Бастапқы құжаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3

І. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру............................................................4
1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі................4
1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі.......................................................7
1.3.Құжат айналымы.......................................................................................10

ІІ. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру........................................................13
2.1.Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны......................................13
2.2.Бастапқы құжаттарды классификациялау..............................................16
2.3.Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу.............................................................18
2.4.Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар..........................................20

Қорытынды........................................................................................................21

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру.doc

— 118.00 Кб (Скачать файл)

 

                                        Мазмұны

                                           

 

Кіріспе...............................................................................................................3

 

І. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру............................................................4

1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі................4

1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі.......................................................7

1.3.Құжат айналымы.......................................................................................10

                                  

ІІ. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру........................................................13

2.1.Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны......................................13

2.2.Бастапқы құжаттарды классификациялау..............................................16

2.3.Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу.............................................................18

2.4.Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар..........................................20

 

Қорытынды........................................................................................................21

 

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен  қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:

  • уақтылы жасау;
  • позицияның сенімділігі;
  • дұрыс рәсімдеу.

   Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады.

    Құжаттар-кәсіпорындар  мен адамдардың арасындағы даулар  кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.

 

І.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1.1.Бухгалтерлік  құжаттар және олардың атқаратын қазметі

 

    Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

    Жалпы кәсіпорындағы  атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған  тапсырманың үздіксіз,белгілі бір  тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға  жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

    Құжат кәсіпорындағы  орындалған шаруашылық операцияларына  сәйкес үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

    Бухгалтерлік  құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

    Орындалған  шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

    Кәсіпорында  жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

    Міндетті деректемеге  жататындар:

    - құжаттың аты,нысанының коды;

    - құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);

    - құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

    -   шаруашылық операцияның мазмұны;

    -   шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

    -   шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;

   -    жауапты атқарушының қолы.

   Қосымша деректемелер  шаруашылық операция көрінісінің  ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.

    Құжаттардың  нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  1. ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
  2. еңбек жіне еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  4. материалдар;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс;
  9. түгендеу нәтижелері;

    10) кассалық операциялар;

    11) сауда операциялары.

    Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте  толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі  мүмкін.

    Құжаттардағы жазбалар  сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компъютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

    Ақша операциялары бойынша  толтырылатын құжаттар және есеп  айырысу құжаттары,сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз)болып саналып,оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

     Алғашқы (бастапқы) құжаттарды  толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні,айы,жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

    Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

    Бухгалтерлік есепте  пайдаланылатын алғашқы құжаттардың  басқадай түрлеріне түзету енгізу  тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні,айы,жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

 

1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі

    

         Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:мақсаты бойынша(назначению),қарастырылған орнына байланысты(месту составления),көрсету тәсілі(способу отражения) және операция мазмұнының көлемі(объему содержания) бойынша.

     Мақсаты бойынша құжаттар:

үкімдік,(распорядительные),атқарушылық(оправдательные,исполнительные)бухгалтерлік толтыру(бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған(комбинированные) болып бөлінеді.

     Үкім құжаттарына- шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы,жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық,тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді,себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

     Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

     Бухгалтерлік  толтырылған құжаттар – ұйымның  бухгалтериясы жасаған әр түрлі  анықтамалар,бухгалтерлік есепшоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар.Оларға негізгі құралдар,материалдық емес активтер,материалдар,әлеуметтік сақтандыру аударымдары,еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

     Біріктірілген  құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы:кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе,кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы,ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

     Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

     Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды),жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын),есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.

    Сыртқы құжаттарға-кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды,сенімхаттарды және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.

    Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды   

 алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөлініп қарастырылады.

    Алғашқы (бастапқы) құжаттпрдың  өзі олардың толтырылатын операцияларының  мазмұнына қарай бір рет қолданылатын  және жинақталған деп аталатын  екі түрге бөлінеді.

    Бір рет қолданылатын  құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату толтырылатын накладнойлар.

    Жинақталған  құжаттарда белгілі бір мерзім  аралығында орындалған біртектес  операциялар жазылады. Мысалы:Акционерлік қоғамнан бір күнде босатылған өнімге шектеулі-заборлық картасы толтырылады.

Информация о работе Бастапқы құжаттар