дайындау үшін қарапайым және қисынды негіз  жасауға мүмкіндік береді. Батапқы  бес кезеңі шешімді қабылдау мен  жоспарлаудың процесін көрсетеді. Осының ішінде жоспарлау негізінн шешімді  қабылдаудағы іс әрекеттің баламалы варианттарын таңдауда ең үлкен роль атқарады. Соңғы екі кезең таңдап алынған баламалы варианттарын жүзеге асыру мақсатымен, нақты көрсеткіштероді түзету мен бағалаудан қалыптасатын тікелей басқару процесін көрсетеді. Енді біз бұл кезеңдерді жеке-жеке қарастырып көрейік.  

Еске сала кетейік, дұрыс шешім  қабылдамас бұрын, әрбір әрекеттің  варианттары бойынша басымдылығын бағалай отырып, шешімді қабылдаушыларға  мақсаты мен негізгі бағыты туралы анықтауға барынша мүмкіндік  беру керек. Осыдан, шешімді қабылдау процесінің бірінші кезеңі- мақсаттарды  анықтау және мәселелерді ұйымдастырудан тұрады. Компанияның мақсаттары мен  мәселелері неден туындайды және соның ішінде максималды табысқа  қол жеткізу мақсатын негздеуде  әр түрлы аргументтердің ұсынылуы жөнінде  қызу пікір таластың болғаны жөн.

Мақсаттарды анықтағаннан кейін бухгалетр-талдаушы іс-әрекеттің (немесе стратегиясының) баламалы варианттарын іздестіредіә, сондықтан ШС басшысына төмендегі  іс-әрекеттің варианттарының біреуіне немесе бірнешесіне сүйене ұсынылады:

  • қолданыста жүрген нарық жағдайына бейімделген өнімнің жаңа түрлерін сатуға дайындау;
  • өнімді сату үшін тыңнан жаңа нарығын іздестіру, яғни ол үшін жаңа өнім түрлерін дайындау;
  • өндірілген өнім түрлері бойынша, өздігінше жаңа нарықты жасау, (игеру).

Баламалы варианттарды іздестіруде  бухгалетр барлық мүмкін болатын  баламаны анықатуы керек. Мысалы, басқарушы  офиске қызмет көрсетуде өзінің мәселесін  шешу үшін мынадай шығындарды қысқарту баламаларын анықтайды:

  • запастар, материалдар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды жақсарту;
  • нысандары және басқа да баспа материалдарын стандарттау;
  • көрсетілген мерзімнен тыс жұмыстарды қысқарту;
  • қызметкерлердің еңбегін тиімді пайдалану;
  • контор (кеңсе) жұмыстарын автоматтандыруды дамыту;
  • материалдарды ысырап қылу мен ұрлықты болдырмау үшін бақылауды жақсарту.

Әр түрлі іске кірерде олардың  құндылығын есекеретін, творчестволық  ойлай білетін басшы, осы кезеңде  белсенді түрде идеяларды немесе ойларды іздейді және өз қарамағындағыларға өзінің нұсқауларын береді. Ол айқындалған (табылған) балама саны көбейген сайын, мәселелерді табысты шешу үшін мүмкіндіктердің  көбейгенін білдіреді.

Баламаларды салыстыра отырып, басқарушы  бірінші кезекте: ақша мен адамдарға  деген қажеттілігін, инвестицияның  қайтарымын, талап етілетін уақытын, бақа бөлімшелердің мұқтаждықтары, еңбек қатынастарына әсер етуін, қолда бар артықшылықтарын пайдалануын  және басқа да осы сияқты іске қатысы бар факторларды қарастыру керек. Таңдап алынған баламалары іске асыруда, олардың іске асатындығын қайта  тексеру керек, яғни реализм тағы да жоспардың шешілетін мәселелерге  сәйкестігін бағалаудың шешуші кілті екендігіне көзін жеткізу керек. Осы мәселелерді және жоспарды ұсынып отырған басқарушы да, оның басшысы да оларды қарауға және бекітуге міндетті. Олар бұл жоспарларды жақтау кезінде, оны тағы да зерттеу керек, ол үшін оның мына ретте сәйкестігін құраған жөн:

Информация о работе Басқару есебі туралы жалпы түсінік