Еңбекақы есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері.........................................5
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты......................10
1.3 Еңбек есебі және нормативтік реттеу................................................................13
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нің экономикалық сипаттамасы...............................16
2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі..........................................................................................21
2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі..............................................................22
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар............................................................30
2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................37
2.6 «Адитекс ЛТД» ЖШС – ндегі еңбекақы төлеу қорын талдау.......................43
3 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуда аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.............................................................................................47
3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру.....................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................59
ҚОСЫМША. «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің бухгалтерлік балансы....................61

Вложенные файлы: 1 файл

ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ.doc

— 594.50 Кб (Скачать файл)

 

    «Адитекс  ЛТД» ЖШС –нің баланс валютасының динамикасының талдап, 2009 жылдың көрсеткіштерін 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстыру (Қосымша А).

Жарғылық  қор  кәсіпорынның  жарғысында  қарастырылады, яғни  «Адитекс ЛТД» ЖШС-гінің жарғылық капиталының мөлшері 103 000,00 (жүз үш мың ) теңгені құрайды.

Баланс валютасы 236793 мың. теңгеден (2009ж.) 107857 мың. теңгені (2008ж.) алғанда 128936 мың. теңгеге ұлғайған. Баланс валютасының өзгеруіне қысқа мерзімді активтердің кемуі мен қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің өсуі әсер етті.

Баланс активінің құрылымында кәсіпорынның есепшотындағы ақша қаражаттардың және ТМҚ-дың ұлғаюына байланысты ағымдағы активтер 99,73 %, ал ұзақ мерзімді активтер 0,27 % құрады.

Ал қысқа мерзімді активтердің  бөлімінде көп үлесін ақша қаражаттар 49,29 % , және дебиторлық берешек 26,05% үлесін құрайды.

Ұзақ мерзімді активтер бөлімінің 100% үлесін негізгі құралдар құрайды. Негізгі құралдар сомасының азаюы, олардың тозуымен түсіндіріледі.

Пассив бөлімінің құрылымында  қысқа мерзімді міндеттемелер 79,85 %, ал меншікті капитал 20,09% құрайды.

Тартылған қаражаттарды талдау.

Кәсіпорынның қысқа  мерзімді міндеттемелері негізінен 92,55 % үлесін несиелік берешек құрайды, оның банктен алған несие үлесі 0,80 %, қалғаны кәсіпорын директорының қаржылық көмегі 0,20%.                                       

Кәсіпорынның капиталының талдауы.       

«Адитекс ЛТД» ЖШС-нің  капиталы негізінен таратылмаған пайдасынан құралады. Есепті кезеңнің соңына таратылмаған пайда сомасының ұлғаюы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінң өсуін көрсетеді.

Бухгалтерлік баланстың дебиторлық және кредиторлық берешектерін сомаларын ашып қарасақ (кесте 4,5,6).

 

 

 

Кесте 4 – Дебиторлық борыштың құрамы

 

Дебиторлық берешек  атауы

01.01.09 ж.

  31.12.09 ж.

Сома, мың. теңге

Құрал

ған күні

Не үшін

Сома, мың. теңге

Құрал

ған күні

Не үшін

«Логистикс-ойл»

104 993

03.10.08

Тауар

28 773

04.08.09

Тауар

АҚ «ТНК Казхром»

1 043

24.12.08

Тауар

     

АШ Абилов

     

148

21.08.09

Тауар

АШ «Азамат-4»

     

953

23.09.09

Тауар

«Арна» ЖШС

     

31 630

30.09.09

Тауар

Барлығы

106 036

   

61 504

   
 

01.01.09 ж.

31.12.09 ж. 

Басқа да дебиторлық берешек

Сома, мың. теңге

Құрал

ған күні

Не үшін

Сома, мың. теңге

Құрал

ған күні

Не 

үшін

Банкнотная фабрика

13

23.04.08

Тауар

5

21.09.09

бланк

Міндетті сақтандыру

5

04.07.08

 

11

07.08.09

 

«Гелиос» ЖШС

     

1 710

29.09.09

Тауар

АҚ ТҮ «ҚазМұнайГаз»

     

7 093

30.09.09

Тауар

АҚ «ТургайПетролеум»

     

725

14.09.09

Тауар

Жиын

18

   

9 544

   

Барлығы

106054

   

71048

   

 

Тауар үшін төлем максималды 30-60 күн аралығы, дебиторлық берешектің көп үлесі – жіберілген тауар. «Адитекс ЛТД» ЖШС-гі жоғарыдағы көрсетілген кәсіпорындармен ұзақ мерзімде жұмыс істейді, сондықтан да күмәнсіз қарым-қатынастарда қызмет етеді.

 

Кесте 5 – Қысқа мерзімді қаржылық берешектің құрамы

 

Қарыз берушінің атауы

Пайда болу мерзімі

Өтеу мерзімі

Сома, мың. теңге

АҚ «БТА Банк», Астана қ. (қарыз)

Шілде 2009

Қараша 2009

140 000

Молдабаев А.А.

Тамыз 2009

Желтоқсан 2009

35 000*

Барлығы

175 000


* қатысушының қаржылық көмегі.

 

«Адитекс ЛТД» ЖШС-гі  өзінің  қызмет  атқаруы  барысында  меншікті  қаржыларынан  басқа  қарыз  қаражаттарын да  пайдаланады. Олардың  қатарына  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  несиелер, қарыздар, алынған  аванстар  және  басқа  да  кредиторлық  борыштар  жатады.

 

Кесте 6 – Кредиторлық берешектің құрамы

мың.теңге

Кредиторлық берешек  атауы

01.01.09 ж.

31.12.09ж.

Сома, мың. теңге

Құрал

Ған

 күні

Не үшін

Сома, мың. теңге

Құрал

ған күні

Не үшін

«ТехноПолюс ПВ» ЖШС

1 032

24.12.08

Тауар

     

АҚ

«Астанателеком»

2

31.12.08

Байл. қызмет

7

30.09.09

Байл. қызмет

АҚ «БТА Банк»

7

31.12.08

Несие. сыйақы

805

30.09.09

Несие. сыйақы

ЖК Мусабаева

     

889

30.09.09

Жалға алу

«Агротехника-2030» ЖШС

     

33

29.09.09

Тауар

Барлығы

1 041

   

1 734

   

 

Салыстыра келе 2008 жылға  қарағанда 2009 жылы көрсетілген қызметтер  сомасы өсті және кредиторлық берешектің басым үлесін алады.

Баланстың деректеріне  сүйенсек, өткен жылғы таратылмаған пайда көлемі 14 879 мың. теңгені, ал биылғы жылдың пайдасы 32 584 мың. теңге, демек 17705 мың. теңгеге артып, жалпы сомасы 47 463 мың. теңгені құрады.

 

Кесте 7 – «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің қаржылық есебі               

                                                                                                                       мың.теңге

Көрсеткіштер атауы

01.01.08

01.01.09

Орташа айлық көрсеткіш

31.12.09

Орташа айлық көрсеткіш

Тауарды сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс

1686793

2568385

214032

958275

79856

Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік  құны

1601350

2375894

197991

870486

72540

Жиынтық табыс

85443

192491

16041

87789

7316

Қаржыландырудан түскен табыс

0

0

0

0

0

Өзге табыстар

388

13028

1086

421

35

7 кестенің жалғасы

Өнімді өткізу мен  қызмет көрсетудегі шығындар

49160

125735

10478

39104

3259

Әкімшілік шығындар

23834

33855

2821

8317

693

Қаржыландыруға кеткен шығын

10109

24790

2066

8205

684

Өзге шығындар

 

2212

184

0

0

Ағымдағы қызметтің  пайдасы (зияны)

2728

18927

1577

32584

2715

Тоқтатылған қызметтің  пайдасы (зияны)

0

0

0

0

0

Салық салуға дейінгі  пайда (зиян)

2728

18927

1577

32584

2715

Корпоративтік табыс  салығының шығындары

939

5836

486

0

0

Кезеңнің қорытынды  пайдасы (зияны)

1789

13091

1091

32584

2715


Кәсіпорынның табыстар құрылымында  пайданың басты үлесі негізгі  қызметтен алынған табыстан құралады, бұл кәсіпорынның қалыпты коммерциялық қызметін айқындайды (кесте 7). Ал кәсіпорынның өзге табыстары бұл – тауардың келіп түскен кездегі артықшылықтарын сатудан түскен табыс сомасы.

Түскен табыстың орташа айлық көрсеткіші 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 134176  мың. теңгеге азайды. 2009 жылда бұндай өзгеріс тауар сататын көптеген кәсіпорындарда байқалады. Тауарды сатуға кеткен және әкімшілік шығындардың орташа айлық көрсеткішінің төмендеуі шығындардың азаюына байланысты.

 

2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі

 

«ҚР Еңбек туралы»  Заңына сәйкес қызметкер жеке еңбек келісімшартындағы еңбек міндеттерін орындайтын уақыт жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келісімшартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін.

Жеке категориядағы  қызметкерлер үшін заңда жұмыс уақытының  ұзақтығын кеміту қарастырылған.

Барлық категориядағы  жұмыс істеушілердің жұмыс уақытын  пайдалану есебі жұмысшылар мен  қызметкерлердің белгіленген жұмыс  режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша статистикалық есепті жасауға арналған «Жұмыс уақытының есеп табелінде» жазылады.

Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі қолданылады. Бұл табельдің бланкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемелер арқылы жасалуы мүмкін. Мұндай деректемелерге мыналар жатады: кәсіпорын, қызметкердің аты-жөні, әкесінің аты, кәсібі, табель нөмірі және т.б. Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялық өңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Табель әр айдың 1-ші күнінен  бастап жүргізіледі, оны жүргізуге  уәкілетті тұлғаға бір данадан  беріледі.

Табельді тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.

Табельдік нөмір кәсіпорында  тәртіпке келтірген сериялық жүйе бойынша  тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің  нөмірлер сериясы таратылады. Табельде еңбекақыны төлеу формасына қарамастан барлық қызметкерлердің аты-жөні енгізіледі.

Табельде жұмыс уақытын  пайдалану есебі қызметкердің жұмысқа  келгенін, келмегенін тіркеп отыруы арқылы тіркеу әдісімен, не қызметкердің жұмыс  уақытында жұмысқа келмегенін тіркеу жолымен жүргізіледі. Табельдік есепті жүргізу әдісі кәсіпорынынң ыңғайына қарай іріктеледі.

Табельге қызметкердің жұмысқа келмеу себебін немесе жұмыс  уақытын толық істемеу себебін, мезгілден тыс жұмыс істеу  туралы және қалыпты жұмыс уақытында жұмыста болмау себептері тиісінше ресімделген құжаттар негізінде белгіленеді.

Мезгілден тыс жұмысқа  кеткен уақыт есебі бұл жұмысты  орындаған тұдға тізімінде жүргізіледі. Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы  жасайды және оған қол қояды. Соның  мезгілден тыс нақты істелінген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады. Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге енгізіледі.

Егер жұмыс уақытында  істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс  уақыты да табельге жазылады.

Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебінен бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжат негізінде енгізіледі.

Қызметкердің жұмысқа  келмей қалуын және кешігуін табельде сотқа, әскери комиссариатқа шақырылғаны  туралы анықтама, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы және басқа да бухгалтерияға тапсыратын құжаттар негізінде белгілейді.

                 

2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі

      

Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты  еңбек шығындарын және төлемді есептеу  шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.

Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде келесідей ұйымдастырылған.

Жалпы еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі деп бұл қызметкерге белгіленген еңбекақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Ал қосымша, еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивидент жэне пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.

Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі.

«Адитекс ЛТД» ЖШС-нде қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы жай мерзімді және мерзімді сыйлықты екі түрі белгіленген, яғни қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына байланысты төленеді және штатта көрсетілген еңбекақысына қосымша істеген жұмыстың көлеміне, сапасына, тағы басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беріледі.

Қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжат есеп айырысу тізімдемесі қолданылады. Еңбекақы   жөнінде есеп   айырысу тізімдемесі әрбір қызметкер   бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын жене одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде қызметкерлердің аты-жөні,  табельдік нөмірі, оларға  есептелінген негізгі   және   қосымша   еңбекақылары   мен   одан   ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның қызметкерлерге немесе қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары керсетіледі. Қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі  бойынша ұйымның кассасынан  өзіне  тиісті еңбекақыны алып,  қол қояды. 

Информация о работе Еңбекақы есебі және аудиті